Ерманова Сымбат, А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы
Тақырыбы: Биология әлемінде
Мақсаты:
Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін байқау, пәнге деген
қызығушылығын артырып, оларды ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Сайыс жоспары:
І «Қызықты сұрақтар»
ІІ «Нақты сандар»
ІІІ «Анықтама бюросы»
ІV «Ерекше құбылыс»
V «Не жетпейді?»
VІ «Шатасып қалма» ойыны
VІІ Терминдер
І кезең «Қызықты сұрақтар»
1. Ең ірі жемісті атаңыз (асқабақ)
2. Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік (кактус)
3. Жемісі парашютке ұқсас өсімдік (бақбақ)
4. Діні ең жуан ағаш (баобаб)
5. Ең алып құс. (Түйеқұс)
6.Ең биік ағаш (Пальма)
7. Қағаз қандай өсімдіктен жасайды? (шырша, көктерек)
8. Ағаштың жасын қалай анықтауға болады? (жылдық сақина)
9. Жыртқыш өсімдік (шыбынжұт)
10. Ең тез өсетін өсімдік. (Бамбук)
ІІ кезең «Нақты сандар»
Бунақденелілер – 700 000
Балықтар – 20 000
Алқа тұқымдасы- 2 900
Жабық тұқымды өсімдіктер 250 000
Астық тұқымдасы – 10 000
Құстар – 8 600
Сүтқоректілер – 5 000
ІІІ кезең «Анықтама бюросы»
-
Мысықтың төлін – марғау
-
Аққу төлі – көгілдір
-
Арыстан төлі – абадан
-
Түйе төлі – бота
-
Жолбарыс төлі – шөнжік
-
Қаз төлі – мамыр
-
Қой төлі – қозы
-
Түлкі төлі – түлкішек, мыршай
-
Сиыр төлі – бұзау
-
Ешкі төлі - лақ
ІV кезең «Ерекше құбылыс» Үйге зерттеу жұмыс берілген.
V кезең «Не жетпейді?»
-
Микроскоп бөлімі:
Бұрандалар, тұтқа, табан, айна, заттық үстелше, окуляр, көру түтігі (объектив)
-
Тамыр бөлімдері:
өткізу бөлімі, сору бөлімі, өсу бөлімі, тамыр оймақшасы (бөліну аймағы)
VІ кезең «Шатасып қалма» ойыны
-
Пингвин
-
Түйеқұс
-
Кенгуру
-
Баобаб ағашы
-
Грейг қызғалдағы
-
Цеце масасы
VІІ кезең Терминдер
1. Цитология - жасуша 4. Физиология - мүшелерді
2. Бриология - мүк 5. Арахнология- өрмекшілерді
3. Микология - саңырауқұлақтар 6. Гельминтология- паразит құрттар
7. Орнитология - құстар
8. Ихтиология - балықтар
9. Маммалогия – сүтқоректілерді
10. Ботаника - өсімдіктерді
Достарыңызбен бөлісу: |