..............................
Аудандық педагогикалық оқылым
Тақырыбы: «Мен қазіргі заман педагогімін»
Дайындаған:...............
.............жыл
«Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық,
шебер қолдана білу- жетістік».
Кіріспе
Менің мамандығым –мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі. Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі болатын бүлдіршіндерді тәрбиелеумен бірге оқу білім қайнарымен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын. Біз мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері, тәуелсіз татулығы жарасқан байтақ мекеннің болашағы үшін судың бір тамшысындай көмегімізді тигізіп жатырмыз деген мақтаныш кеудемді кернейді.
Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат- міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек. Менің өмірдегі ұстанымым- жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Тәрбиеші бұл жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астарында тәрбеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігі айқындап тұр. Бала тәрбиесі, оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай : «Тәрбие – бұл адам баласын кәміл жасқа толып , өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» - деген екен.
3
Мақсаты:Жаңа технологиясы баланың тілін және шығармашылық қиялын дамыту. Сонымен қатар шынайылықты түсініп жүелі ойлауға, өзін-өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу.
Міндеттері:
- Бала мүмкіндігін ескеріп, заман талабына сай білім беру;
-Әртүрлі элементтерін пайдаланып, шығармашылық қаблетінің ашылуына мүмкіндік туғызу;
-Балалардың көркемдік шығармашылығын дамыта отыра әр баланың психологиялық ерекшіліктерін танып білу.
Достарыңызбен бөлісу: |