Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың



бет28/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45

көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың
төленуін бақылау тетігі туралы
ХАТТАМА

I. Жалпы ережелер



      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 71 және 72-баптарына сәйкес әзірленді және тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігін айқындайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «аудиторлық қызметтер» - бухгалтерлік есепке, салық және қаржы есептілігіне аудит жүргізу жөніндегі қызметтер;
      «бухгалтерлік қызметтер» - бухгалтерлік есепке қою, жүргізу, қалпына келтіру, салық, қаржы және бухгалтерлік есептілікті жасау және (немесе) тапсыру жөніндегі қызметтер;
      «жылжымалы мүлік» - жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар;
      «дизайнерлік қызметтер» - бұйымдардың, ғимараттардың қасбеттерінің көркемдік нысандарын, сыртқы келбетін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жөнінде қызметтер көрсету; көркемдік конструкциялау;
      «тауарлар импорты» - салық төлеушілердің (төлеушілердің) тауарларды бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкелуі;
      «инжинирингтік қызметтер» - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және өткізу процесін даярлау, өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, ауыл шаруашылығы және басқа да объектілерді салу мен пайдалануды дайындау жөніндегі инженерлік-консультациялық қызметтер, сондай-ақ жоба алды және жобалау қызметтері (техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, техникалық сынақтар және олардың нәтижелерін талдау);
      «құзыретті органдар» - мүше мемлекеттердің қаржы, экономика министрліктері, салық және кеден органдары;
      «консультациялық қызметтер» - басқарушылық, экономикалық, қаржылық (оның ішінде салықтық және бухгалтерлік) мәселелер бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру мен жүзеге асыру, персоналды басқару жөніндегі мәселелер бойынша тұлғаның проблемаларын және (немесе) мүмкіндіктерін айқындауды және (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар және өзге де нысандағы консультациялар беру жөніндегі қызметтер;
      «жанама салықтар» - қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС)  және акциздер (акциз салығы немесе акциздік алым);
      «маркетингтік қызметтер» - тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі мен айналысына қажетті экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты қызметтер;
      «салық төлеуші (төлеуші)» - мүше мемлекеттердің салықтарды, алымдарды және баж салықтарын салық төлеуші (төлеуші) (бұдан әрі - салық төлеуші);
      «ғылыми-зерттеу жұмыстары» - тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына негізделген ғылыми зерттеулер жүргізу;
      «жылжымайтын мүлік» - жер учаскелері, жер қойнауының учаскелері, оқшауланған су объектілері және жермен тығыз байланыстының барлығы, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін емес объектілер, оның ішінде ормандар, көп жылдық екпелер, ғимараттар, құрылыстар, құбыржолдар, электр беру желілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындар және ғарыш объектілері;
      «ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі» - нөл пайыз мөлшерлеме бойынша ҚҚС салу, ҚҚС тиісті сомаларын шегеру (есепке жатқызу) құқығын білдіреді;
      «тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстар» - жаңа бұйымдар үлгісін, оған арналған конструкторлық құжаттаманы немесе жаңа технологияны әзірлеу;
      «жұмыс» - нәтижелерінің материалдық көрінісі болатын және ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сатылуы мүмкін қызмет;
      «жарнамалық қызметтер» - белгісіз адамдар аясына арналған және кез келген құралдардың көмегімен және кез келген нысанда жеке немесе заңды тұлғаның тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, қызметтерге қызығушылығын қалыптастыруға немесе қолдауға бағытталған ақпаратты жасау, тарату және орналастыру жөніндегі қызметтер;
      «тауар» - сатылатын немесе сатуға арналған кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, энергияның барлық түрлері;
      «көлік құралдары» - теңіз және әуе кемелері, ішкі жүзу кемелері, аралас суларда жүзетін (өзен-теңіз) кемелері; жылжымалы темір жол құрамының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда, автомобильдер; жүк контейнерлері;
      «көрсетілетін қызмет» - нәтижелерінің материалдық көрінісі болмайтын қызмет осы қызметті жүзеге асыру процесінде сатылады және тұтынылады, сондай-ақ патенттерді, лицензияларды, сауда маркаларын, авторлық құқықтарды немесе өзге де құқықтарды беру;
      «ақпаратты өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер» - ақпаратты жинау мен қорытындылауды жүзеге асыру, ақпараттық массивтерді (деректерді) жүйелендіру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иелігіне беру жөніндегі қызметтер;
      «тауарлар экспорты» - салық төлеушілердің тауарларды бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетуі;
      «заң қызметтері» - құқықтық сипаттағы көрсетілетін қызметтер, оның ішінде консультациялар мен түсініктемелер беру, құжаттарды дайындау және сараптау, соттарда тапсырыс берушілердің мүддесін білдіру.

II. Тауарлардың экспорты кезінде жанама салықтарды қолдану


тәртібі

      3. Бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде аумағынан тауарлар әкетілген мүше мемлекеттің салық төлеушісі, осы Хаттаманың 4-тармағында көзделген құжаттарды салық органына ұсыну кезінде қосылған құн салығының (бұдан әрі - ҚҚС) нөлдік ставкасын және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолданады.


      Бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде салық төлеуші Одақтың шегінен тыс жерлерге осы мүше мемлекеттің аумағынан экспортталған тауарларға қатысты қолданылатын, мүше мемлекеттің осыған ұқсас заңнамасында көзделген тәртіппен салықтық шегерімдерді (есепке жатқызуларға) жүргізуге құқылы.
      Тауарларды өткізу орны, егер осы тармақпен өзгеше белгіленбесе, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.
      Тауарды бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі басқа мүше мемлекеттің салық төлеушісіне өткізген жағдайда Одақтың шегінен тыс жерлерге тауарды жеткізу (тасымалдау) басталған және басқа мүше мемлекетте аяқталған жағдайда, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен аумағына орналастырылатын мүше мемлекеттің аумағы тауарларды өткізу орны деп танылады.
      4. Аумағынан тауарлар әкетілген мүше мемлекеттің салық төлеушісінің ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін қолдануының және (немесе) акциздерді төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық органына салық декларациясымен бір мезгілде мынадай құжаттар (олардың көшірмелері) табыс етіледі:
      1) басқа мүше мемлекеттің салық төлеушісімен немесе Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісімен олардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі - шарттар (келісімшарттар); тауарлар лизингі немесе тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) жағдайында - лизинг шарттары (келісімшарттары), тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарттары (келісімшарттары); тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар); алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
      2) егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, экспортталған тауарларды өткізуден түсетін түсімнің экспорттаушы салық төлеушінің шотына нақты түсуін растайтын банктің көшірме-үзіндісі.
      Егер шартта (келісімшартта) қолма-қол ақша қаражатымен есеп айырысу көзделген жағдайда және мұндай есеп айырысу аумағынан тауарлар экспортталатын мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, салық төлеуші салық органына оның банктегі шотына алынған сомаларды салық төлеушінің енгізгенін растайтын банктің көшірме-үзіндісін (көшірме-үзіндісінің көшірмесін), сондай-ақ егер аумағынан тауарлар экспортталатын мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, аталған тауарларды сатып алушыдан түскен түсімнің нақты түсуін растайтын кассалық кіріс ордерлерінің көшірмелерін табыс етеді.
      Егер тауарлар меншік құқығының лизинг алушыға өтуі көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша әкетілген жағдайда, егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық төлеуші салық органына экспорттаушы салық төлеушінің шотына лизинг төлемінің (тауардың (лизинг мәндерінің) бастапқы құнын өтеу бөлігінде) нақты түсуін растайтын банктің көшірме-үзіндісін (көшірме-үзіндінің көшірмесін) табыс етеді.
      Сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялар, тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) беру жүзеге асырылған жағдайда экспорттаушы салық төлеуші салық органына көрсетілген операциялар бойынша алған (сатып алған) тауарлардың импортын (жұмыстардың орындалғанын, қызметтер көрсетілгенін) растайтын құжаттарды табыс етеді.
      Осы тармақта аталған құжаттар, егер оларды табыс ету Одақтың шегінен тыс жерлерге мүше мемлекеттің аумағынан экспортталған тауарларға қатысты мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмесе, онда салық органына табыс етілмейді;
      3) аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салықтық міндеттемелерді орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар мүше мемлекеттердің салық органдары бекіткен нысан бойынша толтырылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) (қағаз тасығыштағы түпнұсқада немесе мүше мемлекеттердің салық органдарының қалауы бойынша көшірмесінде) не болмаса өтініштердің тізбесі (қағаз тасығышта немесе салық төлеушінің электронды (электрондық цифрлық) қолтаңбасымен электронды түрде;
      Салық төлеуші өтініштердің тізбесіне жекелеген халықаралық ведомствоаралық шартта көзделген нысанда салық органына түскен ақпарат туралы өтініштердегі деректемелер мен мәліметтерді енгізеді.
      Өтініштер тізбесінің нысаны, оны толтыру тәртібі және пішімі мүше мемлекеттердің салық органдарының нормативтік құқықтық актілерінде не мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      Бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін тауарларды өткізген және оларды осы екінші мүше мемлекеттің аумағындағы еркін кеден аймағының немесе еркін қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда, өтініштің орнына бірінші мүше мемлекеттің салық органына екінші мүше мемлекеттің кеден органы растаған кедендік декларацияның көшірмесі беріледі, оған сәйкес мұндай тауарлар еркін кеден аймағының немесе еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылады;
      4) бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілгенін растайтын, мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген көліктік (тауарларға ілеспе) және өзге де құжаттар. Егер тауарларды өткізудің, оның ішінде тауарларды көлік құралдарын пайдаланбай өткізудің жекелеген түрлері үшін мүше мемлекеттің заңнамасында мұндай құжаттарды ресімдеу көзделмеген жағдайда көрсетілген құжаттар ұсынылмайды;
      5) аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін қолданудың және (немесе) акциздерді төлеуден босатудың негізділігін растайтын өзге де құжаттар.
      Егер салық декларациясымен бірге ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін  және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолданудың негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбау аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, өтінішті (өтініштер тізбесін) қоспағанда, осы тармақта көзделген құжаттар салық органына ұсынылмайды.
      Егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, егер осы тармақта көзделген құжаттар ҚҚС бойынша салық декларациясымен бірге берілген болса, олар акциздер бойынша тиісті салық декларациясымен бірге берілмейді.
      Осы тармақтың 1, 2, 4, 5-тармақшаларында және 3-тармақшасының төртінші абзацында көзделген құжаттар мүше мемлекеттердің салық органының нормативтік құқықтық актілерінде не мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен электронды түрде ұсынылуы мүмкін. Көрсетілген құжаттардың пішімін мүше мемлекеттердің салық органдары айқындайды не мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттар тауарларды тиеп-жөнелткен (берген) күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде салық органына ұсынылады.
      Бұл құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда жанама салықтардың сомалары аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ҚҚС-тың тиісті сомаларын шегеру (есепке жатқызу) құқығы беріле отырып, тауарларды тиеп-жөнелту күніне тұспа-тұс келетін салық (есептік) кезеңі үшін не мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге салық (есептік) кезеңі үшін бюджетке төленуге жатады.
      Тауарларды өткізу кезінде ҚҚС-ты есептеу мақсатында тауарларды сатып алушыға (бірінші тасымалдаушыға) ресімделген бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттың жасалу уақыты бойынша бірінші күн не ҚҚС салық төлеушісі үшін мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге міндетті құжаттың үзінді көшірмесінің күні тиеп-жөнелту күні болып танылады.
      Егер аумағында акцизделетін тауарлар өндірілген мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, өз шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді есептеу мақсатында тауарларды сатып алушыға (алушыға) ресімделген бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттың жасалу уақыты бойынша бірінші күн тауарларды тиеп-жөнелту күні болып; алыс-беріс шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акцизделетін тауарларды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күн тиеп-жөнелту күні болып танылады.
      Жанама салықтар төленбеген, толық төленбеген, осындай салықтар осы тармақта белгіленген мерзімдер бұзыла отырып төленген жағдайда, салық органы аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жанама салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алады, сондай-ақ жанама салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылыққа тарту шараларын қолданады.
      Салық төлеуші осы Хаттаманың 4-тармағында көзделген құжаттарды осы тармақта белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынған жағдайда, төленген жанама салық сомалары аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес шегеруге (есепке жатқызуға), қайтаруға жатады. Жанама салықтарды төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін төленген өсімпұлдар, айыппұлдар сомалары қайтаруға жатпайды.
      6. Мүше мемлекеттерге әкетілетін акцизделетін тауарлардың көлемі, тиеп-жөнелту күніне қолданыста болған акциздер мөлшерлемелері, сондай-ақ акциздер сомалары акциздер бойынша тиісті салық декларациясында көрсетілуге тиіс.
      7. Салық органы ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды, аталған салықтар бойынша салықтық шегерімдерді (есепке жатқызуларды) қолданудың негізділігін тексереді, сондай-ақ аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті шешім қабылдайды (шығарады).
      Салық органына Өтініш ұсынылмаған жағдайда салық органы бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына экспортталған тауарларды өткізу бойынша операцияларға қатысты бір мүше мемлекеттің салық органында екінші мүше мемлекеттің салық органынан жанама салықтарды толық көлемде төлеу (жанама салықтарды төлеуден босату) фактісін электронды түрде растауы болған кезде ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды, аталған салықтар бойынша салықтық шегерімдерді (есепке жатқызуларды) қолданудың негізділігін растау туралы шешім қабылдауға (шығаруға) құқылы.
      8. Егер тауарларды өткізу және жанама салықтарды төлеу туралы салық төлеуші ұсынған мәліметтер мүше мемлекеттердің салық органдары арасында белгіленген ақпарат алмасу шеңберінде алынған деректерге сәйкес келмесе, салық органы аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде жанама салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алады, сондай-ақ жанама салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілдерін және осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылық шараларын қолданады.
      9. Осы бөлімнің ережесі аумағында оларды дайындау бойынша жұмыстар орындалған бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына әкетілетін, оларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларға да қатысты ҚҚС бөлігінде қолданылады. Көрсетілген тауарларға алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлар жатпайды.
      10. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларға акциздерді салу үшін салық базасы оларға қатысты қатал (ерекше) акциз мөлшерлемелері белгіленген табиғи мәніндегі алыс-беріс шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлардың көлемі, саны (өзге де көрсеткіштері) ретінде не оларға қатысты адвалорлық акциздер мөлшерлемелері белгіленген алыс-беріс шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлардың құны ретінде айқындалады.
      11. Тауарлардың экспорты кезінде ҚҚС бойынша салық базасы, өткізілген тауарлардың бағасы өскеніне (кемігеніне) орай көбею (кему) жағына өзгерген не олардың тиісінше сапада болмауы және (немесе) тиісінше жиынтықталмауы себептері бойынша қайтарылуына байланысты өткізілген тауарлардың саны (көлемі) кеміген кезде, егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, экспортталған тауарлардың бағасын шартқа (келісімшартқа) қатысушылар өзгерткен (қайтаруды келіскен) сол салық (есептілік) кезеңінде түзетіледі. Тауарларды (лизинг мәндерін) бір мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарт) бойынша, тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарты (келісімшарты) бойынша, тауарларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша әкетілген кезде салық органына осы Хаттаманың 4-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесі және (немесе) акциздерді төлеуден босату (егер мұндай операция мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес акциздер салынуға жатса) қолданылады.
      Бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарларды (лизинг нысанасын) әкету кезінде ҚҚС бойынша салық базасы әрбір лизингтік төлемі тиесілі болатын тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бөлігі мөлшерінде әрбір лизингтік төлемдерді төлеу үшін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген күнге айқындалады.
      Салықтық шегерімдер (есепке жатқызулар) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен әрбір лизингтік төлем бойынша тауарлардың (лизинг нысанасының) құнына тиесілі бөлігіне жүргізіледі.
      Бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарты (келісімшарты) бойынша тауарларды әкету кезінде ҚҚС бойынша салық базасы - шартта (келісімшартта) көзделген, берілген (ұсынылған) тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны болмаған жағдайда - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны болмаған жағдайда есепке алуда көрсетілген тауарлардың құны болып табылады.
      12. Жанама салықтардың толық төленуін қамтамасыз ету үшін салық салу мақсатында мүше мемлекеттің бағаларды айқындау қағидаттарын реттейтін заңнамасы қолданылуы мүмкін.

III. Тауарлардың импорты кезінде жанама салықтарды алу тәртібі



      13. Бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды алуды (осы Хаттаманың 27-тармағында белгіленген және (немесе) еркін кеден аймағының және еркін қойманың кедендік рәсімдеріне орналастыратын импортталатын тауарларды қоспағанда) аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық органы, арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерді қоса алғанда, оның ішінде осы Хаттаманың 13.1 - 13.5-тармақтарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, салық төлеушілерді - тауар иелерін есепке қою орны бойынша жүзеге асырады.
      Осы бөлімнің мақсаттары тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісімшартпен) көзделген тұлға тауарлардың иесі болып танылады.
      13.1. Егер тауарлар бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі мен екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт (келісімшарт) негізінде сатып алынса, жанама салықтарды төлеуді аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлардың иесі, не егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, комиссионер, сенім білдірілген адам немесе агент жүзеге асырады.
      13.2. Егер тауарлар бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі мен екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт (келісімшарт) негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар үшінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталса, жанама салықтарды аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлардың иесі төлейді.
      13.3. Егер бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісіне комиссионер, сенім білдірілген адам немесе агент арқылы өткізсе және бірінші не үшінші мемлекеттің аумағынан импорттаса, жанама салықтар төленбеген тауарларды сатып алса, жанама салықтарды төлеуді аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлардың иесі не, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, комиссионер, сенім білдірілген тұлға, агент жүзеге асырады.
      13.4. Егер бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі осы мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісі бұрын импорттаған, ол бойынша жанама салықтар төленбеген тауарларды сатып алса, жанама салықтарды төлеуді аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлардың иесі не, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, комиссионер, сенім білдірілген тұлға немесе агент (егер тауарларды комиссионер, сенім білдірілген тұлға немесе агент арқылы екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізген жағдайда) жүзеге асырады.
      Егер бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі осы мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісімен комиссия, тапсырма шарты (келісімшарты) немесе агенттік шарты (келісімшарты) бойынша комиссионер, сенім білдірілген адам немесе агент (осы мүше мемлекеттің салық төлеушісі) бұрын импорттаған, ол бойынша жанама салықтар төленбеген тауарларды сатып алса, онда жанама салықтарды төлеуді аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық төлеушісі — тауар иесі не, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, комиссионер, сенім білдірілген адам немесе тауарды импорттаған агент жүзеге асырады.
      13.5. Егер тауарлар бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі мен Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт (келісімшарт) негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар екінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталса, жанама салықтарды аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлар иесі не, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса - комиссионер, сенім білдірілген тұлға немесе агент (егер тауарлар комиссионер, сенім білдірілген тұлға немесе агент арқылы өткізілген жағдайда) төлейді.
      14. ҚҚС-ты төлеу мақсаттары үшін салық базасы сатып алынған тауарлардың (оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың), сондай-ақ тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарты (келісімшарт) бойынша алынған тауарлардың, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын тауарлардың және акцизделетін тауарлар бойынша төленуі тиіс акциздердің құны негізінде салық төлеушідегі импортталған тауарларды есепке алуға қабылдау күніне (бірақ аумағына тауарлар импортталатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей) айқындалады.
      Сатып алынған тауарлардың (оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың) құны шарт (келісімшарт) талаптарына сәйкес тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін жеткізушіге төленуге тиіс мәміле бағасы болып табылады.
      Тауар айырбас (бартерлік) шарты (келісімшарты) бойынша, сондай-ақ тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарты (келісімшарты) бойынша алынған тауарлардың құны шартта (келісімшартта) көзделген тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны болмаған жағдайда - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны болмаған жағдайда - есепке алуда көрсетілген тауарлардың құны болып табылады.
      Тауарлардың (оның ішінде оларды шығару жөніндегі шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың) шет ел валютасында көрсетілген құнының салық базасын айқындау мақсаттары үшін тауарларды есепке алуға қабылдау күніне мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің бағамы бойынша ұлттық валютада қайта есептеледі.
      Бір мүше бір мемлекеттің аумағына алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері екінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталған кезде салық базасы алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың және акцизделетін қайта өңдеу өнімдері бойынша төлеуге жататын акциздердің құны ретінде айқындалады. Бұл ретте шетел валютасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жұмыстарын орындау құны қайта өңдеу өнімдерін есепке алуға қабылдау күніне мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
      15. Бір мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің аумағынан меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарларды (лизинг нысанасын) әкелу кезінде салық базасы лизинг шартымен (келісімшартымен) оны төлеген күнге көзделген тауардың (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі мөлшерінде (төлемнің нақты мөлшері мен жүзеге асырылған күнге қарамастан) айқындалады. Шетел валютасындағы лизингтік төлем мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің салық базасын айқындаудың тиісті кезіне (күніне) тұспа-тұс келетін күнгі бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
      16. Импортталған акцизделетін тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын, оларға қатысты қатал (ерекше) акциз мөлшерлемелері белгіленген табиғи мәніндегі көлемі, саны (өзге де көрсеткіштері) не оларға қатысты адвалорлық акциз мөлшерлемелері белгіленген импортталған акцизделетін тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың құны акциз салу үшін салық базасы болып табылады.
      Акциздерді есептеу үшін салық базасы импортталған акцизделетін тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын, тауарларды салық төлеуші есебіне қабылдаған күні (бірақ, аумағына акцизделетін тауарлар импортталған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей) айқындалады.
      17. Бір мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталған тауарлар бойынша төленуі тиіс жанама салықтардың сомасын салық төлеуші аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемелері бойынша есептейді.
      18. Жанама салықтарды төлеудің толықтығын қамтамасыз ету үшін салық салу мақсатында мүше мемлекеттің бағаларды айқындау қағидаттарын реттейтін заңнамасы қолданылуы мүмкін.
      19. Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді қоспағанда, жанама салықтар:
      импортталған тауарларды есепке қабылдаған;
      лизинг шартымен көзделген төлем мерзімі айынан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.
      Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
      20. Салық төлеуші салық органына импортталған тауарларды есепке қабылдаған айдан (лизинг шартымен (келісімшартымен) көзделген төлем мерзімінен) кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген нысан бойынша не аумағына тауарлар импортталған, оның ішінде лизинг шарты (келісімшарты) бойынша импортталған мүше мемлекеттің құзыретті органы бекіткен нысан бойынша тиісті салық декларациясын ұсынуға міндетті. Салық декларациясымен бірге салық төлеуші салық органына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) қағаз тасығышта (төрт данада) және электронды түрдегі Өтініш не электронды (электрондық-цифрлық) қолтаңбамен электронды түрдегі Өтініш;
      2) егер мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың нақты төленгенін растайтын банктің көшірме-үзіндісі немесе жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын растайтын өзге құжат. Бір мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің аумағынан тауарларды импорттау кезінде, сондай-ақ мүше мемлекеттің аумағына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу кезінде салық төлеушіде қайтаруға (есепке жатқызуға) жататын артық төленген (өндіріліп алынған) салықтардың, алымдардың сомалары не жанама салықтардың сомалары болған жағдайда салық органы аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оларды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу есебіне есепке жатқызу туралы шешім қабылдайды (шығарады). Бұл жағдайда импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың нақты төленгенін растайтын банктің көшірме-үзіндісі (оның көшірмесі) ұсынылмайды. Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар лизинг шартында (келісімшартымен) көзделген төлем мерзімі басталған кезде
ұсынылады;
      3) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын көліктік (тауарларға ілеспе) құжаттар және (немесе) өзге құжаттар. Аталған құжаттар, егер тауарларды өткізудің, оның ішінде көлік құралдарын пайдаланбай өткізудің жекелеген түрлері үшін мүше мемлекеттің заңнамасында мұндай құжаттарды ресімдеу көзделмеген жағдайда ұсынылмайды;
      4) егер шот-фактураларды жазып беру (үзінді беру) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда тауарларды тиеп-жөнелту кезінде мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
      Егер шот-фактураларды жазып беру (үзінді беру) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмесе не тауарларды Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынатын болса, онда салық органына шот-фактураның орнына импортталған тауарлардың құнын растайтын, сатушы жазып берген (үзінді берген) өзге құжат (құжаттар) ұсынылады;
      5) негізінде мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталған тауарлар сатып алынған шарттар (келісімшарттар); тауарлар лизингі (лизинг нысанасы) жағдайында - лизинг шарттары (келісімшарттары); тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) жағдайында - тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарттары (келісімшарттар); тауарларды шығару туралы шарттар (келісімшарттар), алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
      6) бір мүше мемлекеттің салық төлеушісіне екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісі (осы Хаттаманың 13.2 - 13.5-тармақтарында көзделген жағдайларда) не үшінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізуші, Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі берген, үшінші мүше мемлекеттің салық төлеушісі туралы және импортталған тауарларды сатып алу туралы осы үшінші мүше мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) туралы мынадай мәліметтер жөніндегі ақпараттық хабарлама (басшысы дара кәсіпкер) қол қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған):
      тұлғаны мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіру нөмірі;
      мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның дара кәсіпкердің) толық атауы;
      мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) жері;
      шарт (келісімшарт) нөмірі мен күні;
      ерекшелік нөмірі мен күні.
      Егер тауарлар сатып алынатын мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізілетін тауарлардың иесі болып табылмаған жағдайда (комиссионер, сенім білдірілген тұлға немесе агент болып табылса), онда осы тармақшаның екінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың иесіне қатысты да ұсынылады.
      Ақпараттық хабарлама шет тілінде ұсынылған жағдайда орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.
      Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың 5-тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылған жағдайда ақпараттық хабарлама ұсынылмайды;
      7) комиссия шарттары (келісімшарттары), тапсырма немесе агенттік шарт (келісімшарт) (олар жасалған жағдайда);
      8) негізінде комиссия шарттары (келісімшарттары), тапсырма немесе агенттік шарт (келісімшарт) бойынша мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортталған тауарлар сатып алынған шарттар (келісімшарттар) (жанама салықтарды комиссионер, сенім білдірілген адам немесе агент төлейтін жағдайларды қоспағанда, осы Хаттаманың 13.2 - 13.5-тармақтарында көзделген жағдайларда).
      Осы тармақтың 2 - 8-тармақшаларында көрсетілген құжаттар мүше мемлекеттердің салық органының нормативтік құқықтық актілерінде не мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған көшірмелерде немесе мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен электрондық түрде ұсынылуы мүмкін. Аталған құжаттардың пішімін мүше мемлекеттердің салық органының нормативтік құқықтық актілерімен не мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша ҚҚС-ты бірінші төлеген кезде салық төлеуші салық органына осы 1 - 8-тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады. Одан әрі салық төлеуші салық органына салық декларациясымен бірге осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады.
      Өтініштер мен ақпараттық хабарламаны қоспағанда, осы тармақта көрсетілген құжаттар, егер оларды салық декларациясымен бір мезгілде ұсынбау аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің заңнамасынан өрбісе, салық органына ұсынылмайды.
      21. Нақтыланған Өтініш (бұрын ұсынылмағанның орнына) қағаз тасығышта (төрт данада) және электронды түрде не салық төлеушінің электронды (электрондық-цифрлық) қолтаңбасымен электронды түрде ұсынылады. Нақтыланған Өтінішпен (бұрын ұсынылғанның орнына) бір мезгілде, егер олар бұрын салық органына ұсынылмаған болса, осы Хаттаманың 20-тармағы 2 - 8-тармақшаларында көзделген құжаттар ұсынылады.
      Егер нақтыланған Өтінішті (бұрын ұсынылғанның орнына) ұсыну бұрын ұсынылған салық декларациясына өзгерістер енгізуге әкеп соқпаса, онда, егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық төлеуші нақтыланған (қосымша) салық декларациясын ұсынбайды. Мұндай нақтыланған Өтінішті ұсыну тауарлардың импорты кезінде төленген, бұрын шегерімге жатқызуға қабылданған ҚҚС сомасын қайта қалпына келтіруге алып келмейді.
      Нақтыланған Өтініш (бұрын ұсынылғанның орнына) мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайларда ұсынылмайды.
      22. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлемеген, осындай салықтарды осы Хаттаманың 19-тармағында белгіленген мерзіммен салыстырғанда әлдеқайда кеш мерзімде төлеген жағдайларда, сондай-ақ салық декларацияларын ұсынбау, оларды осы Хаттаманың 20-тармағында белгіленген мерзімді бұза отырып, ұсыну фактілері анықталған жағдайда, не салық декларацияларында көрсетілген деректердің мүше мемлекеттердің салық органдары арасындағы ақпарат алмасу шеңберінде алынған деректермен сәйкес келмеген жағдайларда салық органы аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жанама салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алады, сондай-ақ жанама салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылық шараларын қолданады.
      23. Импортталған тауарларды оларды есепке қабылданған айда қайтарған кезде егер тауарлар тиісінше сапалы болмауы және (немесе) тиісінше жиынтықталмауы себептері бойынша қайтарылса, бұл тауарлар импорты бойынша операциялар салық декларациясында көрсетілмейді.
      Тауарларды тиісінше сапалы болмауы және (немесе) жиынтықталмауы себептері бойынша қайтару шарттың (келісімшарттың) қатысушылары келіскен талап қоюмен, сондай-ақ осындай тауарлармен одан әрі операциялар жасауға арналған тиісті құжаттармен расталуға тиіс. Мұндай құжаттарға тауарларды қабылдау-беру актілері (қайтарылған тауарларды тасымалдау болмаған жағдайда), көліктік (тауарлардың ілеспе) құжаттар (қайтарылған тауарларды тасымалдаған жағдайда), жою актілері немесе өзге де құжаттар жатады. Осындай тауарлар ішінара қайтарылған жағдайда көрсетілген құжаттар (олардың көшірмелері) салық органдарына осы Хаттаманың 20-тармағында көзделген құжаттармен бірге ұсынылады.
      Импортталған тауарларды олар есепке алуға қабылданған ай біткен соң көрсетілген себептер бойынша қайтарған кезде салық төлеуші тиісті нақтыланған (қосымша) салық декларациясын және осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген құжаттарды (олардың көшірмелерін) салық органына ұсынады.
      Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген құжаттар мүше мемлекеттердің салық органдарының нормативтік құқықтық актілерімен немесе мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте электронды түрде ұсынылуы мүмкін. Көрсетілген құжаттардың пішімі мүше мемлекеттердің салық органдарымен не мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Тауарлар тиісінше сапалы болмауы және (немесе) тиісінше жиынтықталмауы себептері бойынша ішінара қайтарылған жағдайда, ішінара қайтарылған тауарлар туралы мәліметтерді көрсетпей-ақ салық органына нақтыланған (бұрын ұсынылғанның орнына) Өтініш ұсынылады. Көрсетілген Өтініш не қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электронды түрде немесе салық төлеушінің электронды қолтаңбасы қойылған (электрондық-цифрлық) электронды түрде ұсынылады.
      Тиісінше сапада болмауы және (немесе) тиісінше жиынтықталмауы себептері бойынша, мәліметтері бұрын ұсынылған Өтініште көрсетілген барлық тауарлар толығымен қайтарылған жағдайда, салық органына нақтыланған (бұрын ұсынылғанның орнына) Өтініш ұсынылмайды. Салық төлеуші мүше мемлекеттердің салық органдарының нормативтік құқықтық актілерінде немесе мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша және тәртіппен толығымен қайтарылған тауарлар туралы мәліметтер көрсетілген, бұрын ұсынылған Өтініштегі деректемелер туралы салық органына хабарлайды.
      Тауарлар тиісінше сапада болмауы және (немесе) тиісінше жиынтықталмауы себептері бойынша ішінара немесе толығымен қайтарылған жағдайда, бұл тауарларды импорттаған кезде бұрын төленген шегерімге қабылданған ҚҚС сомаларын қалпына келтіру, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше көзделмесе, тауарларды қайтару жүргізілген салықтық кезеңде жүргізіледі.
      24. Салық төлеушінің тауарларды есепке алып қабылдағаннан ай өткен соң олардың бағасы көтеріліп, импортталған тауарлардың құны өскен жағдайда, ҚҚС-ты төлеу мақсаттары үшін салықтық база импортталған тауарлардың өзгертілген және алдыңғы құны арасындағы айырмаға көбейтіледі. ҚҚС-ты төлеу және салық декларациясын тапсыру шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Сатып алынған импортталған тауарлардың өзгертілген және алдыңғы құны арасындағы айырма салық төлеуші салық органына бір мезгілде тапсыратын салық декларациясында:
      өтініш (өзгертілген және алдыңғы құн арасындағы айырма көрсетілген) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электронды түрде немесе салық төлеушінің электронды қолтаңбасымен (электрондық-цифрлық) электронды түрде;
      импортталған тауарлардың бағасы өскенін, шот-фактураның түзетілгенін (егер оны шығару (көшіру) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделгенін) растайтын шарт (келісімшарт) немесе шарттың (келісімшарттың) қатысушыларымен көзделген өзге де құжаттар ұсынылады. Көрсетілген құжаттар мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмеде немесе мүше мемлекеттердің салық органдарының нормативтік құқықтық актілерінде не мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен электронды түрде ұсынылады. Көрсетілген құжаттардың пішімі мүше мемлекеттердің салық органдарының нормативтік құқықтық актілерінде не мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      25. Мүше мемлекеттің аумағында импорты оның заңнамасына сәйкес жанама салықтарды төлеусіз жүзеге асырылған тауарлар босату немесе өзге төлеу тәртібі берілген мақсаттарда емес, өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда мұндай тауарлардың импортына осы бөлімде белгіленген тәртіппен жанама салықтар салынуы тиіс.
      26. Бір мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталған тауарлар бойынша төленген (есепке жатқызылған) жанама салықтардың сомалары аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен шегерулерге (есепке жатқызуларға) жатады.
      27. Акциздік маркалармен (есепке алу-бақылау маркаларымен, белгілермен) таңбалануға жататын тауарлар бойынша акциздерді алуды, егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, мүше мемлекеттің кеден органдары жүзеге асырады.

IV. Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет