Әубәкір Зәмзәгүл Молдыраманқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ



Pdf көрінісі
бет9/49
Дата31.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497101
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
tleubekova bt omartai e moldiramanakizi az xx gasir basindagi kazak adebieti

 
«Қорқыт» поэмасы 
 
«Қорқыт» поэмасы бұрынғы өмір мен өлім тақырыбына жазыл-
ғанымен, ақын идеясы ол емес. Поэмада Қорқыттың өлімнен қашып, 
соңында әр өмірдің соңы өліммен аяқталатынын түсініп, қобызын 
сарнатып өткені айтылады. 
«Қазақ аңыздарындағы терең философиялық маңызы бар 
сюжеттің бірі – Қорқыттың өліммен күресуі, оған көп заман жолық-
пай дауа іздеуі. Қорқыт тіршіліктің тұрақсыз өзгергіш түріне күйзел-
ген. Өліммен күресу сюжеті әсіресе қазақ пен Алтай елінің аңызында 
өте жоғары сарынмен айтылады» [5, 192б.]. 
Аяңдап алдыменен тауға жүрді, 
Асқарға «Өмір не?» деп сұрау берді. 
Жаны тас, жүрегі тас тау не десін, 
Өзінен «Өмір не?» деп сұрады енді. 
Бұрылып таудан ақырын орман барды, 
Оған да «Өмір не?» деп сұрау салды. 
Ежелден ой білмеген меңіреу орман 
Қақиып қарағайы аң-таң қалды. 
Сұраса суға келіп: «Не, - деп, - өмір?» – 
Беті құр соғылғаннан жыбыр-жыбыр. 
Желге айтып еді, ол жынды не деуші еді, 
Басы жоқ, аяғы жоқ сыбыр-сыбыр. 
Күн анау ешбір үнсіз алас ұрған, 
Ай да бір - өгіз де бір аузын буған. 
Қылмыңдап қар қатындай көзін қысқан, 
Жұлдыздар тазарта ма жүректі удан. 


39
Осылай Қорқыт табиғаттан жауап ала алмаған соң, Күншығысқа 
аттанады. Онда алдынан: 
«Өлімнен құтылмайсың қашқанменен, 
Мынау көр – сенің көрің, Қорқыт жазған!» 
деген жазуы бар көр шығады. Қорқыт батысқа бет бұрады. Онда 
да алдынан жаңағы сөз шығады. Аяғында күңіреніп Алтайына келсе: 
Ел мынау баяғыдай малын баққан, 
Малындай алдындағы жусап жатқан: 
Қайғысы, қуанышы бәрі де ойсыз… 
Сиырдай бірі өкіріп, бірі шапқан. 
Жұрттың өліммен жұмысы жоқ, тіршілік жүріп жатыр. 
Өмірде жүрген жерін қанды ор ғып, 
Шеше алмай жан жұмбағын шерлі Қорқыт. 
Жұбанды қолындағы қобызымен, 
Көрге де қобызымен кірді Қорқыт. 
Поэмада Қорқыт бейнесі осылай түйінделеді. Ол қарағайдан 
жасаған қобызына мұңын шағып өтті. Ал ақын мақсаты не? Ол 
Қорқыт секілді өлімнен қашайын деп отырған жоқ. 
Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, 
Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей. 
Қиялы, жан жүрегі – ойнаған от. 
Ақынды аласұртар тыныштық бермей. 
Жай адам қияға ондай қол сермей ме?! 
Ақынға аз нәрсе ауыр ой бермей ме?! 
Қиялмен арманға ұшқан, сағым құшқан 
Жүйрік жан алдында ылғи көр көрмей ме?! 
Мұнда ақын «Жүйрік жан алдында ылғи көр көрмей ме?!» деуі 
арқылы сол кездегі заман құбылысын аңғартады. «Қайда барсаң 
Қорқыттың көрі» дегендей, қазақ байғұс бодандықтан құтылмайтын 
болды-ау деген идеясын білдіреді. 
«Қазақстанға Кеңес өкіметінің орнауы – білімде, ғылымда, 
өнерде т.б. табыстарға халқымыздың қолын жеткізді. Шеллинг 
қағидасы тұрғысынан қарасақ, бұл - әдемілік, орыс халқының
қазақ 
халқына жасаған жақсылығы. Жақсылық – бостандыққа тән, бірақ 
керісінше қазақ халқын бостандығынан айыру арқылы келіп отыр. 


40
Сондықтан ақын күңіренеді, күйзеледі. Қиялымен қазақ халқын 
бостандығынан айырмай, тарихын, мәдениетін, тілін, дінін ұмыттыр-
майтын, жақсылыққа кенелтетін, «өлтірмейтін» қоғам іздейді
Қорқыттың «мәңгілік ғұмыр іздеуін» шығармасына нысана етіп алуы 
Мағжан философиясының асқақтығын көрсетеді» [5, 195 б.]. 
Құшақтап қарағайын сарнаса ақын, 
Толғанып, жасын төгіп, зарланса ақын, 
Шеткерек тұрып біраз тыңдағайсың, 
Баспалап, төніп, жаншып келме жақын, - 
деп, өзінің не жайлы айтып отырғанын дұрыс ұғынуын сұрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет