Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт



бет27/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45

Қаржылық қызметтер
жөніндегі хаттамаға
№ 2 қосымша  

Құруға және (немесе) қызметке қатысты мүше мемлекеттер


сақтайтын шектеулер
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V Заңымен.




Шектеудің болуы

Шектеудің сипаты

Шектеулерді қолдануға арналған негіз (нормативтік құқықтық акт)

Шектеулердің қолданылу мерзімі

I. БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ

1. Қаржылық көрсетілетін қызметтер жөніндегі хаттаманың 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 17 қосымша (бұдан әрі - № 17 қосымша)

егер Беларусь Республикасының сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларындағы шетелдік инвесторлардың квотасы 30%-дан асып кеткен жағдайда, Беларусь Республикасының Қаржы министрлігі шетелдік инвестициялары бар сақтандыру ұйымдарын тіркеуді және (немесе) осындай ұйымдарға сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беруді тоқтатады

Беларусь Республикасы Президентінің «Сақтандыру қызметі туралы» 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы, «Беларусь Республикасының сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларында шетелдік инвесторлардың квотасын белгілеу туралы» Беларусь Республикасының Министрлер кеңесінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі № 1174 қаулысы

анықталмаған

сақтандыру ұйымы өзінің жарғылық қорының мөлшерін шетелдік инвесторлардың және (немесе) осы шетелдік инвесторларға қатысты еншілес (тәуелді) шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдарының қаражаты есебінен ұлғайтуға; сақтандыру ұйымының жарғылық қорының 5%-ын және одан көбін құрайтын оның жарғылық қорындағы үлестерді (акцияларды) иелікке беруге, өзінің жарғылық қорындағы үлестерді (акцияларды) шетелдік инвесторлардың және (немесе) осы шетелдік инвесторларға қатысты еншілес (тәуелді) шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдарының пайдасына иелікке беруге Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің алдын ала рұқсатын алуға міндетті.

Беларусь Республикасы Президентінің «Сақтандыру қызметі туралы» 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы




Алдын-ала рұқсат беруден мына жағдайда:





көрсетілген іс-қимылдарды жасау кезінде Беларусь Республикасы сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларындағы шетелдік капиталдың қатысу квотасы асып кеткенде бас тартылады.





сақтандырушы, сақтандырушының қатысушысы жарғылық капиталдағы оған тиесілі үлестерді (акцияларды) иелікке беруді жүзеге асыруға ниетті заңды тұлға 3 жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асырады және соңғы 3 жылда өзінің қызметін жүзеге асыру қорытындылары бойынша пайда көрмейді





Беларусь Республикасының ұлттық қауіпсіздігін (оның ішінде экономикалық салада), ұлттық сақтандыру ұйымдарының мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігі бар





шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысты еншілес қоғамдар болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 49%-дан астам шетелдік инвесторлар үлесі бар сақтандыру ұйымдары Беларусь Республикасының аумағында оқшауланған бөлімшелерді құра алады, сондай-ақ Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің оған алдын ала рұқсатын алғаннан кейін басқа сақтандыру ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) бола алады. Беларусь Республикасы сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталындағы шетелдік капиталдың қатысу квотасы асып кеткен жағдайда, алдын ала рұқсат беруден бас тартылады

Беларусь Республикасы  Президентінің «Сақтандыру қызметі туралы» 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы




шетелдік инвесторларға қатысты еншілес немесе тәуелді шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдары Беларусь Республикасының аумағында өмірді сақтандырумен, міндетті сақтандырумен, оның ішінде мемлекеттік қажеттіліктер үшін жеткізумен, қызмет көрсетумен немесе мердігерлік жұмыстарды орындаумен байланысты міндетті мемлекеттік сақтандырумен, мүліктік сақтандырумен, сондай-ақ Беларусь Республикасының мүліктік мүдделері мен оның әкімшілік-аумақтық бірліктерін сақтандырумен айналыса алмайды.
Шетелдік инвесторлардың сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жарғылық қорларындағы үлестерді (акцияларын) төлеуі тек ақша қаражатымен жүргізіледі

Беларусь Республикасы Президентінің «Сақтандыру қызметі туралы» 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы


2. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

беларусьтік тұлғалар ғана сақтандыру агенттері, сақтандыру брокерлері бола алады.

Беларусь Республикасы Президентінің «Сақтандыру қызметі туралы» 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы

анықталмаған

3. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Беларусь Республикасының банк жүйесінде шетелдік капиталдың қатысуы 50%-бен шектелген Шетелдік инвестициялары бар кредиттік ұйымдарды құру Беларусь Республикасы Ұлттық банкінің алдын ала рұқсатын алуды талап етеді. Беларусь Республикасы Ұлттық банкі Беларусь Республикасының банк жүйесінде шетелдік капиталға қатысудың белгіленген мөлшеріне (квотаға) жеткен кезде шетелдік инвестициялары бар банктерді тіркеуді тоқтатады.
Беларусь Республикасы Ұлттық банкінің осы шектеуді сақтау үшін кез келген шараларды қабылдауға құқығы бар. Рұқсат беру туралы мәселені қарау кезінде Беларусь Республикасының банк жүйесінде шетелдік капиталдың қатысу квотасын пайдалану деңгейі, сондай-ақ резидент емес құрылтайшылардың қаржылық жағдайы мен іскерлік беделі ескеріледі.

2000 жылғы 25 қазандағы № 441-З Беларусь Республикасының Банктік кодексі, «Беларусь Республикасының банктік жүйесінде шетелдік капиталдың қатысу мөлшері (квотасы)  туралы» Беларусь Республикасының Ұлттық банкі басқармасының  2008 жылғы 1 қыркүйектегі № 129 қаулысы

анықталмаған

4. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Беларусь Республикасында қаржылық көрсетілетін қызметтері саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Беларусь Республикасының заңнамасында белгіленген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған Беларусь Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.

2000 жылғы 25 қазандағы № 441-З Беларусь Республикасының Банктік кодексі

анықталмаған

5. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

сақтандыру ұйымы басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің функцияларын Беларусь Республикасының азаматтары ғана, сондай-ақ Беларусь Республикасында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар ғана және еңбек шарттары негізінде ғана орындай алады

Беларусь Республикасы Президентінің «Сақтандыру қызметі туралы» 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы

анықталмаған

6. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

жүзеге асыруға лицензия талап етілетін қызметті тек Беларусь Республикасының заңды тұлғалары, Беларусь Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкерлер жүзеге асыра алады.
Лицензиялауға жататын қызметтің түрлері Белорусь Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

Беларусь Республикасы Президентінің «Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау туралы ереже» 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 450 Жарлығы

анықталмаған

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

1. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

сауда-саттықты ұйымдастырушының капиталындағы  уәкілетті органның үлесі сауда-саттықты ұйымдастырушының дауыс беретін акцияларының жалпы санының 50%-нан астамын құрайды

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-II Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

2. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

жүзеге асыруға лицензия талап етілетін қызметті Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары немесе жеке кәсіпкерлері ғана жүзеге асыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасында лицензиялауға жататын қызмет түрлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

3. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

банктер акционерлік қоғамдар нысанында құрылады

«Банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

4. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Қазақстан Республикасында резидент емес банктердің филиалдарын ашуға тыйым салынады

«Банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

5. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлік қоғам нысанында құрылуы тиіс

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

6. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Қазақстан Республикасында резидент емес сақтандыру ұйымдарының филиалдарын ашуға тыйым салынады

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

7. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

сақтандыру брокерінің ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам болып табылады

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

8. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

9. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Қазақстан Республикасының резиденті емес жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін Қазақстан Республикасында ашуға тыйым салынады

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

10. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

орталық депозитарий Қазақстан Республикасының аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бірден бір ұйым болып табылады. Орталық депозитарий акционерлік қоғам нысанында құрылады

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-II  Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

11. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған (трансфер-агентті қоспағанда) заңды тұлға

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-II  Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

12. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-II  Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

13. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

өзі орналасқан елдің шоғырландырылған қадағалауына жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) 25%-ы немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе банктің дауыс беретін акцияларының 25%-ы немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі бола алады

«Банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

14. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы коры Қазақстан Республикасының аумағында міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105 Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

15. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

бірыңғай тіркеуші Қазақстан Республикасының аумағында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-II  Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

16. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының 25%-ы немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының 25%-ы немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі болып табылуы мүмкін

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

17. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

қор міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру  ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы № 423-II Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

18. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым  акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Уәкілетті орган депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы (ұйымның жалғыз акционері) болып табылады

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 169 Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

19. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, мемлекет қатысатын кредиттік бюро бір ғана мамандандырылған коммерциялық емес ұйым болып табылады, оған берушілер кредиттік тарихты қалыптастыру үшін міндетті түрде қажетті ақпаратты ұсынады

«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

20. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

сақтандыру шарттары бойынша деректер қорларын қалыптастыру  және жүргізуді мемлекеттік қатысу үлесімен акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

анықталмаған

III. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

№ 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысты еншілес қоғамдар болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 49%-дан астам шетелдік инвесторлардың үлесі бар сақтандыру ұйымдары Ресей Федерациясында атқарушы биліктің федеральды органдарына (сақтанушыларға) тиісті бюджеттен осы мақсатқа бөлінетін қаражат есебінен азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін сақтандыруды, мемлекеттік және муниципальдық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асырумен байланысты сақтандыруды, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың және муниципальдық ұйымдардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды жүзеге асыра алмайды. Шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысты еншілес қоғамдар болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 51%-дан астам шетелдік инвесторлардың үлесі бар сақтандыру ұйымдары, сондай-ақ Ресей Федерациясында азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе мерзімге дейін өмір сүруіне не азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына, сондай-ақ өліміне байланысты сақтандыруды және көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыра алмайды.

«Ресей Федерациясында сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» 1992 жылғы 27 қарашадағы № 4015-I Федералдық заң

анықталмаған

Шетелдік инвесторға (негізгі ұйымға) қатысты еншілес қоғам болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 49%-дан астам шетелдік инвесторлардың үлесі бар сақтандыру ұйымы Ресей Федерациясында егер шетелдік инвестор (негізгі ұйым) тиісті мемлекеттің заңнамасына сәйкес кемінде 5 жыл сақтандыру ұйымы ретінде өз қызметін жүзеге асырса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар. Ресей Федерациясының заңнамасында сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталдарына 50%-ға тең шетелдік капиталдың қатысу шекті мөлшері (квотасы) белгіленген. Сақтандыру ұйымдарының шетелдік капиталының қатысу мөлшері (квотасы) туралы, осы тармақтың бесінші және жетінші абзацтарында көзделген шетелдік инвестицияларға шектеулерді енгізу немесе шектеу туралы ақпарат Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген тәртіпте жариялануға жатады.
Егер сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталындағы шетелдік капиталдың қатысу мөлшері (квотасы) 50%-дан асқан жағдайда, сақтандыруды қадағалау органы шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысы бойынша еншілес қоғамдар болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 49%-дан астам шетелдік инвесторлардың үлесі бар сақтандыру ұйымдарына сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді тоқтатады.
Сақтандыру ұйымы сақтандыруды қадағалау органының шетелдік инвесторлардың және (немесе) олардың еншілес қоғамдарының қаражаты есебінен өзінің жарғылық капиталының мөлшерін ұлғайтуға, өз акцияларын (жарғылық капиталдағы үлестерін) шетелдік инвестордың пайдасына иеліктен шығаруға (оның ішінде шетелдік инвесторларға сатуға), ал Ресей акционерлері (қатысушылары) сақтандыру ұйымының өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталдағы үлестерін) шетелдік инвестордың және (немесе) олардың еншілес қоғамдарының пайдасына иеліктен шығаруға алдын ала рұқсат алуға міндетті. Егер сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталындағы шетелдік капиталдың қатысуы белгіленген мөлшерден (квотадан) асатын болса, сақтандыруды қадағалау органы шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысы бойынша еншілес қоғамдар болып табылатын немесе өзінің жарғылық капиталдарында шетелдік инвесторлардың 49%-нан астам үлесі бар не көрсетілген мәмілелер нәтижесінде осындай болып табылатын сақтандыру ұйымдарына алдын ала рұқсат беруден бас тартады.
Шетелдік инвесторлардың сақтандыру ұйымдарындағы (жарғылық қорларындағы үлестерді) төлеуі тек Ресей Федерациясының валютасындағы ақша қаражатымен жүргізіледі.
Осы Келісімнің ережелеріне қарамастан Ресей ДСҰ-ға қосылғанға дейін сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алған сақтандыру ұйымдары осы қызметті лицензия берілген шарттарға сәйкес жүзеге асыруды жалғастыра алады


2017 жылғы 22 тамызға дейін

2. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Ресей Федерациясының азаматтары ғана сақтандыру агенттері, сақтандыру брокерлері бола алады (бұл шектеу дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген сақтандыру агенттеріне - жеке тұлғаларға қолданылмайды)

«Ресей Федерациясында сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» 1992 жылғы 27 қарашадағы № 4015-І Федералдық заң

анықталмаған

3. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Ресей Федерациясының банк жүйесінде шетелдік капиталдың қатысуы 50%-бен шектелген.
Ресей Федерациясының банк жүйесінде шетелдік қатысу квотасын бақылау мақсаттары үшін Ұлттық банктің алдын ала рұқсаттары:

1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Ресей Федерациясының қосылуы туралы 2011 жылғы 16 желтоқсандағы Хаттамадан туындайтын және қызметтерге қатысты Ресей Федерациясының халықаралық міндеттемелері

анықталмаған

еншілес және тәуелді қоғамдарды қоса алғанда, шетелдік қатысуы бар кредит ұйымдарын құруға

резидент еместің (резидент еместердің) қаражаты есебінен кредит ұйымының жарғылық капиталын ұлғайтуға

кредит ұйымының акцияларын (үлестерін) резидент еместердің пайдасына иелікке беруге талап етіледі

4. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Ресей Федерациясында қаржы қызметтері саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған Ресей Федерациясының заңды тұлғаларына беріледі

«Банктер және банк қызметтері туралы» 1990 жылғы 1 желтоқсандағы № 395-I Федералдық заң, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 1996 жылғы 22 сәуірдегі № 39-ФЗ Федералдық заң, «Ресей Федерациясындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» 1992 жылғы 27 қарашадағы 4015-I Федералдық заң, «Клиринг және клирингтік қызмет туралы» 2011 жылғы 7 ақпандағы № 7-ФЗ Федералдық заң, «Ұйымдастырылған сауда-саттық туралы» 2011 жылғы 21 қарашадағы № 325-ФЗ Федералдық заң; «Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары туралы» 1998 жылғы 7 мамырдағы № 75-ФЗ Федералдық заң, «Инвестициялық қорлар туралы» 2001 жылғы 29 қарашадағы № 156-ФЗ Федералдық заң, «Ресей Федерациясындағы жекелеген заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 14 наурыздағы № 29-ФЗ Федералдық заң

анықталмаған

5. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

шетелдік инвестициялары бар кредиттік ұйымдарға қатысты:
Егер ресейлік кредиттік ұйымның жеке-дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлға шетелдің азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға болып табылса, осындай кредиттік ұйымның алқалы атқарушы органы кемінде 50%-ы Ресей Федерациясының азаматтарынан құрылуға тиіс.
Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің саны шетелдік инвестициялары бар ресейлік кредиттік ұйымның қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 75%-ын құрауға тиіс

«Шетелдік инвестициялары бар кредиттік ұйымдарды тіркеу ерекшеліктері туралы ережесін қолданысқа енгізу және тіркелген кредит ұйымның жарғы капиталын резидент еместердің қаражаты есебінен ұлғайтуға Ресей Банкінің алдын ала рұқсатын алу тәртібі туралы» Ресей Орталық Банкінің 1997 жылғы 23 сәуірдегі № 02-195 бұйрығы

анықталмаған

6. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

шетелдік кредит ұйымы өкілдігінің шетелдік персоналының саны әдетте 2 адамнан аспауы тиіс. Егер өкілдікке аккредиттелген қызметкерлердің көп саны талап етілсе, осы қажеттілік Ресей Банкі Төрағасының атына жазбаша өтініште негізделуі керек, осының негізінде шешім қабылданады

«Ресей Федерациясында шетелдік кредиттік ұйымдардың өкілдіктерін ашу және олардың қызмет тәртібі туралы» Ресей Банкінің 1997 жылғы 7 қазандағы № 02-437 бұйрығы

анықталмаған

7. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Ресей сақтандыру ісі субъектісінің (заңды тұлғаның) басшылары (оның ішінде жеке-дара атқарушы орган) және бас бухгалтері Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұруы тиіс

«Ресей Федерациясында сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» 1992 жылғы 27 қарашадағы № 4015-І Ресей Федерациясының заңы

2015 жылғы 1 қаңтарға дейін

8. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

жүзеге асыруға лицензия талап етілетін қызметті Ресей Федерациясының заңды тұлғалары немесе Ресей Федерациясында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкерлер ғана жүзеге асыра алады.
Лицензиялауға жататын қызмет түрлері Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес айқындалады

«Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау туралы» 2001 жылғы 4 мамырдағы № 99-ФЗ Федералдық заң (көрсетілген Федералдық заңның 1-бабының 2-тармағында аталған қызмет түрлерін реттейтін заңнама), «Банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 1 желтоқсандағы № 395-I Федералдық заң

анықталмаған

9. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

акционер (адамдар тобымен байланысқан) бір холдингілік топқа кіретін, Ресей Федерациясы қаржы нарығының уәкілетті органы немесе инфрақұрылымдық ұйымы болып табылған жағдайларды қоспағанда, әрбір акционердің (адамдар тобымен байланысқан) сауданы ұйымдастырушылардың жарғылық капиталындағы үлесі 10 пайыздан аспауы керек

-

анықталмаған

10. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Ресей Федерациясында сақтандыру тарихтарын жүргізуді Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес құрылған және қызметін жүзеге асыратын жалғыз ұйым жүзеге асырады

-

анықталмаған

11. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

орталық депозитарий мәртебесін алған ұйым Ресей Федерациясының аумағында орталық депозитарий функциясын жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады
Орталық депозитарий акционерлік қоғам нысанында құрылады

«Орталық депозитарий туралы» 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 414-ФЗ Федералдық заң

анықталмаған

IV. АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ


1. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Армения Республикасының аумағында қаржылық көрсетілетін қызметтерді, Армения Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелетін сақтандыру агенттерін қоспағанда, Армения Республикасында лицензияланған және тіркелген, Армения Республикасының заңнамасында белгіленген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған қаржы ұйымдары және (немесе) олардың филиалдары ұсына алады

«Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы» 2007 жылғы 9 сәуірдегі № РЗ-177-Н Армения Республикасының Заңы (8 және 87-баптар),
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2007 жылғы 9 сәуірдегі № РЗ-195-Н Армения Республикасының Заңы (28, 103 және 175-баптар),
«Инвестициялық қорлар туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № РЗ-245-Н Армения Республикасының Заңы (52-бап),
«Банктер және банк қызметі туралы» 1996 жылғы 30 маусымдағы № ЗР-68 Армения Республикасының Заңы (12-бап)

анықталмаған

2. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

шетелдік банк, шетелдік сақтандыру компаниясы, шетелдік инвестициялық компания және инвестициялық қорды шетелдік басқарушы Армения Республикасының аумағында Армения Республикасының Орталық банкіне филиалды лицензиялату және тіркету арқылы филиал құра алады

«Банктер және банк қызметі туралы» 1996 жылғы 30 маусымдағы № ЗР-68 Армения Республикасының Заңы (14-бап),
«Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы» 2007 жылғы 9 сәуірдегі № РЗ-177-Н Армения Республикасының Заңы (47-бап),
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы № РЗ-195-Н Армения Республикасының Заңы (43-бап),
«Инвестициялық қорлар туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № РЗ-245-Н Армения Республикасының Заңы (54-бап),
Армения Республикасы Орталық банкінің 1-ережесі (№ 145-Н, 2005 жылғы 12 сәуір) 3/01 ережесі (N-344-Н, 2007 жылғы 30 қазан), 4/01-ережесі (N-16-Н, 2008 жылғы 15 қаңтар)

анықталмаған

3. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

міндетті зейнетақы қорын басқаруға рұқсат Армения Республикасының аумағында құрылған, зейнетақы қорларын (оның ішінде өзге де ұқсас инвестициялық қорларды) басқаруға мамандандырылған халықаралық қаржы ұйымы немесе шетелдік беделді ұйым болып табылатын, кем дегенде осындай 1 қатысушысы (акционері) бар басқарушыға берілуі мүмкін. Бұл ретте халықаралық қаржы ұйымы (ұйымдары) және (немесе) шетелдік беделді ұйым (ұйымдар) Армения Республикасының аумағында құрылған міндетті зейнетақы қорын басқарушының жарғылық капиталында дауыс беру құқығын беретін 50 % астам үлесті иеленуге тиіс және бұл ұйым (ұйымдар) міндетті зейнетақы қорын басқарушының стратегиясын айқындау, сондай-ақ басқарушының атқарушы органмен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру кезінде шешуші дауыс құқығына ие болуға тиіс.

Армения Республикасы Орталық банкінің 10/01 ережесі (2011 жылғы 2 мамырдағы № 116-Н) (33-тармақ)

анықталмаған

4. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

Армения Республикасының аумағында лицензияланған және тіркелген инвестициялық компаниялар, шетелдік инвестициялық компаниялардың филиалдары және банктер бағалы қағаздарды сақтаушы ретінде әрекет ете алады. Тек банк (Армения Республикасының аумағында лицензияланған және тіркелген) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын сақтаушы ретінде әрекет ете алады

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы
№ РЗ-195-Н Армения Республикасының Заңы (27-бап),
«Инвестициялық қорлар туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № РЗ-245-Н Армения Республикасының Заңы (86-бап)

анықталмаған

5. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

реттелетін нарық (биржа) операторы және Орталық депозитарий акционерлік қоғам түрінде ғана құрыла алады

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы № РЗ-195-Н Армения Республикасының Заңы (103, 175-баптар)

анықталмаған

6. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

Армения Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық депозитарий мәртебесін алған ұйым, Армения Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық депозитарий функциясын жүзеге асыратын Армения Республикасы аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы № ЗР-195-Н Армения Республикасының Заңы (175-бап)

анықталмаған

7. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

автокөлік құралдарын пайдаланудан туындайтын, жауапкершілікті міндетті сақтандыруды (ЖМС) жүзеге асыратын сақтандыру компаниялары бюросы пайда алу мақсатын көздемейтін заңды тұлғалар одағының ұйымдық-құқықтық нысанына ие болады. Бюро қызметінің мақсаты жәбірленуші адамдардың мүдделерін қорғау және ЖМС жүйесінің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Бюро өзін-өзі реттейтін жалғыз ұйым болып табылады, «Автокөлік құралдарын пайдаланудан туындайтын жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы» Армения Республикасының Заңына сәйкес ЖМС жүзеге асыруға құқығы бар сақтандыру компаниялары, ал көрсетілген Заңда көзделген жағдайларда – Армения Республикасының Орталық банкі де оның мүшелері болып табылады

«Автокөлік құралдарын пайдаланудан туындайтын жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы» 2010 жылғы 18 мамырдағы № РЗ-63-Н Армения Республикасының Заңы (3 және 28-баптар)

анықталмаған

8. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым пайда алу мақсатын көздемейтін заңды тұлға болып табылады және Армения Республикасының Орталық банкі оның құрылтайшысы болып табылады

«Жеке тұлғалардың банк салымдарын өтеуге кепілдік беру туралы» 2004 жылғы 24 қарашадағы № РЗ-142-Н Армения Республикасының Заңы (17-бап)



9. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеулер

кредиттік бюро акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық мамандандырылған ұйым болып табылады, оның Армения Республикасының Орталық банкі берген лицензияның негізінде кредиттік ақпаратты және оған қажетті басқа да мәліметтерді жинау, кредит тарихын жасау, ресімдеу, сақтау және солардың негізінде кредиттік баяндаманы жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар

«Кредиттік ақпарат айналымы және кредиттік бюролардың қызметі туралы» 2008 жылғы 22 қазандағы  № ЗР-185-Н Армения Республикасының Заңы (3-бап)

анықталмаған

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 18 ҚОСЫМША     

Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет