Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуы және Жапония социалистік қозғалыстың бағыты



бет2/3
Дата11.06.2016
өлшемі360.5 Kb.
#128293
1   2   3

1.2 Жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуы және Жапония социалистік қозғалыстың бағыты

Жапония капитализмінің туындап, дамуының өз ерекшелігі елдегі әлеуметтік-экономикаға, діни правоға, философия-этикаға және Жапония бұқара халқының дүниеге деген таным-көзқарасына өз ізін терең салып кетті. Жапония жұмысшы табының басым бөлігі ұзак уақыт бойы, деревнялық патриархалдық, крепостниктік және билеуші күштің алдында бой көтермеу әдетін сақтады. Соған қарамастан, басқа да елдер сияқты Жапонияда капитализм, феодалдық коғамның қалған көптеген кедергілер арасынан, өзіне өндіріс күшін дамытуға және фабрика-завод пролетариатының қалыптасуына жол салып отырды. Осы жағдайға байланысты, Жапония капитализімінің дамуының өзінше екі ерекшелігін КПЯ-ның Орталық Комитетінің секретариатының жетекшісі Тэцудэо Фуво көрсетті. Біріншіден, Европа елдерінен Жапония буржуазиясының айырмашылығы сол «Буржуазиялық-демократиялық жолды дамытудың орнына, керісінше алғашқы кезден бастап, абсолюттік монархиялық құрылыс жағдайында бостандык пен демократияны тұншықтыруды қолдап, ірі буржуазия, паразиттік помещиктермен абсолютті-монархиялык құрылыска сіңісіп, мелитаризм және агресиялық соғыс саясатын колдап, «елдің байлығы - армияның күшінде» деген ұранмен бостандык пен демократияны» езіп келді. Бұл ерекшеліктерден туындайтын екінші ерекшелігі. Екіншіден, Тэцудео Фуваның пікірі бойынша, Жапонияда «Бостандық және демократия үшін күресті, сонау бастан халықтың иығына салып, әсіресе, жұмысшы табы мен оның партиясы алға бастады». Жапония пролетариаты да, баска Батыс елдерінің пролетариаты секілді, бүкіл даму стадияларынан өтті, предпролетариат, мануфактуралық пролетариат және фабрика -завод пролетариаты. ¥зақ уақыт бойы қаналушы масса болып келген жұмысшы тобы, біртіндеп экономикалык әлеуметтік күреске араласып, маңызды орын ала бастады. Осыдан келіп қоғамдық саналы күшке айналу процесі басталды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Жапон өнеркәсібі шашырады, ұсақ болуына байланысты жұмысшы табының да бірігіп орталықтануына зиянын тигізді. Меидзи дәуірінің буржуазиялық революциясы салдарынан қолөнершілердің цехтық советінің қирауына әкеліп сокты. Жұмысшы одағын құру мүмкін болмады, үкімет оған жол бермеді. 1985 жылы үкімет «қалалық жағдай» жариялап, кәсіподақ құруға рұқсат бергенімен, стачка, забастовка жасауға атаң тиым салды.

Мейдзи революциясынан кейін өнеркәсіптің қаулап өсуіне байланысты, Жапония жұмысшы табының да қалыптасуын тездетті. ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында жұмысшы табының саяси өмірге араласуы төмен болса, 90-шы жылдардың өзінде күрес формасы забастовкаға ұласты. 1887 жылы Токасима шахтасында үш рет көтеріліске шығып, үшеуінде де полиция қатаң басып тастады. Егер, 1883 жылы 3 конфликт болып оған 490 адам қатысса, 1896 жылы 27 забастовка болып, оған 6315 жұмысшылар мен қызметкерлер қатысты. Стачкалык күрестің авангарды шахтерлер, порттық жүк тасушылар, тас қашаушылар, ағаш шеберлері болды. ІХ ғасырда пролетариат жағдайы өте төмендеп кетті. Капиталистік, өндірістік иелері жұмысшылардың жағдайымен санаспады. Бұл туралы Жапония баспа беттерінде алғаш рет реформистік позицияда тұрған «Кокуминна томо» журналында жазды. 80-90 жылдары қарсаңында кәсіподақтар құруы алғашқы қадамдар жасады. Әсіресе, типография металлистер белсенділік көрсетті. 1887 жылы ақпан айында алғашқы кәсіподақтар құрылды. 1889 жылы Бэндэо-Одзава металистердің одағын құрды. Бірақ, одақ көп өмір сүрген жоқ. 1889 жылы 1600 жұмысшыны қамтыған тас қашаушылар мен жер қазушылардың одағы құрылды. Осы жылы металистердің кәсіподағы және типография қызметкерлері құрылды. Ең алғашқы құрылған қоғамдар мен одақтар әлі де болса ескі цехтық типте болды, тәжірибелері аз болғандықтан кәсіподақ деген ұйымның ролін барынша атқара алмады. ХІХ ғасырдың аяғында пролетариат толық қалыптасып бітпеген еді. Соған қарамастан, алғашқы одақтардың мәні зор болды. Пролетариаттың өз правалары үшін күресі басталғанын дәлелдеді. Ең алғашқы жұмысшылардың кәсіподақтары туралы В.И.Ленин былай деп жазды: «Капитализмнің алғашқы даму кезеңіне жұмысшы табының бытыраңқы және әлсіз жағдайынан осындай ғажайып прогреске жол бастауы жұмысшы табының орталыктануының алғы қадамы еді». [7; 48]

70-80 жылдары «Движение за свободу и народные права» деген атпен халық арасында қозғалыс басталды. 1880 жылы парламентті жақтаушылар одағы құрылды. «Бостандық және халықтар правосы үшін» басталған қозғалыс кең қанат жайды. Бұл қозғалысқа Жапония халқы, қатаң репрессияға қарамай, абсолюттік монархияны құлату және конституция қабылдау, парламенттік система құру, сөз бостандығы, баспа бостандығы т.б. демократиялық ұрандармен қозғалысқа кеңінен қатысты. Абсолюттік монархия бұл қозғалысты басып тастағанымен, Жапония халқының демократиялық күрестегі жолына негізінен қалады.

Бұл қозғалыстың жетістігінің бірі - Императорлық үкімет 1881 жылы Конституция қабылдап, «парламент» құру туралы мәселе көтерді. «Бұл қозғалыс пролетариаттың сана-сезімінің оянуына және пролетариаттың бірігуіне тікелей араласпаса да үлкен әсерін тигізді». Жапония Европа елдерінен өндірістік шоғырлану жағынан қаншалықты қалса, социалистік идея жағынан соғұрлым артта еді. Жапония жаңа алдыңғы қатарлы технологиямен қатар Европада кең етек алған әлеуметтік-экономикалық идея философиядан да сабақ алды. 1867-1868 жылдардағы аяқталмай қалған буржуазиялық революциядан кейін, Жапонияның прогресшіл көзқарастағы қайраткерлер көп уақыт бойы «либерализм» идеяларының шырмауында болды. «Бостандық және халық правосы үшін» қозғалыстан соң барып, солшыл қанаттағы азғана жер иемденуші шаруалардан құралған топ, енді утопиялық және ұсақ буржуазиялық социализм теориясына көңіл бөле бастады. 70-80 жылдарында Жапониядағы социалистік қозғалыстың жағдайын, совет-жапонис тарихшысы Д.И.Гольденберг Европадағы 1848-1871 жылдардағы ұсақ буржуазиялық социалистік теорияның ықпалымен салыстырды. Батыстағы революциялар туралы естігенде, әсіресе Париж коммунасы, Жапония сырт дүниеден қаншалықты жасанды түрде оқшау тұрса да, қоғамның прогрессивтік тобын оятты. Жапония, Россия сияқты капитализм жолына кеш түсуі және әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақындығы Жапонияның орыс халықшылдығына деген көңілін аударды. Жапония қоғамына Европа ревалюциялық қозғалысы үлкен әсерін тигізді. Газет-журналдарда алғаш рет «Коммунист», «Комунизм», «социализм», «социалистік партия» деген сөздер пайда бола бастады.

1881 жылы «Повестки о женщинах-геройнях Европы» 1882 жылы «Российская сенсация - отважная девушка - преступница» деген Вера Засулич туралы екі кітап шықты. Сол жылы «положение партии русских негелистов» деген еңбекте алғаш рет Маркс, Капоткин, Бакуниндердің есімдері жазылды. Бір жылдан кейін жасырын түрде Степняктың «Потпольная Россия» деген еңбегі шықты, бұл еңбекті аударған Мурю Миядзакиді түрмеге қамады. Кең түрде тараған идеялардың бірі - утопиялық социализм теориясы Т.Мордың, Р.Оуэн, Сен Симом еңбектері және социализм туралы ұсақ буржуазияның ой-пікірлері Ф.Лассоль, Л.Бланк т.б. «аграрлық социализм» Жапонияға социалистік идеялардың таратуының ерекшеліктерінің бірі, АҚШ-қа және Европада білім алу кезеңінде жүріп крестяньдық социализммен танысып, Отанға келер қызметтерін сол идеяларын таратумен бастады. Социалистік идеяларды таратуда негізгі рольге ие болған - Шығыс Социалистік партиясы 1882 жылы құрылған. Программасында негізінен «Бостандық және халық правосы үшін» қозғалысты дамыту керек делінген. Сэн Катаяма бұл партияны, яғни «Шығыстың социалистік партиясы» «пролетар партиясының бастамасы» деп баға берген. Билеуші топ бұл партияның қызметінен өз жауын көріп, жауып тастапты. Жұмысшы және социалистік қозғалыстың кең қанат жоюынан шошып, 1987 жылы «06 охране порядков» деген ең алғаш жұмысшы және социалистік қозғалысқа қарсы ең алғашқы полицейлік заң шықты. Бірақ, бұл заң жұмысшы және социалистік қозғалысқа бөгет бола алмады. Дәлел болатын жағдай 1892 жылы Шығыс бостандық партиясының құрылып, апта сайын шығып тұратын журналы. Партияға бірнеше қоғамдық организациялар мен қолөнершілер қоғамы және еңбекшілер кәсіподағы келіп қосылды.

Сэн Катаяма «Жапония социалистерінің, социализм идеяларын аз уақыт ішінде халық арасында таратуын мені қуантты, Репрессия социализімін даму қарқынын күшейтіп отырды. Енді, біз социалистерді қоғамдық өмірдегі әртүрлі топтар арасында қызу еңбектерін көрудеміз. Бұл қарқынның социализімін табысқа жететінін көрсетеді».

Утопиялық социализммен қатар, Жапонияда, «крестьяндық социализм» идеясы да тарады. Сэн Катаяма өзінің қызметінің алғашқы жылдарында хрестянствомен айналысып, бұл ағымның әлеуметтік проблемаларды шешу жолын «қозғаушы күш болады деп жазған» Интеллигентцияның басым бөлігі, орыс халықшылдарының бунтарлық идеологиясымен айналысты. Патша самодержавасының Жапон абсолютизімінің арасындағы көптеген жақындықтарды салыстыра келіп, Жапония абсолютизмінің кейбір фигураларды жою арқылы, қоғамдағы көптеген проблемаларды жоюға болады деп есептеді. 1906-1908 жылдары Жапонияда анархизм мен анархо-синдекализм кеңінен тарады. Қараңғы жұмысшы табының ұсақ буржуазия, реформизм мен легализмнен үміт үзген, енді анархизм арқылы көздеген мақсаттарына жетеміз деп ойлады.

1900-1910 жылдардағы Жапония өндірісінің дамуы өндірістердің бірігуімен капиталдың шоғырлануымен біріге өтті. Ірі концеріндер құрылып, басында көбіне бұрынғы сауда өндірістік фирмалардың иелері тұрды. Олардың қолында бүкіл байлық жиналып, Жапония өндірістерінің патшаларына айналды. Елдің дамуына ірі-ірі өндіріс гиганттарына, «Мицубиси», «Мицум», «Окура», «Суадуки», «Фурукава» сияқты концерндер үлкен роль атқарды. Өндірістердің құрылымының өзгеруімен қатар, енді жұмысшы табының алдында да үлкен бір мәселе пайда болды. Ескі кәсіподақтар күресі жаңа жағдайға сай келмеді. Енді капиталдың өзгерісіне қарсы жаңа жағдайға сай келмеді. Енді капиталдың өзгерісіне қарсы профессионалды организациялар қажет болды. Жапония пролетариаты біртіндеп күш жинап, өзгерістерінің арасынан жалынды жетекшілер шыға бастады.

XIX ғасырдың 90 жылдан бастап жұмысшы және социалистік қозғалыстың жаңа дәуірі басталды. Ол көрнекті Жапония револиционері Сэн Катаяманың есімімен байланысты. Сэн Катаяма бұқара халықтың арасынан шығып, өзінің өмірінің бәрін коммунизм идеалы жолында құрбан етті. 1974 жылдың 33 жылдың шет елде өткізуге тура келді, негізінен АҚШ және СССР-де тұрды. Сэн Катаяманың есімін бұл күнде, марксизм-ленинизм ісіне адал қызмет еткен тұлға ретінде құрмет тұтады [8; 125-200].

Жапония коммунистік партиясын қалаған Сэн Катаяма 1859 жылы 3 желтоқсанда тау арасындағы кішкене ғана Ходэги деревнясында үлкен шаруа отбасында дүниеге келді, шын аты-жөні Сугатаро Якуби. Әкесі Кунихэй Мидзуо, шешесі Китие Якуби жас кезінде Сугатараны шешесі тәрбиеледі, әкесі ол төрт жасқа толған кезде монастырға кетіп, будда сектасының монахы болып қалды, шешесі жас болса да екінші рет тұрмыс құрмай балаларын өзі тәрбиеледі. Бүкіл үй жұмысы мен дала жұмысы шешесінің қалуында болды.

1878 жылы Сугатаро Якуби империялық армияға шақырылуынан босану үшін, көрші деревнядағы шаруаның асырап алған баласы ретінде, соның фамилиясын алады. 15 жасына дейін тек шіркеу священниктеріне ғана білім алады. 15 жасында бастауыш класта оқып, 20 жасында Окаяма қаласындагы педагогикалық институтының тыңдаушысы болып жазылады. 1881 жылы Токиоға келіп, білімін толықтыру мақсатында туған үйінен алысқа қалтасында небәрі жеті инемен келеді. Кішкене типографияға жұмысқа орналасады, жұмысы өте ауыр болғандықтан ауырып, кейін өмір бойы сау ауру қинап шықты деп жазады. Алғаш білімін толық аяқтау мақсатымен 1884 жылы 26 қыркүйекте досы С.Ивасакидің шақыруымен Америкаға жүріп кетеді. Ол жақта оқу үшін ақша жағынан қатты қысылады. Өзінің естеліктерінде «оқуды жалғастыру үшін, мен кез-келген жұмыстарды істеуіме тура келеді, бір тілім нан үшін, мен еден жуып, аспаз көмекшісі қонақ үй ресторандарында күтуші немесе шөп шабу жер жырту, т.с.с. жұмыстарды атқаруыма тура келді».

Сэн Катаяманың Америкадағы білім алу жолы 12 жылға созылды. Аса қиын кезеңде Сэн Катаяма әлеуметтік проблемаларымен айналысып, өзіне қатты әсер еткен Лассальдың еңбектерімен танысады. 30 жасында Аиова штатындағы Гринель университетіне түсіп, классикалық бөлімінде үш жыл оқып өмірлік позициясы қалыптасты деп жазды. Әлеуметтік мәселелермен бір жола айналысуында кездейсоқ емес еді, сол кезде Европа әлеуметтік проблемаларын зерттеп жүрген, профессор Илидің еңбектерімен шұғылданды. Америкадағы әлеуметтік проблемаларға бетпе-бет кездескен Катаяма, кейіннен бұл саланы Англияда да жалғастырды. 1892 жылы университетті бітіріп, искусство Бакалавры деген степенге ие болды. 1894 жылы Англияда өткізген үш айында Англия бұқаралық қозғалысымен кәсіподактарының қызметімен танысып, оның еңбектерімен танысады. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерімен кездесіп, соның ішінде Том Манмен жеке танысады және социалист жұмысшы көсемдері Джон Борис, Англия парламентінің депутаты К.Гардидің еңбектерімен танысуы, Англия жұмысшы табының күресінің тәжірбесін жинақтауына көп көмектесті.

XIX ғасырдың 90 жылдары екінші жартысынан бастап, жаңа кезеңіндегі жұмысшы қозғалысы жиілеп, біріккен түрде өте бастады. 1900 жылы ақпанда теміржолшылардың ірі забастовкасы арқасында, жұмысшы күнін қысқартып, жалақыларын көбейтті. 1901 жылы наурызда Жапон жұмысшы достарының қоғамы (Нихон Родося Консэйкай) құрылып, ол 16 мың адам қатысқан митингі өткізді. Осы ірі жұмысшылар жиналысында Сэн Катаяма сөз сөйледі. Митингіде революция қабылданды, онда парламентке жұмысшылар арасынан куриялар сайлау, жастарға шеберхана мектептерін ашу, әйелдер мен балалардың жұмысын жеңілдету талаптарын койды [9; 200] .

Егер, жұмысшылар қозғалысының бірінші этапында тек әлеуметтік талаптар қоятын болса, енді екінші этапында елдегі саяси биліктің құрлысы туралы талаптар қоя бастады. Жерсіз қалған шаруалар, қайта жер талап ете бастады. 90 жылдың екінші бөлігінде «Арендаторлар қозғалысы» басталды, «косакунинундо» бұған фабрика-заводтардың жұмысшылары қосыла бастады.

Жапон-Қытай соғысынан кейін деп жазды Сэн Катаяма, Жапон капитализімінің дамуы, пролетариаттың бас көтеруімен бірге жүрді, пролетариат пассивті әрекеттен, белсенділікке көшті, дәл осы кезде социал-демократиялық қозғалыс пен жұмысшы бұқараның бірігуі жүріп жатты.

1897 жылдың 1 желтоқсаннан бастап, Сэн Катаяманың басшылығымен «Родосэкай» (Рабочий мир) атты журнал шыға бастады. Журнал бетінде, социализм және жұмысшы қозғалысы туралы үгіт
статьялары басылып отырды. Социалистік қозғалыстың өркендеуіне байланысты «Родо сэкай» журналы «С якайсюгися» (социалист) 13-ші нөмірінен кейін журналды конфискациялап, редакторы Катаямны сотқа шақырып, айыптаған соң, журналды «пролетариат» етіп өзгертіп, жасырын шығаратын болды.

1898 жылы Сэн Катаяма өзінің әріптесі С.Котоку және И.Абэмен біріге социализімді өзгерту қоғамын (Сякайсюги кэнкюкай) құрды. Кейіннен ол социализм қоғамы (Сякайсюги какай) болып өзгертілді. Бұл қоғам 1898 жылы 1тамызда Омиэ қаласындағы шойын қорыту жұмысшыларының митингісін өткізіп, 27 қыркүйекте Иокогама қаласындағы митингіде Жапон жұмысшылар одағының дүниежүзілік жұмысшы ассоциясында (МРА) қосылуы туралы шешім қабылданды. Осакодағы митингіде (1902 жылы 5 сәуірде) Батыс жұмысшыларының талаптарын қолдау туралы шешім қабылданды.

Осылайша, Жапония жұмысшылар қозғалысы, батыс елдерінің жұмысшыларымен байланысшысы, Жапония жағдайында үлкен мағынаға ие болды. Жапония билеуші тобы 1887 жылы шығарған «Тәртіпті қорғау» заңының әлсіз екеніне көзі жетіп, 1900 жылы жаңа қатаң заң «Қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау» (Дзиан кэйсацу Хо) қабылдады. Бұл заң қоғамдық қозғалыстар және жұмысшылардың стачкалары мен забаставкаларына қатаң бақылау қойды. Бүкіл саяси организациялар туралы, олардың суставы, программасы, мүшелерінің фамилиялары жөнінде мәлімдеме алып тұрды. Полицияларға күмәнді саяси құбылыстарға қатысты кең право берілді. Осындай «айдахар заңдары» арқылы билеуші топ Жапония жұмысшы қозғалысын басуға тырысты. Сэн Катаяма және алдыңғы қатарлы интеллигенцияның қайраткерлері, қарқындап келе жатқан жұмысшы қозғалысының саяси-идеялық қолдау жасау үшін, мықты социалистік идеямен қаруланған саяси партия құру қажеттігін түсінді. 1901 жылы майында алғаш рет әрекет жасады. Социал-демократиялық партия (Сякай минсюто) құру туралы жарияланды. Партия программасы монифест ретінде «Родо сэкай» журналында жарияланды. Монифест былай басталды «Байлар мен кедейлер арасындағы зор айырмашылықты қалай жою керек. Бұл XX ғасырдың аса маңызды проблемасы... Біздің партия халық мүддесін қорғау үшін дүниеге келді» [10; 25-36].

Бағдарламада сегіз принцип қабылданып, оның бірі «таптық қоғамды жою», «жерді қоғамдастыру, сонымен қатар, капитал мен өндіріс пайдаларын қоғамдастыру» туралы бекітілді. Бірақ, бұл партияның жаңа қабылданған заң негізіне сүйеніп жауып тастады. Утопиялық социализм, анархизм идеяларынан марксизмге жақындаған, қоғамның алдыңғы қатарлы интеллигенциясы ірі еңбектерін жаңа бастады.

Сэн Катаяманың 1903 жылы жазған «Наш социализм» 1903 жылы С.Котокудың «Сущность социализма» 1907 жылы У.Моритика және Т.Сакайдың «Основы социализма» деген еңбектері басылып шығып, Жапония халқының арасында социализм идеясын таратты. Осы кезеңде максизмнің жауы опартунистермен күрес жүргізу керек болды. Оппартунистер «ғылыми социализм» кебін киіп, Маркс және Энгельс идеяларын, жұмысшы табына экономикалық күресу жолына тұсу үшін қолданды. Осыған байланысты, марксистердің алдында маңызды проблема пайда болды: жұмысшы табын оппартунизм әсерінен арылтып, жұмысшы бұқарасынан реформистік иллюзиясынан арылтып, революция жолына тұсу қажет болды.

Оппартунизмге қатты соққы берген В.И.Ленин көптеген еңбектермен қатар «Не істеу керек?» деген еңбегінде маркстік ілімін жан-жақты талдап, маркизм идеясының туын жоғары көтеріп, социалистік идеяны бейбіт күресінің құралы деп ретінде көрсетті.

Сэн Катаяма өз тіліне Маркс пен Энгельстің еңбектерін ең алдымен «Коммунистік париясы монифесін» аударды. 1903 жылы шығарған «Мой социализм» деген еңбектерінде Сэн Катаяма еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты қақтығыска ұшырайтынын, түбінде пролетариат капитализмді жеңіп шығатынына сенемін деп жазды. Демократиялық-революциялық қозғалысының тарихындағы үлкен бір роль атқарған «Қарапайым халықтың қозғалысы» деген қозғалыс, оның жетекшілері, сол заманның көрнекті социалистері С.Котоку, Т.Сака, И.Абэ 1903 жылы бұл халық қоғамының «Хеймйнсин Симбум» шығарыла бастады. Сен Катаяма бұл газет туралы «Жапония социал-демократиялық қозғалысының таза органы болды» деп жазды. «Халык қоғам» газетінің бүкіл ұлттық маңызы болды. 25 профектура орталықтарында бөлімдері ашылып, оқушы қауымының ассоциациялары, социалистік курстармен қоғамдар құрылды.

Орыс-жапон соғысының қарсаңында «Хэймин ундо» орыс-социал демократтары сияқты соғыстан жеңіліп шығуының позициясын ұстады. «Жеңілу-жеңуге әкеледі» деген лозунглар-ұрандар тастады. С.Котоку алдыңғы қатарлы Жапондықтардың соғысқа көзқарасын «Хэймин симбун» газеттерінде: «Соғыстың мәні» егер дворяндар мен офицерлердің соғысуға себебі болса, соғыса берсін, Жапония мен Россия қарапайым халқының соғысуға себебі жоқ. Біз - қарапайым халықпыз, ал қарапайым халық - ұлттық басым бөлігі «Халықтар ынтымақтастығы» бауырластык, бостандық, бейбітшілік және достық. 1904 жылы 13 мамырда Россия социал-демократия жұмысшы партиясына жолдаған хатын жариялады, мұнда соғысқа қарсы күресті орыс және жапон жұмысшыларының күшін біріктіру керек деп жазды.

1904 жылы 15 мамырда баспа бетінде В.И.Лениннің «Орыс пролетариатына» деген рекламасында басылды. Мұнда орыс-жапон соғыстарының шығу жолдарын көрсетті. «Хэймин симбун» газетінде бірінші рет К.Маркс пен Ф.Энгельстің «Коммунистік партиясының монифесі» толық жарияланды. Бірақ, бұл номерден кейін үкімет газетті жауып тастады. Ең соңғы номері 1905 жылы 29 қаңтарда қызыл бетпен газеттің жабылуы туралы С.Котокудың жазған монифесі басылып шықты. К.Маркс пен Ф.Энгельстің «Жаңа рейн» газеті жабылған кездегі сөздерін естеріне алды. «Олар біздің рухымызды өлтіре алмайды! Біз ұрыс даласында құлаған жерімізден, қайта күресті жалғастыру үшін көтерілеміз» деп жазды.

«Қарапайым халықтың қозғалысын» кызметінің жұмысшы қозғалысында алатын орны зор болды. Орыс халықшылдығына жақын идеялар болса да, әлеуметтік теңсіздікпен қанауға қарсы батыл күресті [12; 34-36].

Жапония революциялық қозғалысының тарихында үлкен маңызды орын алатын жағдайдың бірі 1904 жылғы Амстердамда болып өткен екінші интернационал конгресіндегі Сэн Катаяманың Г.В.Плехановпен кездесуі. Бұл кездесуде орыс-жапон соғысы туралы пікір алысты. Кейіннен С.Катаямада, Плеханов та бұл кездесу туралы өз естеліктерінде жазып қалдырған болатын. Екінші Интернационалдың конгресінде Сэн Катаяма және И.Абэ Интернационал Халықаралық социалистік бюросына, Жапон социалистерінің өкілдері ретінде кірді. 1904 жылы 9 қазанда «Хэймин Симбун» газетінде конгресс туралы есептерін жариялады. Бұл газет жабылған соң, оны «Текугэн» газеті жалғастырды. Бұл газет беттерінде көбіне 1905 жылғы орыс-буржуазиялық демократиялық революциясы туралы статьялар басылып отырды. №1 «Огонь революции», №2 «Развитие движения в Россий», №3 «Уроки революции», №6 «Истоки русской революции», №15 «Успех русской революции». Бұл мақалаларда орыс революциясының барысы және құрбандары жөнінде жазды. «Социализм идеяларын кеңінен таратқандығы үшін «Текуган» газеті 1906 жылы жабылды [13; 50-55].

Портумут бейбіт келісімі өткізілген кезде Токиода үлкен шерулер болып өтті. 1907-1910 жылдары социалистердің ұйымдасуымен ірі-ірі шерулер мен забастовкалар өткізілді. Жапония жұмысшы қозғалысының тарихындағы ірі оқиғаның бірі - 1911 жылғы Токио қаласындағы Сэн Катаяманың жетекшілігімен өткізілген трамвайшылар стачкасы. 6 мың трамвай жұмысшылары мен қызметкерлері жалақының көбейту мәселесінде талап қойып, жеңіске жетті. Бірақ, соңынан 50 жұмысшыны қамауға алды. Сэн Катаяма да осы оқиғаға байланысты бір жыл қамауда болды. 1912 жылы жұмысшы табының саяси партиясы болғанымен жұмысшы қозғалысының қайта өрлеуі басталды.

Осы жылы ең алғашқы профецентр өзара көмек қоғамын (Юайкай) құрылды. Қоғам капитал иелерімен араласып тұрғанмен жұмысшылардың қысымымен забастовка, стачкаларды ұйымдастырып отырды. Қоғамның жетекшілерінің бірі кәсіподақ қозғалысының қайраткері Бундзи Судзуки және ғалымдар тобымен саяси қайраткерлер болды. 1914 жылы 10 мың жұмысшыны біріктіріп тұрған бірден-бір ашық тұрде қызмет жасаған ұйым еді. Бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде Жапония жұмысшыларының саны 1450 мыңнан 2480 мыңға есті, яғни 70 процентке дейін. Бұл кезеңде Жапон жұмысшы табының сана-сезімі саяси жағынан жетіліп, капитал езгісіне саяси күреске белсене араласа бастаған еді. 1914 жылы 1 дүниежүзілік соғысы кезеңінде Жапония монополиясы Англия, Франция, Германияның соғысқа кірісіп кетуін пайдаланып, тек Қытай рыногын ғана емес, сонымен қатар Индия, Египет рыноктарын жаулап алды. Жапония сыртқы саудасы соғыс кезеңінде екі есе өсіп, өндіріс өнімі алты есеге артты.

Жапонияның соғысқа араласу, елдегі жұмысшы және социалистік қозғалысына үлкен әсерін тигізді. Жапония предпринимательдері соғыс заказдарын орындау үшін өндірістің бірігуімен, капиталдың шоғырлануы мен қарқынын күшейтіп, жұмысшы табының санын күрт өсуіне жағдай жасады. Өндіріс пролетариатының класикалық сана -сезімі қалыптасты. Бірақ, дүниежүзілік соғыстың басталуымен Жапония билеуші тобы жұмыстарға қарсы репрессияны күшейтті. Бір жағынан елдегі жағдайда қалпына келтіру үшін «Жұмысшылар мүдделерін» қанағаттандыру үшін аз ғана шаралар қолданған сымақ болды [14; 15-30].

Бірақ, бұл кезеңде алыстағы Петроградта «Аврора» дүрсілі әлемді сілкіндіріп жатты.

2-тарау Жапонияда саяси ахуал

2.1 Жапония коммунистік партиясының кұрылуы 20 жылдардың басындағы

КПЯ-ның кызметі

1917 жылғы Октябрдің естен кетпес күндерінен, қоғамдық прогрестің, шынайы адамдық тарихтың жаңа дәуірінің өз есебін жүргізе бастаған сол бір аңызға айналған күндерден бізді 70 жыл бөліп тұр. «Октябрь азаматының шын мәніндегі «Жұлдызды сағаты», оның нұрлы таңы. Октябрь революциясы - халықтың революциясы және халық үшін, адам үшін, оны азат етіп, дамыту жасаған революция».

Россияда жұмысшы-шаруа үкіметінің құрылуы, оның Бейбітшілік және Жер туралы тарихи деректері мен Россияның халкының правосы туралы декларациясы бүкіл елдің жұмысшы халқына, социализм идеясының өміршең екендігін дәлелдеп, әлеуметтік және ұлт-азаттық күреске жаңа күш пен жігер берді.

Бірақ, шындығында октябрь оқиғалары туралы шетел жұмысшыларына үлкен қиыншылықтар арқылы жетті. Буржуазия Россия революциясымен әртүрлі тәсілдер арқылы бұрмалап, Совет үкіметінің жұмысшы шаруаға жасаған тарихи шешімдерін жасырып қалуға тырысты. ¥лы Октябрь социалистік революциясы, Жапония революциялық қозғалысына қатты әсер етті. Россиядағы революция жеңісінен кейін, басқа да елдерде партияның жаңа типі - коммунистік партияның құрылып жатқан кезде Жапония шет қалған жоқ.

Жапония коммунистік партиясының құрылуы Октябрь жеңісімен тікелей байланысты. Ұлы Октябрь социалистік революциясы Жапония жұмысшы-шаруа қозғалысының саяси күресін жандандырды. Бұл таңқаларлық жағдай емес еді, өйткені бұл кезде Жапония жұмысшы табы, капиталға қарсы күресте тәуір тәжірибе жинақтаған болатын [15; 21-23].

Сол кездегі, Октябрь туралы алғашқы хабар жеткен кезде, Жапония бұқара халқының саяси жағдайына дәлелі болатын жағдай - бүкіл баспа бетінде «Октябрь оқиғалары туралы күнделікті жарияланып тұрады». Жапония журналисі Огура «Россиядан жеткен хабарларды Жапон халқы, көздеріне жас алып, шын көңілімен кабылдады». «Социалистік революция үшін, өмірлерін құрбан еткен С.Ктоку және тағы баска әріптестерінің өмірлері босқа кеткен жок» - деп жазды [16; 26].

1918 жылы тамызда Қиыр Шығыс Советінің Ү съезіне Жапон социалистері өздерінің құттықтау хатын жіберді. Бұл хатта былай деп жазылды: Орыс жолдастарына!

Орыс революциясының алғашқы күнінен бастап, біз сіздердің жалынды қызметтеріңізді шын көңілмен қадағалаудамыз. Сіздердің қызметтеріңіз, біздің халқымыздың шамасына үлкен әсерін тигізді. Қазір біздің үкіметіміздің Сіздерге жіберген әсерінің, сіздердің революцияларыңыздың тағдырына қауіп төндіріп тұрғанын білеміз. Оған қарсы біздің қоятын күшіміздің жоқ екеніне қынжылудамыз. Бірақ, біз, жақын болашақта бүкіл Жапония революция Қызыл туының желбірейтініне сенімдіміміз.

Революциялык сәлеммен: Токио және Иокагама социалистік тобының Атқару комитеті.

Иммиграцияда Нью-Йоркте жүрген Сэн Катаяма және жұмысшы қозғалысының солшыл қанатының кайраткерлері Дж.Рид, Ч.Рутенберг, Юдебс, Ч.Байкер және т.б. Октябрь социалистік революциясының алғашқы қорғаушылары болды. Нью-Йоркте Сэн Катаяманың редакциясының шығарылып тұрған «Хэмин» газеті Октябрь социалистік ревалюциясы туралы «Жапон жұмысшы халқы Россия революциясының жеңісінен-зор қуанышпен қарсы алуда, Жапония халқына бюрократтық қатаң режимге қарсы күресте қуатты қолдау мен жігер берді».

Октябрь әсерімен, Жапонияда ғылыми социализм жасауға жағдайлар туды. Монархияны құлату, капиталистік-помощиктер қанауға қарсы күрес жолындағы жұмысшы табы мен шаруаларды ойландырған көптеген проблемалық сұрақтарына дүниежүзілік пролетариаттық көсемі В.И.Лениннің еңбектерінен жауапты Жапонияның алдыңғы қатарлы күштері іздестірді. Тек социалистер ғана емес, прогрессивтік ойдағы интеллигенция Ленин еңбектеріне назар аудара бастады. В.И.Ленин еңбектерін Жапония прогрессивті баспалар басып шығара бастады. «1932 жылы В.И.Лениннің еңбектерінің негізгі бөлігін басып алды». В.И.Лениннің шығармаларын Жапония еңбекшілеріне және революционерлеріне коммунистік партиясын құруына сабақ болды. «Хакуеся» баспасы В.И.Лениннің 10 томдық еңбегін басып шығарып, оған хабарландыру жасаған кезде былай деп жазды: «Лениннің тұлғасы тарихтың көк жиегінде, әлемдегі жаңа құрылыстың жеңімпазының хабаршысы ретінде көрінеді. Ленин ойын түсіну, яғни адамзат тарихының бетбұрысының маңызын түсіну. Жұмысшы шаруа азаматтық жолындағы күрестің түпнұсқасын» зерттеудегі ғылыми негіз болып табылады. Бұл еңбектер әлеуметтік мәселені зерттеушілер мен саяси қызметкерлер және экономистерге қажет.

Репрессиялық шаруаларға қарамастан, елде жұмысшы қозғалысы күннен-күнге өсіп келе жатты. 1917 жылдың наурызында металлургия заводының 4 мың жұмысшысы қатысқан забастовка, Мораран қаласында болып өтті, маусымда Нагасакидегі кеме жасушылардың 10 мың жұмысшысы қатысқан көтерілісі болды. Жалпы осы жылы 398 забастовка болып, оған 57,3 мың адам қатысты. Бұл 1916 жылға қарағанда, қақтығысулар 4 есе, ал қақтағысушылардың саны 7 есе артты.

Жапония еңбекші халқы күнделікті тағамы - күріш. Күріштің бағасының күрт өсіп кетуіне назары болып, күннен-күнге жағдай шиелене түсті. 1918 жылдың ортасында Советтік Қиыр Шығысқа интервенцияға әскер жіберуіне байланысты, саудагерлер бүкіл күрішті жоғары бағамен сату үшін қолдарына жинады. 1914 жылы 1 есе күріштің бағасы 12 сән болса, 1918 жылы 25 сәннен 37 сәнге өсті [17; 36].

1918 жылы 3 тамыз күні Тояма профиктурасындағы шағым портты поселкада балықшылар жиналып, жергілікті үкіметке күрішті сыртқа шығаруды тоқтату туралы шағым айтты. Күрішпен сауда жасайтын саудагерлердің үйін қоршап, арзан бағамен сатуларын талап етті. Бірақ, бұл оқиғаға полиция араласып, қақтығыста көптеген әйелдер жараланды. Бұл оқиғаны естіген басқа поселкалар да көтеріліп кетті. Киюто Осаку, Ногая Кобэ сияқты қалаларды орман өрті секілді көтеріліс болуы шарпыды. Барлық жерде полициялармен қақтығысып, император армиясының горнизондарының көмегімен жауыздықпен басып отырды. 1918 жылы 3 тамыздан 17 қыркүйекке дейін 36 профектурасын, яғни Жапония территориясының 2/3 қамтыды. Күріш бөлігін шахтерлер және басқа еңбекші бұқара қолдап, көтеріліске шыға бастады. Күріш бүлігіне барлығы 10 млн адам қатысқан. Үкімет бүлікті басу үшін бүкіл репрессиялы аппаратқа тұрақты әскерді қоса аяусыз қан төгіспен басып тастады. Нәтижесінде, 7813 адам қамауға алынды. Баспаға күріш билігі туралы жариялауды қатаң тиым салды.

Нью-Йоркте жүріп Катаяма «күріш бүлігін» естіп, үлкен үкіметпен қарсы алып, келіп жатқан хабарларды тиянақты жинап, талдады. 25 тамыз күні «күріш бүлігінің» нағыз қызған уақытында ең алғашқы материалын жариялады. «Хеймин» газетінің қарашадағы бүкіл номерлерінде «күріш бүлігін» хабарлады. Мұнда негізінен 3 қазандағы хаты жарияланды. «Жұмысшылар мен кедейлер арзан күріш алғанымен, ешқандай заң өзгеріп немесе жойылған жоқ», «Күріш билігінің салдарынан минстрлер кабинеті құлағанмен оның орнына басқа кабинет келеді, оның жақсырақ болатыны күмән тудырады. Бірақ, бір нәрсеге ғана сенімдіміз. Ол күріш бүлігінің болашақтағы Жапониядағы әлеуметтік революциясының бастамасы екендігін дәлелдейді». Күріш бүлігінің стихиялық жағдайда өткені жұмысшы табының авангарды болатындай партияның болмауы әсер етті, бірақ, бұл оқиғадан кейін Жапония жұмысшы табы өзінің күшіне классикалық организацияның қажет екенін дәлелдеп, революциялық қозғалыстағы алға жасаған үлкен бір қадам болды. «Правда» газеті күріш бүлігі туралы былай деп хабарлады: «Қазір Жапония еңбекші бұқарасы соқыр әлсіздікпен астананың үйлерін, редакцияларын, күріш қоймаларын қиратып жатқанымен, ертеңгі күнде әсіресе, орыс революциясының қаруымен нәтижелі күреске шығады» - деп жазды [18; 32].

Жапонияның жұмысшы және социалистік қозғалысының өрлеуіне себебін тигізген жағдай - бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдегі экономикалық крезистің басталуы. Соғыс аяқталған соң, соғыс жүргізіп жатқан мемлекеттерге шығаратын соғыс дарының тоқтап қалуы Жапония буржуазия капиталына соққы болып тиді. Сыртқы рыноктың тарылуына байланысты Жапония экспорты 40 процентке қысқарды. Көптеген өндіріс салаларының қысқаруы, бірқатар компаниялардың банкрот болуына әкеліп соқты, ал бұл жағдай жұмыссыздықтың санын өсіріп, еңбекші бұқараның жағдайын нашарлатты. Жұмысшы қозғалыстары өршіп, кейбір жетістіктерге жете бастады. 1917-1922 жылдар көтерілісі 1910-1916 жылға қарағанда, 5 есе артты, қатысушы саны 8 есе.

1921 жылы Жапон еңбекші федерациясы құрылды. Жапония шаруаларының жағдайы да төмендеп кетті. Арендалық төлем дүние жүзіндегі ең жоғарғы салықтың бірі болып саналады. Ол өнімінің 60 процентін алды. Деревняларды арендалық қақтағыстар жиіледі. Егер, 1917 жылы 85 қактығыс болса, 1918 жылы - 250, 1919 жылы - 376, 1920 жылы - 408, 1921 жылы -1680, 1922 жылы-1578, 1923 жылы-1917.

Жерсіз және арендаға жер алып отырған шаруалар жер реформасы мен арендалық төлемді қысқартуды талап ете бастады. Осы кезеңде көптеген қоғамдар құрыла бастады. Көптеген жұмысшы және социалистік қозғалыстың барысында біріккен күш қажет екенін түсінген социалистер Т.Сакай және т.б 1920 жылы желтоқсанда саяси ұйым құруға дайындалды. Желтоқсанда Жапония социалистік лигасын құрып, қатарына 3 мың мүше кірді. Бірақ, бұл лига жұмысшы табының бұқарасын біріктіре алмады және олардың күресін бастай алмады. Мұндай құрамында әртүрлі көзқарастағы адамдарды жинақтаған лига, тек қана социалистік идеяларды таратумен шектеліп, жұмысшы табының саяси жетекшісінің ролін атқара алмады. Бір жағынан 1921 жылы мамырдағы «Қоғамдық тәртіппен тыныштықты сақтау» заңы бойынша лиганы тарату туралы бұйрық берілді. КПЯ-ның Орталық Комитетінің Компартияняның құрылуының 50 жылдығына арналған қаулысына бұл туралы былай деп жазды: «Жапония социалистік лигасының құрылуы және таратылуының тәжірибесі - Жапония халқының күрес жолында басқаратын араласқан отряд емес, революциялық саяси марксиам-ленинизм позициясында тұрған партия керек екендігін көрсетті» - деп жазды.

С.Катаяма, Т.Сакай және т.б социалистік қайраткерлер ғылыми социализмнің негізін жасап, үгіт жүргізіп, жұмысшы қозғалысын бастағанмен социалистік идея мен жұмысшы қозғалысын біріктіру жолында, жұмысшы табының авангартық партиясы, яғни Коммунистік партиясыз нәтижелі болмайтыны түсінді.

1918 жылдың қараша айында Шығыс халықтарының Коммунистік организацияларының съезінің барысында Жапония революциялық қозғалысына арнайы пропагандалық социалистік ұйымдарын полицейлік қатаң бақылаудан съезге өз представительдерін жібере алмай, голаңдық революционер С.Рукерс жолдастан Москваға арнайы резолюциясымен қатар т.б. документтерді беріп жіберді. Бұл революцияның 1919 жылдың наурызында болған Коммитерінің бірінші когресінде жариялады. Жапония социалистері 1919 жылдың қараша айында өткен Шығыс халықтарының коммунистік ұйымдарының 2 съезіне де қатыса алмады, бірақ бұл жолы съезге социалистік қозғалыстың көрнекті жетекшісінің бірі Хитосия Я.Макованы жіберіп, оған елдегі жағдай туралы жазылған баяндаманы беріп жіберді. Бұл баяндамада Жапония еңбекшілері мен бұқара халықтың арасында революциялық үгіт жүргізіліп тұрғаны жайында және кейбір көмектер алып түру үшін Ш Коммунистік Интернационалмен тығыз байланыс жасау қажеттігі туралы айтылды [19; 41].

1920 жылы Комитерін Жапониядағы жұмысшы және социалистік қозғалыстың қарқынын бақылап отырып, былай деп жазды: «Феодалдық шырмаудан айырылып жатқан Жапония капитализмі, терең революциялық кризис қарсаңында тұр, бірақ бұл қозғалыстың имперализм күші тежеуде».

Комитеріннің Атқару Комитетінің инициативасының 1920 жылы қазан айында Шығыс халқының 1-ші съезі шақырылып, Азия және Африка халықтарының ұлт-азаттық қозғалысындағы коммунистік және жұмысшы пролетарымен байланыс жасау мәселелері талқыланды. Съезде «Шығыс халықтарына» арнайы монифест қабылданып, Европа, Америка және Жапония жұмысшыларына» деген үндеу тастады. 37 елден келген 2 мың делегаттың ішінен АҚШ-тағы Жапония социалистік партиясының мүшелері - Таро Есихаро қатысты. Осы Съездің шешімдерін іске асыру жөнінде Қытайда Қиыр Шығыс социалистерінің біріккен конференциясы болып өтті. Оған Тосихико Сакай бастаған Жапония делегациясы қатысты.

Жапония коммунистік партиясын құру жолындағы маңызды оқиғаның бірі - 1921 жылы шілде айында Коминтерннің Ш конгресіндегі АҚШ-тағы Жапония социалистерінің представительдері С.Катаяманың әріптестері - Таро Есихаро мен Ундео Тагутидің конгрестегі қызметі. Тагути В.И.Ленинмен жеке кездесіп, съезге С.Катаяманың келе алмайтындығын хабарлап, Жапония делегаттарының әкелген резолюциялары мен Жапония коммунистік партиясының уставы және монифесін әкелгені туралы хабарлады.

«Жапония пролетарлық қозғалысының әкесі» деген атқа ие болған Сэн Катаяма Жапонияда ленинизм және Ұлы Октябрь социалистік революция идеяларын таратуда баға жетпес еңбегі бар. АҚШ-та иммиграцияда жүрген кезде интернационалдағы қызметі мен АҚШ коммунистік партиясын құрудағы еңбегінің нәтижесінде, аса бай тәжірибе жинап, В.И.Ленин идеяларының позициясында Жапония коммунистік партиясын құру жолына түсті. 1921 жылдың аяғында Москваға келе сала, коммунистік қозғалыстың халықаралық штабының - ИККИ қызметіне араласып кетті.

1921 жылдың 18 желтоқсанда Катаяма Коминтеріннің Атқару Комитетінің мәжілісіне шақырып, оның мүшесі болып қабылданды. Осы аралықта Қиыр Шығыс елдерінің коммунистік партиясын құру жолында көп қызмет көрсетті. Коммунистік партиясын құру жолында ең маңызды кезең болып саналатын 1922 жылы қаңтарда Қиыр Шығыс коммунистік және революциялык ұйымдарынің бірінші съезінің шешімдері. Съезде Жапония делегациясына Сэн Катаяманың басқаруымен катар, Жапония социалистік қозғалысының көрнекті қайраткерлері «Общество среды» қоғамының председателі Кюити Токуда, Коммунистік группа қоғамының, баспа комитетінің председателі Киеси Такасе және кәсіподак лидері Хадзинэ Есида, Кинтаро Вада және т.б. қатысты. Осы съезде В.И.Ленин Жапония делегацияларымен кездесіп, көптеген маңызды кеңестер берді. Жапония делегациялары атынан съезде Сэн Катаяма «Жапониядағы саяси және экономикалық жағдай» деген докладпен сөз сөйлеп, стихиялы түрде дамып келе жатқан жұмысшы және социалистік қозғалысты біріктіру үшін Жапония Коммунистік партиясын құру кажет деді.

Бұл съезден Жапония делегацияларының елге жетулері аса қауіпті, Сібір, Монғолия, Қытай арқылы ақтар мен Жапония полицияларының агенттерінің қауіп төндіруімен жетті. Елге келісімен коммунистік партия құру ісіне кірісті.

1922 жылы 15 шілде күні Токио қаласында жасырын түрде Жапония коммунистік партиясының құрылтай съезі ашылды. Съезд уақытша партияның ұстағанын қабылдап, Орталық Атқару Комитетін сайлады. КПЯ-ның Орталық Комитетінің бас секретары етіп Тосихико Сакайды сайлады. КПЯ-ның алғашқы мүшелерінің бірі болып, елдегі социалистік қозғалыстың ардагерлері Хитоси Ямакава, Хансон Арахата, Мирокуни Есикава, Токио Касиура, Сейти Итикава, Сигэки Уэде, Санзо Носака т.б. съезде Коминтернге кіру революциясын бір ауыздан мақұлдап, 1922 жылдың қараша айындағы Коминтерннің 5 конгресіне КПЯ-ның Орталық Комитеті Киести Такасэ және Тадахико Каватиді представителі ретінде Жапония коммунистік партиясы-ның құрылғанын мәлімдеуге жіберді. Саяси аренаға КПЯ-ның құрылуы Жапония халқының тарихындағы аса үлкен окиғаның бірі болды.

Коминтерннің IV конгресінде КПЯ Коминтерннің құрамына кабылданып, оңшыл секциясына кірді. С.Катаяма Коминтерннің Атқару Коминтетінің мүшесі ретінде ИККИ президиумының мүшесі болып сайланды. Бүкіл дүниежүзілік революциялық қозғалыстың штабында осындай қызметте отырып, С.Катаяма Жапония коммунистік қозғалысын қадағалап, оның теріс істеріне үнемі жол көрсетіп отырды.

Осы кезеңде С.Катаяма өзінің жас компартияға бұқара арасында қиын жағдайда дұрыс бағдар беруге көмектескен маңызды еңбектерін жазды. Сол еңбектерінің қатарына «Жапониядағы революциялық үгіт», «Капиталистік шабуыл және Жапония пролетариатының күресі», «Қозғалыс бұл Жапония пролетариатының революциялық күресіндегі жігерлі фактор», «Жапониядағы аграрлык мәселе», «Мировой фашизм» және т.б.

Бірақ, КПЯ-ның бірінші съезі Коммунистік партиясының негізін қалағанмен, бірден біріккен күшті ұйымдастырылған партия идеясын іске асыруға шамасы жетіңкіремеді. Себебі, алғашқы құрылтай съезі әртүрлі социалистік топта, қоғамдар мен группалар қатысып, әрқайсысы революциялық қозғалыс мәселесінде әртүрлі көзқараста тұрды. Жапония коммунистерінің алдында КПЯ-ның ішіндегі алауыздықты жеңіп, шынайы марксистің-лениндік партия құру үшін, қыруар жұмыстар тұрды. Жапония коммунистік партиясының жетекшілерінің тобы әлі анархизм және оңшыл социал демократизм идеологиясынан арылып болмаған еді. Партия халық арасында жұмысты нәтижелі жүргізе алмады. КПЯ-ның тактикасы мен стратегия мәселесіне қызу сөзталастар жүріп жатты.

Бұл мәселеге тиянақты жауап беру үшін, партия Жапония капитализмін марксистік тұрғыдан толық анализ жасап, Жапония монархиясымен бүкіл Жапония таптық қоғамдық құрлысын талдап, нақты күресу бағдарламасын жасау керек болды. Басқаша айтқанда, Жапония коммунистік партиясы өзінің қатарларын еңбекші бұқара есебімен толықтырып, жұмысшы табының авангарды болатындай дәрежеге көтеруге тиіс еді.

1923 жылы ақпан айында Итикава қаласында КПЯ-ның 2 съезі шақырылды. Бұл съезде атқару комиссиясы (исполком) құрылып, председателі Тосихико Сакай сайланып, құрамына Сингеку Уэда (саяси бөлімнің меңгерушісі), Манзо Ватанаве (жұмысшылар бөлімінің меңгерушісі), Такауэ Урата (шаруалар бөлімінің меңгерушісі), Манабу Сано (халықаралық бөлімінің меңгерушісі), Морикуни Есикова (финанс отделының меңгерушісі), Сэйдзо Койво (Осака представителі) және т.б. кірді. Съезде партияның Уставы мен Бағдарламасының қабылдау ұсынысы жасалды. Бірақ, бағдарлама мәселесінде алауыздық туған соң, қабылданбай, тек уставы бекітілді, соның өзі Францияны жоюға әсерін тигізді. Съезде партияның саяси линиясы белгіленіп, Россияға интервенция саясатына қарсы күрес жүргізу үшін ұранда жазылып, бұл мәселені Жапония Коммунистік партиясының негізгі мақсаты етіп қойылды.

1923 жылдың наурыз айында Токио қаласында КПЯ-ның кезектен тыс шақырылған конференциясы болып өтті. Онда партияның бағдарламасының жобасын талқылау керек болды. Бірақ, конференция жаппай қуғындалуға ұшырағандықтан, аяқталмай қалды. Бұл конференцияның барысында Коммунистік партияның алғашқы бағдарламасының жобасы талқыланып, тарихи маңызға ие болды. Жобада 22 пунктен тұратын талап қойылды.

Бірінші саяси талап: «Монархиялық системаны жою», екінші - пэрлер палатасын тарату, үшінші - 18 толған азаматтардың бәріне бүкіл халықтық сайлау провасын беру; төртінші - жұмысшы организацияларына ғана толық бостандық (кәсіподақ, саяси партиялар, топтар); бесінші - баспа бостандығы, сөз бостандығы; алтыншы - шерулер өткізуге бостандық; жетінші - полиция, жандармерия, армияны жою» [20; 6].

Екіншіден, экономикалық талаптар: «1-ші 8 сағаттық жұмыс күні; 2-ші жұмысшылардың әлеуметтік сақтану правосы; 3-ші жұмысшы бақылауын орнату т.б.»

Үшіншіден, ауыл шаруашылығындағы талаптар: 1-ші Император жерін конфискациялау, национализациялау, мемлекет тарапынан кедейлерге жер беру; 2-ші салық түрлерін өзгерту т.б.

Төртіншіден, халықаралық жағдайдағы талаптар: «1-ші Интервенциядан бас тарту, араласудан бас тарту; 2-ші Кореядан, Фармозадан, Сахалиннен әскерлерді алып кету; 3-ші Совет үкіметін тану».

Бұл талаптардың бәрі Жапониядағы 20-шы жылдардағы жағдайдан туған реалистік шешімдер еді. Бағдарламаның кейбір әлсіз жақтарына қарамастан, КПЯ-ның ең алғашқы документі ретінде Жапонияның революциялык қозғалысына жол ашып берген. Коммунистік партия құрылғаннан кейін, 1920 жылы сәуірде Жапония Коммунистік жастар Одағы құрылды. Орталық комитетінің председателі болып, жас жұмысшы коммунист Есутора Кавай сайланды. Бұл одақ коммунистік партиямен бірге Жапония жастарының арасында үлкен беделге ие болды. КПЯ-ның алғашқы күнінен бастап, Лениндік жолмен яғни, бұқара халықты коммунистік партия ісіне сенетіндей жолмен өз жағына карата білді. В.И.Ленин пролетарлық авгандар идея жағынан жеңіске жеткенімен, бұл жеңіске апару жолынан алшақ, бір авангартпен жеңу мүмкін емес, шешуші күресте тек авангарттықпен күресу, егер пролетариат және бұқара халық авангарттың позициясын түсінбей немесе нейтралитет позициясында тұрып, жауыңды қолдап тұрса, бұл санасыздық қана емес, қылмыс болар еді» - деп жазды.

КПЯ-ның негізгі ұраны «саяси күреске бетбұрыс» деген атпен Жапония жұмысшы қозғалысы экономикалық күрестен, саяси күреске бастап шықты. КПЯ идеологиялық жұмыстар жүргізуде теоритикалық журналдар шығара бастады. «Дэньэй», «Родо синбум», «Рода кумиай» және номинундо т.б.

1922 жылы Компартияның қызметінің нәтижесінде, Жапония жұмысшылар федерациясына (Содомей-нихонр родо содомей) өз ықпалын тигізіп, коммунистік партияның позициясына қарата алды, соның негізінде жаңа типтегі профсоюздар құрылды. 1922 жылдың өзінде кәсіподақтың саны 300-ден 389-ға өсті. КПЯ-ның алдында кәсіподақтардың қимылын басқару туралы ұсыныстар жасалып, жұмысқа кірісу міндеті тұрды. Профцентр құруға анархо-синдекалистердің жетекшілері С.Осуги, С.Иваса және К.Кондо сияқты федералистік принципте тұрғандар қарсы шықты. Қарсыластарды жеңе отырып, 1922 жылы 30 қыркүйекте 60 әртүрлі одақтың жиналған съезі шақырылды. Бүкіл жапондық жұмысшы одақтарының федерациясын құруға кірісті. Бірақ, съезді полиция таратып жіберді. КПЯ-ның өзінің алғашқы күнінен бастап, жастар арасында үлкен жұмыс жүргізілді. Коммунистік Жастар Одағы арқылы, компартия жұмысшы-шаруа жастарымен студенттер арасындағы революциялық қозғалыспен байланыс жасап тұрды. Токио қаласындағы прогрессивті студенттер лигасындағы КПЯ-ның ықпалы зор болды. Марксистік ядросы Лига мен Достар Одағы анархистік элементтерге қарсы шешуші күрес жүргізді. Анархистер құрған одағын құрып, студенттері арасында экстремистік үгіт жүргізіп, өздерінің позицияларына тартты.

Қызу күрестің нәтижесінде, социалистік агентацияны бетке ұстап отырған анархистердің беделі көп ұзамай студенттер қауымы алдында төмендеп кетті. Жапонияның коммунистік партиясы өзінің интернационалистік партия екенін Жапония әскерлерінің Сібірдегі интервенциясына қарсы күрес кезінде дәлелдеді.

С.Катаяма өзі 1922 жылы мамыр-маусым айларында советтік Қиыр Шығысқа барып қайтты. Солдаттардың арасында кездесулер өткізіп, солдат шинелін киген жұмысшылардың алдында бар шындықты ашып үгіт жүргізді. С.Катаяма және баска коммунистердің октябрь идеялары туралы солдаттар арасындағы үгіті босқа кетпеді. Көптеген солдаттар майданының Жапонияға оралып, қайтып революциялық жолға түсе бастады.

Коммунистер ел ішінде советтік жұмысшы-шаруа Россиясын тануды талап етіп, Россияның ішкі істеріне араласпау лигасын құруды инциатор болды.

КПЯ - Сібір интервенциясына қарсы қызу жұмыстар жүргізді. Советтік Россияның аса ауыр кезеңі 1922 жылы көктем және жаздағы Повельжедегі құрғақшылықтан туған ашаршылықка көмек көрсету үшін фонд ашып, жинаған қаржыларын Россияға жіберіп отырды.

Жапония коммунистік партиясы бірден-бір саяси партияның ішінде Жапон империализімінің қанауындағы Корея отарына бостандық беру мақсатында Корея халқының жағына шығып, ұрандар тастады, мұнымен қатар, Тайваньдағы ұлт-азаттық көтерілісті қолдап, басқа да Жапония отарларын күреске шақырды. Бірақ, елдегі билеуші топ жұмысшы және шаруалар қозғалысының күрт күшейіп кетуінен және Жапония коммунистік партиясының құрылуынан қауіптеніп, ішкі саясатта Като үкіметі парламент арқылы реакциялық заң жобаларын жүргізуге тырысты. «Социалистік қозғалысқа бакылау», «Кәсіподақтарды бақылау», «Аренда шиеленістерін реттеу» т.б. заңдар шығарды.

Компартияның үндеуі бүкіл елді реакциялық заң -жобаларына қарсы күреске шақырды. Бүкіл Жапондық жұмысшы Лигасы осы үш реакциялық заң жобасына қарсы демонстранциялар ұйымдастыру мен Токио, Осако, Кието қалаларында ірі шерулер болып өтті. Бұл шерулерді ұйымдастыруға студенттерде қатысты. Әсіресе, 1923 жылы наурыз айындағы Токиодағы митингіде студенттер жұмысшылар университет мұғалімдері, парламент мүшелері қатысты.

КПЯ-ның 50 жылдығына арналған Орталык Комитеттің карсаңында: «Партия үкіметінің реакциялық заң жобасын қабылдатпау үшін прогресивті ұйымдар арқылы әсіресе, Жапония еңбек федерациясы, шаруалар одағы және көптеген демократиялық ұйымдар арқылы осы үш заң жобасын қабылдатпады. Бұл КПЯ-ның ең ірі табысының бірі болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет