Ету жүйесiн қалыптастыру ерекшелiктерi


Қазақстан Республикасындағы Интернет нарығын талдау



бет4/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#131891
1   2   3   4   5   6   7

2.3.Қазақстан Республикасындағы Интернет нарығын талдау
Қазақстан Республикасындағы Интернет нарығы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның маңызды бөлiгi ретiнде қалыптасып, қоғамдық байланыстың орталықтанған компьютерлендiру жүйесi түрiнде және "барлығы үшiн" үлгiсiн тұтынуда жаппай коммуникацияның ыңғайлы инфрақұрылым ретiнде қоғамның назарын өзiне аудартты.

Monitorung.ru зерттеушiлерi қолданған Интернет аудиториясының көрсеткiшi және оның коммуникативтiк айналысы Интернеттi пайдалану тиiмдiлiгi бойынша Қазақстан тұрғындарының типологиясын құру үшiн қызмет еттi. Компьютерлiк сауаттылық деңгейi бойынша тұрғындарды жiктеумен қатар бұл типология, қазiргi Қазақстан қоғамын ақпараттандыру құрылысын бейнелеуге мүмкiндiк бердi, оның әрi қарай дамуын болжайтын заңдылықтарды айқындады.

6-кестеде 2006 ж. мамырында және 2007 ж. қарашасындағы Интернет аудиториясы мен әсер ету аймағының нәтижелерi көрсетiлген.
Кесте 6

2005-2006 жж. Қазақстанда Интернетке қатысушы аудитория мен оның коммуникативтi әсер ету аймағы (мың адам есебiмен)



Интернеттi жүйелi қолданатын тұрғындар топтамасы

Көрсеткiштер

2006 ж.

2007 ж.

өсiмi

Аудитория

Максималды аудитория

36062

39365

+33

Қалыпты аудитория

11737

20048

+83

Белсендi аудитория

7229

13840

+66

Айдитория ядросы

3019

6026

+30

Аймағы

Жуық маңдағы

24052

64580

+405

Шалғай маңдағы

58477

96793

+383

Таңдаған байқау қорытындылары бойынша алынған көрсеткiштер, тiкелей қайта есептеу әдiсiнiң негiзгi жиынтығына таратылды (Қазақстан қалаларының тұрғындарының 100 мың адамнан астамы егде адамдар). Кестеде келтiрiлген, нақты мәндер, статистикалық қателiкте көрсетiген шектегi сенiмдi аралықта болады сенiмдi аралықтағы деңгей 5% мәнге ие (95% сенiмдi ықтимал мәнге ие).

Интернеттi пайдаланушы аудитория түрiнде Интернет-провайдерi үшiн маңызды көптеген өзгерiстi қарастырғанда орташа айлық өсу қарқыны 9,3% құрады.

Соңғы деректерге байланысты "Нұрсат" провайдерi Интернеттi Қазақстанның iрi қалалары бойынша әр келкi баға бойынша тарататыны байқалды (7 кесте).
Кесте 7

Интернеттi қолдану бағалары (2007 ж.)



Интернетке қосылу уақыты

Қазақстан бойынша

"Қазақтелеком" провайдерi (теңге/мин)

8:00-18:00

1,66

18:00-23:00

2,05

23:00-8:00

0,65




ҚР қалалары




Алматы, Астана

Екiбастұз, Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Шымкент, Атырау, Орал, Ақсай

Қарағанды, Павлодар

8:00-20:00

217,00

155,00

179,80

20:00-23:00

217,00

134,85

179,80

23:00-2:00

217,00

108,50

179,80

2:00-8:00

54,25

54,25

54,25

Бұл жерде бағаның түрленуiнiң бiр себебi орналасу аумағының үлкен болуына байланысты. Дәл осы сала бойынша Интернет қызметiн "Қазақтелеком" АҚ Қазақстан Республикасынының қалаларына бiрдей баға бойынша ұсынуда, "Қазақтелеком" АҚ "Megaline" жүйесi бойынша уақытқа шектеу қоймай, ақпарат алмасу көлемiне байланысты бағаны реттеу түрi қарастырылған (8 кесте).


Кесте 8

"Megaline" жүйесiнiң Интернет бағаларының көрсеткiштерi (2007 ж.)



Ақпаратты өткiзу жылдамдығы (кiрiс/шығыс)

Ақпарат көлемi, Гбайт

Төлем ақы (бiр айға)

Артық қабылданған ақпаратқа қойылатын үстеме баға

"Megaline Start" тарифi бойынша Basic 128 Кбит/с/ 128 Кбит/с

0,4

1982,61

148,69

"Megaline Start" тарифi бойынша Active 128 Кбит/с/ 128 Кбит/с

0.8

3172.18

133.82

"Megaline Start" тарифi бойынша Basic 256 Кбит/с/ 128 Кбит/с

0.6

3711.44

138.78

"Megaline Start" тарифi бойынша Active 256 Кбит/с/ 128 Кбит/с

1.0

4948.58

124.91

"Megaline Start" тарифi бойынша Basic 387 Кбит/с/ 128 Кбит/с

0.8

5154.78

128.87

"Megaline Start" тарифi бойынша Active 384 Кбит/с/ 128 Кбит/с

1.2

6185.74

115.98

"Megaline Start" тарифi бойынша Basic 512 Кбит/с/ 256 Кбит/с

1.0

5947.82

118.96

"Megaline Start" тарифi бойынша Active 512 Кбит/с/ 256 Кбит/с

1.5

7137.39

107.07

Қазiргi кездегi ең өзектi мәселелердiң бiрi байланыс пен ақпарат берудiң жаңа замандық түрлерiне халықтың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Осы тұрғыда халықтың қол жетiмдiлiгiн арттыру үшiн Интернет нарығын жетiлдiру қажет. Елiмiзде "Қазақтелекомды" қоса есептегенде халықаралық және қаларалық байланыс қызметiн көрсететiн жетi оператор бар.

Ел тұрғындарының үштен бiрi өмiр сүретiн, Қазақстанның iрi қалаларының егде тұрғындарының Интернеттi пайдалануының тиiмдi құрылымының динамикасын қарастырайық (9-кесте).

Айына бiр реттен жиi интернетке қосылатын тұтынушылардың суреттейiнше, "максималды аудитория" категориясын ыңғайлы талдау үшiн жүйелi және жүйесiз аудиторияға бөледi. Кестеде келтiрiлгендей белсендi аудитория, электронды коммерцияны бағалау үшiн елеулi мәнге ие болады. Кестенiң оң жақ бөлiгiнде (1 және 2 графа) 2005 және 2006 жж. жағдайы бойынша екi тез арадағы құрылымы орналастырылған.

Жоғарыда көрсетiлген кестедегi құрылымның алға жылжуын сипаттайтын болсақ, жүйелi аудиторияның бiрiншi кезекте Интернетке қосылушылар, ең болмағанда желiнi бiр рет қолданушылар есебiнен өсетiнiн көрсетедi.

Интернет аудиториясының коммуникативтi айналасында өткен ең елеулi алға жылжулар: жуық маңдағы меншiктi салмақ (Интернетпен жұмыс iстеу тәжiрибесi жоқ, бiрақ Интернеттi жүйелi қолданатын кем дегенде 3 танысы бар тұлғалар) 10,7 пайызға өстi, ал кейiнгi өсуi-10,1-дi құрайды. Коммуникативтi айналаның кеңеюiне тән Қазақстандағы Интернеттiң әсер ету аймағынан тыс тұрғындардың үлесi 21,6-ға кемiдi.


Кесте 9

2005-2006 жж. Қазақстанның iрi қалаларындағы егде тұрғындардың Интернеттi пайдалануының қарқынды құрылымының динамикасы (%)



Интернеттiң әсер ету аймағы

2005 ж.

2006 ж.

Жүйелi аудитория сонымен қатар

3,1

5,3

белсендi аудитория

1,9

3,7

белсендi емес аудитория

6,4

5,1

жуық мандағы

6,3

17,0

шалғай маңдаңғы

15,4

25,5

Интернеттiң әсер ует аймағынан тыс

68,7

47,1

Барлығы

100,0

100,0

Интернеттегi әйел тұрғындарының саны ер адамдарға қарағанда төмен. Интернет аудиториясын жүйелi пайдаланатын әйелдердiң меншiктi салмағы-45%, ерлердiкi- 55%.

Таңдамалы жиынтықтың орташа жасы жылына 41,0 құрайды (орташа квадраттық ауытқу-15,8 жас). Жуық шамамен алғанда тұрғындардың орташа жасы-36,3 жастан кем емес. Жүйелi емес аудитория жасы 5 жасқа төмен, ол 30,1 жасқа тең, бiрақ жүйелi аудиторияда ол шамалы жоғарырақ-32,1. Осыған орай берiлген аудиторияның 20-дан 29 жасқа дейiнгi аралықтағы меншiктi салмағы 30,9% құрайды, ал жүйелi емес түрде 41,8 %. 30-дан 39-жасқа дейiнгi аралықтағы тұлғалар үлесi жүйелi түрдегiде-31,5% керiсiнше 23,5% құрайды.

Қазақстандағы Интернеттiң коммуникативтi аймағындағы жоғарғы бiлiмдi мамандар, студенттер, қызметкерлердiң меншiктi салмағы басымдылық танытады-43%. Аудиториядағы осы топтың салмағы 1,5 есе көп-57% жуық мөлшердi құрайды. Қазақстанда Интернеттi аз қолданатындар-зейнеткерлер, жұмыссыздар, үй шаруасындағылар, жұмысшылар.

Мына дерек өзiне назар аудартады, Интернетпен жұмыс iстеу тәжiрибесi бар, iрi қалаларда тұратын мамандардың үлесi осы әлеуметтiк топтың бестен бiрiн құрайды, ал жартысынан көбiнiң компьютермен жұмыс iстеу дағдысы бар. Бұл мөлшер Қазақстанда электронды бизнестi енгiзуге даяр көптеген кәсiпорындар мен мекемелерде бiлiктi мамандардың бар екенiн растайды.

Интернеттiң жүйелi емес аудиториясын қолданатын студенттер мен оқушылар (36,4% керiсiнше19,2% жүйелi түрде қолданады), осы кездегi жүйелi түрдегi аудиторияны пайдаланатын басшылар мен кәсiпкерлер (32,0% керiсiнше 13,2%).

2005 жылға қарағандағы 2006 жылдың жүйелi аудиторияны пайдаланған студенттердiң меншiктi салмағының өскенiн байқаймыз (7,5% өстi).

Интернеттi пайдаланушылар ерекше жоғары бiлiмдi адамдар болып табылады. Интернеттi пайдаланудың тиiмдiлiгiнiң өсуiне байланысты жоғарғы бiлiмдi адамдардың үлесi де ұлғаяды: жуық маңда 45%, жүйелi емес түрде 62%, жүйелi түрде 73%.

10-шы кестеде Интернеттi қолдану тиiмдiлiгi бойынша топтастырылған. 2006 жылдың Қазақстанның 19 iрi қалаларындағы үй шаруашылығын ақпараттық-телекоммуникациялық технологиямен қамтамасыз етудiң лездiк құрылымы құралған.

Кестеде көрсетiлгендей, орташа таңдамалы жиынтықтың 61%-негiзгi телефон аппараттарымен қамтамасыз етiлген, Қазақстандағы Интернет аудиториясы жоғарғы дәрежеде-69%, ал жуық маңдағысы-75% жоғары. Осылай бола тұра, Интернеттiң әсер ету аймағынан тыс тұратын тұрғындар негiзгi телефон аппаратымен қамтылмаған, Бұл, Қазақстанда жаппай Интернеттi қолдану үшiн телефон жүйесiнiң жетiспегендiгiн негiзге алады. Жыл сайын "Қазақтелеком" АҚ пайдалануға 90-100 мың негiзгi телефон аппараттарын енгiзедi. 2005 жылғы қазiргi орташа еуропалық деңгейде-100 тұрғынға 39,1, негiзгi телефон жүйесiне жетуге ерiк бередi, дегенмен қала тұрғындары үшiн тек-15-18 жылдан кейiн ғана жүзеге асады.


Кесте 10

2006 ж. мамырындағы Қазақстанның iрi қалаларындағы iрi үй шаруашылығын ақпараттық-телекоммуникация технологиясымен қамтамасыз ету (%)



Үй шаруашылығы топтарының Интернеттi қолдану белсендiлiгi

Ақпаратты-телекоммуникациялық технологиялар

Негiзгi телефон

Дербес компьютер

Ұялы телефон

Дебеттi-несиелiк карточка

А

1

2

3

4

Интернет аудиториясы

Қалыпты

68

31

28

38

Қалыпсыз

69

11

11

26

Аудитория маңы

Жуық

75

6

17

31

Шалғай

62

3

7

18

Интернеттiң әсер ету аймағынан тыс

54

2

1

15

Орташа

61

5

7

20

Қазақстандағы жеке компьютермен қамтамасыз етiлген үй шаруашылығының дәрежесi үлкен емес (орта есеппен 5% қана), әсiресе Интернет аймағына тыс үй шаруашылығы арасында осы шама айқындалған (3%). Жүйелi аудиторияға қатысты үй шаруашылығының компьютерлену жағдай бұған қарағанда жақсырақ (31%). Алайда, онлайн форматында интерактивтi сұрақ қою барысында белендi аудиторияның әрбiр сегiзiншi өкiлiнiң желiге қосылуын ұйымдастыру кезiнде үй компьютерiнiң жоқ болуы қиындыққа әкеледi.

Қазақстанның күн тәртiбiнде iрi қалалардың ықшам аудандарында жергiлiктi есептеу желiсiне қоыслудың жаңа жүйесiн құру қарастырылуда (азаматтық интранет), бұл жүйе кәдiмдi телефон жүйесi (IP-телефония немесе дестелi телефонша) сияқты, Интернетке сапалы жоғары жылдамдықпен қосылуды қамтамасыз етедi. Интернет Трейнинг Орталығы арқлы, Алматы қаласының "Самал" таңдаулы ықшам ауданында мұндай жобаны жүзеге асыру және жобалау тәжiрибесi жүргiзiлдi. Мұндай амал телекоммуникация саласын демократияалу сұрағының оң өзгерiсiне әкеледi, көрсетiлетiн қызмет аясын кеңейтiп, сенiмдiлiк пен сапаны едәуiр жақсартады, ең соңында халық шаруашылығының бұл саласының ұлттық өнiм айналымына қосқан үлесi ұлғаяды.

Қазақстанның iрi қалаларының орта есеппен әрбiр жиырмасыншы үй шаруашылығының иелiгiнде жеке компьютер бар. Үй шаруашылығын жеке компьютермен қамтамасыз ету бойынша Джини концентрациясының коэффициентi 45,4%-ке тең, ал концентрация қисығы арқылы нақты жағдайдағы Интернеттi әртүрлi қарқынмен пайдаланатын үй шаруашылығы топтарының компьютердi иелену теңсiздiгi бейнеленедi.

Қаланың үй шаруашылығының 7% ұялы байланысқа ие. Ұялы байланыспен қамтамасыз етiлу коэффициентi 49,7% тiптi ЭЕМ қамтамасыз етiлуiнен де жоғары. Бiрақ, берiлген деректерге талдау жасайтын болсақ, жүйелi емес аудиториямен салыстырғанда Интернет аудиториясының коммуникативтi айналасының ұялы байланыспен жақсы қамтамасыз етiлуi көрсетiлген. Осыған орай, жақын маңға арналған ұялы және транкты абйланыста әзiрше белгiлi шамада орналасқан интернет-коммуникациясы бар деп шамалауға болады.

Қазақстанда Интернеттi тек жоғары табысты адамдар ғана емес, сондай-ақ орташа, төмен табысты адамдар да қолдана алады, бiрақ жоғары табысты үй шаруашылығының бiр мүшесi үшiн Интернеттi қарқынды пайдалану үлесi ұлғаяды (7000 тг. жоғары). Қазақстан Республикасының агенттiгiнiң бақылауы бойынша 2006 ж. тұрғындардың орташа жан басының номиналды ақшалай табысы 6809 тг. құрады, ол 2005 ж. қарағанда 14,4%-ке жоғары.

Бұл шаманың бағалау сипатына назар аударып, мүлiк жағдайын зерттеуде шекара ретiнде, бiз 3500 тг., 7000 тг. және 14000 тг. көрсеткiшiн қолданамыз.

Қарастырылған топтауларда Интернеттi қарқынды пайдаланатын топтырдың үй шаруашылығының жоғары деңгейлi табысының бiр адамға шоғырланатынын байқаудан қорытынды шығарады. Осылайша, iрi қалалардағы Интернеттiң әсер ету аймағынан тыс орташа, табысты үй шаруашылығының меншiктi салмағы 7000 тг., 17% әрең жеттi, шалғай маңда 29,2%, ал жуық маңдағы жүйелi емес аудиторияда-34,7% және осыған сәйкес 34,8 %. Жүйелi аудиториядағы отбасының бiр мүшесiнiң табысы 7000 тг. асатын пайдаланушының үлесi 58,7%-ке өстi. Сонымен бiрге жүйелi аудиториядағы орташа табысы 3500 теңгеге жететiн топтар 14,4% құрайды. Осылайша, жүйелi аудитория Қазақстандағы көбiне төлем мүмкiндiгi бар топқа жатады.

Интернет жарнаманы орналастыруға тиiмдi мүмкiндiк бередi. Берiлген мүмкiндiктер Қазақстанда теледидарға деген қызығушылық төмендеген жағдайда өте өзектi болып саналады. 1998 жылы Қазақстандағы Gallup Media Asia деректерi бойынша күнiне орта есеппен 4,23 сағат теледидар алдында өткiзiлдi. 2000 жылы бұл ұзақтық 3,59 сағатқа төмендедi (15% төмен). Берiлген мөлшерде бұл теледидар аудиториясының Интернетке қосылу арқылы жүргiзiлдi (35 жасқа дейiнгiлер басым).

Қазақстанның iрi қалаларындағы егде тұрғындардың үштен бiрiнен астамы, яғни 1318,4 мың адамның жеке компьютерде жұмыс iстеу дағдысы қалыптасқан, оның 713,3 мыңы ендi қолдана бастағандарға жатады (18,9%), 410,9 мың адамы әдеттегi тұтынушылар (10,8%). 150,4 мың адам өздерiн тәжiрибелi тұтынушылар ретiнде санайды (4,0%), ал 41,9 мың адам бағдарламашылар (1,1%).

Жүргiзiлген сұрақтар бойынша компьютерлiк сауаттылығы бар 51,8% азамат оқу немесе жұмыс орнында ЭЕМ-ге рұқсат алғандығын айтады. Тәжiрибелi тұтынушылар мен бағдарламашылар арасынан есептеу техникасына рұқсат алғандарының меншiктi салмағы жоғары, ол 79,0% және 71,8% сәйкес келедi. Берiлген заңдылық бойынша компьютермен жұмыс iстеу дағдысы бар оқушылар мен студенттер (73,0%), ал халық шаруашылығымен айналысатындар арасынан (62,8%) байқалады. Толығырақ айтқанда, Қазақстанда ақпаратты тиiмдi пайдалануды қажет ететiн тұлғалар үшiн ұлттық ақпараттың инфрақұрылымға бiрiктiрiлген оқу орындары мен жұмыс орындары жеткiлiктi дәрежеде ұсынылады.

Егер де Интернеттi қолданушылардың көпшiлiгiнiң үйiнде өз компьютерi болмаса, онда жұмыс орны немесе оқу орнына, достарынан, туысқандарынан, поштадан немесе кiтапанадан не болмаса интернет-кафеден Интернеттi пайдалануға мүмкiндiк алады. Шындығында, тек 7,2% аудитория ғана Интернетке үйден қосылған және тағы 6,0% үйде де, жұмыста да Интернетке қосылған (кесте 11).


Кесте 11

2007 ж. мамырында Интернетке қосылу орны бойынша Қазақстандағы аудиторияларының топтасуы (%)



Интернетке қосылу орындары

Барлығы

Аудитория

Қалыпсыз

Қалыпты

Тек өз үйiнде

7,2

4,8

9,5

Тек жұмыста

34,8

18,6

49,8

Үйде және жұмыста

6,0

2,8

8,9

Интернет-кафе қызметi көмегiмен

13,6

17,4

10,1

Институтта немесе мектепте

19,7

27,9

12,1

Таныстардың жұмысында

3,1

2,8

3,4

Таныстардың үйiнде

9,5

18,5

1,1

Басқа

6,1

7,2

5,1

Қорытынды

100,0

100,0

100,0

Осы уақытта аудиторияның үштен бiр бөлiгiнен астамы Интернетке тек жұмыста қосылған (34,8%). Желiге қосылуда кең тараған салаға орта және жоғарғы оқу орындары жатады (19,7%), әсiресе әртүрлi жағдайда Интернет көмегiн қолданатын оқитын жастар боылп есептеледi. Үшiншiден, әйгiлi болып интернет-кафе саналады, оның желi емес аудиторияны пайдалануы 13,6%.

Жүйелi емес аудитория өз достары мен туыстарының мүмкiндiгiн пйадаланып, Интернетке шыға алады (18,5%). Толықтырып айтқанда, Қазақстандағы Интернеттi пайдаланушы барлық аудиторияның үштен екiсiне жуығы Интернеттi оқу орны мен жұмыс орны арқылы қолданады. Әсiресе, сұндай заңдылық желiнi жүйелi қолданатындарға тән.

Қазақстанның аймақтары бойынша компьютермен жұмыс iстеп дағдыланған, жергiлiктi тұрғындардың коэффициентi 1,1% құрайды, бұл компьютерлiк сауаттылықтың елдiң iрi қалалары аймағында тегiс орын алғанын көрсетедi. Бұған қарама-қайшылық көбiне Интернеттiң әсер ету аймағының тыс iрi қалаларының егде тұрғындары арасынан көрiнедi, бұлар елдiң тұрғындарының едәуiр бөлiгi тұратын аймақтар-Орталық, Оңтүстiк, Солтүстiк Қазақстанға сәйкес келедi. Қазақстанның аймақтары бойынша Интернеттiң жүйелi аудиториясының жергiлiктi коэффициентi 23,6%, бұл Қазақстан аймақтары бойынша Бүкiләлемдiк желiнi үнемi қолданатын тұтынушылардың кейбiр бiркелкi емес орналасқанын көрсетедi.

Интернет аудиториясын қолдануға көп үлес қосатын астаналық қалалар Астана мен Алматы. Интернеттi жүйелi түрде аз қолданатын iрi қалаларға Солтүстiк және Орталық Қазақстан жатады.

2007 ж. компьютерлiк сауаттылығы бар жергiлiктi тұрғындар бойынша Джини коэффициентi 10,7% құрады, бұл Интернеттi қолдануға қарағанда, Қазақстанның барлық аймақтарында электронды-есептеу техникасы қолдануға дағдыланған тұлғалардың бiркелкi орналасқанын көрсетедi. Сонымен бiрге егде тұрғындардың компьютерлiк сауаттылығының бiршама төмен деңгейi Орталық және Оңтүстiк Қазақстанда, ал жоғарғы деңгейi Алматы мен Астана қалаларында байқалады. Елдiң батыс, шығыс, солтүстiк аймақтарының азаматтары бұл дағдыларды аралық жағдайда меңгерген.

Алматы Интернеттiң ең кеңiнен таралу аймағына айналған (68,6% егде тұрғындар), ал Астана тұрғындарының үлесi бұдан сәл төмендеу (61,1%).

Бұлардың iзiн басатын iрi қалаларға, республиканың батыс мұнай өндiретiн қалалары (54,6%) және шығыс металл өндiретiн аймақтары (53,7%) жатады. Елiмiз бойынша ортадан төмен (53,0%), Интернеттiң әсер ету аймағы-Оңтүстiгiнде (48,6%) және Солтүстiгiнде (43,5%) созылып жатыр. Әлемдiк желiнiң ең төмен тараған жерi елiмiздiң iрi қалалары Қарағанды мен Темiртау (38,4%).

Республика бойынша әсер ету үлесiнiң өрiсi 30,2% құрайды.

Компьютерлiк сауаттылықтың таралуы көп жағынан Интернеттiң әсер ету аймағына ұқсас, бiрақ кейбiр айырмашылықтары бар, Оңтүстiкке қарағанда Солтүстiк Қазақстан қалаларында (Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Рудный және Екiбастұз) компьютермен жұмыс iстеп дағдыланған тұлғалар үлеiс көбiрек. Сондықтан Интернет қызметiмен жабдықтаған нарықтың компьютердi жақсы меңгерiп, дағдыланған елдiң солтүстiк тұрғындарын дұрыс бағаламағандығын көрсетедi.

Халық шаруашылығының саласымен шұғылданатын адамдарға жүргiзген сауал бойынша, Интернеттi қарқынды пайдалану мен компьютерлiк сауаттылықтың салалық құрылымы бiлiктi мамандардың, ақпаратпен алмасу арнасының, есептеу жүйесiнiң шоғырланғанын көрсетедi.

Алайда, Интернет аудиториясы бойынша Джини коэффициентi (29,5%) мұнайгаз өнеркәсiбiнде, қаржы саласында Интернеттi қолданатын тұрғындардың шоғырлану дәрежесiн жеткiлiктi айқындайды (бұл саладағы аудиторияның меншiктi салмағы 35%). Осыған орай ауыр өнеркәсiп, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде денсаулық сақтау, бiлiм беру, ғылым саласында Интернеттi қолданушылардың төмен үлесi көрiнедi (2-ден 7%-ке дейiн). Әйтсе де, бiлiм беру мен ғылым саласында компьюетрiлк сауаттылығы бар қызметкерлер үлеiс жоғары 42%.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет