Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай


٭Шилан – белге бекітілетін əмиян



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата25.04.2023
өлшемі0.87 Mb.
#472748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам. Джордж Клейсон

٭Шилан – белге бекітілетін əмиян
Менің байығым келеді.Менде де жер мен малдың болуын
қ
алаймын.Мен де үлбіреген жұқа киім киіп, əмиянда ақша сыңғыры
болғанын тілеймін. Енді бойымда күш, басымда мый қалғанша,
еңбегімнің еш болмауын қалаймын. Бізге не болды сонша, досым,
айтшы? Жұрттың алтынға алып жатқан нəрселері бізге неге
бұйырмайды?
- Білсем, айтар едім,- деді Қобби. – Маған да жеңіл дейсің бе?
Лирамен күй тартып тапқан ақшам сол бойда жұмсалып құриды.
Ылғый да жанұям ашықпасын деп, сандалып жүргенім осы.Мен де
ө
зімше, аңсаған күйлерімнің бəрін тартатындай үлкен лира аспап
болғанын ойлаймын да жүремін. Ондай аспапты тартқанымда, патша
да күйімді елтіп тыңдар еді.
- Иə, жақсы болар еді.Бабылда бір де бір кісі сен секілді күй тарта
алмайды ғой. Сен күйді күмбірлеткенде, патша түгілі, аспандағы
періштелер де елтиді емес пе?!Бірақ оған жетер күн қайда, егер екеуміз
де патша құлдарына парапар тақыр кедейміз. Қоңырауды естідің бе?
Ə
не, олар да келеді.
Ол қазқатар тізіліп, өзеннен сүрлеуді бойлап келе жатқан жартылай
жалаңаш бойларын тер жуған су тасушы құлдарды нұсқады.Олар бес
қ
атарға тізіліп, су толы ауыр месті көтеріп бүкшиген күйі тар көшеде
қ
аптап келеді.
- Аналарды айдап келе жатқан кісіге қара, - Қобби құл легін бастаған
қ
оңыраулы кісіге қолын нұсқады. – Тұлғасы да бар екен!
- Құл легінде талай тұлға бар,- олар да біз секілді адамдар. Анау
ақсарылары солтұс жақтан. Қоңырқай түстілері – көрші елдерден.
Бірақ бəрі де өзен мен бақ арасында күн сайын, жылдап сандалып су
тасып ғұмыр өткізуде.Келешектерінде жақсылықтың нышаны жоқ.
Төсекке - саман бөстек, асқа – жартылай пісі дақыл. Бейшаралардың
халы аянышты.


- Иə, аянышты-ақ. Былай қарағанда, біздің де осылардан айырмамыз
бар ма? Тек қана бостандықтамыз.
- Оның рас, Қобби. Басты тұнжыр ой баса түседі. Жылдарымды
құ
лдық тірлікпен өткізгім келмейді. Ылғи да: жұмыс, жұмыс, жұмыс!
Ү
зіліс болсайшы бір!
- Бəлкім, жұртқа алтынның қалайша бұйыратынын білу керек
шығар, сосын соларша əрекеттеніп көрсек, а? – деп ұсынды Қобби.
- Мүмкін, бір кілтипан бар шығар. Сұрастырып көру керек екен, - деп
қ
остады ойлы жүзбен Бансыр.
- Айтпақшы, мен бүгін ескі досымыз Арқатты көрдім.Алтын
арбасында келеді екен.Басқалардай ол теріс қараған жоқ. Керісінше,
менімен күлімсірей қолын бұлғап сəлемдескенін жұрттың бəрі де
байқады.Өзі сондай кішіпейіл.
- Жұрт оны Бабылдағы ең бай адам деп жүр ғой,- Бансыр толғана
сөйледі.
- Оның байығаны сондай, тіпті, қазынасы ортайғанда оған
патшаның да жүгінуіне тура келеді.
- Қарай гөр, байлықтың қауқарын. Оны қараңғы жерде кезіктіре
қ
алсам, дереу əмиянын сыйпап қаламын ба деп қорқам.
- Оның – жай сандырақ, - деді Қобби. – Байлық белге қыстырған
шиланда болмайды. Қандай қампыйған əмиян да қабысады, егер оны
толтырып тұратын алтын жылға болмаса. Арқат қаншама жомарттық
көрсетсе де, оның əмиянын қабыстырмайтын табыс көзі бар.
- Иə, табыс дегенің – дүние ғой, - деп онымен келісті Бансыр.
- Дуал түбінде отырғанымда болмаса шетел кезіп кеткенімде, менің
ə
мияныма ақша құятын табыс көзі болса ғой.Мұның жолын Арқат білуі
керек. Бəлкім, ол менің топас басыма ұқтырар?
- Менімше, ол бұл ілімді өзінің ұлы Номасарға оқытқан болар.- Ол
Ниневияға барып, сондағы мейманханада тұрып-ақ, əкесінің ақылымен
сол қаланың байларының біріне айналыпты.
- Қобби, сен маған жақсы ой тастадың.- Бансыр жанарында ұшқын
жылт етті. – Ескі достан ақыл-кеңесті тегін алуға да болады ғой. Ал,
Арқат - біздің ортақ досымыз.Енді біздің əмиянымыздың сұңқардың
былтырғы ұясындай қаңырағаны басты қатырмауы керек. Байлықтың
ортасында отырып, ақшасыз жүруден əбден жалықтым. Байығым
келеді. Қанеки, Арқатқа барып, табыс табу жолын сұрайық.


- Мен бірдеңені ұққан секілдімін, Бансыр. Біздің баю тəсілін неге
білмей келгенімізді енді түсіндім. Біз оны мүлдем іздемеппіз.Сен
Бабылдағы ең жақсы арба жасаумен жүріпсің. Сенің бар қабылетің
соған жұмсалыпты. Сондықтан сенің байлыққа қолың жетпеді.Ал, мен
лираны ең озат тартушы болсам да, кедейліктен арылмадым.
- Кеттік, дəл кəзір Арқатқа,- деді Бансыр.- Ауыртпалықта жүрген
достарымыздың бəрін де шақырайық. Олар да үйренсін.
- Сен ылғи да менің таныстарымның ішіндегі ең ақылдысысың,
Бансыр. Сондықтан да, сенің достарың көп. Айтқаның болсын. Кəзір
бəрін жинап барайық, ендеше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет