УМКД 042-18.19-002-2014
|
Ред. № 1 от 03.09.2014
|
Страница из
|
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
|
СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты
|
ПОӘК
|
УМКД 042-18.19-002-2014
|
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
|
№ 2-басылым 16.06.2014
№1-басылым 05.09.2013 орнына
|
«Этнопедагогика»
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
(Барлық мамандықтарға арналған)
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Cемей – 2014
1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы: ___.____.2014ж.
п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен женисовна
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № ____. ___.____.2014ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./
2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № ____. ___.____.2014ж.
Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама № ____. ___.____.2014ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)
МАЗМҰНЫ
-
Этнопелагогика пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
-
Этнопелагогика пәні бойынша дәрістер кешені.
-
Этнопелагогика пәні бойынша семинар тапсырмалары.
4. Студенттердің өздік жұмыстары.
1. ЭТНОПЕДАГОГИКА ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
(ГЛОССАРИЙ)
Абырой- жеке адамның құндылығы туралы түсінікті білдіреті моральдық ұғым, адамның өз-өзіне және қоғамның жеке адамға моральдық қатынасын бейнелейтін этикалық категория.
Адамгершілік- қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі.
Адамға өзіндік тұрғыдан қарау-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.
Адам тұласының бағыттылығы- белгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі.
Азаматтық- адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді атқару құқын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.
Ақыл- ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа білімінің шығармалығы, адамның жүріс-тұрғысында және бүкіл өмірлік іс-әрекетде орындылықтың болуы. «ақыл» атауы ойлау қабілетінің синониміне ретінде жиі қолданылады. Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі ақыл-ой іс-әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.
Ақыл-ой тұжырымы- бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа, туынды пікірді алудың логикалық тәсілін көрсететін ойлаудың түрі.Ақыл-ой түйіні алғы шарттан (бастапқы пікірден), қорытындыдан (алғы шарттан тұжырымға көшуден) тұруы. Білімдердің ғылымда және тәжірибеде дамуы, құбылыстардың мәні болып танылуы, олардың заңдылықты ара байланыстарының айқындалуы ақыл-ой тұжырымы нақты құбылыстарға баға беру, теориялық және тәжірибелік мәнді ерекшеліктерді дәлелдеу барысындағы ой-пікірлердің негізін құрайды.
Ақыл-ой тәрбиесі- тәрбиенің басқа салаларымен үздіксіз байланысты ойлаудың шығармалық қабілеттерін мақсатқа сай дамыту.Ойдың жұмысы адам өмірінің шарттары мен жағдайларында болатын обьективтік қарама-қайшылықтарды шешуге әрдайым бағытталып отырады.
Әдіснама (методология) - (грек тіліндегі methoolos -зерттеу жэне тану жолдары, logos - тцсінкі, ілім) -теориялық және практикалық жұмыстарды, сондай-ақ осы жүйе туралы ілімді кұру және ұйымдастыру принциптері мен әдістерінің жүйесі.
Әдеп- игі әдетпен, өміршең әдет-ғұрыппен қалыптасқан ұлттық мәдениеттің көрінісі, мәдени үрдістердің, имандылықтың тірек-негізі.
Әдептілік -белгілі моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау. Егер моральдық нормалар мен принциптер кісінің бойына сіңсе, ол адамдардың әдептілік қасиеті не әдептілік сезімі болып саналады.
Әдет-ғұрып-белгілі ситуациялардағы адам мінез-құлқының қайталанатын әдетті дағдылары.
Әлеуметтік құбылыс- қоғамдық өмірдің ішкі мәнін ашатын нақты сыртқы көрінісі ретіндегі деректер, оқиғалар ,барыстар жиынтығы. Әлеуметтік шындықтың теориясын,оның зерттейтін заңдарымен заңдылықтарын ұғынып алу танысу субьектінің құбылыстар мәніне енуі болып табылады. Бұл өзара тығыз байланысты құбылыстар мәніне енуі болып табылады, нақты оқиғаларды , деректерді, барыстарды талдау арқылы жүзеге асып, нәтижесінде адам қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтары жөнінде қорытындағы келеді және оларды тәжірбелік іс-әрекетіне басшылыққа алу мүмкіндігіне ие болады.
Атрибуция - адамның жүріс - тұрыс себептерімен дәлеледенген жеке
қасиеттерін, мінезін, оның іс - әрекетін кәдімгі талдау негізінде баска адамға
тапсыру.
Балажандылық- қазақ халқы үшін болмыстағы баға жетпес байлық - ол бала, баланы қазақ халқы өмірімнің жалғасы, ұрпағын, ата кәсібін жалғастырушы деп бағалап бала тәрбиесіне көп көңіл де бөле білген. Қазақ халқы бала туралы өз пікірлерін: "Артыңда байлық қалғанша бала қалсын", "Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйел адамның алдында тербететін бесігі болсын" - деп орынды бере білген.
Гуманистік- адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен қарау
Гетереостереотип - басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер
жинағы.
Даму- өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың турі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез келген баму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды
Дәлелдеу -әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен байланысты бар басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы логикалық амал. Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі, ғылыми сенімдерді қалыптастыр кезеңі. Сондықтан ұстаздық жумыста дәлелдеу тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады .
Дәстүрлер -ұзақуақыт бойына қоғамда адамдар арасындағы қатынасқа сақталып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеумттік және мәдени мұралардың құрыамды болігі.
Идеал -«Идеал – ұмтылысты қажет ететін, бірақ ешқашан жеткізбейтін, адам ақыл-ойына қажетті басшылық» (И.Кант). Мораль идеалы ол: жан-жақты, абсолютті, ізгілік туралы елестері дұрыс, адамдар арасында кемеліне келген қарым-қатынас бейнесінде, адамгершілігі мол жеке бастың жоғарғы үлгісі.
Инициация - сол немесе басқа ұлыстарда бар әрекеттер таптамасы осы
аркылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі.
Мораль- (лат.moralis-әдет-ғұрып)-әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі.
Адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары нормаларының жиынтығы².
Дәстүр- (лат. traditio-жапсыру, жалғастыру)-тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б., қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері.
Дербестік- белгілі бір істі, мақсатты орындауда бөтен адамның жетегінде кетпей өз білімімен, жігерлілігімен, сенім-қабілетімен шешуге тырысу.
Жомарттық - Жомарттық дегеніміз- қандай да бір игілікті істі шын көңілден әрі одан да пайда ойламай, қайтарымсыз істеу. ²Жолықсан біздің жақтың тентегіне, өмірдің қарамайды келтесіне, қонаққа жалғыз атын сойып беріп, жүген ұстап қалады ертеңіне² деп бір дана адам айтпақшы ата-бабаларымыз: ²Жомарт дос көбейтеді. Сараң мал көбейтеді²-деп жомарттықты дәріптеп, сараңдықты жамандаған.
Жауапкершілік- адам әрекетінің оның нәтижесінің моральдық нормаға сәйкестігін және қылық салдарын сезіну.
Негізгі тұлға - осы этностық топтың жеке тұлғамен туыстарын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы.
Кішіпейілділік- Кішіпейіл болу дегеніміз - кісінің өзін ешкімнен жоғары ұстамауы. Адамның өз ерекшелігін, артықшылығын ешкімге білдірмей, өзін ешбір адамнан жоғары санамай, халық ішіндегі жай ғана адам ретінде өмір сүру, баршаға бірдей заңдылықтармен әрекет ету.
Бауырмашылдық-²Адамның баласы-бауырың² деп Абай атамыз айтқандай қазақ халқына бауырмалдық тән. Кез келген қазақ жөн сұраса келе бір-біріне туыс, бауыр болып шығады. Жалпы ²ағайын² деген сөздің өзі туыс, рулас, кейде тұқымдас мағынасында айтылады. Ағайын деген сөздің арғы тегі ²аға-іні² деген сөздерден шыққан сияқты, туыстық қарым-қатынас қазақта бір-біріне қол ұшын беру, көмек көрсету тұрғысында да өзінің кең пейілділігімен, бауырмалдылығымен ерекшеленеді.
Қанағатшылдық- Қанағат деген ұғым өзін-өзі тоқтатуға байланысты мағынаны, яғни тойымдық, тоқмейілдік, нысапты білдіреді.
Қауымдасу- қазақ халқына тән ерекше моральдық сапа түрі. Қауымдасу адамдардың бір-біріне түрлі жағдайда көмек көрсету кезінде анық байқалады. Мәселен, бұған қыз ұзату, келін түсіру, енші беру сияқты қуаныш кезінде немесе кісісі өлген үйге аза салу, оның жетісі, қырқы, жылын беру, кездейсоқ апатқа (жұт, өрт, т.б) ұшырап, мал-мүліктен айрылған туысқа туыстық жақындығымен шама-шарқына қарай ²қосқаным² деп көмек көрсету әдеті (дәстүрі) де дәлел бола алады.
Моральдық норма- жеке бастың мінез-құлқын бағыттап қана қоймай оны бақылауға және бағалауға мүмкіндік беретін қоғамға қажетті мінез-құлық үлгісі.
Моральдық сана -басқа да саяси, құқықтық, діни, эстетикалық сияқты адамдардың әлеуметтік тұрмысын бейнелейтін қоғамдық сана формасы.Моральдық сана адам әрекетін, оның қоғамдық құбылысын, оларға өзінің жағымды, жағымсыз көзқарасын білдіреді, оларды қажетіне орай мадақтайды немесе талқылайды, сынға салады, демек моральдық сана адам қылығын бағалаушы.
Моральдық сезім- моральдық нормамен реттелетін жеке бастың өзінің қылығына және әрекетіне деген қобалжу.
Моральдық этикалық дәстүр- тарихи даму барысында көпшілік тарапынан қалыптасқан мораль элементтерінің (норма, құндылық, принцип, категориялар) дәстүрдегі көрінісі.
Намыс -адам қасиеттерінің арқауы. Намыс - адам өмірінің әр сатысында әр түрлі байқалады. Ол - "мен, мен" - деген сәби намысы, өзін-өзі біле бастаған балғын жастың жігіттік намысы, бойжеткен ару қыз намысы, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Демек, намыстың ауқымы кең. Қазақ - намысшыл халық. Оның "Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" деген мақалы намыстың не екендігін ұқтырғандай.
Парасаттылық- Парасат… Адамның адамдығын, халықтың халықтығын, мемлекеттің мемлекеттігін ұстап тұрған моральдық сапа.
Рәсімдер - Игі іс-әрекеттің ұлттық көрінісі
Рәміздер - Этностық (ұлттық) белгілер мен жоралғылар (Таңба, белгі, ту т.б)
Салт - Ұлттық дәстүрдің берік қалыптасып, өмір заңдылығына айналуы, этностық тіршілік
Салт-сана - Әдептің, дәстүр мен әдет-ғұрыптың халыққа, халық санасына сіңіп, ұлттық мәнде көрінуі
Сенімдер - Дінге, болашаққа, игі іс-әрекеттің келешегіне сену, көрегендікке бейімдеу
Табандылық- қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы
жігерлік таныту.
Тыйымдар - Жамандыққа қарсы жасалынатын әрекет, тәлім-тәрбиелік заңды нұсқау, тәртіптілікке үйрету
Ұждан- адамның өз қылығына, ойына сыни баға беруі, мұратына (идеалына) үйлесімсіздігін сезінуі мен моральдық борышты орындай алмауы. Ұждан адамды тәрбиелеу және әлеуметтендіру кезінде қалыптасады.
Ұждан эмоционалдық феномен. Ол өзін-өзі кінәлаудан, қынжылудан, қобалжудан көрініс табады.
Этика- (гр. ethos-дағды, әдет-ғұрып)-зерттеу объектісі мораль болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Этика құл иеленушілік құрылыстың қалыптасу кезеңінде пайда болып, қоғамның стихиялы-дағдылы моральдық сана-сезімінен философияның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі ретінде, нақтылық туралы нағыз теориялық білімнен өзгеше, не істеу керекекені туралы ²практикалық² ғылым ретінде бөлінді². (философиялық сөздік)
Этникалык бірігу - этникалық қауымдарды жақындату процесі.
Этникалық контакт - түрлі ақпараттар жэне мәдени құндылыктармен
алмасу барысында нақты халақгар өкілдерінің бір - біріне ықпалын тигізетін
этносаралық әрекеттестіктердің формасы.
Конформ этносы - жеке адамдар тобының ұлттық әдет - ғұрыптарға, жүріс
тұрысына ұлттық ерекшеліктеріне және стериотиптерді ішкі кедергісіз
меңгеру және жеткілікті мағынадан түсілу арқылы көрінетін бейімділігі.
Кросс - мәдени этнопсихологиялық зерттеу - түрлі ұлттарға этностық
қауымдар өнімдерінің тұлға аралық байланысында және өзара әрекетінде
көрінетін көрініс.
Ұлттық намыс -Туған елінің ар-намысын қорғау, ұлттық мұраларды қастерлеу, ата дәстүрін аялау, адам сыйлау.
Халықтық психология - белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғаның
психологиялық ерекше тұйық білім
Ырымдар - Жақсылыққа құштарлық, жақсылыққа ниет етумен жасалынатын әрекет, игі сенім
Этнопедагогика - халықтың (этностың) тарихи өмір тәжірибелерін жүйеліп тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым (Ә. Табылдиев).
Этностық дискриминация - нәсіл мен ұлтына қарап адамның азаматтық құқымен мүдесіне қасақана қысым жасау.
Этностық контакт -әртүрлі ақпараттар мен мәдени құндылықтар алмасу барысында әр халақтың бір - біріне ықпал жасайтын этносаралық әрекеттестік.
Этностық топ - тіл мен мәдениеттің, діннің маңызды ерекшеліктерін сақтай алған халақтық окшау бөлігі.
Этностық толеранттық- басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне мінез -
құлқына, салт - дэстүріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіру.
Этностық кикілжің - көзқарастары мен мүдделерінің бір - бірімен
үйлеспеуінің нәтижесінде этностардың өзара наразылығы.
Этномадени бейімделу - адамның психологиялық немесе әлеуметтік дағдылануы.
Этникалык ассимиляция - бір халақтың екінші халақпен оның тілін, әдеп -ғұрып, ұлттық сана - сезімін жоғарлату жолымен бірігу нәтижесі.
2. Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер кешені
Дәрістер
Дәріс №1. Дәрістің атауы. Этнопедагогиканың методологиялық негіздері.
(1 сағат. 1апта)
1.Халықтық педагогиканың мазмұны және негізгі қызметі
2. Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
3. Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
-
Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы, халықтық ғылым болып табылады.
Этнопедагогика-халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды,сондай-ақ тарихи -педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының , ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін оларды келешекте зертеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи педагогикалық даму заңдылықтарына ие.Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс,өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы,оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық «адамшылық табиғаттың» адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генефондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған халықтық және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екендігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық, ақыл ой, мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез құлықты реттеу , өзін өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілермен танысу болашақ мамандарды оқылатын материалға қызығушылығын арттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақтар жобаларын кластан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтар ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша класс сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғарғы кластар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогткалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше.
Адам баласы оу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айналысып бақты . Оның қағазға түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл ақыл, өсиет өнеге, қағида болып тарап келген білім білік, тәлім тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.
Халықтық педагогикалық білімдері комплексті және синтетикалық сипатта деп бағалауға әбден болады. Себебі аса ауқымды педагогикалық мәліметті қабылдап, оны жадында сақтау және келер ұрпаққа дәлме дәл жеткізе алу үшін ойды жинақтап айтудың тиімді жолдары мен түрлері қарастырылған.
Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады.
Халықтық педагогика салт дәстүр, жол жора, қонақ күту рәсімдері, ел жұрт, ру тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім тәрбиенің түрі, адам мінезі, іс әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады.
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жиі сөз болған жекелеген авторлар еңбектерінде әдет ңұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі.
Этнопедагогика кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететінг жекелеген мәселелер де аз емес.Оның алдында шешілуі ең қиын алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр.
Диалектикалық ілімге сүйене отыра этнопедагогика ұдайы мұрагер болу жаңару және жаңаны тудыру процесінде өмір сүретін қозіалысты жүйе деп әбден қарастыруға болады.Мұнымен байланысты этнопедагогикада жаңа құбылыстардың пайда болуы және алға басуы; XX ғасырдың басына дейінгі және одан кейінгі кезеңдерді этностық педагогиканың даму тенденцияларын ашып көрсетуге елеулі орын берілуі қажет.
Этнопедагогика білімдерін қолдану рухсыздыққа, ұлттық жоққа шығаруға, тарихи ессіздікке нақты тосқауыл қояды ғ балалар мен жасөспірімдерге халықтық құндылықтар мен дәстүрлер, ұлттық мәдениет мұрагерлері ретіндегі адамзаттық борышын жете түсінуге , оларды өзінің ата аналары, өткен ұрпақ , бүтін халық ісін жалғастыруға үйретуге көмектеседі.
Этнопедагогикалық қарастыруда тәрбие қоғамдық құбылыстың бірінен өзгесіне заңды ілесіп отыруы, яғни мінез құлықтың табиғи формасы ретінде алға шығады.
Этнопедагогика зерттеудің кең көлеміне не оның алдында үлкен өзекті міндеттер тұр. Оның қалыптасуының қазіргі жағдайда халықтың педагогиканың әрекет ету аясын анықтау оның бүгінгі тәрбие мен өзара байланысын айқындау аса маңызды.
Этнопедагогиканың практикаға жол табуы ол қазіргі педагогикалық теорияны жан жақты қолданғанда ғана мүмкін . Сонымен бір мезгілде этнопедагогиканың көптеген қоғамдық , гуманитарлық және психологиялық ғылымдардың өзара ықпал ету шеңберіне енуінің принципті мәні бар.Бұл этнопедагогикалық материал мен бастаулары елеулі кеңейтеді, оны үлкен тарихи тәжірибесі бар ғылымдар методтарымен қаруландырады және сонысымен де аса кең теориялық қорытындылаулар үшін қолайлы жағдайлар туғызады.Этнопедагогикалық ізденістерді этносоциологиялық зерттеулердің құрамды бөлігі ретінде қарастыру жемісті болып көрінеді.Кез келген ғылым секілді этнопедагогикаға да теориялық тереңдікпен ұштасатын кеңестік керек, мұның өзі эмпирикадан тек теориялық қорытындылауларға көшкен жағдайда өана мүмкін болады.
2.Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
Этнопедагогиканың дамуында оның басқада ғылымдармен байланысы ерекше рөл атқарады.
Ол ғылымдар:
Философия – бұл адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсінуге, білушілікке тәрбиелейді.
Психология – адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді.
Адам физиологиясы – бала организміндегі жоғарғы нерв қызметін, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.
Әлеуметтану – жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.
Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып, мәдениеті, тарихын зерттейді.
Сондай-ақ, этнопедагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты болса, этнопедагогика өзінің ғылыми қалыптасып дамуында педагогика, фиолософия, психология, анатомия мен адам физиологиясы, гигиена, математика, кибернетика және т.б. ғылымдардың идеяларын пайдаланып жетілуде.
3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары — халықтық педагогиканы ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |