Эссе пәні бойынша: Мектепке дейінгі педагогика



Дата08.11.2022
өлшемі42.24 Kb.
#464268
Махсотова Л. ЭССЕ 1



«Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕҚ


ФАКУЛЬТЕТІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
КАФЕДРА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШТА БІЛІМ БЕРУ




ЭССЕ
Пәні бойынша: «Мектепке дейінгі педагогика»
Мамандық: 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Тақырыбы: Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі-мектеп жасына дейінгі балалардың денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдылықтары туралы ғылым


Орындаған: студент, Махсотова Лаура
Тексерген: пс.ғ.к., аға оқытушы Жумашева Н. С.
Атырау, 2022


Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі-мектеп жасына дейінгі балалардың денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдылықтары туралы ғылым
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы қоғамның болашақ құрлысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады. Дене тәрбиесі теориясының жалпы идеологиялық және методологиялық негізі – дене тәрбиесі заңдылықтарын нағыз ғылыми түрде танып-білу, жан-жақты жарасымды жетілген жеке адамды қалыптастыру үшін кең мүмкіндіктер ашу. Дене тәрбиесі үшін жеке адамды қалыптастырудағы өмірдің әлеуметтік жағдайлары мен тәрбиенің шешуші рөлі туралы қағидаларының зор мәні бар. Үкіметтің дене тәрбиесі мен спорт мәселелері жөніндегі тарихи шешімдері адамдардың денсаулықтарын нығайтуға, дүниетанымды, жоғары өнімді еңбекке қабілеттілікті және өз Отанын қорғауға дайындықты қалыптастыруға бағытталған. Балалар дене тәрбиесінің жалпы теориясы дене тәрбиесінің жалпы теориясымен мазмұндас және оқып үйрену пәні бір болуымен қатар баланың барлық жас кезеңдеріндегі (туғаннан 6 жасқа дейін) дене тәрбиесінің заңдылықтарын арнайы зерттейді. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы осыған сәйкес тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі. Балалар дене тәрбиесінің теориясы әр жас шамалық кезеңнің ерекшеліктерін зерттей, ғылыми мәліметтер мен практикалық тәжірибені қорытып талдай отырып, дене тәрбиесі міндеттерін анықтайды, олардың мәнін, неғұрлым тиімді құралдары мен әдістерін, дене тәрбиесінің бүкіл процесін ұйымдастырудың мақсатқа сай формаларын ашып көрсетеді. Өз қимыл-қозғалысын жақсы меңгеретін дене жаттықтыруды сүйетін, айнала қоршаған ортадан өз бетімен бағдар таба білетін, мектепте оқуға және одан кейінгі жылдардағы белсенді шығармашылық қызметке қабілетті, дені сау, шымыр шыныққан, шат-шадыман баланы қалыптастыру – жан-жақты даму негізі ретіндегі дене тәрбиелеудің айрықша мәнін айқындайтын маңызды міндеті болып табылады. Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми зерттеулердің негізінде сәби жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық–физиологиялық ерекшеліктерін: организмнің жұмысқа қабілеттілік мүмкіндіктерін, жүре пайда болатын қажеттіліктерін, көрнекілік-әрекеттік, көрнекілік-бейнелік және логикалық ойлау формаларын, іс-әрекеттің басым түрінің өзіндік еркешелігін ескеріп отырады. Осыған сәйкес балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларының мазмұнын құруға және оны іске асырудың тиімді педагогикалық жағдайларын жасауға бағыт береді. Балалар дене тәрбиесі теориясы баланың әр жас кезеңінің ықтимал мүмкіндіктерінің заңдылықтарын танып-біле және ескере отырып дене тәрбиесінің бүкіл тәрбиелік-білім беру кешені (қимыл–қозғалыс жасай білу және дағдылар, дене қасиеттері, кейбір қарапайым білім) ғылыми негізделген бағдарламаның талаптарын перспективалы қарастырады. Мұны игеру балалардың дене әзірлігін мектепке баруға қажетті деңгейде қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі жан-жақты тәрбие берудің маңызды бөлігі болуымен бірге өз процесінде ақыл–ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек т.б.тәрбиенің міндеттерін кешенді түрде жүзеге асырады. Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларында (сабақ, қозғалыс ойындары, балалардың өзіндік әрекеттері және т.б) тәрбиешінің назары ақылға сала ойлайтын, эмоциялы, өз жас шамасының мүмкіндігіне қарай саналы әрекет ететін, қозғалыс дағдыларын меңгеріп отыратын, айналаны бағдарлай білетін, өзіне берілген тапсырмалардың мәнін түсінетін, кездескен қиыншылықтарды жеңуді үйреніп отыратын, тәрбиешінің ыждағатты, тілектесті басшылығымен өз іс–әрекетінде шығармашылық ізденіске деген талпыныс көрсетіп отыратын бала тәрбиелеп шығуға бағытталады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы бала денесін тәрбиелеудің сан алуан жақтарын, әсіресе, оның қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды қамтитын зерттеулер арқылы алынған жаңа білімдермен дамылсыз дамып, байып отырады.
Балалар мекемелерінің жаппай практикасында тексеруден өткен зерттеу мәліметтері бүкіл тәрбиелік–білім беру процесінің алға басуына үлес қоса отырып, сыннан өтеді, бағдарламаларға, оқу құралдарына, оқулықтарға және балалармен жүргізетін практикалық жұмысқа ендіріледі. Сөйтіп мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы баланың даму заңдылықтарын танып біле, ең елеулі, прогресті нәрселердің бәрін бөліп көрсете, негіздей отырып, дене тәрбиесінің бүкіл жүйесін жетілдіруге көмегін тигізеді, кедергі келтіретін, жаттанды болған, қазіргі кездегі тәрбиелеу – білім беру міндеттеріне сәйкес емес нәрселердің бәрін бұлжытпай ауыстырып отырады және жоққа шығарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет