Этнопедагогика



бет9/30
Дата11.10.2023
өлшемі295.88 Kb.
#480425
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
этнопедагогика

Бөбектің отыруы. «Бӛбек бес айда белгілі отырады, алты айда анық отырады» дейді халық. Баланың әке-шешесін, жақындарын анық танып, күлу, ренжу әрекеттерін кӛрсете бастауы, оның ӛздігінше қимыл әрекеттерін жасаумен ұштасады да, отыруға ыңғайлануы байқала бастайды.

27
Бӛбек толық отырғанға дейін оның «талпыну» әрекетімен демеп, отыруына жағдай (сүйеніш, таяныш) жасалынады. Толық отырған бӛбектің, алғашқы әрекеті орындалып, кӛңілі шаттанып, бойы сергектене береді. Миы қатаймаған, буындары «қатпаған» бӛбектің, алғашқы еркін қимылдауына жағдай жасап, оның ӛз алды әрекетінің сәтілігіне бас кӛз болып отыру отбасындағы жанашырдың бәрінің парыздық әрекеті болуға тиіс. Осы әрекет үстінде отбасындағылардың бӛбекке деген мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық сезімдері дамиды.




Тұсау кесу. Бӛбек туғаннан кейін жеті-сегіз айдан соң, әуелі еңбектеп (еңбектеудің де әр түрлісі бар) содан кейінірек қаз-қаз тұрып, қаз басып жүре бастайды. Бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезде, тұсау кесу рәсімі жасалып, тұсау кесу жыры айтылады.


Тұсау кесу жырлары

Тұсау кесу – әдет-ғұрыптық, ырым-рәсімдік қуаныш мәжілісінде айтылатын жыр. Кӛбінесе, бір жасқа толып, еркін жүре бастаған балбӛбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық кӛрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіріп, оның ата-анасы қуанышқа ортақ жақын адамдарды жинайды да, сыйлы адамға балбӛбектің тұсауын кестіреді. Баланың тұсауы ала жіппен немесе қойдың тоқ ішегімен байланады да, тұсау кескен соң тұсау кесушіге сый-сыяпат кӛрсетіліп, сыйлық беріледі. Жағдайы келіп, жақсылыққа жайы мол әке-шеше бұл рәсімді кішігірім той-томалаққа айналдырып, баланың тұсауын жарыстан озып келген ең жүйрік азаматқа кестіреді. Тұсау кесілген соң баланы ақ жайма үстімен (ақ жол тілеп) немесе қалың кілем үстімен (жолы жұмсақ болсын деп) жүргізіп, ата-ана қуаныш білдіріп, арман-тілегін айтады.


Тұсау кесу жырын балбӛбекті күтушілер оның тұсауын кескенге дейін де айтып, оның тәй-тәй басып жүруіне қуаныш білдіріп, сүйеніш, жетекші іс-әрекет тәсілдерін қолданады. Тұсау кесу жырының бұл түрі «тәй-тәй» деп аталады.


Қазақ балалар поэзиясында бірсыпыра ақындардың (Ж.Смақов, М.Әлімбаев т.б.) тұсау кесуге арналған жырлары бар. Мысалы, ақын Жақан Смақов:


Тәй-тәй бас, құлама,


Құласаң жылама! – деп баланы батылдыққа тәрбиелейді. Отбасында балдырғандар «тәй-тәй», тұсау кесу жырларын, әуенімен


әсемдеп айту арқылы балдырғанның әрі бӛбекке деген сүйіспеншілігі артады, әрі оның кішіге қамқорлық сезімі қалыптасып, іс-әрекетке ықыласы молаяды. Отбасында болатын тұсау кесу рәсімі тәрбиеші балалар бақшасындағы қуыршақ ойыны арқылы да ұйымдастырылып, балаларды – халықтың әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеуі тиіс. Бұл баланыңәрі музыкаға қызығуына, сахнада ойнауға үйренуіне, сӛз ӛнеріне бейімделуіне себепші болады.




Жаңылтпаш – тіл ширату тәсілі

Халық баланың тілін ширату үшін, оған сӛз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.


28
Балбӛбектің тілі шығып, балдырған жасында сӛздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сӛйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сӛздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сӛйлегенде де мүдірмей, ӛз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың тілін ардақтау, сӛз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.


Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған. Тілі шыға бастаған жас бӛбекпен, тілі шыққан балдырғандардың тілінде кӛбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш» дыбысын «с» дыбысымен шатастыру байқалады. Әсіресе, тілдің алдыңғы (тілалды) дірілмен айтылатын «р» дыбысын айту алғаш кӛптеген бӛбектерге қиын сияқты болып кӛрінеді. Сондықтан жаңылтпаштар да, кӛбінесе сол «р» дыбысы мен «и» дыбысын қатар айтуға құрылған. Бала тіліндегі «ш» дыбысы мен «с» дыбысын шатастырып айтуды түзету үшін халық жаңылтпаштарды шығарған. Сол сияқты «қ-к», «ж-ш», «т-д», «н-ң» т.б. дыбыстарды шатыстырмай айтуға жаттықтыратын жаңылтпаштар бар.


Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті. Олардың бір ерекшеліктері, ол жаңылтпаштар кӛбінесе әрі тіл ширату, әрі дүние таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу. Сонымен бірге жаңылтпаштар баланы табиғатты қорғауға тәрбиелейді, баланың тілін ширатады.


Отбасында балаға жаңылтпаш айтқызып жаттықтырудың бірнеше жолы бар: ең әуелі бала жаттықтырушының айтқан жаңылтпашын жаңылмай, тез-тез айтуға үйренуі керек. Екіншіден, бірнеше баланың жаңылтпаш айтудағы жаңылмай айту қабілетімен қатар, қанша жаңылтпаш білетінін байқау үшін жаңылтпаш айтысуын ұйымдастыра білу керек. Жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан, жаңылтпаштарды білуден озып шыққан баланы ынталандырып, мадақтап, сыйлық беріп мерейін арттыру қажет.


Балалар бақшасында тіл ширату, кӛркем сӛз оқу, тақпақ айтуға балдырғандарды жаттықтыру үшін арнайы уақыт бӛлініп, эстетикалық тәрбие жұмыстары жүргізіледі, мүмкіндігінше жаңылтпаштарды әнге қосып айтуға да болады. Балалар бақшасында ұйымдастырылған жаңылтпаш айтысудың мәні зор. Ол үшін, тәрбиеші күні бұрын жоспар жасап, керекті жаңылтпаштарды топтай білу керек. Әрине, тілі ӛте мүкіс, кӛбінесе логопедиялық дәріс алып жүрген баланы ондайда ұятқа қалдырып, сағын сындырудан сақ болған дұрыс. Ӛйткені жаңылтпаш айтудың психологиялық әсері де ерекше. Әсіресе, жаңылтпаш жаттығулар арқылы «р» дыбысына тілі келіп, сӛзді мүдірмей айтуға баланың қуанышы қойнына сыймай, ӛмірдің ӛткелінен ӛткендей әсер алады.


Балалар бақшасында фольклорлық кеш ӛткізіп, онда жаңылтпаш айтысуға да тиісті орын беріп, айтқыш балалардың абыройын арттырып отыру керек.


29
Жаңылтпаштар тек жас балалардың тілін ширату үшін ғана қолданылмайды, сонымен қатар жаңылтпаш айтысып, тіл ұстартуды үлкендер де салтқа айналдырған болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет