Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Бала-
лар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.
|
Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
|
92
7-тақырып. Денсаулық — зор байлық
7-тақырып. Денсаулық — зор байлық
1-2-сабақ
Сабақ тақырыбы:
|
Дәрігердің қабылдауында.
|
Білімділік:
|
Тақырыптың аясында қазақша қарапайым сөйлемдер құрау арқылы жаңа сөздерді меңгерту.
|
Дамытушылық:
|
Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
|
Тәрбиелік:
|
Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерий- лері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша емхана туралы ақпарат бере алады.
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы емхананы, дәрігердің қабылдауын сипаттайды.
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы Сөйлесімге келеді.
|
Жаңа сөздер:
|
Емхана, тексеруден өту, жүрек, қан тапсыру, дәрігерлік кеңес.
|
Сабақта қолданы- латын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, смайликтер, тақырыпқа қатысты буклеттер, өзара бағалау парағы.
|
Оқыту әдістері:
|
Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, жұптық жұмыс, «Кім көп сөз біледі?» ойыны, постер, рөлдік ойын.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
|
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл- күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұ- рақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушы- лықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, интерактивті тақтадан емхана бейнеленген слайдтарды көрсетеді. Сипаттап берулерін сұрайды. «Емхана» сөзіне ассоциаграмма құрғызады.
|
Слайдтарды сипаттайды, ассоциаграмма құрайды.
|
93
Достарыңызбен бөлісу: |