«Этнопсихология» пәнінің 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығына арналған



бет2/5
Дата19.06.2016
өлшемі393.5 Kb.
#147987
1   2   3   4   5

Ұғымталдық –сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасын жете түсіну қабілеті.

Ұжым –қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат-мүдделерінің бірыңғай болуында.

Ұлттық мақтаныш- тілінің, дінінің, мәдениетінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір

ұлтқа жататындығын саналы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.



Ұлттық психология- қоғамдық сана сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның

құрамды белгісі. Адамдармен топтардың қимыл әрекетінде көрінетін олардың қоғамдық сана – сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін,ғылым, өнер,философия.



Ұлттық әдет-ғұрып – белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті

тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс әдісі.



Ұлттық мінез құлық өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың жүріс– тұрысын,

өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым– қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.



Ұлттық психологиялық ерекшеліктер –этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың

негізгі мағынасын ұлттық психикалық тұрпатын, ұлттық сипатын құраушы элементтерді білдіретін категория.



Ұлттық лидер (көшбасшысы) –белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда

практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші ролі бар беделді тұлға.



Ұлт –аймақ, бірлігімен, экономиялық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір

психиологиялық эрекшеліктерімен және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.



Этникалық дискриминация (кемсіту) – нәсілдік немесе ұлтына қарай белгілі бір азаматтар

категориясының құқыларымен мүдделеріне қасақана қысым көрсету.



Этникалық бірігу – этникалық қауымдарды жақындату процесі.

Этносаралық мәміле (компромисс) – этностардың, этникалық топтар арасында олардың

өкілдерімен өзара келісімге келу.



Этникалық контакт – түрлі ақпараттар және мәдени құндылықтармен алмасу барысында нақты

халықтар өкілдерінің бір – біріне ықпалын тигізетін этносаралық әрекеттестіктің формасы.



Этносаралық қарым қатынас мәдениеті – әр түрлі этностық қауымдар өнімдерінің

тұлғааралық байланысында және өзара әрекетінде көрінетін тез және ешбір ауыртпашылықсыз өзара түсінушілік пен келісімге әкелетін арнайы білім мен дағдылар, сондай – ақ соларға тән іс – әрекеттердің жинағы.



Этностық маргинал – қос этностық өзіндік сана тудыратын екі этностық мәдинетке бірдей тән болу.

Этностық ұтқырлық – мақсатты түрде этностық өзіндік бекіту және өзіндік бағытталған жұмысты белгілеу үшін қолданылатын термин,

Халықтық педагогика – әр түрлі буын өкілдерінің өзара қарым – қатынасы мен әрекеттестігінің ұлтқа тән тиянақты формасы сақталған этностық мәдениеттік салт – дәстүрде, халықтық және көркем шығармашылықта сақталған білім мен тәрбие дағдысының жинағы.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше тұйық білім сол немесе басқа этностың тілін, фольклорын моралін дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы манызы ашылады.

Ұлтшылдық – ұлттың ерекшелігі мен артықтылығы (үстемдік) туралы уағыздан тұратын кері тартпа идеология мен саясат. Бір ел ішінде ұлттар мен халықтар арасында ұлттық араздық тудыратын форма, сондай – ақ бір елдің халқын басқа елдің халқына қарсы шағыстыру формасы ретінде қолданылады.

Ұлттық мақтаныш – мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сүйіспеншілік сезімі.

Ұлттық психология – қоғамдық сана сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Бұл ақиқат құбылыс адамдар мен топтардың қимыл – әрекетіне және жүріс – тұрысында көрінетін олардың қоғамдық сана –сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін, ғылым, өнер,философия.

Ұлттық өзіндік сана сезім – жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік – этностық қауымдастыққа қатыстығы жататындығын сезінуі және идеяларда, көзқарастарда, сезімде, эмоцияда, көңіл– күйде көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның орны.

Ұлттық лидер (көшбасшысы) –белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші рөлі бар беделді тұлға.

Ұлттық нигилист – барлық орнықтылық нормасын, өз этносының салт – дәстүрін терістейтін, өз халқына бөтен, патриоттық сезімі жоқ, халқының мәдениетін менсінбейтін адам.

Ұлттық әдет-ғұрып – дәстүр белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті (әдетті) тарихи қалыптасқан таптауырынды жүріс-тұрыс әдісі.

Ұлттық соқыр сезім – этностық қауымның басқа қауымға олардың сипаттамасына қатысты жасайтын ақиқатты дәл жеткізбейтін, бұрмаланған нұсқаулар болып табылатын қоғамдық психологиялық құбылыс.

Ұлттық салт– тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жүріс – тұрыс формасы тұрмыс санасында әбден тамырланған ережелер, құндылықтар, адамдардың қатысу түрлері.

Ұлттық сана сезім – адамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым–қатынасы, олар жағымды да жағымсыз ренкте де болуы мүмкін.

Ұлттық ақыл тұрпаты – ұлттық өзіндік сол немесе басқа ұлт өкілдерінің көпшілігінің ойлау ерекшелігі.

Ұлттық мінезқұлық – өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс – тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым– қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

Ұлт – аймақ, бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.

Ұлт қатынастарының этикасы – этнос қауымдары мен топтар өкілдері арасындағы түрлі байланыстарды қалыпқа келтіретін ішкі ұлт аралық қатынастардың нормалар мен ережелер жиынтығы.

Үйлесім , сыйымдылық – бұл әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқана саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсетуі.

Үнсіз сөйлесу – сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз

сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сөйлемнің баяндауышы не бастауышы айтылады да, ой жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса , ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.



Этностық топтар – тілдің, діннің, мәдениеттің тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған ұлттың оқшау бөлігі.

Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым – қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

Этностық сана – сезім – нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтің психология мен этнология қилысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Этномәдениеттік бейімделу – психологиялық немесе әлеуметтік дағдылануы, адамдардың жана мәдениетке, жаңа ұлттық әдет – ғұрыпқа, өмір салтына, тәртіпке бейімделуі.

Этникалық ассимиляция (үндесу) – бір халықтың екінші халықпен оның тілін әдет – ғұрпын, мәдениетін меңгеру арқылы өз тілін, мәдениетін және ұлттық сана сезімін жоғалту жолымен бірігу нәтижесінде ұлттық психологиялық ерекшеліктердің белгілі бір өзгерістері (трансформациясы) пайда болады.

Этностық топтар – тілдің, мәдениеттің, діннің, тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған халықтың немесе ұлттың оқшау бөлігі.

Этностық дифференциация – басқа халықтардың тарихына, мәдениетіне, ұлт салттарына, мүдделері мен құндылықтарына деген индифференттік қатынасы мен сипатталатын этнос белгілері бойынша адамдардың ажырасуындағы эмоционалды – когнитивті процесс.

Этностық ұқсастыру (идентификация)– субьекттің бір этностық топтағы басқа өкілімен бірігудегі эмоционалды – когнитивті процесі, содай–ақ оның тарихына, мәдениетке, ұлт салттары мен барлық халықтар дәстүрлеріне, оның идеалдарына, сезімі мен мүдделеріне, фольклоры мен тіліне, этностық мекендейтін аймағы мен оның мемлекеттілігіне деген жағымды көзқарасы.

Әлемнің этностық көрінісі – нақты этностық қауым мүшелерінің қоғамдық болмыс, өмір туралы оймен тұрақты, байланысты ой мен көзқарастар жиынтығы.

Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым–қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

Этностық мәртебе – этносаралық қарым-қатынас құрылымындағы жеке тұлғаның, топтың, қауымның орнын белгілейтін әлеуметтік мәртебенің элементі.

Этностық таптауырындар– түрлі этностық қауымдар өкілдеріне тән моральдық ақыл–ой, физикалық сипаттары туралы салыстырмалы түрде тұрақты ұғым.

Этностық толеранттық – жалпы толеранттықтың жеке оқиғасы яғни адамның басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне, мінез–құлқына, салт–дәстүрлеріне, сезіміне, пікірлеріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіретін қабілеті.

Этностық бағдарлар – тұлғаның ұлт өмірімен ұлтаралық қатынастарының сол немесе басқа құбылыстарын қабылдауға дайындығы және нақты бір жағдайда осы қабылдауына сәйкес әрекет жасау.

Этностық кикілжің – этностық белгі бойынша қарсы мүдделі топтардың қарама–қайшы келетін топ аралық кикілжің формасы. Қарулы қақтығыстарда және ашық соғыстарға дейін әкелетін өзара наразылығымен сипатталады.

Этностық сана сезім – нақты ұлттармен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс–әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтік психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Этностық мәдени біліктілік – өзара әрекеттестіктің өзгешелігі мен шарттарын басқа ұлт өкілдерімен араласу кезінде өзара келісімдік және сенімдік атмосферасын ұстану мақсатында ынтымақтастықтың барабар (адекватты) формасын табуға, дұрыс ұғынуға көмектесетін білім, дағды, тәжірибені пайдалану дәрежесі.

Этнопсихолингвистика – этнос психологиясының қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның тарихи тәжірибесін көрсететін тілдің ықпалын қарастыратын психология, этнология және лингвистика қиылысында пайда болған ғылыми білім саласы.

Этнопсихология – адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

Этнос – тілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ. сондай–ақ жалпы өзіндік атауы бар (өзінің бірлігі және өзгешелігі туралы түсінігі бар) тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.

Этноцентризм – барлық өмірлік құбылыстарды жалпы этап болып өз этнос қауымының салт –дәстүрі және құндылықтарымен салыстыра отырып қабылдау және бағалау қабілеті, өзінің өмір сүруін басқалардан артық көру.

Эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі – идентификация. Бұл – адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.

Эгоизм (франц) – жеке басы мүддесін басқалардың, қоғамның мүддесін жоғары қоюшылық.

Эгоцентризм (латын) - өзімшілдік пен менменсудің шектен шыққан формалары.

Эйдетизм (грке) – бейнелерді еске өте дәл айқын түсіру.

Эйфория (грек) – шындыққа сәйкес клмейтін көңіл – күйдің шамадан тыс көтеріліп, шаттануы.



  1. ДӘРІСТЕР



Дәрістің тақырыбы. Этнопсихология психологияның бір саласы ретіндегі пәні мен міндеттері.

Жоспар:


    1. Этнопсихология – психологияның бір саласы ретінде.

    2. Этнопсихология пәні, міндеті туралы түсінік.

    3. Ұлт, этностық топ, этностық сана-сезім ұғымдарындағы мазмұндық айырмашылықтар.

    4. Ұлттық тұлғаның этникалық құрылымы.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Этнопсихология – адамдар психикасының этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрініс беретін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше білім, сол ұлттың тілін, фольклорын, дінін, мәдениетін салыстырмалы турде зерттеу арқылы маңызы ашылады.

Халық қағидалары, ұлттық ұғымдар адамзат өмірінің барлық кезеңдерінде өмір шеңдігін жоймаған, халық пен бірге жанданып, өзгеріп, түлеп отырады. Қазақтың дала заңдары, болжам – түйіндері, философиялық тұжырымдаулары халықтың ауыз әдебиетінде көрініс тапқан. Қазақ халқы ұрпағының болашағын болжап, алдын–ала қам жасауы, ол туралы әр түрлі топшылау тұжырым келтіріп, қалыптастырған дала заңы мен тәртібі қанша ғасыр өтсе де маңызын жоймауы, яғни халық кәдесіне жарауында деп түсінген жөн.

Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса сонша көкейкесті мәселе болып келеді.

Осы кезге дейінгі ғылыми зерттеу жұмыстарының – кез-келгенінде ұрпақ тәрбиесінің маңызы, мәні, ерекшеліктері, жан – жақты дәлелденген.

Соңғы жылдары бізде «ұлт психологиясы – ұлттық тәлім–тәрбиеміздің өзегі», – деген қанатты сөз жиі айтылып келеді. Осы мәселенің төңірегінде түрлі ғылыми жиындарда, газет–журнал беттерінде көптеген мақалалар жарық көруде. Бұларда халқымыздың ғасырлар бойы тірнектеп жинаған ұлттық тәрбиесіне, әдет–ғұрпына, тілі мен дініне, жөн–жосық, жол–жоралғысына, бір сөзбен айтқанда бүкіл тыныс – тіршілігіне қатысты мәселелер әр қырынан сөз болып жүр. Бұл айтылған оқу –тәрбие мекемелерінде осы салада жүргізіліп жатқан іс–шараларда оң ықпалын тигізіп жатқаны да байқалады. Десек те ұлттық тіл мен ұлттық тәрбиеге байланысты көлеңкелі жақтарымыз да аз емес.

Осы жерде этнопсихология жайлы айтып кетсек аз болмайды. Сонымен, этнопсихология – әр халық пен тайпаның өзіне тән тыныс–тіршілігінен туындайтын (тіл, дін, әдет – ғұрып, салт, дәстүр, миф, т.б.) психологиялық ерекшеліктердің жүйесін зерттейді. Сондай–ақ ұлттық мінез – құлықты, халыққа тән жан дүниесінің өзгешіліктерін қарастырады.

Ұлттық психология –қоғамдық сана –сезімінің маңызды компаненті ,қоғамдық сана –сезімнің маңызды компоненті ,Қоғамдық психологияның құрамды белгісі .Адамдар мен топтардың Қимыл әрекетінде көрінетін олардың қоғамдық сана-сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін,ғылым, өнер, философия.

Ұлттық әдет-ғұрып – белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйренщшікті тарихи қалыптасқан жүріс- тұрыс әдісі .Ұлттық мінез-құлық өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың жүріс – тұрысын , өмір сүру типін ,олардың еңбекке , басқа халықтарға ,өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологоиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

Салт-дәстүрлер халықтың тұрмыс тіршілігімен өмірге деген көзқарасымен байланысты туып дамитын болғандықтан , оның дінмен байланысын туып дамитын болғандықтан , оның дінмен байланысын өзгертуге тура келеді .

Халықтық ырымдарда шаман, ислам дінімен байланысты наным-сенімдер көптеп кездеседі .

Ұлттық сезім дегеніміз –адамдардың туған жерге , өскен елге деген сүйіспеншілікті білдіруі .Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік –экономикалық , мәдени ж\е жаратылыс құбылыстардың сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы .Ұлттық сезім басқа сезімдер сияқты адамның жеке басының қанағаттану ,шаттануымен немесе әсер болмай,қанағаттанбауымен байланысты ой-қиял ,әсер сезімінің сыртқа шыққан көрінісі .Ұлттық салт-дәстүрлерге ана тіліне деген сүйіспеншілікті ,ұлтық өнер түрлерін ;ән-күй ,зергерлік қол өнері , бейнелеу, сурет –өнері , ұлттық ойын мен спорттың түрлері, ұлттық тағамды , киімді, мерекелерді , тарихи ескерткіштерді т.б жатқызуға болады .дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып , сұрыпталған әдет-ғұрыптар , жол-жоралар, көзқарас түсініктері жатады.

Ұлттық психология, педагогика институтының бүкіл халықтық мәнін ескере отырып,

бұл ғылыми мекеменің ашылуын тездетуге ғылым, өнер, қоғам қайраткерлері де қызу ат салысып отыр. Бұған олардың баспасөз бетінде жарық көрген мақалалары жақсы дәлел. Болашақ институт ұланбайтақ республикамыздағы бүкіл ұлттық педагогика, психология проблемаларын бір жерге шоғырландыра алар еді. Барлық психология мекемелерінің жұмыстарын үйлестіріп, оған белгілі бағыт–бағдар берер еді. Оның үстіне өз ғылыми кеңесі арқылы болашақ педагогтар мен жас ғалымдар ұшып шығатын ұя болар еді. Бұл мекеменің қызметкерлері қоғамдағы күрделі әлеуметтік мәселелерді тиімді түрде шешуге де ат салысар еді. Қазір ұлттық психологиялық ғылыми мекеменің жоқ болғандығынан біз өз ерекшеліктерімізді ескермей тек орталықтан келген дайын материалдармен ғана жұмыс істеуге мәжбүрміз. Мыңдаған жыл тарихы бар бүгінгі егеменді елге бұл жараспайтын жағдай ұлттық ерекшелік кеуде соғу үшін емес біздің бұдан әрі даму процесімізді қанымызға сіңген әдет–ғұрып пен салт–дәстүріміздің жақсысын одан әрі дамытуға, ұлттық ерекшеліктерімізді өркениетке, ғылыми–техникалық дамуға неғұрлым тиімді икемдеу үшін қажет. Ұлттық психологиясыз ұлт болмайды. Ол бар жерде ғана ұлттық тіл мен тәлім – тәрбие өркендей алады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Этнопсихология пәні туралы түсінік беріңіз.

  2. Этностық топ, этностық сана – ұғымдарындағы мазмұндық айырмашылықтарды көрсетіңіз.

  3. Тұлғаның этникалық құрылымын сипаттаңыз

Әдебиеттер:

1.Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999

2.Жарықбаев Қ. Этнопсихология: ұлт тәрбиесінің өзегі. Алматы., Білім. 2005ж

3.Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты. Көмекші құрал. Алматы., 1993ж.

4.Жарикбаев Қ.Б. Этнопсихология. Учебное пособие. А., 1998


Дәрістің тақырыбы. Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары.

Жоспар:


  1. Сана-сезімді зерттеудегі тарихи және психологиялық ұстанымдар.

  2. Сана сезім мәселелерін зерделеуде қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі.

  3. Ұлттық сана-сезім мен этностық қарым-қатынас ерекшеліктері.

  4. Ұлттық психологияның принциптері.

  5. Ұлт психологиясының құрылымы мен қасиеттері.

  6. Этнопсихологиялық зерттеулердің беріктігі.

Дәрістің қысқаша мазмұны
Жоғары мектепте студенттерді салт-сана, салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеу, білімді ана тілінде меңгеру, ұлттық дәстүрлерді тәрбие процесінде пайдалану туралы көптеген ғалымдар айтып өткен, оның мүмкіндіктерін өз тәжірибелерінде пайдаланған. Дегенмен, қазақ этнопсихологиясында салт-сана, сезім мәселелерін тиімді ұйымдастырудың маңызы ғылыми тұрғыда жеткіліксіз қарастырылған.

Этностық сана-сезім - нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс - әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтің психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, сыннан өтіп келе жатқан салт-дәстүрлердің озық үлгілері жеке тұлғаның санасының жан-жақты дамуына, үлгі-өнеге, ұлттық тәрбие алуына ықпалын тигізері сөзсіз. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі - ұлттық қасиеттерімізді танып-білу. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлу керек. Ендеше, халық тағылымдары арқылы ұрпақты тәрбиелеудің мәселелерін алдыңғы орынға қоюға болады. Өйткені, біз ең алдымен ертеңгі ел тұтқасын ұстар болашағымыз - жастардың санасын тәрбиелеуіміз керек, сонда ғана біз ел тағдырына, ұлт тағдырына өз үлесімізді қосамыз. Ендігі жерде алдымызға қоятын максатымыз - жастарды тәрбиелеу үшін арнайы оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың шарттары болу керек.

Осы орайда республикада халықтық дәстүрді жинақтап, зерттеп, саралап игерту, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру, бүгінгі күннің басты талабы.

Ұлттық тәрбиенің арқауы болып табылатын халық тағылымының мән-маңызы мен құндылығын белгілі ғалымдар Г.С.Виноградов, В.Ф.Афанасьев, А.Ф.Хинтибидзе, А.Ш.Гашимов, Г.Н.Волков, ИЛ.Ханбиков, А.Э.Измаилов және т.б. зерделеген.

Соңғы кездері елімізде жастардың санасын, адамгершілік қасиеттерін калыптастыруда этнопсихология материалдарын пайдаланудың мәселелері С.Қалиев, Қ.Жарыкбаев, С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, К.Қожахметова, М.Балтабаев, Қ. Бөлеев, А.Мухамбаева, Р.Дүйсенбінова, Ә.Табылдиев, Ә.Сәдуакасов, Ф.Бөрібекова, Б.Қойбағарова, Р.Төлеубекова, Б.Мұқанова, А.Мағауова, А.Алимбекова, Ұ.Әбдіғаппарова, Г.Бахтиярова, Б.Өтешова, А. Дайрабаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Этностардың өмір сүруінің негізінде олардың өзінің жалпылығын түсінуі болып табылады. Бұл ортақтықты этностар «Олар» түсінігімен салыстырғанда «Біз» түсінігінің басым болуынан көрініс табады. Бұл құбылыстың деформациясы этноцентризм атауына ие болды, яғни адамдардың әр түрлі құбылыстарды өзінің этникалық тобының мәдени стереотиптерінің негізіндегі қабылдауы. Этноцентризмнің мәні - басқа топтарға қарағанда өз ұлтынын қасиеттерін асырмалауда жатады.

Бүгінгі танда Қазақстанда білім беру саласында жалпы білім берудің мемілекеттік стандарттары қызу талқылануда. Білім берудің базалық компанентері мен Мемлекеттік стандарт мазмұнында жаңа технологияны ендіру, ал оны толықтыратындар: оқу-тәрбие үрдісін модельдеу жүйесі; білім алудағы диалогтық қатынас,дамыта оқыту мен білім беру жүйесін кірік тіру идеясы негшізінде жүзеге асады .

Осыған орай, төл тұжырымдамада қоғамымыздың іргетасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту қажеттілігіне тоқтаған. Тәрбие –халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың Қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез қылық қалыптастыру .

Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Әрбір жасқа жеке тұлғ а ретінде қарап, оның өзіне тән санасы бар екенің ескере отырып төмендегі міндеттерді жүзеге асыру көзделген.

-Жастардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру;

-ұлтымыздың ой-парасатын нығайту, дарынды жастарды анықтау;

-жер мен ел тағдырын табиғатпен адам өмірін бағалай білу;

-Ұлттық тәрбие мәдениет пен өнер негізінде тәрбие беру;

- қазақ жастарынан тхника тетігін менгерген жұмысшы мамандарын тәрбиелеу;

- қазақ халқының ерлік ,жауынгерлік тарихын, ұрпаққа ерліктін өшпс ерлігін қалдырған жас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу т.б

Нақты этникалық топтардың өкілдерінің ұлттық психологиясы - көптеген факторлар іске кірстірілген ұзақ және спецификалық дамудың нәтижесі. Осы факторлардың ең маңыздылары - саяси-әлеуметтік және экономикалық даму болып табылады. Олардың әсерінен ұлттық психиканың барлық негізгі сипаттамаларының өзгешелігі қалыптасады, себебі ұлттық психика көбінесе өндірістік және коғамдық қатынастардан тәуелді болады екен.

Ұлтшылдык пен расизмді жеңу үшін саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлатаралық және басқа да шаралардың кешені қажет.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Этнопсихологиялық зерттеулердіңі негізгі бағыттарна сипаттама беріңіз

2.Сана-сезім мәселелерін зерделеуде қазақстандық ғалымдардың үлесін ашып көрсетіңіз.

Әдебиеттер:


    1. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999

    2. Жарықбаев Қ. Этнопсихология: ұлт тәрбиесінің өзегі. Алматы., Білім. 2005ж

    3. Аймаганбетова О.Х. Основы этнопсихологии. –А., 2003

    4. Крысько В.Г. Этническая психология.- М., 2002

    5. Этнопедагогика және этнопсихология. Алматы., 1994



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет