Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Айгөлек» б\б
Викторовка ауылы
Ертеңгілік
Тақырыбы
«Ана тілім – Дана тілі»
Өткізген:Буршахбай.А
2015-2016 оқу жылы
Ана тілім – дана тілім.
Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Балапан» тобының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі» күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика
халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.
Жүргізуші:
Балалар құтты болсын тілің бүгін
Ашатын жан сарайын білімдерінің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Жасымин: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.
Радмир: Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді
Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге сырлы ой салар
Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік
Ән топ: « Ана-тілін сүйеміз»
Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық.
/Муз. Әуенімен залга Ару Ана кіреді.
Ару Ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! сендердің балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл жерге әр ұлттың балалары жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-тәтті!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз!
Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт балалары құр келмей өз өнерлерін ала келіпті балалардың тақпақ, мақал - мәтелдерің тыңданыз!
Асаналі: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Аррайан: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Аяжан: Ана тілім – ұраным ,
Ана тілім – құраным .
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрғаным.
Антон: Ана тілім –елдігім
Ана тілім-ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бугін
Людмила: Ана тілім-тірегім
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.
Жүргізуші: Бірге болсын ойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
Бүлдіршіндер шаттана,
Ән айтады мақтана. – дей отырып әсем әнге кезек берейік.
Ән: «Қошақан»
Жүргізуші: Балалар білесіңдер ме тақышбек сендерге хат қалдырып кетіпті.Сендер сол хаттағы сұрақтарға берулеріңді сұрайды. Жауап береміз бе?
Ойын: Тапқышбектің сұрағы.
Біздің Республикамыз қалай аталады ?
Қазақстан Республикасының ел ордасы қай қала?
Қазақстан Республикасының Рәміздерін атап беріңдерші.
Қазақстан Республикасының елбасы кім ?
Сендердің ұлттарың кім ? (Басқа қандай ұлттарды білесіңдер?)
Сендердің ана тілдерің қай тіл ? (Басқа қандай тілдер білесіңдер ?)
Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мақал – мәтелдер :
Жасмин: Тіл буынсыз – ой түпсіз.
Аррайан: Піл көтермегенді тіл көтереді.
Аяжан: Шешеннің тілі, шебердің бізі.
Асанәлі: Қызыл тіл – қылыш жүзіндей.
Радмир: Ана тілі – асыл мұра.
Людмила: Тіл халықтың жаны.
Антон: Ана тілім байлығым .
Би: «Қамажай»
Ару Ана:- Талаптарыңа нұр жаусын!
Ару Ана: Балалар әрдайым осындай тату дос болып, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Осындай өнерлеріңе тамсанып қуанып кетіп барамын. Келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Қымбатты балалар! Өзінің байлығы, сұлулығы және икемдігі жағына дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілің бар екендігін ұмытпа. Ел үмітін ақтар азамат болам десең, сол игілікті жалғастырып, дамытып ілгері апара біл. Ана тілінің көсегесін көгертіп, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңе байланысты. Оқу-білім, еңбек жолында ана тіліңнің қамқоры бола біл!
Марғұлан: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.
Радмир: Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді
Санжар: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Аррайан: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Аяжан: Ана тілім – ұраным ,
Ана тілім – құраным .
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрғаным.
Нұрасыл: Ана тілім –елдігім
Ана тілім-ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бугін
Антон: Ана тілім-тірегім
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.
Мақал – мәтелдер :
Марғұлан: Тіл буынсыз – ой түпсіз.
Аррайан: Піл көтермегенді тіл көтереді.
Аяжан: Шешеннің тілі, шебердің бізі.
Нұрасыл: Қызыл тіл – қылыш жүзіндей.
Радмир: Ана тілі – асыл мұра.
Санжар: Тіл халықтың жаны.
Антон: Ана тілім байлығым .
Арнұр:
Сәлем бердім, саған елім,
Тал бесігім, туған жерім.
Сәлем бердім бәріңізге
«Қазақ тілі» - дегендердің.
Сезім:
Тәуелсіз Қазақстанның,
Бал тілді бүлдіршінімін.
Мерекесін тілімнің,
Тойлаушының бірімін.
Арнұр:
Қазақстан халқының,
Қазақ тілі – тірегі.
Ана тілде айтылар,
Ән ұраны – жүрегі.
Сезім:
Мәртебесі тілімнің,
Биік болсын халайық.
Достығымыз жарасып,
Қосылып ән салайық.
Ән: «Ананың тілі».
Осы кезде күй төгіліп, алыстан,алыстанестілген дауыс жақындай түседі. Айқайлап атқа мінген бала: «Сүйінші! Сүйінші!», «Алақай, сүйінші» - деп шауып келеді. Осы кезде бір қыз бала қолында домбырасы бар алдынан шығып:
-Домбырамды,
Сүйіншіңе берейін.
Қандай хабар әкелдің,
Айтшы тыңдап көрейін.
Ат мінген бала:
-Ей, халайық «Тіл мерекесі» құтты болсын! Тіл мерекесін тойлағалы жа-тырмыз.
Қыз:
-Рас па?
-Тіліміздің даңқы ассын!
-Тойым тойға ұлассын.
Арнұр:
-Ақындар қайда, ақындар?
Айтсыз той болған ба?
Сезім:
-Рас,қайда, шықсын
Таразылып тақымдар
Алдын да тұр, асқар сын
Ортаға шық ақындар,
Енді айтыс басталсын,
Қыз бен ұлдың айтысы.
Айтыс: (ортаға қазақша киінген,домбыра ұстаған бір қыз бала мен бір ұл бала шығады). Асқар Хадиша мен Торебек Димаштың айтысына кезек берейік.
Тәрбиеші: Бабамыздың мұңысың сен домбыра,
Анамыздың сырысың сен домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үні сенсің домбыра.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз балаларға тамсанайық.
Мың бұралып билеген өнерпазға,
Алғыс айтып, мерейленіп қол соғайық . – дей отырып әсем биге кезек берейік.
Би: « Домбыра »
Тәрбиеші: Тіл – адамның белгісінің жұмсайтын қаруының бірі. Осы күдері тіліміз өркендеп келеді.Сол ана тілін қастерлеу – бізің міндетіміз.
Назым: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Айым: Ана тіл – тағдыр талайым,
Ана тіл – ырыс құтпаным.
Ана тіл – ұлы Абайым,
Ана тіл – дана Мұхтарым.
Алижан: Ана тілім – ұраным ,
Ана тілім – құраным .
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрғаным.
Арайлым: Ана тілі- ананың құнар сүті ғой,
Ғұмыр бойы сен еметін.
Ана тілі – халықтың ырыс құты ғой,
Игілігіне кенелетін.
Тәрбиеші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз балаларға тамсанайық.
Мың бұралып билеген өнерпазға,
Алғыс айтып, мерейленіп қол соғайық.
Би: «Тұлпарым».
Ойын: Тапқышбектің сұрағы.
-
Біздің Республикамыз қалай аталады ?
-
Қазақстан Республикасының ел ордасы қай қала?
-
Қазақстан Республикасының Рәміздерін атап беріңдерші.
-
Қазақстан Республикасының елбасы кім ?
-
Сендердің ұлттарың кім ? (Басқа қандай ұлттарды білесіңдер?)
-
Сендердің ана тілдерің қай тіл ? (Басқа қандай тілдер білесіңдер ?)
-
Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мақал – мәтелдер :
1.Мейіржан: Тіл буынсыз – ой түпсіз.
-
Т.Мадина: Піл көтермегенді тіл көтереді.
3.Аяна: Тілде сүйек жоқ, таста тамыр жоқ.
4.Арнұр: Шешеннің тілі, шебердің бізі.
5.Нұрдаулет: Қызыл тіл – қылыш жүзіндей.
6.М.Мадина: Ана тілі – асыл мұра.
7.Жансерік: Төл тілің – күре тамырың.
8.Айым: Тіл халықтың жаны.
-
Елдос: Ана тілім байлығым .
10.Сезім: Тіл жұтамас байлық, жойылмас қазына.
Тәрбиеші: Бірге болсын ойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
Бүлдіршіндер шаттана,
Ән айтады мақтана. – дей отырып әсем әнге кезек берейік.
Ән: «Қошақаным».
Тәрбиеші: «Ел болам десең , бесігіңді түзе.» - дегендей бесігімізді түзеп, өз ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, оның беделін арттыру әрбір азаматтың өз қолында.Сондықтан Отанымызды, туған жерімізді, елімізді,тілімізді құрметтеу керепіз: Қазақ тілім – ана тілім,
Тамыры терең – терең баба тілім.
Құтты болсын мерекең,
Бал татыған баба тілім.
Аяна: Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – үлкен астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Бексұлтан: Отан – асыл анамыз,
Ана сүтін ақтаймыз.
Есейгенде ер болып,
Елді жаудан сақтаймыз.
Т.Мадина: Білгірлігім асады бәріңізден,
Жетістікті айтамыз әнімізбен.
Отан тілін қашанда құрметтейміз,
Салт-дәстүрін сақтаймыз сәнімізбен.
Алижан: Алғыр деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Ел тілінде сөйлейміз,
Тіл білмесек жолың тар.
Жансерік: Туған жерім , туған елім:
- Қазақстан!
Димаш: Өмірімізді , өзімізді көріп,
Бұл - қазақ дейді!
Ару: Әнімізді, жырымызды тыңдап ,
Бұл – қазақ дейді.
Алижан : Ерлігімізге , тірлігімізге қарап,
Бұл – қазақ дейді.
Айғаным: Дархандығымызды, дастарханымызды көріп,
Бұл – қазақ дейді.
Арайлым: Тұрқымызды, ғұрпымызды көріп,
Бұл – қазақ дейді.
Хадиша: Өзімізді, сөзімізді тыңдап ,
Бұл - қазақ дейді.
Мейірім: Қазақ деген ғажапдейді,
Сол үшін қазақ болғаныма
Мақтанамын, шаттанамын!
Тәрбиеші: Құмбатты балалар! Өзінің байлығы, сұлулығы және икемдігі жағына дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілің бар екндігін ұмытпа. Ел үмітін ақтар азамат болам десең, сол игілікті жалғастырып, дамытып ілгері апара біл. Ана тілінің көсегесін көгертіп, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңе байланысты. Оқу-білім, еңбек жолында ана тіліңнің қамқоры бола біл!
Ертеңгілік «Тіл мерекесі».
Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Балапан» тобының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі» күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика
халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.
1-жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін
Ашатын жан сарайын білімдерінің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.
2-жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
1-бала: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
2-бала: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.
3-бала: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
4-бала: Бұл гүлденіп жайнаған
Гүлстандар Отаны!
Бірін-бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны!
Бұл ғажайып мұратты
Халықтардың Отаны!
Алтын заман құратын
Алыптардың Отаны!
Сол алыптың бірімін-
Отанымның ұлымын!
Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын
Самғаудан еш уақыт жалықпасын
Өз алдында өмірден теңдік алған
Ана тілім көгімде қалықтасын.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге сырлы ой салар
Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік
Ән топ: Ана-тілін сүйеміз
Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық.
/Муз. Әуенімен залга Ару Ана кіреді.
Ару Ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! Cендердің
балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл
жерге әр ұлттың өкілдері жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-
тәтті!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз!
Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт өкілдері құр келмей өз өнерлерін ала келіпті.
Жүргізуші: Қазір қазақтың ұлттық биін тамашалайық!
Би: «Қазақ биі»
1-бала: Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді
2-бала: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Ару Ана: Өнерлерің үстем болсын балалар! Балалар сендер тілге байланысты мақал-
мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады?
1-бала: Сөз асылы – мақал.
2-бала: Өнер алды қызыл тіл.
3-бала: Шешеннің тілі артық.
Шебердің қолы артық.
4-бала. Жақсы сөз – жарым ырыс.
5-бала. Тіл тас жарады.-
Тас жармаса бас жарады.
Жүргізуші: Ана тілім- өзгелерден бөлексің,
Бала жүрек саған арнап жыр төксін.
Қай асылға теңдесемде жарасар,
Ана тілім –баға жетпес өнерсің.
Ән: «Ананың тілі»
Ару Ана:- Талаптарыңа нұр жаусын!
-Балалар, қане көңілімізді бір сергітіп алайық! Ойын ойнағыларың келе ме?
Ойынның аты: Арқан тарту.
Ойынның шарты: Екі топқа бөлініп күш сынасып көрейік. /6-6 баладан таңдап алады/
Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
1-бала:Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам.
2-бала:Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.
3-бала: Ана тілім –елдігім
Ана тілім-ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бугін
4-бала: Ана тілім-тірегім
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.
Жүргізуші: Бізге өзбек халқының ұлт өкілдері өз өнерлерін алып келіпті. Қошеметпен
ортаға шақырайык!
Би: «Өзбек биі»
Ару Ана: Балалар әрдайым осындай тату дос болып, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Осындай
өнерлеріңе тамсанып қуанып кетіп барамын. Келесі кездескенше сау болыңдар!
Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз
аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Шаттық шеңбері
Бір дегенім – бесік,
Екі дегенім – етік
Үш дегенім – үміт,
- Қазір жылдың қай мезгілі балалар,
- Кәне кім айтады?
- Күз
- Неше ай бар ?
- Қыркүйек, қазан , қараша
Достарыңызбен бөлісу: |