Этнопсихологияның көкейкесті мәселелері пәні



Дата13.06.2016
өлшемі144.45 Kb.
#131254

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

4 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.37/02-2014


Магистранттарға арналған

«Этнопсихологияның көкейкесті мәселелері» пәннің жұмыс оқу бағдарламасы


Басылым №_______

«_____» __________








Этнопсихологияның көкейкесті мәселелері пәні

6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының

магистранттарына арналған



МАГИСТРАНТҚА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2014


Алғысөз

1 ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырған: педагогикалық психология кафедрасының доценті, псх.ғ.к.

30.08.2014 ж. ___________ Джумажанова Г.К.


2 ҚАРАЛДЫ

2.1. Педагогикалық психология кафедра меңгерушісі, псх.ғ.к.:

_____________Г.К. Джумажанова

Хаттама №1 «03» 09 2014 ж.

2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің бюросында талқыланды:

Хаттама №1 «05» 09 2014 ж.
Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы ____________ Т.Ш. Ахметова
3 БЕКІТІЛДІ

3.1. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №1 «18» 09 2014 ж.
ОӘК төрайымы,

оқу-әдістемелік жұмысының проректоры ______________Г.К. Искакова


4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛГЕН

Мазмұны
1. Жалпы талаптар

2. Пән мазмұны мен сағат санының бөлінуі

3. Пәнді оқудың әдістемелік нұсқауы

4. Курс


5. Курс саясаты

6. Магистрант рейтингісін санау саясаты

7. Әдебиеттер

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Джумажанова Гульжанар Какимжановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс мәліметтері-тел: 30-43-41, №2 оқу корпусы, №303 кабинет

Сабақ өтетін орын - №303 аудитория

Пәннің аталуы – Этнопсихологияның көкейкесті мәселелері

Кредит саны - 3

1.2. Пәннің қысқаша мазмұны. Бұл курс қазіргі психологиялық зерттеулердің жаңа пәндік саласы болып келеді. Интегративті білімдер жасау үшін әртүрлі этникалық топ және мәдениетінің дамуының өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.

1.3. Пәннің мақсаты этнопсихологиялық және кросс-мәдени зерттеулер адам психологиясы туралы интегративті білімдер жасау үшін әртүрлі психологиялық теориялар мен практикалық әдістерді қолдануға қабілетті, біліктілігі жоғары мамандарды ғылыми негіздей отырып даярлауды қамтамасыз ету.

Онымен қоймай, аталған курсты оқытып, білдіру магистранттарда гуманистік дүниетанымды, творчестволық ойлауды, коммуникативтік құзыреттілікті дамыту арқылы, тұлғалық потенциалды өздігінен жүзеге асыруға доминантаны қалыптастыруды өзіне мақсаты етіп қойып отыр.



1.4. Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:

  • этнопсихология туралы қазіргі ғылыми түсінікті қалыптастыру;

  • этнопсихологиядағы эксперимент және кросс-мәдени зерттеу бағыттарын, концепцияларын зерттеу негізінде білімдерді жүйелеу;

  • қолданбалы зерттеулерді жүргізген кезде, сондай-ақ әртүрлі ұлт өкілдерінің өзіндік ерекшеліктерін, әр ұлттың мәдениетін өткенмен салыстыра зерттеу.

1.5. Оқып-зерттеу нәтижесінде студент: Аталған курстың шеңберінде оқып, білудің нәтижесінде магистранттар келесі негізгі білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды меңгеруге тиіс:

  • оқытылып отырған пәннің аясын, мақсаттары мен міндеттерін білу;

  • қазіргі заман психологиясындағы әлеуметтік-этникалық мәселелер негізгі ерекшеліктерін анықтаудағы негізгі тұрғыларды білу;

  • этнопсихологиядағы эксперименттік және кросс-мәдени зерттеулердің қазіргі базалық концепцияларының негізгі сипаттамаларын білу;

  • әртүрлі халықтардың ұлттық психологиялық ерекшеліктері туралы білуі керек

  • халықтардың ұлттық психологиясы және ұлттық мінез-құлық сипаттамалары негізінде эксперименттік және кросс-мәдени зерттеулер жүргізіп білу;

  • этносаралық қатынастар тереңнен ұғынып, эксперименттік және кросс-мәдени зерттеу бағдарламасын жасап, практикада қолдана білу;

  • ұйым ұжымында жақсы психологиялық климат, оның барлық мүшелерінің қалыпты қатынастарын жасау дағдыларын алу;

  • қандай да бір ұйымның одан әрі дамуын болжау мен мониторингтеу дағдыларын алу.

Пәнді оқу барысында магистранттар төмендегілерді білу тиіс:

  • Қазіргі психологияда этнопсихологияның зерттеу мәселесінің алатын орнын;

  • Пәннің мазмұнын, зерттеу әдістерін.

  • Этнопсихологиялық зерттеу мәселесі пәнін арнайы ғылыми пән ретінде оқып үйренудің теориялық маңызы мен практикалық пайдасын ашып көрсету;

  • Аталған пәнге байланысты білімдер негізін қалыптастыру.

1.6. Курс пререквизиттері: психология, зейінді зерттеу психологиясы, қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы, психологиядағы математикалық зерттеу әдістері, жеке айырмашылықтар психологиясы пәндері бойынша алған білімдеріне негізделеді

1.7.Курстың постреквизиті: Ғылыми іс-тәжірибе
2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі

Кесте 1






Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Әдебиет

Д

СПС

ЗС

МӨЖО

МӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Қазiргi этнопсихологияның негiзгi теориялық-әдiстемелiк аспектiлерi.

2

1










4.1.,4.2.,4.4.,4.7.

2

Этнопсихологиялық зерттеудiң негiзгi сипаттамалары

3

1










4.1.,4.3.,

4.4.,4.7.



3

Этнопсихологиядағы эксперименттік зерттеу

2

1










4.1.,4.4.,

4.5.,4.7.



4

Этнопсихологиядағы кросс-мәдени зерттеулердің негiзгi теориялық бағыттары.

2

1










4.1.,4.4.,4.7., 4.11.

5

Этнос және мәдениет бұл психологиялық ұғымдар.

3

1










4.1.,4.6.,

4.4.,4.7.



6

Тұлға кросс-мәдени аспектісі

2

1










4.1.,4.11.,4.4

7

Кросс-мәдени аспектідегі танымдық процесттерді зерттеу

3

2










4.1.,4.6.,

4.4.,4.7.



8

Кросс-мәдени аспектідегі танымдық процесттерді зерттеу

2

2










5.1.,4.6.,4.4

9

Этносаралық қарым-қатынас психологиясы

2

1










4.1.,4.6.,

3.4.,4.7.



10

Қазіргі этнопсихологиядағы кросс-мәдени зерттеу жүйесіндегі этностық сәйкестілік


3

2










8.1.,4.3.,4.

11

Этносаралық кикілжің психологиясы


3

1










2.1.,4.6.,

1.4..7.


12

Этносаралық және мәдениаралық қатынастар психология


3

1










.1.,4.11.,4.4




Барлығы:

30

15

-











3. Пәнді оқып-зерттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар
4. Құрметті магистранттар!
Бұл курс психология ғылымының ең күрделі, әрі қызық бөлімі этнопсихологияға арналған. Білім беру реформасын жүзеге асыру бағытында көзделген басты шаралардын бірі оқытушылардың психология ғылымы саласындағы дайындығын үнемі жақсарта түсу мәселесі. Қазақстан жағдайында төл тілімізде бұл салада атқарылған шаралар аз емес. Білім беру бағдарламалары тиісті деңгейлер мен олардың сатыларының білім беру мазмұны айқындалған. Қазіргі этнопсихологияның өзекті мәселелері пәні курсының әр түрлі әдістемелік аспектілерін зерттеу ісі елімізде жаңадан қолға алынып келеді. Магистранттарға ұсынылып отырған бұл оқу бағдарламасын жекелеген такырыптарға қатысты келелі мәселелерін тәжірибе жүзінде, нақты экспериментті зерттеулер арқылы түсіндіруді мақсат еткен.

Аудиториялық сабақтарға дәрістер практикалық сабақтар кіреді. Семинарлық сабақтар сіздерге ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу және аудитория алдында сөйлеу сияқты практикалық дағдылады қалыптастыруға көмектеседі. Практикалық сабақтарға өз уақытында және жоспарға сәйкес толық көлемде дайындалу талап етіледі. Тақырып бойынша дайындалу тек арнайы оқулықтарды пайдаланумен шектелмеуі тиіс. Конспект жұмыстарды семинар сабағына арнайы басталған жұмыс дәптерінде жазба түрде ұсынылуы қажет.

Сонымен қатар, жұмыс бағдарламасында өзбетімен жұмыстың келесі түрлері ұсынылады: МӨЖО (магистранттың оқытушы басшылығымен жүргізетін өзбетімен жұмысы) және МӨЖ (кейбір тақырыптарды тереңірек оқып-зерттеуі мақсатындағы магистранттың өзбетімен жұмысы). Берілген жұмыс түріне байланысты тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімдері арнайы кестелерде көрсетілген.

Жұмыстар магистранттардың өзіндік ойлауы мен шығармашылығы да кеңінен қарастырылған. Осы пәнге байланысты барлық тақырыптар қамтылып, сол тақырыптарға орай қосымша әдебиеттер тізімі қарастырылу ұсынылады.



5 Курс саясаты

Сабаққа қатынасу.

1. Магистрант дәріс, практикалық сабақтарға қатысу міндетті.

2. Белгілі себептермен сабаққа қатынаса алмаған жағдай, Сізді пән міндетінен босатпайды.

3. Кешігуге немесе дәріс, практикалық сабақ кезінде басқа студенттермен сөйлесуге болмайды.



Тәртіп.

1.Тәртіп магистранттың оқу үлгеріміне тәуелді емес, демек, барлығына ортақ.

2.Сабақ үстінде тәртіп бұзушылар аудиториядан шығарылады немесе курсты қорытындылауда “қанағаттанарлықсыз” бағасы қойылады.

3.Сабақ үрдісінде Сіздің қалталы телефоныңыз өшірілуге тиіс.

4. Оқытушы мен курстастарыңызға ашық жарқын болуға және шыдамдылықпен қарауды ұмытпаңыз.

МӨЖ бойынша тапсырмалар.


  1. МӨЖ бойынша тапсырмалар өз уақытында міндетті түрде орындалуы тиіс.

  2. Мерзімінде орындалмаған тапсырмалар автоматты түрде төмен бағаланылады.

Емтихан.

1. Емтихан – білімді қорытынды рубеждік тексеру болғандықтан барлық студенттерге міндетті.

2. Емтихан тестілеу немесе билеттік жүйеде орындалады.
6 Бағалау саясаты

Пән бойынша ұпайлардың бөлінуі

Кесте 2




Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Бақылау түрі

Б

Б

Х

К

К

Б

1РБ

Р

Р

Э

СХ

Т

Р

М

2РБ

2

Бақылау түрі

К

К

Х

К

К

Б

1РБ

Р

Р

Э

К

Б

К

М

2РБ

3

Ұпайлар

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

Белгілеулер: Б-Библ. карт. К-конспект; Х-хабарлама; СХ-схема; Б-баяндама, Э- Эссе,

М-Мақала, Т-тест.

Кесте 3


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Ұпайлардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А


4

3,6


95-100

90-94


Үздік

В+

В

В-



3,4

3,2


3,0

85-89

80-84


75-79

Жақсы

С+

С

С-



Д+

Д


2,8

2,6


2,4

2,2


2,0

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

Қанағаттанарлық

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

I

NA




Аяқталмаған

P

-

өтті

Пәнді өтті


7. Негізгі әдебиеттер:

7.1 Аймаганбетова О.Х. Кросс-культурное исследование структуры межэтнических отношений. - Алматы: КазНУ, 2006.

7.2 Аймаганбетова О.Х. Социально-этнические проблемы современной психологии. - Алматы: КазНУ, 2008.

7.3 Джакупов С.М., Нигай Н.В. Этнические предубеждения как проявления смысловых барьеров //Вестник НАПК, научно-практический психологический журнал, №4 – Алматы, 2005.

7.4 Джакупов С.М. Экспериментально-эмпирические проблемы исследования в этнопсихологии// Этнопедагогика и этнопсихология тюркоязычных народов республик СНГ: современное состояние, проблемы, перспективы развития - Алматы: КазНУ, 2009.

7.5 Мацумото Д. Психология и культура. – СПб.: Прайм-ЕВРОЗНАК, 2007.

7.6 Солдатова Г.У. Психология межэтнической напряженности. - М.: Смысл, 2008.

7.7 Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. - М.: Аспект Пресс, 2006.



Қосымша әдебиеттер:

8.2.1. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. - М.: Ди Дик, 2007.

8.2. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. – СПб.:Питер, 2006.

8.3. Модели экспериментов в социальной психологии и прикладных исследованиях. - М.:Смысл, 2004.

8.4. Платонов Ю.П. Основы этнической психологии. - СПб.: Речь, 2004.

8.5 Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. Практикум. - М.: Аспект Пресс, 2006.

8.6 Шпет Г.Г. Введение в этническую психологию. - СПб.: Изд. «П.Э.Т», 2006.

8.7 Этническая психология. История и методы. Хрестоматия. – СПб.: Речь, 2005.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет