Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт



бет25/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45

ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 70-бабына сәйкес әзірленді және мүше мемлекеттердің қаржылық көрсетілетін қызметтер саудасын, сондай-ақ қаржылық көрсетілетін қызметтерді берушілерді құруды және (немесе) олардың қызметін қозғайтын шараларына қатысты қолданылады.


      2. Осы Хаттаманың ережелері коммерциялық негізде және бәсекелестік шартында емес мемлекеттік биліктің функцияларын орындау үшін жүзеге асырылатын, сондай-ақ субсидияларды беруге қатысты берілетін қызметтер көрсету мен қызметке қолданылмайды.
      3. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «мемлекеттік мекеме» - мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы немесе ұлттық (орталық) банкі не осы мүше мемлекетке тиесілі немесе осы мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы немесе осы мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі берген өкілеттіктерді ғана жүзеге асыратын, осы мүше мемлекет бақылайтын ұйым;
      «қызмет» - осы Хаттаманың ұғымында құрылған заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің қызметі;
      «мүше мемлекеттің заңнамасы» - мүше мемлекеттің заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері, мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің нормативтік актілері;
      «кредиттік ұйым» - мүше мемлекеттің банк қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органы берген лицензияның негізінде қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алу үшін өзі тіркелген аумақтың мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар мүше мемлекеттің заңды тұлғасы;
      «лицензия» - мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін, оның иесіне мүше мемлекеттің аумағында белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға құқық беретін арнайы рұқсат (құжат);
      «мүше мемлекеттің шарасы» - мүше мемлекеттің заңнамасы, сондай-ақ мүше мемлекет уәкілетті органының немесе мүше мемлекеттің уәкілетті органы лауазымды адамының шешімі, әрекеті немесе әрекетсіздігі.
      Мүше мемлекеттің уәкілетті органы ұсынымдық сипаты бар ресми құжатты қабылданған (шығарған) жағдайда мұндай ұсыным, егер практикада осы ұсынымды адресаттарының басым бөлігі оны басшылыққа алғаны дәлелденсе, осы Хаттаманың мақсаты үшін шара ретінде танылуы мүмкін.
      «ұлттық режим» - басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына және қаржылық көрсетілетін қызметтеріне қаржылық көрсетілетін қызметтердің саудасы кезінде өз аумағында өзінің жеке тұлғаларына және қаржылық көрсетілетін қызметтеріне осындай жағдайлар кезінде берілетін режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсыну;
      «ортақ қаржы нарығы» - төмендегі критерийлерге сәйкес келетін мүше мемлекеттердің қаржы нарығы:
      мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы реттеу мен қадағалауға қойылатын үйлестірілген талаптар;
      бір мүше мемлекеттің уәкілетті органдары берген лицензияларды басқа мүше мемлекеттердің аумағында банк және сақтандыру секторында, сондай-ақ бағалы қағаздардың нарығында қызмет көрсету секторында өзара мойындау;
      заңды тұлға ретінде қосымша құрусыз Одақтың барлық аумағында қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыру;
      мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында, оның ішінде ақпарат алмасу арқылы әкімшілік ынтымақтастық;
      «қаржылық көрсетілетін қызметтерді беру/сату» - төмендегі тәсілдермен жүзеге асырылатын қызметтер өндірісін, оларды бөлуді, олардың маркетингін, оларды сатуды және олардың жеткізілуін қамтитын қаржылық көрсетілетін қызметтерді көрсету:
      бір мүше мемлекеттің аумағынан кез келген басқа мүше мемлекеттің аумағына;
      бір мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекет тұлғасының басқа мүше мемлекеттің тұлғасына (қызметтерді тұтынушы);
      бір мүше мемлекеттің қаржылық көрсетілетін қызметтерді берушісінің кез келген басқа мүше мемлекеттің аумағында құру және қызметі жолымен;
      «қаржылық көрсетілетін қызметтерді беруші» - мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді беретін мүше мемлекеттің кез келген жеке немесе заңды тұлғасы;
      «бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы» - өзі аумағында тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар мүше мемлекеттің заңды тұлғасы;
      «неғұрлым қолайлылық режимі» - басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына және қаржылық көрсетілетін қызметтеріне қаржылық көрсетілетін қызметтердің саудасы кезінде үшінші елдердің тұлғаларына  және қаржылық көрсетілетін қызметтеріне осындай жағдайлар кезінде берілетін режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді беру;
      «қаржылық көрсетілетін қызметтер секторы» - барлық кіші секторларын қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтердің барлық секторы, ал мүше мемлекеттің міндеттемелерінен, шектеулері мен шарттарынан алып тастауларға қатысты жеке қаржылық көрсетілетін қызметтердің бір немесе бірнеше не барлық кіші секторлары;
      «сақтандыру ұйымы» - өзі аумағында тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға;
      «экономикалық орындылығына тест» - қызметті беруші қызметінің нақты саланы экономикалық жоспарлау мақсаттарына сәйкестігіне экономикалық бағалау жолымен нарықтың қажеттілігі мен мұқтажының болуына қарай құруға және (немесе) қызметіне не қызметтерді беруге рұқсаттар беру;
      «уәкілетті орган» - осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын (қаржы нарығының жекелеген салаларын) реттеу және (немесе) қадағалау және бақылау жөніндегі өкілеттерге ие органы;
      «құру»:
      аумағында осындай заңды тұлға ашылатын немесе құрылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы және меншік нысандағы заңды тұлғаны ашу және (немесе) сатып алу (ашылған немесе құрылған заңды тұлғаның капиталына қатысу);
      мұндай заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы, оның ішінде дауыс беретін акцияларына (үлестеріне) тиесілі дауыстарды иелену жолымен, осындай заңды тұлғаның директорлар кеңесіне (байқау кеңесіне) және өзге де басқару органдарына қатысу жолымен айқындау мүмкіндігін алудан көрінетін мүше мемлекеттің заңды тұлғасы бақылауды иелену;
      филиалды ашу;
      өкілдікті ашу;
      «қаржылық көрсетілетін қызметтер» - қызметтердің мына түрлерін қамтитын қаржылық сипаттағы қызметтер:
      1) сақтандыру қызметтері және сақтандыруға жататын қызметтер:
      а) сақтандыру (бірге сақтандыру): өмірді сақтандыру, өмірді сақтандырудан өзге сақтандыру;
      б) қайта сақтандыру;
      в) брокерлік және агенттік делдалдық сияқты сақтандыру делдалдығы;
      г) консультациялық, актуарлық қызметтер, тәуекелді бағалау  және талап-арыздарды реттеу жөніндегі қызметтер сияқты сақтандыру жөніндегі қосалқы қызметтер;
      2) банк қызметтері:
      а) халықтан салымдар (депозиттер) мен басқа да төленуге тиіс ақша қаражатын қабылдау;
      б) тұтыну кредитін, кепіл кредитін, факторинг пен коммерциялық операцияларды қаржыландыруды қоса алғанда, несие, кредит, барлық түрдегі қарыз беру;
      в) қаржы лизингі;
      г) төлемдер мен ақша аударымдары жөніндегі қызметтердің барлық түрлері;
      д) биржада және биржадан тыс не өзге де түрде өз есебінен  және клиенттердің есебінен: шетелдік валютамен; деривативтермен, оның ішінде фьючерстермен және опциондармен; «своп» мәмілелері мен форвардтық мәмілелерді қоса алғанда, валюталық бағамдар мен пайыздық мөлшерлемелерге қатысты құралдармен сауда-саттық жасау;
      е) кредит шарттарын талдаумен байланысты анықтамалық және талдамалық материалдарды қоса алғанда, осы тармақшада көрсетілген қызметтің барлық түрлерінде консультативтік, делдалдық және басқа да қосалқы қаржы қызметтері;
      3) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтер:
      а) биржада және биржадан тыс не өзге де түрде өз есебінен және клиенттердің есебінен қаржы құралдарымен сауда-саттық жасау;
      б) агент (мемлекеттік немесе жеке меншік) ретінде кепілдік беру мен орналастыруды және осындай эмиссияларға (шығаруға) жататын қызметтер көрсетуді қоса алғанда, бағалы қағаздардың барлық түрлерінің эмиссиясына (шығаруға) қатысу;
      в) қаржы нарығындағы брокерлік операциялар;
      г) ақшалай қаражат немесе бағалы қағаздар сияқты активтерді басқару, ұжымдық инвестицияларды басқарудың барлық түрлері, активтерді және зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін басқару, қамқоршылық, сақтау жөніндегі қызметтер және трастылық қызметтер;
      д) бағалы қағаздарды, деривативтерді және басқа да құралдарды қоса алғанда, қаржы активтері бойынша клирингілік қызметтер;
      е) қаржы ақпаратын ұсыну мен беру және басқа қаржы қызметтерін берушілердің қаржылық деректерді өңдеуі мен тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынуы;
      ж) тікелей және портфельдік инвестициялар бойынша зерттеулер мен ұсынымдарды, корпорацияларды сатып алу, қайта ұйымдастыру және стратегиялары мәселелері бойынша ұсынымдарды қоса алғанда, осы тармақшада аталған қызметтің барлық түріндегі консультативтік, делдалдық және басқа қосалқы қаржылық көрсетілетін қызметтері кіреді.
      Осы Хаттамадағы өзге де ұғымдар қызмет көрсетулер саудасына, құру, қызмет және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттамада көрсетілген мәнде қолданылады (Шартқа № 16 қосымша).
      4. Әрбір мүше мемлекет қаржылық көрсетілетін қызметтерді берушілерге (басқа мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларына) осы Хаттамаға № 1 қосымшадағы мүше мемлекеттердің жеке ұлттық тізбесінде көрсетілген талаптарға сәйкес өздігінен, делдал арқылы немесе делдал ретінде бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына қаржылық көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерінің ұлттық режимін және неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимін ұсынады:
      1) мыналарға:
      оларға қатысты осындай сақтандыру: тасымалданатын тауарларды, тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын және тасымалдаумен байланысты туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершілікті толығымен немесе ішінара қозғайтын халықаралық теңіз тасымалдарына, коммерциялық әуе тасымалдарына, коммерциялық ғарыштық ұшыруға және фрахтыға (спутниктерді қоса алғанда);
      халықаралық транзит шеңберінде тасымалданатын тауарларға жататын тәуекелдерді сақтандыру;
      2) қайта сақтандыру, сондай-ақ консультациялық қызметтер, актуарлық қызметтер, тәуекелді бағалау және талап-арыздарды реттеу сияқты қосалқы сақтандыру қызметтері;
      3) қаржылық ақпаратты ұсыну мен беру және басқа қаржылық көрсетілетін қызметтерді берушілердің қаржылық деректері мен тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілуін өңдеу;
      4) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке және банктік қызметке қатысты анықтамалық материалдарды қоса алғанда, консультативтік және басқа қосалқы қызмет (делдалдық және кредиттік тарихтарды талдауға байланысты қызметті, тікелей және портфельдік инвестициялар бойынша зерттеулер мен ұсынымдарды, корпорацияларды сатып алу, қайта ұйымдастыру және стратегиялары мәселелері бойынша ұсынымдарды қоспағанда).
      5. Әрбір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекеттің тұлғаларына осы Хаттаманың 4-тармағының 1 - 4-тармақшаларында көрсетілген қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынуға рұқсат береді.
      6. Әрбір мүше мемлекет өз аумағында қаржылық көрсетілетін қызметтерді берушілерді құруға және (немесе) қызметіне қатысты осы Хаттаманың 3-тармағында айқындалғандай, осы Хаттамаға № 2 қосымшадағы мүше мемлекеттердің әрқайсысына арналған жеке ұлттық тізбеде көзделген шектеулерді ескере отырып, басқа мүше мемлекеттердің тұлғаларына ұлттық режимді ұсынады.
      7. Әрбір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына өзінің аумағындағы, осы Хаттаманың 3-тармағында айқындалғандай, қаржылық көрсетілетін қызметтерді берушілерді құруға (және немесе) қызметіне қатысты неғұрлым қолайлылық режимін ұсынады.
      8. Үшінші мемлекеттермен қаржылық көрсетілетін қызметтер саудасы, капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметі, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары, жекешелендіруге қатысу, инвесторлардың құқықтарын қорғау, төлемдер мен аударымдар, төлемдер мен аударымдарға қатысты шектеулер, залалды өтеу, инвесторларға кепілдік беру, оның ішінде экспроприация кезінде, инвесторлардың құқықтарының етуі және инвестициялық дауларды шешу тәртібі мәселелері Қызмет көрсету саудасы, құру, қызмет және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттамамен (Шартқа № 16 қосымша) реттеледі.
      9. Осы Хаттаманың ережесі осы Шарт күшіне енген және қолданысы жалғасып отырған күні құрылған, сондай-ақ осы Шарт күшіне енген күннен кейін құрылған заңды тұлғаларға, филиалдарға, өкілдіктерге қолданылады.
      10. Осы Хаттамаға № 1 қосымшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Хаттаманың 4-тармағында аталған секторларда мүше мемлекеттің ешқайсысы басқа мүше мемлекеттің қаржылық көрсетілетін қызметтеріне және қаржылық көрсетілетін қызметтерді берушілеріне қатысты сауда қызметіне байланысты:
      көрсетілетін қызметтерді берушілердің квота, монополия, экономикалық орындылығына тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы санына;
      көрсетілетін қызметтерді кез келген берушінің квота, монополия, экономикалық орындылығына тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы операцияларына қатысты шектеулерді қолданбайды және енгізбейді.
      Осы Хаттамаға № 1 қосымшада көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Хаттаманың 4-тармағында аталған секторларда мүше мемлекеттердің ешқайсысы құру талаптарын қаржылық көрсетілетін қызметтер саудасына арналған талаптар ретінде басқа мүше мемлекеттің көрсетілетін қызметтерді берушісіне қатысты енгізбейді және қолданбайды.
      11. Осы Хаттамаға № 2 қосымшадағы мүше мемлекеттердің әрқайсысына арналған жеке ұлттық тізбеде көзделген шектеулерді қоспағанда, мүше мемлекеттердің ешқайсысы өздерінің аумағында құруға және (немесе) қызметке байланысты басқа мүше мемлекеттің қаржылық көрсетілетін қызметтерді берушілеріне қатысты:
      1) құру нысанына, оның ішінде заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына;
      2) квота, экономикалық орындылығына тест нысанында немесе кез келген өзге де нысанда құрылатын заңды тұлғалардың, филиалдардың немесе өкілдіктердің санына;
      3) заңды тұлғаның капиталындағы сатып алынатын үлес көлеміне немесе заңды тұлғаны бақылау дәрежесіне;
      4) құрылған заңды тұлға, филиал, өкілдік квота, экономикалық орындылығына тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы қызметті жүзеге асыру барысында олардың операцияларына қатысты шектеулерді қолданбайды және енгізбейді.
      12. Жеке тұлғалардың келуі, кетуі, болуы және еңбек қызметі мәселелері осы Шарттың XXVI бөлімінде осы Хаттамаға № 2 қосымшада әрбір мүше мемлекетке арналған жеке ұлттық тізбеде көрсетілген шектеулерді ескере отырып, реттеледі.
      13. Осы Хаттамаға № 1 қосымшада жеке ұлттық тізбеде көрсетілген қаржылық көрсетілетін қызметтерге және осы Хаттамаға № 2 қосымшада жеке ұлттық тізбеде көрсетілген құруға және (немесе) қызметке байланысты шектеулерге қатысты әрбір мүше мемлекет қаржылық көрсетілетін қызметтер саудасына ықпал ететін осы мүше мемлекеттің барлық шараларының ақылға қонымды, объективті және әділ қолданылуын қамтамасыз етеді.
      14. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді беруге рұқсат алу талап етілсе, мүше мемлекеттің уәкілетті органдары ақылға қонымды уақыт ішінде мүше мемлекеттің заңнамасы талаптарына және реттеу қағидаларына сәйкес ресімделді деп саналатын өтінімді ұсынғаннан кейін өтініш берушіге өтінішке қатысты шешімі туралы хабарлайды. Мүше мемлекеттің уәкілетті органдары өтініш берушінің сұрауы бойынша шамадан тыс кідіртпей өтінімнің қаралу барысы туралы ақпарат береді.
      15. Біліктілік талаптары мен рәсімдеріне, техникалық стандарттар мен лицензиялау талаптарына жататын шаралар қызметтер саудасында ақталмайтын кедергілер жасамайтындай жағдайды қамтамасыз ету үшін мүше мемлекеттер өздері құра алатын тиісті органдар арқылы кез келген қажетті қағидаларды әзірлеуге құқылы. Бұл қағидалардың мақсаты осы талаптардың өзгелер қатарында:
      1) құзыреттілік және қызметтерді беруге қабілеттілік сияқты объективті және жария өлшемдерге негізделуін;
      2) қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті шамадан артық ауыртпалықты болмауын;
      3) лицензиялау рәсімдері жағдайында - олардың өздерінің қызметтерді беруге шектеу болмауын қамтамасыз ету болады.
      16. Осы Хаттамаға № 1 қосымшада жеке ұлттық тізбелерде көрсетілген қаржылық көрсетілетін қызметтер секторлары үшін осы Хаттаманың 15-тармағына сәйкес әзірленген қағидалар күшіне енгенге дейін мүше мемлекеттер осы Хаттамаға № 1 қосымшадағы жеке ұлттық тізбелерде көрсетілген талаптарға сәйкес берілетін пайдаларды жоятын немесе қысқартатын лицензиялық немесе біліктілік талаптарды және техникалық стандарттарды қолданбайды.
      Бұл ретте мүше мемлекет қолданатын лицензиялық немесе біліктілік талаптар және техникалық стандарттар осы Хаттаманың 15-тармағы 1 - 3-тармақшаларында көрсетілген критерийлерге сәйкес келуі тиіс және осы Шартқа қол қою күні осы мүше мемлекеттен күтіледі.
      17. Егер мүше мемлекет қаржылық көрсетілетін қызметтерді берушілерді құруға және (немесе) қызметіне қатысты лицензиялауды қолданса, онда мұндай мүше мемлекет:
      1) мүше мемлекеттің қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беруге жауапты уәкілетті органдары атауларының жариялануын немесе өзгеше түрде жалпының назарына жеткізілуін;
      2) лицензиялық рәсімдердің өздері құруға немесе қызметке шектеу болып табылмауын және қызметті жүзеге асыру құқығына тікелей байланысты лицензиялық талаптардың өздері қызмет үшін негізсіз кедергі болып табылмауын;
      3) барлық лицензиялық рәсімдер мен талаптардың мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленуін және лицензиялық рәсімдерді немесе талаптарды белгілейтін немесе қолданатын мүше мемлекеттің заңнамасы оның күшіне енген күнге дейін жариялануын;
      4) лицензияны берумен және лицензия беру туралы өтінішті қараумен байланысты кез келген алымдардың өзі құру мен қызмет үшін шектеу болмауын және мүше мемлекеттің лицензия беруші органның өтінішті қараумен және лицензия беруге байланысты шығындарына негізделгенін;
      5) мүше мемлекеттің заңнамасында лицензия беру (бас тарту) туралы шешімді қабылдауға белгіленген уақыт кезеңі аяқталғаннан кейін  және өтініш берушінің талабы бойынша мүше мемлекеттің тиісті лицензия беруші органының өтініш берушіге оның өтінішін қарау жағдайы туралы, сондай-ақ бұл өтініш тиісінше толтырылды деп саналатыны не саналмайтыны туралы хабарлауын қамтамасыз етеді. Кез келген жағдайда өтініш берушіге өтінішке техникалық түзетулерді енгізуге мүмкіндік беріледі. Мүше мемлекеттің тиісті заңнамасында көрсетілген барлық ақпарат және құжаттар алынбай, өтініш тиісінше толтырылған деп саналмайды;
      6) өтініші қабылдаудан бас тартылған өтініш берушінің жазбаша талап етуі бойынша, мүше мемлекеттің өтінімді қабылдаудан бас тартудың лицензия беруге жауапты уәкілетті органы өтініш берушіге осындай бас тарту себептері туралы жазбаша хабарлайды. Алайда бұл ереже мүше мемлекеттің лицензия беруші органынан ақпарат ашуды талап етуші ретінде түсіндірілмейді, оның мәнін ашу заңның орындалуына кедергі келтіреді немесе қоғамдық мүддеге немесе қауіпсіздіктің маңызды мүддесіне қайшы келеді;
      7) өтінішті қабылдаудан бас тартылған жағдайда өтініш беруші жаңа өтініш бере алады, ол осы арқылы лицензия (рұқсат) беру үшін орын алған кез келген проблемаларды жоюға тырысады;
      8) берілетін лицензияның мүше мемлекеттің барлық аумағында қолданылуын қамтамасыз етеді.
      18. Мүше мемлекеттің аумағында қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды беру тәртібі  және мерзімі аумағында осындай қызметті жүзеге асыру болжанатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.
      19. Осы Хаттамадағы еш нәрсе де мүше мемлекетке инвесторларды, салымшыларды, сақтандырушыларды, пайда алушыларды және қызметтерді көрсетушілердің олардың алдында фидуциарлық жауапкершілігі бар тұлғаларды қорғауды қоса алғанда, пруденциалдық шаралар, немесе қаржы жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған шаралар қабылдауға кедергі келтірмейді. Егер мұндай шаралар осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес келмесе, оларды мүше мемлекет Шартқа сәйкес осы мүше мемлекет қабылдаған міндеттемелерді орындаудан тараптың жалтару құралы ретінде пайдаланбауы керек.
      20. Еш нәрсе де жеке клиенттердің шоттарына қатысты ақпаратты, немесе басқа қандай да бір құпия немесе мемлекеттік мекемелердің билігінде бар меншіктегі ақпаратты ашуға мүше мемлекетке қойылатын талап ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      21. Мүше мемлекеттер халықаралық қағидаттар және стандарттар не ең жақсы халықаралық практика және мүше мемлекеттерде қолданылып жүрген ең жақсыдан төмен емес стандарттар және практика негізінде мынадай қызмет көрсету секторларында қаржы нарығын реттеу саласындағы үйлестірілген талаптарды пысықтауды жүзеге асырады:
      банк секторы;
      сақтандыру секторы;
      бағалы қағаздар нарығындағы көрсетілетін қызметтер секторы.
      22. Банк секторында мүше мемлекеттер өз әрекеттерінде Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің тиімді банктік қадағалаудың негізгі қағидаттарын және ең озық халықаралық практиканы басшылыққа ала отырып, оның ішінде мыналарға:
      1) «кредиттік ұйым» ұғымына және оның заңды мәртебесіне;
      2) кредиттік ұйымдардың, банк топтарының және олардың аффилирленген тұлғаларының, банктік холдингтердің ақпаратты ашу тәртібі мен шарттарына;
      3) Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары негізінде қаржылық (бухгалтерлік) есептілікке қойылатын талаптарға;
      4) кредиттік ұйым құрудың тәртібі мен шарттарына, атап айтқанда мыналарға қатысты:
      құрылтайшылық құжаттарға қойылатын талаптарға;
      заңды тұлғаны (филиалды) және кредиттік ұйымды мемлекеттік тіркеу тәртібіне;
      кредиттік ұйым жарғылық капиталының ең аз мөлшерін айқындауға, оны қалыптастыру тәртібі мен төлеу тәсілдеріне;
      кредиттік ұйымның басшы қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігі мен іскерлік беделіне қатысты қойылатын талаптарға;
      банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензияны беру тәртібі мен шарттарына, оның ішінде банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарға қатысты;
      5) кредиттік ұйымды тіркеуден және банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензияны беруден бас тарту үшін негіздемелерге;
      6) кредиттік ұйымды таратудың немесе қайта ұйымдастырудың (оның ішінде мәжбүрлеп таратудың) тәртібіне, рәсімдеріне және шарттарына;
      7) кредиттік ұйымнан банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензияны қайтарып алу үшін негіздемелерге;
      8) кредиттік ұйымдарды біріктіру, қосу және қайта құру нысанында қайта ұйымдастырудың тәртібі мен ерекшеліктеріне;
      9) кредиттік ұйымның қаржылық сенімділігін қамтамасыз етуге, оның ішінде банк операцияларынан өзге кредиттік ұйымдар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерін, пруденциалдық нормативтерді, міндетті резервтер мен арнайы провизияларды айқындауға;
      10) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының кредиттік ұйымдардың, банктік холдингтердің және банк топтарының қызметін қадағалауды жүзеге асыру тәртібіне;
      11) кредиттік ұйымдарға және банктік холдингтерге санкциялардың мөлшеріне және тәртібіне, шарттарына;
      12) банк топтары мен банктік холдингтердің қызметіне және қаржылық сенімділігіне қойылатын талаптарға;
      13) халықтың салымдарын сақтандыру жүйесін құруға және оның жұмысына (салымдар бойынша өтемақы төлеу сомасын қоса алғанда);
      14) кредиттік ұйымдарды қаржылық сауықтыру және банкроттығы рәсімдеріне (кредиторлардың құқықтарын регламенттеуді, талаптарды қанағаттандыру кезектілігін қоса алғанда);
      15) банктік деп танылған операциялардың тізбесіне;
      16) банк операцияларының жекелеген технологиялық бөліктерін жүзеге асыруға құқылы ұйымдардың тізбесі мен олардың мәртебесіне қатысты кредиттік ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі талаптарды үйлестіреді.
      23. Сақтандыру секторында мүше мемлекеттер өздерінің іс-әрекеттерінде ең озық халықаралық практиканы және Халықаралық сақтандыруды қадағалау қауымдастығының сақтандыруды қадағалаудың негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларын реттеу мен қадағалау және оның ішінде:
      1) «сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысы» ұғымы және сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысының заңды мәртебесіне;
      2) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, оның ішінде:
      сақтандыру, қоса сақтандыру, қайта сақтандыру, өзара сақтандыру бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті сақтандыру резервтеріне;
      сақтандыру резервтерін өтеу үшін қабылданатын активтердің құрамы мен құрылымына;
      жарғылық және меншікті капиталды қалыптастырудың ең төменгі деңгейі мен тәртібіне;
      сақтандыру портфелін өткізудің талаптары мен тәртібіне қатысты;
      3) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының негізінде бухгалтерлік (қаржылық) есептілікке қойылатын талаптарға;
      4) сақтандыру қызметін құру және лицензиялау тәртібі мен талаптарына;
      5) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін қадағалауды жүзеге асыру тәртібіне;
      6) сақтандыру нарығының қатысушыларына және (немесе) кәсіби қатысушыларына қаржы нарығындағы бұзушылықтары үшін санкцияларды қолдану талаптарына, тәртібіне және мөлшеріне;
      7) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының басшы қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігіне және іскерлік беделіне қатысты қойылатын талаптарға;
      8) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартудың негіздеріне;
      9) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысын таратудың, оның ішінде мәжбүрлеп таратудың (банкроттық) тәртібіне, рәсіміне және талаптарына;
      10) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысынан сақтандыру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияны кері қайтарып алу үшін негіздерге, сондай-ақ мұндай лицензияның қолданылуын жоюға, шектеуге немесе тоқтата тұруға;
      11) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысын біріктіру, қосу және қайта құру нысанында қайта ұйымдастырудың тәртібіне және ерекшеліктеріне;
      12) сақтандыру топтарының және сақтандыру холдингтерінің құрамына және олардың қаржылық сенімділігіне қойылатын талаптарға қатысты талаптарды үйлестіреді.
      24. Мүше мемлекеттер бағалы қағаздар нарығындағы қызметтердің секторында:
      бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызметтің;
      бағалы қағаздар нарығындағы дилерлік қызметтің;
      бағалы қағаздарды, қаржы құралдарын басқару, зейнетақы қорларының активтері мен инвестициялық портфелін және ұжымдық инвестицияларды басқару жөніндегі қызметтің;
      өзара міндеттемелерді (клиринг) айқындау бойынша қызметтің;
      депозитарлық қызметтің;
      бағалы қағаздар иелерінің тізілімін жүргізу жөніндегі қызметтің;
      бағалы қағаздар нарығында сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметтің түрлері бойынша талаптарды үйлестіреді.
      25. Мүше мемлекеттер өздерінің іс-әрекетінде үздік халықаралық практиканы және Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қағидаттарын басшылыққа ала отырып, бағалы қағаздар нарығын реттеу және қадағалау бойынша, оның ішінде:
      1) жарғылық капиталды қалыптастырудың және төлеудің тәртібін, сондай-ақ меншікті капиталдың жеткіліктілігіне талаптарды айқындауға;
      2) осындай лицензияны алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны берудің тәртібіне және талаптарына;
      3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының басшы қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігіне және іскерлік беделіне қойылатын талаптарға;
      4) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруден бас тарту үшін негіздерге, сондай-ақ осындай лицензияның қолданылуын жоюға, шектеуге немесе тоқтата тұруға;
      5) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының негізінде бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің талаптарына, сондай-ақ ішкі есепті және ішкі бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға;
      6) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысын таратудың немесе қайта ұйымдастырудың (оның ішінде мәжбүрлеп таратудың) рәсімдеріне, тәртібіне және талаптарына;
      7) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысынан бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны кері қайтарып алудың негіздеріне;
      8) бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына және кәсіби қатысушыларына қаржы нарығында санкцияларды қолданудың мөлшеріне, тәртібіне және талаптарына;
      9) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің (қатысушыларының) қызметіне қадағалауды жүзеге асыру тәртібіне;
      10) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметіне қойылатын талаптарға;
      11) эмитенттің бағалы қағаздары эмиссиясы (шығарылу) рәсіміне қойылатын талаптарға;
      12) мүше мемлекеттердің бағалы қағаздарының нарығында шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарын орналастыруға және олардың айналысына қойылатын талаптарға;
      13) жарияланатын ақпараттың көлеміне және сондай-ақ сапасына және мерзімділігіне қойылатын талаптарға;
      14) мүше мемлекеттер эмитенттерінің бағалы қағаздарын Одақтың барлық аумағында орналастыру және айналысы мүмкіндігін эмитентті тіркеу мемлекетінің реттеу органының бағалы қағаздары эмиссиясын (шығарылуын) тіркеу шартымен қамтамасыз етуге;
      15) эмитенттердің ақпаратты ашу саласындағы талаптары, инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалануға және бағалы қағаздар нарығындағы айла-шарғыға қарсы іс-әрекеттерге қатысты талаптарды үйлестіреді.
      26. Мүше мемлекеттер Халықаралық аудит стандарттары негізінде аудит жүргізуге үйлесімді талаптарды әзірлеуді жүзеге асырады.
      27. Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің өз қаржы нарықтарындағы, оның ішінде банк секторындағы, сақтандыру секторындағы қызметті және бағалы қағаздар нарығы секторындағы қызмет көрсету секторын реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлейді.
      Мүше мемлекеттер Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға  сәйкес ақпаратпен, оның ішінде құпия ақпаратпен алмасады.
      28. Әрбір мүше мемлекет осы Хаттамада қамтылатын мәселелерді қозғайтын немесе қозғауы мүмкін осы мүше мемлекеттің заңнамасы ресми көзде, ал мүмкіндігіне қарай арнайы бөлінген интернет-сайтта құқықтары және (немесе) міндеттемелері мүше мемлекеттің осындай заңнамасымен қозғалуы мүмкін кез келген тұлға олармен танысуға мүмкіндік алатындай түрде жариялануын қамтамасыз етеді.
      Осындай заңнаманы жариялау осындай заңнаманы қабылдау мақсаттарының түсініктемесін қамтуға тиіс және құқықтық айқындылықты және құқықтары және (немесе) міндеттемелері мүше мемлекеттің мүше мемлекеттің заңнамасымен қозғалуы мүмкін тұлғалардың негізделген үміттерін қамтамасыз ететін мерзімде, бірақ кез келген жағдайда олар күшіне енген күнге дейін жариялануға тиіс.
      29. Әрбір мүше мемлекет кез келген тұлғаның осы Хаттамада қамтылатын мәселелер бойынша қолданыстағы және (немесе) жоспарланатын заңнамалық актілерге қатысты жазбаша сұрауларына жауап беруді қамтамасыз ететін тетік құрады. Сұрауларға жауаптар осындай мүдделі тұлғаға жазбаша сұрау алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей ұсынылуы тиіс.
      30. Мүше мемлекеттер қаржы нарықтардағы жүйелі тәуекелдердің алдын алу мақсатында айқындылық, есеп берушілік және жауапкершілік қағидаттарына сәйкес рейтинг агенттіктерінің қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптарға қатысты өз заңнамаларын үйлестіруді жүзеге асырады.
      31. Мүше мемлекет қаржылық көрсетілетін қызметтерді беруге қатысты шараларды олардың қолдануын айқындаған кезде басқа кез келген мүше мемлекеттің пруденциалдық шараларын тануы мүмкін. Мүше мемлекеттердің заңнамасының үйлесімділігі арқылы немесе басқалай түрде қол жетуі мүмкін осындай тану мүдделі мүше мемлекетпен келісімге немесе уағдаластыққа негізделуі мүмкін немесе біржақты тәртіппен ұсынылуы мүмкін.
      32. Басқа мүше мемлекеттің болашақтағы және қолданыстағы пруденциалдық шараларын тану туралы келісімнің немесе уағдаластықтың қатысушысы болып табылатын мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттерге оларды осындай келісімдер мен уағдаластықтар қатысушылары арасында ақпарат алмасуға байланысты рәсімдерді, және осындай қағидаларды жүзеге асыру қағидалары, бақылау, механизм болуы мүмкін осындай келісімдерге немесе уағдаластықтарға қосу туралы келіссөздер жүргізу мүмкіндігін береді.
      33. Мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын нақты талаптарды үйлестіру сақталып отырған айырма Одақтың ортақ қаржы нарығының шеңберінде тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу талабымен жүзеге асырылуы тиіс.
      34. Осы Хаттамадағы ештеңе мүше мемлекетке мұндай шаралардың қызметтер саудасына, құруға және (немесе) қызметке қатысты мүше мемлекеттердің тұлғалары арасында өз бетінше немесе негізсіз кемсіту құралдарын жасайтын тәсілмен қабылданбауы шартымен төменде санамаланған шараларды, атап айтқанда:
      1) қоғамдық моральды қорғау немесе қоғамдық тәртіпті қолдау үшін қажетті. Қоғамдық тәртіп ұғымдары бойынша ерекшелік қоғамның байырғы мүдделерінің біріне қатысты шынайы және мейлінше ауыр қауіп орын алған жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін;
      2) адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті;
      3) мыналарға:
      жаңылыстыруға әкеп соғатын және жосықсыз практиканың немесе азаматтық-құқықтық шарттарды сақтамау салдарының алдын алуға;
      жеке сипаттағы мәліметтерді өңдеу мен тарату және жеке өмір мен шоттар туралы мәліметтердің құпиялылығын қорғау кезінде жекелеген тұлғалардың жеке өміріне араласудан қорғауға қатысы барларын қоса алғанда, осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес келетін заңдарды немесе қағидаларды сақтау үшін қажетті;
      4) іс жүзінде ұсынылатын режимдегі өзгешелік әділ немесе тиімді салық салуды немесе басқа мүше мемлекеттің тұлғаларынан қызметтер саудасына қатысты салықтарды өндіріп алуды қамтамасыз етуге деген ұмтылыстан туындауы шартымен ұлттық режимді ұсыну бөлігінде осы Хаттаманың 4 және 6 тармақтарымен сыйыспайтын;
      5) режимге қатысты өзгешелік салық салу мәселелері жөніндегі келісімнің, оның ішінде тиісті мүше мемлекет қатысушысы болып табылатын қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімнің нәтижесі болуы шартымен осы Хаттаманың 4 және 7-тармақтарымен сыйыспайтын шараларды қабылдауға немесе қолдануға кедергі келтірмейді.
      35. Осы Хаттамадағы ештеңе кез келген мүше мемлекетке өзінің ел қорғанысы немесе оның ұлт қауіпсіздігі саласындағы маңызды мүдделерін қорғау үшін қажетті деп санайтын кез келген шараларды қабылдауына кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      36. Мүше мемлекеттер осы Хаттамаға № 1 және 2-қосымшаларда олардың жеке ұлттық тізбелерінде көрсетілген алып тастаулар мен шектеулерді кезең-кезеңімен қысқартуды қамтамасыз етеді.
      37. Мүше мемлекеттер осы Хаттамаға № 1 және 2-қосымшаларда олардың жеке ұлттық тізбелеріндегі мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру талаптарын мүше мемлекеттер орындаған қаржылық көрсетілетін қызметтерінің секторларына және лицензияларды өзара тануға қатысты шараларды қолдануды тоқтатады.

Қаржылық қызметтер


жөніндегі хаттамаға
№ 1 қосымша   

Мүше мемлекеттер Қаржылық қызметтер жөніндегі хаттаманың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет