Эссе. Пбл жунис Айдын 1-010 Жалпы медицина Науқас: Георгий Марков Науқасқа сипаттама



бет1/3
Дата02.10.2023
өлшемі17.73 Kb.
#479470
түріҚұрамы
  1   2   3
айдын пбл


Эссе. ПБЛ Жунис Айдын 1-010 Жалпы медицина
Науқас: Георгий Марков
Науқасқа сипаттама: Георгий Марков 55 жаста, әйелі және бөлек тұратын екі ұлы бар. Ол 33 жыл жиһаз фабрикасында жұмыс жасайды, әрі 10 жылдан бері төрешілер бригадасының құрамында болған.
Облыстық мини футбол чемпионатының төрешілер құрамынан шығарылған соң (жарыста секундометрші бола тұра, басқа төрешілердің бұйрықтарын және ысқырығын естімей қалғаны үшін), дәрігерге құлағының жақсы еститініне көз жеткізу үшін келген. Оның құлағына ешқандай шағымы жоқ. Бас жарақаттарын алмаған, тіпті дәріні қашан ішкенін де білмейді. Бірақ, дәрігер онымен алғашқы сұхбаттасудан ақ құлағының нашар еститіндігін білді.
Осы тұста біз, пациенттің құлағының есту қабілетінің төмен екенін аңғардық. Пациент туралы оқып білген соң, оған құлақ есту қабілетінің нашарлауы гипотезасын ұсындық. Себебі, пациент көп уақыт бойы жиһаз фабрикасында жұмыс жасаған және футбол алаңында да көп уақыт бойы төреші болып қызмет еткен. Жиһаз фабрикасы мен футбол алаңы нағыз шудың ортасы болғандықтан, құлақтың есту қабілетін төмендететін бір фактор деп ойладық. Жалпы, құлақ есту қабілетінің нашарлауы дегеніміз есту қабілетінің нашарлауынан болатын, құлақта ішкі құлақтың зақымдануының пайда болуы. Аурудың орташа жасы жоқ, құлақ зақымдануына байланысты. Аурудың емдеу жолы көрсетілмеген, бірақ шуды азайтып немесе тежеуге мүмкіндік беретін аппараттар қарастырылған. Сол үшін, бұл гипотезаны қалдыруды дұрыс деп шештік. Ары қарай, пациентті дәрігер отоскопиялық тексеруге жіберді.
Отоскопия екі құлақта да құлық шөгінділері барын анықтап берді. Сол жағының есту жолы толығымен жабық екенін білдік. Осы тұста, құлықтың толып қалуы гипотезасын ұсындық. Себебі, құлық толып қалса құлаққа, есту қабілетін нашарлататынын білеміз. Сол үшін оны уақытылы тазалап отыру қажет. Одан кейін дәрігер пациентке Вебер тесігін жасауға кірісті. Вебер тесті не деген сұрақ туып, оған жауап алдық. Вебер тесті бұл скрининг әдісімен, камертонды қолданылып жасалатын тест. Ол бір жақты есту қабілетінің жоғалуын және бір жақты сенсорлық есту қабілетінің нашарлауын анықтай алады. Содан соң Ринне тестін жүргізеді. Осы кезде Ринне тесті туралы сұрақ туындап, оған былай жауап бердік.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет