Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Шервут Е.А. «Законы лангобардов»М.1992 г.
2. Буданова В.П. «Годы в эпоху Великого переселение народов» М.1990 г.
3.Корсунский А.Р. “ Образование раннефеодального государство в Западной Европе” М.1973г.
4. Григорий Турский. “ История франков” М.1987г.
5. Лебек С. “ Произхождение франков” М.1993г.
6. Болотов В.В. “Лекцийи по истори древней церкви” М.1994г.
7. “Всемирная история”. В10-т.т,3 М.1957г.
Лекция мақсаты: ХІ-ХҮ ғасырлардағы Англия және Норман жаулап алуы сондай-ақ ХІ ғасыр соңы мен ХІІ ғасырдағы Англияның саяси әлеуметтік дамуын қарастыра өтіп біз алға қойған мақсаттарымызға лекцияның мәтіні арқылы төмендегідей материалдарды жинақтап көрсетеміз.
Лекция мәтіні.
XI ғ.ғ. Англияда феодалдандыру процесі жүріп жатќан тұс болатын, шаруалардың бір бөлігі “дат правосының” аймағында ерікті түрде болатын, ал феодалды жерлерде тәуелді крепостнойлар толыќ оорналќан еді. Англияны нормандыќтар жаулап алу басталып кетті. Францияның ең ќұдіретті феодалдыќ сеньорларының бірі- нормандия герцогі Вильгельм басќарды. Нормандыќтардың баса көктеп кіруіне тікелей 1066 жылы ағылшын королі Эдуард Исповедник ќайтыс болуына байланысты, бұл ағылшын королі Вильгельмнің туысы болатын, осы тұста нормандыќ герцог ағылшын тағына отыруы мүмкіншілігін жібермей, бұл талабын папа ќолдау көрсетті. 1066жылы ќыркүйек айында ағылшын королі өлген соң, оның орнына англо-сакс королі Гарольд таќќа отырды, осы тұста Вильгельм өз жасаќтарымен Ла-Манш бұзағынан өтіп, Англияның оңтүстік жағалауындағы Певенсіге дейін иелікті иеленді. Франция мен Италия рыцарларын топтастыра әскер басын жинаған Вильгельм өз күшінде болды, ал керісінше ағылшын тағына отырған жаңа король әскер басын толыќ жиналмаған болатын. 1066 жылы 14-ќазанда Гасингтон маңында соғыс шешуші соғыс болды, осы шайќаста ағылшын королі Гарольд ќаза тапты, Вильгельм Лондонды басып алып, I Вильгельм деген атпен (1066-1087 ж.ж.) ағылшын королі болды. Оған Вильгельм Завоеватель деген ат тағылды.Король таќќа отырған кезде 1069-1071 жылдары солтүстік және солтүстік – шығысында шаруалар көтерілісі “Денлода” болып өтті, Йорк алќабымен Дарем графтығын жермен жексен ќылып, ќаншама деревнядағы шаруаларды ќырып тастады да,олар мекендеген алќапты шөл далаға айналдырды, біржолата шаруалар көтерілісін тоќтатты. Нормандыќтар жер иеліктерін англо-сакс феодалдарынан тартып алынды және норман, француз борондарына бөлініп берілді. Шіркеулік ќызметтегі, ағылшын әкімшіліктегі ќызметтегілердің барлығы түгел нормандарға ауыстырылды. Король жеріне ағылшын жерінің жетіден – бір бөлігі иемденді, ќалғандарын өз ќолындағы нормандыќ вассалдары иемденді. Орманды алќапты жерлер король аймағына кірді, егер кімде-кім орманды алќапта аң аулауға шыќса, ол шаруаны ќатал түрде жазалап, көзін ойып алатын-ды.
2.1086 ж.ж. Англияда Вильгельм жер салығын күшейтіп, ќол астындағы әрбір шаруа, барондар, шерифтер, священиктер, старосталар арасында жер салығының санағы бойынша ант-су ішкізу, халыќ арасында жер санағын ќағаз бойынша түсіру немесе “Зәрлі сот кітабы” деген атќа ие болды. “Зәрлі сот” кітабы алдында халыќтың әрбіреуі шіркеуде тізе бүге отырып жер санағы бойынша шындығын айту болатын. Бұл кітапта: әрбір графтыќтағы жер иелері ќандай корольге, ќандай дін басылары мен сеньорларға, барондарға ќарайтынын жасырмай айту, ќанша жер үлесімі бар, жер үшін ќанша салыќ төлейтіні, әрбір ќол астындағы шаруаларда ќанша көлік, яғни малының барын сиыр,өгіздерге дейін, шаруалардың категорияларын аныќтау маќсатта болды. Бұл санаќтың көздеген екі түрлі маќсаты болды; біріншісі, король өз вассалдарына бөліп берген жерлерінің феодалдыќ ќызметін дұрыстап атќару және жер иеліктерінің материалдыќ және күнделікті табысты аныќтап отыру, екіншіден, король халыќќа алым-салыќты аќшалай салу үшін аныќ мағлұммат алып отырғысы келді. Санаќ шаруаларды крепостнойға айналдыруды жылдамдатты, өйткені ірі феодалдардың астындағы шаруалар осы уаќыттан бастап вилландардың ќатарына енді. Англияда “Виллан” деген термині (селолыќ, село тұрғыны) жер жөнінде тәуелді және рента бойынша төлеуді барщина атќарушы ќызметте шаруалар көрсетті.
XI ғ.ғ. аяғы мен XII ғ.ғ. басында “Зәрлі сот кітабының” берген мағлұматы бойынша, Англияда 1,5 миллионға жуыќ адам болды, осының ішінде 95 проценттей адамдар деревняда өмір сүрді. Ќол астындағы шаруалардың көпшілігі егін шаруашылығымен айналысты. Солтүстік, солтүстік-шығыс бөліктері, батыстағы Пеннин тауларында ќой шаруашылығымен айналысты. Осы тұста ќой жүндерінен фламондыќ ќолөнершілер шұға тігіп, оны Еуропаның көптеген елдерінде сауда жолдарымен тасымалданды. Бұлардың арасында ағылшындардың жер иеліктері – жеке меншікті жері бар домендер мен вилландар, ерікті жер ұстаушылар манорлар болды. Шаруалар өз кәсіптерін арттыру маќсатында жеке жерлерге иелік ете бастады, ал ең төменгі таптағы тәуелді шаруалар сервтер де жер иелік етуге ќұќығы болмағанмен ќожайындарының үй шаруашылығын, малдарында, егістіктерінде әртүрлі ауыр ќызметтер атќарды, бертін келе олар вилландармен сіңісіп кетіп, көпшілігі крепостной шаруаға айналды. Сан жағынан правалыќ жағдайы болмаса да Англияда ерікті шаруалардың жағдайы жаќсарды.
3.XII ғ.ғ. Англияда саяси әлеуметтік жағдайы күннен-күнге даму үстінде болды. Тәуелді шаруалардың әртүрлі категориялары барған сайын крепостной шаруаға айналып, вилландар ќатарына ауысты. Виллан міндеттері, жылдыќ табысының бір жетіде үш күндік барщиналыќ борышын өтеу болды. Вилландар жанұясында ұлдарын үйлендіру немесе ќызын ұзату кезінде меркет төлеп отыру, жанұяда ќайтыс болған адамдарының жерін мұралыќ ету маќсатында помещиктерге малдарының жаќсы басын тартуға беріп, диірмен тарту мен сыра ќайнату және басќа да баналиттерін бұзбау керек.
Англияның Нормандия мен Мэнмен ќосылуы, XII ғ.ғ. “Зәрлі сот кітабының” арќасында Анжу, Турень, Пуату, Аквитаниямен бірігуі мен өзінің экономикалыќ жағдайы өркендеп, дамыған Фландриямен сауда жолдарын одан әрі дамытты. Шет елдермен сауда ќатынасында жүнмен ќатар, ќорғасын, ќалайын, мал мен май шығаруды дамытты. XIII ғ.ғ. ќалаларда ќолөнершілер мен ќала байлары арасын өзара келіспеушіліктер пайда болды. Соның бірі 1196 ж.ж. Лондонда болған көтерілісшілер, бұл көтеріліс ќаладағы алым-салыќтың әділетсіз болуы, бұл ќозғалысты аќсаќалдылар деп аталған Ульям фиц-Осберт басќарды. Көтерісшілер байларды ашыќтан-ашыќ түрде “алым-салыќ төлеуді төлеуші кедейлердің есебінен өз ќалталарын саќтауда” деп шаруаларды ќанау салдарынан салыќ төлеуді осылардың үстінен көріп отыр делінді. Ќозғалысты ұйымдастырған Фиц-Осбертті оның тоғыз пікірлестерін асып өлтірді. Ќозғалыс осымен тоќтатылды.
Вильгельм Завоевательдің өзінен кейін оның мирасќоры кенже баласы I Генрих (1100-1135 ж.ж.) таќќа отырды. Король өз ќарамағындағылары советтік өкілдер сот, әкімшілік, финанс органдары болды. Осы тұста “Шахмат тахтасының палатасы” пайда болды.Бұл король табыстарын жинап, курияның бір бөлігі болды. I Геррих өлген соң 1135 ж.ж. оның мирасќор ұл перзенті болмағандыќтан, француз графы Анжу аймағының иесі Жоффруа Плантегенетке күйеуге шыќќын ќызы Матильда мен I Генрихтің немере інісі Стефан Блуаскийдің арсында таќќа таласу күрестен, 1153 жылы екеу арасындағы келісіммен Матильданың ұлы Генрих Плантагенет таќќа отырып, билік француздар ќолына граф Анжуйскийге көшті. II Генрих Плантагенет (1154-1189) билеген кезде ағылшын корольдігінің ќұрамына француздардың анжуйлыќ әулиеті кең көлемді иеліктерді иелік етті. Осы тұста корольдік көптеген ќұлдырау үстінде болды, ќол астындағы көптеген жалдамалы әскерлерін таратып жіберді, көптеген өзгерістермен билікті бір ќалыпты ұстамады. Король ерте германдыќ варварлар ќолданған ежелгі форма “Тәңір сотын” ќайта жандандырды. Жер үшін күрескен дауларды шешеу маќсатында король жерлерінің көпшігі өз ќарамағына өтті. Бұл атќарылып жатќан істердің көпшілігі король пайдасы мен өз әулиетінің пайдасын асырып отырды. Реформадан тыс әрбір ерікті шаруалар жанұясында бір ќару-жараќтан болсын деген жарлыќ та шығарды. 1169-1170 ж.ж. Ағылшын феодалдарының арасындағы өзара даулардан Ирландияны жаулап алу көзделді, оны 1171 жылы II Генрих Ирландия кірген бойда оны жаулап алды. Нормандар мен француздар бір-бірімен сіңісіп кетті, олар ќұжаттарда латын тілімен ќатар француз тілдерін де ќатар пайдаланды.II XII XIII
Бақылау сұрақтары:
-
ХІ-ХҮ Ғасырларда Англияның сыртқы саясаты қандай сипатта болды?
-
Ағылшын феодалдарының Ирландиялықтарға қарсы жүргізген саясаты?
-
ІІ Генрихтің жүргізген саясаты
-
Англияның әлеуметтік жағдайы қандай болды?
№ 10 Лекция
Тақырыбы: XI-XV ғ.ғ. Германия мен Италия.
Жоспары:
1. XI-XIII ғ.ғ.Германия.
2. XIV-XV ғ.ғ. Германия.
3.XI-XII ғ.ғ. Италия.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Шервут Е.А. «Законы лангобардов»М.1992 г.
2. Буданова В.П. «Годы в эпоху Великого переселение народов» М.1990 г.
3.Корсунский А.Р. “ Образование раннефеодального государство в Западной Европе” М.1973г.
4. Григорий Турский. “ История франков” М.1987г.
5. Лебек С. “ Произхождение франков” М.1993г.
6. Болотов В.В. “Лекцийи по истори древней церкви” М.1994г.
7. “Всемирная история”. В10-т.т,3 М.1957г.
Лекция мақсаты: ХІ-ХҮ ғасырлардағы Германия мен Италияның саяси дамуы және әлеуметтік-экономикалық жағдайы көрсетілген . Шынында да осы аталған елдердің өмірінің түпкілікті өзгерістері бұл мемлекеттер арасындағы ішкі қарым-қатынастың нәтижесі болып табылатын. Осы аталған елдер ішінде әсіресе Герменияның шикізат өнімдерімен қоса елдегі өнеркәсіп орындарының соның ішінде қолөнер саудасы дамып келе жатқан еді. Осы тақырыпты алға қоя отырып біз өз мақсатымызға жетеміз.
Лекция мәтіні.
1.XII-XIII ғ.ғ. Германияда ішкі отарлау жұмысы аяќталып, бос жатќан жерлерді өңдеп тиімді пайдалану. Германияда ауылшаруашылығы өсіп өркендеуінен, Батыс Еуропаның басќа ќалаларын секілді, орта ғасырлыќ ќалалардың өркендеу үстінде болды. Рейн басейнінде; Кельн, Кобленс, Майнц, Вормс, Шпейер, Страсбург, Бонн. Дунай бассейнінде; Ульм, Регенсбург, Донауверт және Эльба бассейнінде; Гамбург, Магдебург және басќалары пайда бола бастады. XI ғасырда елде 50-ге жуыќ ќала болса, XIII ғасыр ішінде 500-ге шейін жетті. Германияның XII-XIII жүз жылдыќтарда ќалалыќ ќолөнерінің табыстары өндірістің металл өңдеу, тоќыма және басќа салаларында жаңа ќолөнерлік кәсіптер мен жаңа цехтар пайда болды. Германияның аграрлыќ ќатынастары шаруаларды феодалдыќ ќанаушылыќтың формалары мен әдістерінде өзгерістер енгізді. Барщиналыќ төлемді крепостной шаруалармен тәуелді шаруалар ескі вотчиналыќ төлемді пайдаланды ќала халќының саны өсіп, ауылшаруашылыќ өніміне сұраныс көбейді.
XII-XIII ғасырлардағы неміс шаруалары крепостной шаруаларын жерсіз ќалдырады. Соның салдарынан XII-XIII ғасырларда неміс деревниясында тап күресі басталады. Мұнда міндеттерді орындаудан бас тартушылыќ және ұќыпсыз орындай салу феодалдардың үй жайларына, шаруашылығына зиян келтіру, жексұрын ќызмет адамдарын өлтіру сияќты әрекеттер ќолданылды. Шығыстағы неміс агрессиясы Шығыстыќ Прибалтика халыќтарына ќарсы жасаған агрессиясымен тығыз байланысты болды.XII ғасырда неміс феодалдарының славяндарға ќарсы басталған агрессиясының өзгешелік мәні князьдердің атќарған басшылыќ ролінде болды. Неміс феодалдарының ободриттерге ќарсы шабуылын XII ғасырдың ең ірі жыртќышы басќарды. Лев Генрих өте мейірімсіз және ќанышер адам болған. Өзінің маќсатына жету үшін ұлан-байтаќ князьдік ќұрып, Германиядағы Вельфтер руының әруағын көтеру үшін ќан төгіс әрекеттер жасаудан тайынбады.Эльба жағалауында орналасќан славяндардың екінші бір тайпасы – лютичтердің жерін немістердің басып алуын Альбрехт Медведь басќарды. Мейірімсіздік жағынан бұл да Лев Генрихтан кем түспеді. XIII ғасырда не містер Шығыстыќ Прибалтиканы басып алу үшін 1202 жылы Діни-рыцарьлыќ – Семсершілер орденін ќұрды. Мұнымен ќатар немістің отарлау әрекеті Дунай маңындағы жерлерге ќарай ұмтылды. Герман императорларының итальяндыќ саясатының күйреуі туралы саясатты нағыз агрессиялыќ түрде жүзге асырушылардың бірі, Гогенштауфендердің (1138-1254) жаңа династиясының уәкілі I Фридрих Барбаросса (1152-1190) болды. Барбароссаның Италия жөніндегі саясаты – бұл елді жүгенсіздікпен тонаудың және озбырлыќтың саясатя болван еді. I Фридрих 1154 жылы Италияға ең алғашќы жорыќ жасап, 1158 жылы екінші жорыќќа аттанды. I Фридрих ќатал шаралар ќолдану арќылы бүкіл Солтүстік итальяндыќ ќалалардың халыќтарын ќорќытып Италиядағы үстемдігін күшейтуді ойлаған еді , біраќ олай болван жоќ, Солтүстік италяндыќ ќала халыќтары көтеріліске шыќты. Барбароссаның немересі II Фридрих (1220-1250) Италияда орын теуіп, беку үшін ең соңғы рет әрекет жасады. Өзінің бойына біткен барлыќ ќабілеттері мен күш-жігерін II Фридрих бір ғана маќсатќа жетуге – Италияны басып алып, папаны бас идіріп бағындыруға жұмсады.
2.XIII ғасырда басталған Рим империясының ыдыраушылығы XIV ғасырда да жалғаса берді. XIV ғасырдағы Германияның эканомикалыќ өміріндегі ерекшеліктер ќала өмірінің өрлеуімен және ќолөнер кәсібі мен сауданың одан әрі өсе беруімен сипатталды. Соныменен Рейн бойындағы үлкен жолдарда орналасќан Кельн, Майнц, Страсбург, Ульм, Шпейер, Ворс сияќты ќалалар сауда жөнінде ірі орталыќтар болып ќоймай, Жан мен зығыр маталарын өндіретін және металл өңдейтін орталыќтар да болды. XIV-XV ғасырларда ќалаларда әлеуметтік жанжалдар мен шиеленіскен күрес басталды. XIV ғасырдың екінші жартысында Батыс және Оңтүстік – батыс Германияның ќалалары да одаќтарға бірігуге кірісті. 1381 жылы Швабия одағы мен рейндік ќалалардың одағы пайда болып, бас ќосып бірікті. Біраќ рыцарьларды жаќтап күреске түскен князь дер 1388 жылы ќалалардың біріккен одағының күл-талќанын шығарды. XV ғасырдағы өнеркәсіптің дамуындағы жаңа ќұбылыстар Германияда жүн маталарын өңдеп шығару, алыстағы рыноктарда жұмыс істеуші өндірістің ең басты саласы болды. Товарларды мол өндіріп, сұранысты ќанағаттандыру үшін ќұрал-жабдыќтың болуы талап етілді.Кен жұмысы ерекше дамыды. XV ғасырдағы деректердің хабарлауынша кен ќазатын жұмысшылардың аќыларын жоғарылатып, жағдайларын жаќсартуды талап еткен толќулар болған.XV ғасырда неміс ќалаларының өрлеуі және өндірістің жаңа формаларының пайда болуы әжептеуір кедергілерге ұшырап отырды. Ауыл шаруашылығының күйі және шаруалардың хал-жағдайы—ќолөнер кәсібі мен сауданың табыстары ел ішіндегі шетелдік товарлардың молшылығы , ќалалардағы байлыќтың өсе берушілігі неміс дворяндарының сәнді-салтанатты жасау бұйымдарына өздерінің табыстарын ұлғайта беруге ұмтылушылыќтарын күшейтті. Германияның оңтүстік-батыс бөліктерінде шетке шығарылатын астыќты өндіру үшін байбатшалыќ ауыл шаруашылыќтыңдамуы үшін ќолайлы жағдайлар ќалыптасып жетпеген еді. Феодалдыќ езгі күшейген сайын шаруалардың күресі дн өсе берді және XV ғасырда ол тура ашыќ толќуларға , ќаћарлы көтеріліске айналып отырды.
3.XI-XII ғ.ғ. Италия Герман феодалдарымен жер үшін күресте болды. император тағына отырған Габсбургтер мұрагерлік иеліктерді ұлғайтуға кіріскен кезде, басќа князьдерге төнген ќауіп деп. тапчан курфюрстер екінші императорды – Люксембургтердің әулетінен сайлады. Ал VII Генрих Люксембургский (1308-1313) династиялыќ некенің нәтижесінде өз иеліктеріне Чехияны ќосып алып, чехтың князы болван кезде, Курфюрстер енді ол өлгеннен кейін, императорды баварлыќ герцог тар Виттельсбахтардың әулетінен Людвиг Баварський (1314-1347) сайлады.
Өз әулетінің мұрагерлік иеліктерін ұлғайту жөнінде ќам же ген Людвіг Баварский барлыќ өзге князьдердің мүдделері үшін Италияға ќайтадан жорыќ жасау әрекетіне кірісті. Өзінің маќсатына жетуді көздеген Людвіг 1328 жылы Италиядағы партиялардың күресіне араласып, папа XII Иоаннға ќарсы Римнің жағын ќолдап шыќты. Людвіг Баварскийдің Италияға жасаған жорығының мәні – оның Римдегі сыбайластарының да, папа билігіне ќарсы оппозициядағы және папаның Германиядағы итаршыларымен күресте он ќолдап , тілектестік білдіруші топтардың көңілдерін әбден ќалдырды. Людвіг Баварскийдің Италияға жасаған жорығы сәтсіздікпен аяќталды. Ал Люксембургтардың руынан шыќќан, және сол кездің ќарсаңында I Карл деген атпен чех королі болған - IV Карлді жаңа император етіп сайлап ќойды.
Бақылау сұрақтары:
-
Германияның Италияға қарсы соғысы.
-
XI-XV ғасырдағы Германияның әлеуметтік –экономикалық және саяси даму ерекшеліктері.
-
Германиядағы Штауфендер мен Вельфер әулеттерінің арасындағы күрес.
-
Италиядағы алғашқы капиталистік дамудың басталуы.
11-лекция
Тақырыбы: XI-XV ғ.ғ.Испания мен Португалия.
Жоспары:
1. XI-XIII ғ.ғ. Пиреней түбегі елдері.
2. XI-XIII ғ.ғ. Реконкиста.
3. XIV-XV ғ.ғ. Пиреней түбегі.VIII ғасырда арабтарды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Шервут Е.А. «Законы лангобардов»М.1992 г.
2. Буданова В.П. «Годы в эпоху Великого переселение народов» М.1990 г.
3.Корсунский А.Р. “ Образование раннефеодального государство в Западной Европе” М.1973г.
4. Григорий Турский. “ История франков” М.1987г.
5. Лебек С. “ Произхождение франков” М.1993г.
6. Болотов В.В. “Лекцийи по истори древней церкви” М.1994г.
7. “Всемирная история”. В10-т.т,3 М.1957г.
Лекция мақсаты: ХІ- ХҮ ғасырлардағы Испания мен Португалияның ел ішіндегі әл- ауқаты мен тұрмыс-тіршілігі не келер болсақ, мунда халықтың наразылымен келген елде көптеген іштей соғыстар көбейіп кетті. Араб Испанияның экономикалыќ табыстарына оның мәдени өрлеуі ілесе жүрді.Кордовада үлкен кітапхана мен жоғары мектеп болды. Араб Испаниясындағы жоғары мектептер Европадағы алғашќы жоғары мектептердің бірі еді.Медицина, математика, география ғылымдары едәуір дами түсті. Осы тақырыпты алға қоя отырып мақсаттарды жүзеге асару мүмкіндігі туады.
Лекция мәтіні.
Испанияны жаулап алуымен Пиреней түбегінде Кордов эмираты (Х ғасырдан бастап-халифат) деп аталған ќуатты араб мемлекеті ќұрылды. Арабтар мен африкандыќ маврлар түбектің ќиыр солтүстігіндегі таулы аудандардан басќа бүкіл Испанияға түгелдей дерлік ие болды. Рим заманының өзінде-аќ едәуір көркеюге ќолы жеткен табиғи ресурстары мен ќалалары мол елдің оңтүстік аймаќтары мұсылмандардың ќолына ќарады.
Арабтардың Испанияны жаулап алғаннан кейін де Шығыстың едәуір жоғары дамыған елдерімен байланыстарын жоғалтпаған арабтар Испанияның ауыл шаруашылығын байыта түсті. Олар бірсыпыра жаңа- шығыстыќ және оңтүстік – даќылдарды:күрішті, ќант ќұрағын, пальманы,анар ағашын тұт ағашын әкеп өсірді.Жүзім шаруашылығы мен шарап жасау дами түсті.Арабтар кеңінен ќолданған суару каналдарының жүйесі егіншіліктің өрге басуына көп септігін тигізді.Егіншілік тәсілі ғана жаќсарып ќойған жоќ, сонымен бірге мал шаруашылығы да өркендеді.
Арабтардың тұсында ќалалар ќатты дамыды. Испанияда олардың саны едәуір еді. Араб мемлекетінің астанасы-Кордова-Х ғасырда Европаның аса ірі ќолөнер, сауда және мәдени орталыќтарының біріне айналды.Араб Испанияның күшті флоты болды. Көпдеген испан-араб ќалалары теңіз арќылы- Африкамен, Италиямен, Византиямен және Левантпен, ќұрлыќ арќылы-Оңтүстік Франция және Ломбардиямен кең көлемді сыртќы сауда жүргізіп отырды. Испан товарлары Үндістан мен Орта Азияға жеткізілп тұрды.Шетелге шығарылатын басты заттар ауыл шаруашылығының кең өнеркәсібінің өнімдерімен ќолөнер бұйымдары болды.
Араб Испанияның экономикалыќ табыстарына оның мәдени өрлеуі ілесе жүрді.Кордовада үлкен кітапхана мен жоғары мектеп болды. Араб Испаниясындағы жоғары мектептер Европадағы алғашќы жоғары мектептердің бірі еді.Медицина, математика, география ғылымдары едәуір дами түсті.
ХV ғасырда Солтүстүк Италияның басќа бір өнеркәсіптік орталығы –Миланда, ХІІІғасырдың аяғында орнатылған тирандыќ режим бұрынғыдан да гөрі нығая түсті. XV ғасырдың басында Миланда Висконтидің семьясынан шыќќан тирандар билік жүргізді, ал содан соң, 1450 жылдан бастап, ќаладағы өкіметті Сфорцсемьясынан шыќќан тирандар басып алды.
Флоренция мен Миланда, солтүстік және Орта Италияның басќа мемлекет-ќалаларында тирандыќ режимдердің байда болуы және нығаюы, олардың кейбір ішкі орталыќтандырылуына себепкер бола тұрғанымен де, олардағы орын тепкен саяси бытыраңќылыќты бұзып жоя алады. Егер бұл мемлекет –ќалалар өздерінің нағыз гүлденіп өркендеген кезеңінде, ХІІ-ХІVғ.ғ. Италияның саяси бірлігін ќамтамасыз ете алмаған болса, онда олардың бұған экономикалыќ ќұлдыраудың басталған кезеңінде жетуге тіпті де шамалары келмеді.
Әлі де болса бай, біраќ та өзара жауласып, жеке-жеке саяси бөлімдерге ыдырап, экономикалыќ тоќыраудың басталған кезеңіне кірген Италия, осы мезгілдің ќарсаңына бір шама күшті біршама күшті бір орталыќќа бағынған, мемлекеттер ќұрылған көршілес Франция мен Испаниядан анағұрлым әлсіздеу болып шыќты. Мұны 1494 жылы Францияның 50 мың әскерін бастаған VIII Карл Италияға басып кіріп, ќырғын соғыс жүргізе отыра, Неаполитан корольдігінің шекарасына дейін жеткендігі айќын көрсетті. VIII Карлдың жорығы ұзаќќа созылған “итальяндыќ соғыстардың” тек бастамасы ғана болып табылды.Бұлар Италияның әбден күйзелуіне, экономикалыќ ќұлдырауының одан әрі үдей түсуіне,оның саяси бытыраңќылығын түпкілікті баянды етуге әкеліп жеткізді.
XV ғ. аяғында Американың ашылуы және Индияға баратын жолдардың табылуы Италияның экономикасын талќандайтын екінші соќќы болып, оның саудадан басымдылығын жойды және аграрландыруды күшейтті.
Адамзаттың тарихында, Италияның ең кемелденген аймаќтарында тұңғыш рет ќалыптасќан алғашќы капиталистік ќатынастар Италияда алғашќы буржуазиялыќ мәденниеттің ,-ќайта өркендеу мәдениетінің пайда болуына негіз болған жалпы экономикалыќ және әлеуметтік өрлеуге әкеліп жеткізді. Алайда бұл жаңа ќатынастардың әлсіздеу белгілері-ұзаќќа созылған шетелдік басќыншылыќтардың салдарынан, географиялыќ жаңалыќтар тудырған экономикалыќ күйзелістердің нәтижесінде одан әрі тереңдейтүскен шаруашылыќ пен саяси бытыраңќылыќтың жағдайларында,- тоќтаусыз дамып, жете өркендей алмады. Италия XVғасырдың аяғына таман өзінің кері кетіп ќұлдырауына таќада және оған келесі XVI жүз жылдыќтың аяғына келіп жетті.
Арабтар Пиреней түбегін түгел жаулап алды; тек солтүстік Астурия ғана тәуелсіздігін саќтап ќалды. VIII ғ. соңы-IX ғ. басында, франктер жорыќтарының нәтижесінде, Пиреней түбегінің солтүстік-шығысында астанасы Барселонада орналасќан Испан маркасы Наварра бөлініп шыќты. Испанияның солтүстігіндегі христиан мемлекеттерінен – Астурия мен Наваррадан- арабтар басып алған испан территорияларын ќайта жаулап алу басталды.
Бақылау сұрақтары:
1. Испанияны ХҮІ ғ кім дер жаулап алды?
2. Испанияның отаршылдарға қарсы күресін кім басқарды?
3. Португалдықтардың арабтарға қарсы шабуылын кім ұйымдастырды?
12-лекция.
Тақырыбы: XI-XV ғ.ғ. Скандинавия елдері.
Жоспары:
1. Феодалдыќ ќұрылыстың ќалыптасуы.
2. XII-XIII ғ.ғ. Норвегия.
3. Даниядағы феодализмнің дамуы.
4. XIII ғ. соңы мен XIV ғ. саяси күрес.
5. XV ғ. Скандинавия елдері.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Шервут Е.А. «Законы лангобардов»М.1992 г.
2. Буданова В.П. «Годы в эпоху Великого переселение народов» М.1990 г.
3.Корсунский А.Р. “ Образование раннефеодального государство в Западной Европе” М.1973г.
4. Григорий Турский. “ История франков” М.1987г.
5. Лебек С. “ Произхождение франков” М.1993г.
6. Болотов В.В. “Лекцийи по истори древней церкви” М.1994г.
7. “Всемирная история”. В10-т.т,3 М.1957г.
Лекция мақсаты: ХІ-ХҮ ғасырдағы Скандинавия елдеріне шолу, феодалдық құрылыстың қалыптасуы және Даниядағы феодализмнің даму сон дай- Скандинавия елдеріндегі ХІІІ- ХІҮ ғасырлардағы саяси күресі қамтылып, тереңінен зерттеп өз тарихымызға көптеген дефекті мағлұматтарды жинай отырып осы елдің алға қойған мақсат- міндетті мен жеткен жетістіктерін көрсете кетеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |