Этномәдени білім беру


Қорыта айтсақ, қазақ елі егемендік алғаннан бастап, Қазақстанда шынайы ұлттық мектептің



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата03.02.2024
өлшемі1.28 Mb.
#490699
1   2   3   4   5   6   7
14 дәріс пдф compressed

Қорыта айтсақ, қазақ елі егемендік алғаннан бастап, Қазақстанда шынайы ұлттық мектептің
іргетасы қалана бастады, әлі нағыз қазақ ұлттық мектебі жасалынған жоқ, ол келешектің ісі. Ұлттық
мектептің бүгінгі таңда қажеттігі айқын, ешбір күмән келтірмейді, себебі өз ана тілін, туған
халқының салты мен дәстүрін білмеген адам өз ұлтынан алшақтайды, өз ұлтына өгей болып
көрінеді. Ұлттық тәлім-тәрбие этнопедагогика негізінде беріліп, жүзеге асады. Ал ұлттық тәрбие
алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, адамгершілікті, иманжүзді, сұлу да сымбатты, халқын, елін,
туған жерін, оның табиғатын сүйетін ұлтжанды, ата-бабамыз армандаған «Сегіз қырлы, бір сырлы»
азамат болып өседі. Сондықтан да этнопедагогика – болашақтың педагогикасы, болашақ ізгілікті
қоғамның педагогикасы деуге болады. 
Қазақ ұлттық мектебіндегі тәрбиенің мақсаты – оқушылардың ұлттық д
ҥниетанымын
қалыптастыру. Ал ұлттық дүниетаным ана тілі, ата тарихы, төл мәдениетіміз және ұлттық салт-
дәстүрлеріміз арқылы ғана қалыптасады. Сондықтан ұлттық дүниетаным негіздерін оқып
үйренуді басты мәселе етіп қою керек. Ол үшін мектебімізде ұлтымыздың ерекшелігіне,
тарихына, мәдениетіне, өнеріне, салт-дәстүрлеріне, тұрмыс-тіршілігіне, отбасы тәрбиесіне сай
қарастырылып шығарылған бағдарламалар, төлтума оқулықтар, көрнекіліктер, қосымша
әдебиеттер, әсіресе, мұғалімдерге қажетті әдістемелер кеңінен пайдаланылуы тиіс.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі әдебиеттер
 1. Төлеубекова Р.К. Халықтық педагогикадағы адамгершілік
тәрбиесі. //Бастауыш мектеп. 
− 2001. − № 5. –Б. 61 - 65.
 2. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт – дәстүрлері. –
Алматы; «Алматыкітап». ААҚ, 2004. – 284 б.
 3. Шалғынбаева Х.Қ. Қазақтың халықтық педагогикасындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет