Әзілхан Нұршайықов



бет2/26
Дата12.10.2023
өлшемі158 Kb.
#480591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Қалбада қанаттанған қырандар

Бекежан Тілегенов - /1934ж. Георгиевка - 1996ж. Алматы/ - жазушы, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. ""Лениншіл жас" газетінде, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында істеді, Қазақстан КП ОК-де, Апматы облыстық партия комитетінде жауапты қызмет атқарды. 1975ж. Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы, ""Жұлдыз" журналының бас редакторы, ""Аққайнар", ""Уақыт", ""Атамекен", ""Тұйық өмірдің құпи-ясы", ""Сексен алтыншы жыл", ""Қара жел" романдарын жазды. Көртеген зерттеу мақалаларының авторы. ""Қазақ әдебиетінің ұлттық негізінің баю жолдары" монографиялық еңбегі үшін филология ғылымдарының кандидаты атанды.
Кеңесбек Қалиев-/1937ж. Зайсан - 1986ж. Шар/-ақын. Зайсан, Шар аудандарында кеңес, комсомод ша-руашылық жұмыстарында басшылықта болды. Алғаш туындылары студенттік кезінен бастап ""Жас алаш", ""Семей таңы", ""Коммунизм туы" газеттерінде жарияланды. КСРО Жазушылар Одағының мүшесі. Оның ""Ақ қанат", ""Саумал", ""Дала тынысы", ""Көгілдір көктем келгенде" жинақтарына енді. Семей өңірінің мәдениет тарихына арналған ""Семей сазы" атты поэма жазды. Ол бірнеше рет Шар ауданы атынан ақындар айтысына қатысып, жүлде алды.
Сыдықов Мүбәрәк Қалиұлы /1926ж. Жарма ауданы, 8-ші Март ауылы 1986ж. Алматы/ - дарынды журналист. 1957ж. Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. Шардағы мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс берді. ""Қазақстан әйелдері", ""Қазақ әдебиеті" журнал-дарында жұмыс істеді. Журналистер Одағының мүшесі. ""Ар мен Шер" романының авторы.
Зүкенов Мәуітқазы Омартегі - 1933ж. қазіргі Қызылағаш округіне қарасты ""Аққұлын" бұлағының бойында туған. Ақын, журналист, ұстаз. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Қызылағаш мектебінде мүғалім, ""Қалбатау" совхозы жүмысшылар комитетінің төрағасы, ""Рауан"-"Восход" - газеті редакторының орынбасары болып қызмет атқарды. ""Михайловка", ""Скотовод" совхоздарында халық театры мен ұлт аспаптар оркестрін құрды. Бірнеше ән шығарды. 1999ж. әр жылдары жазған өлеңдері, поэмаларынан үзінділер кірген ""Бес белес", 2000ж. соғыс майдангерлерінің ерліктері жайлы ""Дала қырандары" кітабы шықты. Ол 9 рет аудандық, облыстық айтыстарға қатысып жүлде алды.
Жұмағұлов Еркін - Үшбиік өңірінде ауыл экономикасын көтеруде өнімді еңбек етіп, ел басқарған аяулы азамат. Ауданнан шыққан белгілі өнер адамдары туралы зерттеулер жүргізіп, олардың ел аузындағы шығармаларын жинаумен айналысты. Ақтайлақ бидің шежіресін жеке кітап етіп шығаруда көп еңбек сіңірді. Ақын Әріп жөнінде келемді поэма жазып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет