Ф-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Шымкент институты
«Қазақ әдебиеті» кафедрасы
Жұмыс қорғауға жіберілді
_________________________
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к.,
Бекмырза Сұлушаш
«__» ______________ 2008 жыл.
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр»
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Алтынбеков Қосай Орындаған: Әуесбекова Мақпал
Шымкент - 2008 жыл.
Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр Жоспар
КІРІСПЕ
І Тарау -
Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі
-
Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі
ІІ Тарау
2.1. Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы
2.2. Көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстар
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
КІРІСПЕ
І ТАРАУ -
Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі
-
Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі
ІІ ТАРАУ
2.1. Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы
2.2. Көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстар
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы – дүниенің төрт бұрышын адамзат баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары – түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк түріктер атанғанбыз.
Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан бізге мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар – “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған” жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шетел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С.Е.Малов көне түркі жазуындағы тексттердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударды.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілі фактілерімен салыстыра отырып, зерттеуші бір топ ғалымдар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк құрметіне жазылған жыр жолдарының тілі дыбыстық жағынан да, лексикалық және морфологиялық тұрғыдан да қазақ тіліне жақын деген ғылыми пікірді айтқан. Мәселен, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Е.Ағманов, А.Есенғұлов, Қ.Өмірәлиев, т.б. бірқатар лингвист- ғалымдар осы пікірді әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды пікір әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды ғылыми еңбектер жариялады.
Аталмыш ескерткіштер сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Көне түркі жазба ескерткіштерін әдебиеттің басқа жанрларымен салыстыра отырып қазақ ауыз әдебиетінің мұраларымен, оның ішінде батырлық жырлармен байланысын, ұқсастығын айқындау, тілдік ерекшеліктерін, құрылымын, қолданысын көрсету диплом жұмысының басты мақсаты мен міндеті болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыс барысында көне түрік жәдігерліктерін зерделей отырып, Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы, көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстары, Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі, Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді.
Тақырыбы пен көркемдік шешімі және де шеберлік мәселелелері туралы кеңінен сөз қозғалды.
Диплом жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу жұмысын мектеп оқушыларына, филологтарға көне түркі жазба ескерткіштері жөнінде сабақ барысында қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады. Зерттеудегі ашылған мәселелерге сай, алынған нәтижелерді жоғары немесе арнайы орта оқу орындарында филология факультеттерінде өтілетін арнайы курстар мен семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Диплом жұмысының дерек көздері: Жұмыста әртүрлі дерек көздері қолданылды. Негізгі деректердің бөлігі Қаржаубай С. Орхон мұралары. Астана-2003ж, Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Алматы, “Мектеп” 1986ж, Әдебиет тарихының мәселелері. Алматы 1958ж, Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді, Батырлар жыры ІІ том. Алматы, “Жазушы” 2000ж. Батырлар жыры, “Бөген батыр” Алматы. 2000ж, Қыраубаева А. ІІ кітап. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы. “Ана тілі”, 1991ж, Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы. “Ана тілі” 1991ж, Керімұлы Ә. Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. Түркістан 2005ж, Дүйсен Сержан, Яван Кенан. Түркі тілінің толық жүйеленген ережелері жинағы жазба ескерткіші (ХІІІ-ХҮғ.ғ) Түркістан 2004ж, Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Қазақ университеті. Алматы, 1992ж еңбектері негіз болды.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен және екі тараудан, сонымен бірге қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |