Қоғам сұранысына қарай, Қазақстан Республикасында білім беруді
және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасының мақсаты: «Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық
бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар
негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту», - деп беріледі. Аталмыш мақсатқа
қол жеткізуде бірнеше міндеттерді шешуді болжайды, соның бірі –
оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруды пәнаралық
байланыста жүзеге асыру. Мұндағы берілген міндеттердің шешімі бастауыш
сынып оқушыларының моделін жетілдіруде қоғамның жаңа талаптарына
бағытталған ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың жаңаша
сипатын анықтап отыр.
Қазақстан Республикасының 2025
жылға дейінгі Ұлттық даму
жоспарында Сапалы білімге байланысты: «Оқушылардың ойлау дағдыларын
қарапайым деңгейден (білу, түсіну, қолдану) жоғары деңгейге дейін (талдау,
синтездеу, бағалау) қалыптастыру, пәнаралық байланыстарды барынша
тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «өтпелі тақырыптардың»
болуы
маңызды болады» деп міндеттейді. Аталған міндеттер өз кезегінде бастауыш
сыныптан
бастап
оқушылардың
ойлау
мен
сөйлеу
дағдыларын
қалыптастыруды пәнаралық байланыстар арқылы жүзеге асыруды көздейді.
Ендеше, оқу үдерісіндегі пәнаралық байланыс оқушылардың ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың құралы бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: