1
ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТРУДОВЫХ РЕСУРСОВ
2021 жылғы Қазақстанның еңбек нарығы
Ресми статистикаға сәйкес, 2021 жылы жалпы
жұмыс күшінің саны 9,26
миллион
адамды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға және
2019 жылғы пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ға өсті
(1-
сурет).
1-
сурет. ҚР-дағы жұмыс күшінің құрылымы, мың адам.
Ақпарат көзі: ҰСБ ҚР СЖжРА
Қазақстандағы жұмыс күшіндегі өзгерістердің оң динамикасы
жұмыспен
қамтылғандар санының 2020 жылғы 8,73 миллионнан 2021 жылы 8,81
миллион адамға дейін ұлғаюымен, негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
санының өсуімен байланысты. Осылайша, бір жыл ішінде олардың саны
2,5%-
ға өсіп, 2097 мың адамды құрады. Соның ішінде
жалдамалы
жұмыскерлердің саны бір жыл ішінде шамалы ғана – 0,4% - ға немесе 23,5
мың адамға артып, 6 710 мың адамға жетті.
Мұның барлығы экономика мен
еңбек нарығының пандемия
салдарынан біртіндеп қалпына келе бастағанының оң белгісі.
2
ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТРУДОВЫХ РЕСУРСОВ
Сонымен қатар,
белсенді жұмыспен қамтылмағандар саны 16,5 мың
адамға өсіп, 2021 жылы 4 093 мың адамды құрады. Бұл, ең алдымен,
қалаларда жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыздардың (1,3%-ға)
өсуіне байланысты. Ал ауылдарда керісінше көрсеткіш 1 пайызға
төмендеген.
Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымы
Жалдамалы еңбектің негізгі үлесін дәстүрлі түрде ұйымдарда
жұмыспен қамтылғандар құрайды. Осы ретте бір жыл ішінде олар 20,4 мың
адамға көбейді, сонымен қатар 7,2 мың
адамға шаруа немесе фермер
қожалығында жұмыс істейтіндер және азаматтық – құқықтық сипаттағы шарт
(АҚС) бойынша қызмет көрсететін 15,7 мың адамға көбейді. Бұл ретте
соңғыларының саны 2019 жылдан бастап 2 есеге артты. Мұндай динамика
жаһандық трендтердің еңбек нарығына әсерімен түсіндіріледі, онда
азаматтардың өздері белгілі бір жұмыс орнына ұзақ мерзімге байланбай
және белгілі бір кәсіпорындардың шарттық қатынастарының шарттарын
таңдау мүмкіндігіне ие
бола отырып, өз мансабын өздері басқара алады.
Сонымен қатар, 2021 жылы жеке тұлғалардан жалданып жұмыспен
қамтылғандар саны 3,5% - ға немесе 19,8 мың адамға азайды.
Өз кезегінде,
өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрылымында 2020
жылмен салыстырғанда өнімді жұмыспен қамтылғандар 70,9 мың адамға
өссе, өнімсіз жұмыспен қамтылғандар саны,
керісінше, 19,3 мың адамға
азайған. Сонымен қатар, еліміздегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың
жалпы санындағы өнімсіз жұмыспен қамту үлесі 2020 жылғы 9,7%-дан 2021
жылы 8,5%-ға дейін төмендеді. Бұл үрдіс
өзін-өзі жұмыспен қамтыған
халықтың табысындағы оң өзгерістерді көрсетеді.
Сондай-ақ, жалдамалы жұмысшылар елдің барлық жұмыспен
қамтылған халқының негізгі құрамдас бөлігі болып табылатыны белгілі.
Мұндай жағдай Қазақстанның барлық
өңірлеріне қатысты. Сонымен қатар,
бірқатар өңірлерде өзін-өзі жұмыспен қамту үлесі жұмыспен қамтылған
халықтың жалпы санының үштен бір бөлігінен асады,
атап айтқанда,
республиканың оңтүстігінде - Түркістан (46%), Жамбыл және Қызылорда
облыстарында көрінеді (екеуі де 34%).
3
ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТРУДОВЫХ РЕСУРСОВ
Сонымен қатар, статистика деректері бойынша, жалданып істейтін
еңбекшілер саны 291,4 мың адамнан 314,2 мың адамға дейін немесе 8% - ға
өскен,
Маңғыстау облысын қоспағанда, бір жыл ішінде жалдамалы
қызметкерлер саны айтарлықтай өзгерген жоқ.
Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың серпінінде ұлғаю жағына қарай
неғұрлым елеулі қозғалыстар орын алды. Мәселен, Қарағанды облысында
және Алматы қаласында бір жыл ішінде олардың саны 14 мыңнан астам
адамға (әрбір өңірде) немесе тиісінше 21,3% - ға және 17,5% - ға өсті
(2-
сурет).
Сондай-ақ, Алматы (+9,4 мың) және Қостанай (+8,1 мың)
облыстарында
өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың сандық өсімін атап өтуге болады.
2-
сурет. 2021 жылы өңірлер бойынша жұмыспен қамтылған халықтың құрылымы
Ақпарат көзі: ҰСБ ҚР СЖжРА
Сонымен қатар, өнімсіз жұмыспен қамтудың салыстырмалы түрде
жоғары үлесі Қарағанды (21,4%) және Маңғыстау (17,7%) облыстарында
байқалады.