ЕҰу жоғары оқу орнының ректоры: ҚОҒам алдында есеп беру



Дата24.02.2016
өлшемі51.84 Kb.
#16341
түріБілім беру бағдарламасы




ЕҰУ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ РЕКТОРЫ: ҚОҒАМ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың 2015 жылдың 29 қазанында сағат 11.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ( Қ. Сәтбаев көшесі, 2, ЕҰУ бас ғимараты, №208 аудитория) жоғары оқу орнының 2014 жыл бойынша қызметі туралы білім алушылар, жұмыс берушілер, қоғам және БАҚ өкілдерінің алдында ашық есеп беруі өтеді.

ҚР білім беру саласы қызметкерлерінің Тамыз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ұлттық жоғары оқу орындарының қызметіне талдау жүргізу және есеп беру дайындығының қажеттігін атап өткен болатын.

ЕҰУ ректорының есеп беру барысында жоғары оқу орнының барлық білім беру және ғылыми салалары сөз болады.

Ерлан Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың шешімімен 2011 жылдың 26 шілдесінде ректор болып тағайындалды.

1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Лев Гумилевтың есімі берілген еліміздің ұлттық жоғары оқу орны келесідей нәтижелерге қол жеткізді.

Бүгінде ЕҰУ-де 16 273 жас оқиды.Олардың ішінде:

13848 бакалавр;

2181 магистрант;

244 докторант білім алады.

ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру жүйесінде 168 мамандық:

65 бакалавр мамандығы;

66 магистратура мамандығы;

22 докторантура мамандығы.

Білім беру бағдарламасы аккредиттелген.Барлығы 132, оның ішінде:

58 бакалавриат;

52 магитратура;

22 докторнатура.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылым саласына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Биыл ЕҰУ-ға тиесілі мемлекеттік білім беру грант санының көбісі техникалық және технологиялық мамандықтарға бөлінді: Үдемелі индустриялық инновациялық бағдарлама бойынша 2015 жылы «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкциясын өндіру», «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтары бойынша магистратураға 270 орын берілді.

Профессор-оқытушылар құрамның дәрежелілігі – 70 %.

ЕҰУ-де барлығы 3500 қызметкер еңбек етеді, оның 1200-і ғылыми дәрежесі бар ғалым-оқытушылар.

Елдің ең жоғарғы марапаты – ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын 2012 жылы «Қызмет көрсететін ең мықты кәсіпорын» номинациясы бойынша иеленген.

ЕҰУ Қазақстанның БСҚА (білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігi) рейтингтік агенттігінде - 2013, 2015 жылдары көшбасшы орында.

2012 жылдың қорытындысы бойынша өнім мен қызмет сапасы саласындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының экономикалық кеңесі ЕҰУ-ді ТМД елдерінің ішіндегі жоғары білім беру саласындағы жеңімпаз деп таныды.

2014 жылы QS, Top «50 under 50» халықаралық рейтингтік агенттігі (50 жылдан аспаған жоғары оқу орындары) ЕҰУ-ді әлемнің жас жоғары оқу орындарының арасындағы «үздіктердің үздігі» деп атап, жоғары оқу орны 32 орынды иеленді.



Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасының «Еуропалық стандарт» атты жоғары оқу орындарының рейтингісінде» әлемнің 2678 жоғары орқу орындарының арасынан, 23 қазақстандық жоғары оқу орындарын қосқанда ЕҰУ 2014 жылдың қорытындысы бойынша көшбасшылардың бестігіне кірді.

ҚР Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) жалпы саны бойынша топ-20-ға кірген 2015 жылғы жоғары оқу орындарының рейтингінде ЕҰУ барлық көрсеткіштер бойынша көшбасшы;



650-ден астам ғалымдар отандық ғылым үшін басым бағыттар бойынша 210 жобаға қатысады:

энергетика,

шикізат пен өнімді терең қайта өңдеу,

ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар,

ядролық және ғарыштық технологиялар,

нанотехнологиялар.

Жас ғалымдар кеңесі қызмет атқарады. Негізгі қызметі – жас ғалымдардың еңбегін ынталандыру.

Соңғы үш жылда әлемнің ең мықты жоғары оқу орындарының топ 500 қатарына кіретін 900-ден астам шет елдік ғалымдар ЕҰУ-дің студенттер алдында дәріс оқыды.

Қазақ-Үнді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар орталығы ашылды:

Param платформасы негізіндегі суперкомпьютер ғалымдардың ғылыми-зерттеу бағдарламаларын атқарады.

Отандық ғылым үшін басым бағыттар: энергетика, шикізат пен өнімді тереңдетіп қайта өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, ядролық және ғарыштық технологиялар, нанотехнологиялар.

Талдықорған облысының басшылығымен, «Alstom» француздық машина құрастыру компаниясы және ЕҰУ-дің Инновациялық паркімен бірлесе отырып, энергетика саласындағы тиімді өзара әрекеттестігі бойынша жұмыстар, электроэнергетика саласында бірлескен жобаларды ұйымдастыру мен дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Инновациялық даму саласына жобалардың start-up зонасы қолдау көрсетіп келеді.



ЕҰУ-дің басқа көрсеткіштер бойынша позициясы: Л.Н. Гумилев атындағы ғылыми е-кітапханасы әлемнің ең мықты топ-500 электронды репозиторийлеріне кірді.

ЕҰУ бүгінде Даму стратегиясының жемісін көріп отыр: онсыз бірде бір университет тиімді қызмет атқара алмайды және бәсекеге қабілетті бола алмайды.



2014-2015 жылдардағы оқу-білім беру жағдайларын жақсарту мақсатында:

Жалпы аумағы 8365,3 м2.жерді құрайтын Оқу-лабораториялық ғимараты 2, Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына арналған 500 орынды жатақхана пайдалануға берілді, жалпы аумағы - 8 354 м2.

Аумағы 8071,16 м2 жерді алатын 500 орынды студенттік жатақхана құрылысы жүргізіліп жатыр. Қабаттар саны - 9. Бөлмелердің жалпы саны - 167. Өткізу 2016 жылдың III-тоқсанына жоспарланған.



Барлық ғимараттарда:

Қоғамдық тамақтану комбинаттары;

Сымсыз байланыс:

Компьютерлік парктің жүйелік жаңартулары сатып алынды:

2011-2015 жылдар аралығындағы компьютерлік сыныптардың техникасы заманауи жабдықтармен толығымен ауыстырылды.



Әлеуметтік бағдарламалар:

Медициналық орталық

Студенттердің "Дауа" жастар денсаулық орталығы

Стоматологиялық клиника



ЕҰУ студенттері - Әлем жеңімпаздары:

Өзінің жеке салмақ дәрежесі бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы әмбебап күрес бойынша: Әліби Қалила, Ерсұлтан Әбілахатов, Ердәулет Жеңіс; Ажар Кеңбейіл – жасөспірімдер арасындағы самбодан әлем чемпионы; джиу-джитсу бойынша әлем чемпионы – Руслан Тезекбаев; футбол тобы – Ұлттық студенттер лигасының жеңімпазы;

ЕҰУ – VIII қазақстандық жоғары оқу орындарының арасындағы Жазғы универсиада жеңімпазы.

Міне, осының барлығы Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жетістіктерінің жарқын мысалы.



Ректор есебі онлайн-жүйесі арқылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ресми сайтында қолжетімді болады.

Өткізу орны: Сәтбаев көшесі, 2, ЕҰУ бас ғимараты, №208 аудитория.

Өтетін уақыты: 11:00


Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет