Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін



бет1/3
Дата03.04.2023
өлшемі151.5 Kb.
#471625
  1   2   3
stud.kz-75722 (1)


Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Топоним дер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:

  1. семантикасы (мағынасы);

  2. жасалу жолдары;

  3. этимологиясы.

Топонимика географиятарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. Топоним дер зерттелетін географиялықнысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.),мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Топонимика тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдердітұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топоним дердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дұрыс жазылуының маңызы зор. Қазақ тілінің Топонимикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген.[1]
Қазақстан қала атауларының шығу тарихы мен мағынасын зерттеуді одан әрі жалғастырамыз.Алдыңғы мақалада Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Өскемен, Семей, Орал, Қостанай қалаларының топонимдерін білсек, осы жолы еліміздің басқа да ірі қалаларының атаулары мен олардың шығу тарихын, мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Петропавл – қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-дің әскери бекінісі ретінде қаланған. Ол әскери бекініске христиандық танымдағы әулие Петр мен Павелдіңесімі беріледі. 1804 жылы жүргізілген әкімшілік реформа бұл бекіністі империяның қала мәртебесіне жеткізеді, ал қала Петропавл деп аталып кетеді.
Қызылорда – Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818 жылы, Перовск – 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт – 1922 жылы, Қызылорда – 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атырабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты.Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. 1853 жылы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып, орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. 1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда аты беріледі. Яғни, Кеңестік қызыл империяның ордасы деген мағынада.

Қызылорда қаласындағы мешіт


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет