Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай


пайдамен қайтарып алатындай, сенімді іске салу арқылы



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата25.04.2023
өлшемі0.87 Mb.
#472748
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам. Джордж Клейсон

пайдамен қайтарып алатындай, сенімді іске салу арқылы
сақтаңдар. Ақылгөй, білікті адамнан кеңес алыңдар.Біліктінің
кеңесі алтынға парапар.Əрі оның ақылды кеңесі сендердің


ə
мияндарыңа қойған күзет болып табылады.


БЕСІНШІ ДАУА
Жинақты тұрғынжайға сал
- Егер де адам өз табысының тоғызыншы бөлігін жинай берсе жəне
бұның белгілі бір бөлігі зиянсыз пайдалы іске салынып, игілікке
айналса, онда соғұрлым байлық тезірек пайда болады, - деп бастады
Арқат бесінші күнгі дəрісін шəкірттерге,- Бабылда көптеген адамдар
жайсыз жағдайда тірлік етуде. Олар баспана үшін үлкен ақша төлеуде,
бірақ ол орынжайларда əйелінің жанын семіртетіндей гүл егетін де
бұрыш жоқ, ал балаларға қоқыстың маңынан басқа ойнайтын орын да
табылмайды.
Балалары таза жерде еркін ойнайтын, əйелдері гүлмен бірге
жанұяға пайдалы көкөніс егетіндей ауласы болмағанша, ешбір жанұя
ө
мірдің рахатын көре алмас.
Еркектің көңілі көтеріле қоймас, өз ағашынан інжір мен өз
бұтағынан жүзім жемей.Жеке тұрғынжай оның жанын семіртіп, келесі
бастамаларға қуат берер еді.Сондықтан да, өзін де отбасын да
қ
орғайтын əр кісіге баспана керек.
«Шын жыласа, соқыр көзден жас шығар» демекші, кез келген адам
сонша тілесе, өз баспанасы болады да қояды. Патшамыз қала дуалын
кеңіткені сонша, енді Бабылда қарапайым кісі сатып алардай бос жер
бөлігі көбейген жоқ па?
Тағы айтарым, шəкірттер, молайтушылар үй мен жер сатып алуға
ниетті адамдарға қуана келіседі.Егер өздеріңде құрылысшыға беретін
ақша жеткіліксіз болса, олар оны қарызға беруге даяр.
Ү
йлерің салынып біткенде, молайтушыға тиесілі жарнаны бұрынғы
ү
й жалдаушы қожайынға төлегендей, қиналыссыз беріп тұра
аласыз.Осындай əрбір төлем сендердің берешектеріңді кемітеді де,
бірнеше жылдан соң қарыздан ештеңе де қалмайды.
Сөйтіп, кеуделеріңді қуаныш кернейді, себебі, сендер, отағалар,
құ
нды меншікке ие боласыңдар да, патшаға төлейтін салықтан басқа
ештеңе қалмайды.
Ал, отана өзенге барып кір жуады да, қайтарда мес толы суды
ə
келіп,өсімдіктерін суарады.
Жеке баспанасы бар адамның артықшылығы жетеді. Ең бастысы, ол
ө
мірдегі шығынды азайтып, сайран мен жеке бастың қажетіне
молырақ жұмсайтын болады.Қабысқан əмиянның бесінші дауасы
дегеніміз осы: жеке баспаналы бол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет