Методические указания
|
|
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.2/05
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
050703 – Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттеріне
Ақпараттық жүйелердің негіздері пәні бойынша
пәннің материалдарын оқып-үйренуге арналған ӘДІСТЕМЕЛІК нұсқау
Павлодар
Лист утверждения к методическим указаниям
|
|
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.1/05
|
БЕКІТЕМІН
ФМжАТ факультетінің деканы
_____________ Тлеукенов С.К
«____»_____________ 2008 ж.
Құрастырушы: аға оқытушы Оспанова Н.Н.
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
050703 – Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттеріне арналған
Ақпараттық жүйелердің негіздері пәні бойынша
пәннің материалдарын оқып-үйренуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК нұсқау
Кафедраның отырысында қарастырылған « » 2008ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ Ж.К.Нұрбекова
(қолы)
Факультеттің әдістемелік кеңесінде құпталған «___»________ 2008ж. №___ хаттама
ӘК төрайымы _______________________ А.З.Даутова
(қолы)
1- тақырып. Кіріспе
Ақпараттық жүйелер дегеніміз ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге, талдауға және таратуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық өнім. Ақпараттық жүйелер кіріс ақпаратты (қандайда бір мәліметтер, нұсқаулар) және шығыс ақпаратты (есептеу, есептеулер) қамтиды, яғни ақпараттық жүйелер кіріс ақпараттарды өңдеп, шығыс ақпараттарды нәтиже ретінде береді. Амалдарды, әрекеттерді бақылап отыратын кері байланыс механизмі де жүзеге асырылынады. Басқа жүйелер сияқты ақпараттық жүйелер де қоршаған ортада болады.
Кірісі: Өңдеу Шығысы:
Бизнес-есептер Шешімдер
- мәліметтер; бағдарламалар; - есептер
- ақпараттар; адамдар; - сызбалар
- есептеулер; құрал-жабдықтар; - есептеулер
- мүмкіндіктер; - дыбыстар
Басқару
басқарушы тұлға; Кері
автоматты басқару; Байланыс
Ақпараттық жүйелердің сызбасы
Ақпараттық жүйелердің құрамына кіретін типтік бағдарламалық компоненттер жүзеге асырады:
- енгізу/шығару диалогын;
- диалог логикасын;
- мәліметтерді өңдеудің қолданбалы логикасын;
- мәліметтерді басқару логикасын;
- файлдармен немесе мәліметтер қорын басқару әрекеттерін;
Соңғы уақыттарда мекемелерде корпоротивті ақпараттық жүйелерді тұрғызу маңыздылығы қазіргі таңдағы шарттарда бизнесті басқарудың қажетті инструменті ретінде қарастырылып отыр. Корпоративті ақпараттық жүйелер – бағдарламалық қамтамасыздандыру орнатылған және бапталған арнайы бағдарламалық өнім және есептегіш аппараты платформаның жиынтығы.
Корпоротивті ақпараттық жүйелерге маңызды әсер ететін 3 факторды ерекше атауға болады;
-
мекемені (кәсіпорынды) басқарудің әдістемесін дамыту;
-
компютерлік жүйелердің жалпы мүмкіндіктері мен өнімділігін дамыту;
-
ақпараттық жүйелердің элементтерінің техникалық және бағдарламалық жүзеге асырылу тәсілдерін дамыту;
Әр факторды жекелей қарастырайық :
1) Мекемені басқарудың теориясы өте кең пән ретінде қарастырылады, сондықтан үнемі оқып үйрену мен дамытуды талап етеді. Бәсекелестіктің өсуіне байланыстыкомпания жетекшілеріне нарықты өздерінің бар болуын сақтап қалатын жаңа әдістерді іздеуге мәжбүрлейді . Сол себептен қазіргі замандық ақпараттық жүйелер менеджмент теориясы мен практикасындағы жаңа кірістірулермен қатар жүру к/к;
2) Компютерлік жүйелердің қуаттылығы мен өнімділігі прогресі, желілік технологиялар мен мәліметтерді жіберу жүйесінің дамуы, компютерлік техниканың әртүрлі жабдықтармен интеграциясының кең мүмкіндіктері қпараттық жүйелердің өнімділігі мен қызметін үнемі дамытып отыруды талап етеді..
3) Ақпараттық жүйелердің аппараттық бөлігінің дамуы мен бірге соңғы жылдары ақпараттық жүйелердің бағдарламалық – технологиялық жүзеге асырылуының жаңа, неғұрлым ыңғайлы және әмбебап әдістерін іздеу тұрақты жүріп жатыр. Соңғы уақытта ақпараттық жүйелердің дамуына үлкен әсер еткен маңызды жаңалықтар мыналар болды:
1) Бағдарламалаудың жаңа тәсілі , яғни объектілі – бағдарлы бағдарламалау тілінің пайда болуы.
2) Желілік технологиялардың дамуына байланысты локальді ақпараттық жүйелер клиент – серверлік және көп деңгейлі ақпараттық жүйелермен ауыстырулыда.
3) Интернеттің дамуы қашықта орналасқан бөлімшелермен жұмыс жасау мүмкіндігін берді. Интернет арқылы сатып алушыларға қызмет көрсете отырып, электронды комерцияның келешегін ашып берді. Мекеменің ішкі желісінде интернет технологияларында ,яғни интернет - технологияларды қолдану жетістіктерін берді.
Корпоративті ақпараттық жүйелердің негізгі құраушылары :
-
Мекеменің компютерлік нфрақұрылымы. Ол желілік, телекомуникациялық, бағдарламалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымдар жиынтығы.
Мекеменің компютерлік инфрақұрылымын корпоротивті желі деп те атайды.
2) Өзара байланысқан қызметтесішкі жүйелер:Бұл мекеменің есептерін шешуді және мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйелердің жіктелуі.
Ақпараттық жүйелер әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеледі:
1)Масштабы бойынша жіктелуі.
- дара ақпараттық жүйелер(одиночные)
- топтық ақпараттық жүйелер (групповые)
- корпоротивті ақпараттық жүйелер.
2) Ұйымдастырушылық құрылымы б/ша жіктелуі.
Әдетте мекеме мынандай құрылымдық бөлімшелерден тұрады:бөлімдер;топтар;департаменттер.(мысалы:ПГУ→факультет→кафедралар немесе ДООУП→ФиОУП→Мониторинг)т.с.с.
- Департаменттер үшін А.Ж.
бірнеше қолданбалы бағдарламалар бір қызмет аймағында н/е департаментте қолданылуы мүмкін және олар бір-бірімен тәуелді болуы мүмкін н/е тәуелді болмауы да мүмкін.
-
Мекеменің/кәсіпорынның А.Ж.-департаменттердің барлық қосымшаларының жиынтығы;
-
Ұйымдар(мекемелер/кәсіпорындар) арасындағы А.Ж. бірнеше мекемелерді (партнерларды) байланыстырады.
3) Қызмет аймағы б/ша жіктелуі.
- Партнерларды өңдеу жүйесі – қайталанатын, көп есептерді (рутинные задачи) және әрекеттерді қолдайды, сондай-ақ орындаулар штатын. Транзакцияларды өңдеу жүйесі мәліметтерді өңдеу жылдамдығына байланысты пакетті А.Ж. және жедел А.Ж - лер деп бөлінеді.
Ұйымдастырушылық басқарудағы А.Ж – лерге транз. өңдеудің оперативті режимі қолданылады.(OLTP-Online Transaction Proccessing) - уақыттың сәтінде пәндік аймақтық өзекті жағдайын бейнелеу.
OLTP жүйесі үшін қарапайым транзакциялардың (тапсырыстар, төлемдер, сұраныстар) жеткілікті түрдегі қарқынды ағыны сәйкес келеді.
Қойылатын талаптардың маңыздылығы:
1)транзакцияларды өңдеудің жоғары өнімділігі;
2)телекоммуникация б/ша МҚ-ына қашықтан кіруде ақпараттың жету кепілдемесі.
- Менеджменттің А.Ж- сі – менеджменттердің қызметтік әрекеттерін қолдайды;
- Офистік автоматтандырылған жүйе - офистік қызметкерлер үшін;
- Шешімдерді қабылдау жүйесі (СПР- система поддержки решений)- менеджерлер мен аналитиктердің шешімдер қабылдануында қолданылады;
- орындаушылық А.Ж. – жоғары басқарушылардың шешімдерін қолдайды.
- ИАЖ (интелектуалды АЖ).
- Ақпараттық – анықтамалық жүйелері.
5) А.Ж.- дің ұйымдастыру тәсілі б/ша жіктелуі.
- файл-сервер архитектурасы;
- клиент-сервер архитектурасы;
- көпдеңгейлі архитектурасы;
- Интернет/Интернет технологиялары негізінде.
2- тақырып. Ақпараттық жүйе басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде: негізгі түсініктер.
Жүйе деп бір жағынан бір тұтас объек ретінде қарастырылады, ал екінші жағынан өзара байланысқан нмесе өзара әрекеттеуші құрама бөліктердің жиыны ретінде қарастырлатын кез келген объектіні айтады.
Жүйенің компоненттері : 1) Құрылым жүйенің элеметтері мен өзара арасындағы байланыс жиыны.Құрылымның математикалық моделі ретінде графті қарастыруға болады. 2)кірістер мен шығыстар –яғни жүйеге келіп түсетін немесе одан шығатын материалдық ағындар және хабарлама ағыны. 3) Тұтастық
Қатыстылық қасиетті жүйенің элементінің өзара байланысы, кірістері мен шығыстарын жәнеде мақсат шектеулерінен құрамының зерттеу мақсат тәуелділігін анықтау.
Бөлінгіштік қасиеті жүйенің әр біреу жүйе ретінде қарастырлатын ішкі жүйелердің,яғни жекеме бөліктерден тұра алатындығын көрсетуі.Жүйені ішкі жүйеге бөлу декомпозициясы деп аталады.
Тұтастық қасиеті жүйенің қызмет ету мақсаты.оның ішкі жүйелері мен элементінің қызмет ету мақсатын сәйкес келуін қарастырады.
Ақпараттық жүйе шынайы өмірдің қандай бір объектісінің қызметі туралы ақпарат жинау, аяқтау және тарату әрекет орындау жүйесі болып табылады.
Ақпараттық жүйелер үшін мынандай принцптер орындалады:
-
Сәйкестілік принципі –бұл АЖ объектісінің қызмет етуін беріген тиімділік пен орындауын қамтамасыз ету.
-
Үнемшілдік принципі ақпаратты өндеуде шығынды аз үнемдеу.
-
Регламенттілік принціпі – ақпараттың басым бөлігі ақпараттық жүйеге кесте бойынша қатан мерзілікке түседі және өнделеді.Осы әрекет өз уақытында орындалалады.
-
Өзінше бақылау принципі мәліметтер мен процестерді өндеуде қателерді табу және түзету бойынша ақпараттық жүйелер үздіксіз жұмыс істейді.
-
Интегралдық принципі –бұл АЖ ақпарат біррет қана еңгізіліп бірнешерет және көп мақсаттар үшін қолданылады.
-
Адаптивтілік принціпі сыртқы шарттардың байланысының өзгеруіне тиімді нәтижеге жету үшін АЖ өзінің құрылымы мен тәртіп зандарын өзгерту,алу қызметі.
Қызметіне байланысты АЖ мәліметтерді өндеу жүйесі ақпаратты іздеу
жүйелері деп қарастыруға болады .
Әртүрлі қызметі бар қолдану бағдарламалармен толықтырлады.АЖ мәліметтерді өндеу жүйесі деп аталады.Егер мәліметтерді өндеу жүйесі басқару шешімдерді таңдауды қабілеті болса, онда ол жүйе басқару автоматты жүйесі (БАЖ).Ал қандайда бір құжаттардың жиының ақпараттық сұраныстың тақырыбына сәйкес ақпарат іздеп табуға арналған жүйе ақпаратты іздеу жүйелері деп аталады.
АЖ компоненттері:1)Мәліметте қоры; 2)концептуалдық схема;3)Ақпараттық прцессор.Бұлар мәліметтер басқару және сақтау жүйесін құрайды.
Бізді қоршаған ортада әртүрлі қызметі бар материалды жүйелнрді қарастыруға болады.Материалдық жүйе қызметі процесінде болып жатқан хабарлама формасында сипаттауға болады.
Осы жүйелерде болып жатқан оқиғалар туралы хабарламаның пайда болу материалдық процесс ақпаратты бейнелеуін көрсетеді.Хабарламалар табиғи түрде өрнектелуі мүмкін.Дегенмен тірек қосылады. Яғни параметірлері ерекшеленгенде форматталған хабарлама қолданылады.Мысалы:№2 қоймаға 27.02.08 жылы алюмини заводынан, бағасы 2000 теңге тұратын 50 дана генераторлар келіп түсті.
Форматталған бағдарлама параметрлер атауы, параметірлер міндеті
Қабылдаушы –қойма
Міндетті-№2 қойма
Жіберуші-алюминий заводы
Бұйым(изделие)-генератор
Мерзімі-21.02.08
Бағасы 2000 теңге
Саны 50шт
Осындай әртүрлі мұйымдардың қоймасы келіп түсуі туралы хабарламалары жеткілікті көп болды.Олар параметрлер атауы бойынша сәйкес келеді де, ал параметрлердің қызметі бойынша ажыратылады.Сол себептен оларды кесте түрінде бейнелеу неғұрлым ыңғайлы.
Қабылдаушы
|
жіберуші
|
Бұйым
атауы
|
мерзімі
|
бағасы
|
Саны
|
Қойма№1
Қойма№2
|
|
|
|
|
|
Сонымен,форматталған хабарлама дегеніміз АЖ де сақталынатын және өнделетін хабарламалардың неғұрлым жалпыланған түрі
Мәліметтер қоры дегеніміз: 1) сәйкес материалдың жүйе үшін ақиқат болып табылатын, 2) бір-біріне қатысты және концептуалды схемасы бойынша қайшы болмайтын хабарламарар жиыны.
Мәліметтер қорындағы хабарламалар әдетте форматталған болып табылады және ақпараттар бірлігі түрінде сақталады.
Ақпараттр бірлігі дегеніміз қандайда бір нақты мағынасы болатын символдардың жиынтығы.бұл ұғым негізіне форматталған хабарламаларды сақтайтын мәліметтер қлрына қатысты.
Атрибут дегеніміз –нақты бір объектінің,процестің немесе құбылыстын жеклеме қасиеттердің ақпаратты бейнеленуі.
Хабарлама нәрселердің қасиеттерін (параметірлерін) көрсету сияқты форматталған түрде жазылады.сол себептен құбылысты бейнелеу іріктеліп алынған атрибуттардың жиынтығын көрсетеді
.
3-тақырып. Ақпараттық жүйелерді сипаттау әдістері.
АЖ-ді жобалаудың әдіснамасы мен технологиялары.
АЖ-дің жобасының негізін құраушылар:
-
жобалаудың әдістері.
-
Жобалаудың технологиялары.
-
Жобалаудың аспаптық құралдары(CASE құралдары)
АЖ-ді жобалаудың әдістері және технологиялары.
Жобалау әдістері мен инструменталды құралдары (CASE-құралдары) АЖ-нің жобасын орындаудың формальданған пәнінің орталық бөлігін құрайды.
АЖ-ді жобалаудың әдісі дегеніміз нақты анықталған нотацияларды қолданып әзірленетін жүйенің әртүрлі аспектілерін сипаттайтын модельдерді жасаудың процестерінің жиынтығы.
Әдіс мынандай құраушылардың жиынтығы ретінде анықталады.
1)Концепциялар және теориялық негіздер.Бұндай негіздер ретінде құрылымды немесе объектіге бағытталған тәсіл қарастырылады;
2)Жобаланатын жүйенің тәртібінің динамикасының және статикалық құрылымының модельдерін тұрғызуда қалданылатын нотациялар; әдетте нотациялар ретінде графиктік диаграммалар қолданылады, себебі олар неғырлым көрнекті және қабылдауға қарапайым.
(Мысалы: мәліметтер орнының диаграммалары, “мән-байланыс” диаграммасы-құрылымдық тәсілде, ал 0-ге бағытталған тәсілде қолдану қолдану нұсқаларының диаграммалары, кластар диаграммасы).
3) Әдістің практикалық қолданысын анықтайтын процедуралар: модельдерді тұрғызу тізбектілігі және ережелері, нәтижелерді бағалауда қолданылатын критерийлер.
Жобалаудың әдіснамасы ОЦ-дің процестерңн орындауды қамтамасыз ететін нақты технологиялар және олардың қолданылатын стандартты әдістемесі және аспаптық құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Жобалаудың технологиясы төмендегі құраушылардың жиынтығы ретінде анықталады:
-
Жобалаудың технологиялық амалдарының тізбегін анықтайтын қадамдық процедуралар;
-
технологиялық амалдарыдың орындалу нәтижесін бағалауда қолданылатын критерийлер мен ережелер;
-
Жобаланатын жүйені сипаттау үшін қолданылатын графикалық және мәтіндік құралдар;
Жобалаудың технологиялық амалдарының көрсетілімі.
Әдістемелік материалдар,
Нұсқаулар, нормативтер,
нәтижелерді бағалау критерийлері.
Стандартты көрсе- Технологиялық Стандартты көрсе-
тілімдегі бастап- амалдар тілімдегі нәтижелер
қы мәліметтер
(құжаттар, жұмыс
материалдары, ал- Орындаушылар,
дыңғы амалдар программалық және
нәтижелері) техникалық құралдар.
Технологияның негізгі мазмұнын құрайтын технологиялық нұсқаулар орындалатын амалдарға байланысты технологиялық амалдардың тізбегінің, шарттарыңың және амалдарының өздерінің сипаттамасынан тұрады.
АЖ-ді жобалау , әзірлеу және сүйемелдеу технологиясы мынадай талаптарды қанағаттандыру керек:
1)технология АЖ-нің ОЦ-ін толық қолдау керек;
2)технология АЖ-ді әзірлеудің мақсаттарына жетуді берілген сапаға және уақытқа сәйкес қамтамасыз етуі қажет;
3)технология ірі жобаларды ішкі жүйелер ретінде орындау керек, яғни жобаның декомпозиция мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
4)технология жеке ішкі жүйелерді жобалау б/ша үлкен емес топтармен (3-7 адам) жүргізуді қамтамасыз ету;
5)технология жұмысқа қабілетті АЖ-ні қысқа уақытта алуды қамтамасыз ету керек;
6)технология жобаның конфигурациясын басқаруын қамтамасыз ету керек, жоба құжаттарын автоматты түрде шығаруын және оның версияларын жоба версияларымен синхрондығының мүмкіндігін қамтамасыз ету керек;
7)технология орындалатын жобалық шешімдердің АЖ-ді жүзеге асыру құралдарынан тәуелсіздігін қамтамасыз ету керек;
8)технология ОЦ-дің барлық кезеңдеріне орындалатын процестерді автоматтандыруды қамтамасыз ететін келісілген CASE – құралдарының кешендерімен атқарылуы керек.
АЖ-ді жобалау, әзірлеу және сүйемелдеу технологиясы мынандай стандарттарды сақтауы тиіс:
1)Жобалау стандарты;
2)Жобалық құжаттарды безендіру стандарты;
3)Пайдаланушы интерфейсі стандарты.
4-тақырып. Ақпараттық жүйелердің анализі мен синтезі.
Ақпараттың құрамдас бірлігі (АҚБ) атрибутымен басқада АҚБ жиыны болып табылады.
Қарапайым АҚБ болып кәдімгі кестелер саналады.Концептуалы схема мәліметтер қорында сақталынады,ақпараттың барлық бірліктерінің құрылымының сипаттамасын білдіреді.құрылым дегеніміз ақпараттың бір бірлігінен басқа бірліктердің құрамына кіруі.
Алдынғы мысалдағы кестеден концептуалды схеманы қарайтын болсақ, мәліметтер қоры К кестеден, ал Қ параметрлеріді жіберуші, қабылдаушы,...)құрайды.
Ақпараттың процессор дегеніміз МҚ мен концептуалды схема мен операцияларды орындайтын механизімдерғ
Ақпараттық процессор есептегіш жүйемен МҚБЖ-сымен тұрад.
МҚБЖ-дегеніміз мәліметтер қорына кіретін мәліметтерді түрлендіруді және алуды, сақтауды және жинақтауды қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.
Мәліметтер қорын басқаруға қатысатын арналған лауазымды тұлға-мәліметтер қорының әкімшілігі (админестроаторы)деп аталады. Кез келген ақпараттық жүйелер өзара байланысқан ресурстар мегн үрдістердің жиынтығын көрсетеді.ресурстарға жұмысшылар,қызметкерлер,шикізаттар және материалдар, станоктар,ақшалар,бұйымдар және жартылай фабрикаттар жатады.
Прцесc дегеніміз ресустардың бір жиынынан екінші жиынына түрлендіру.Бір уақытта бірнеше процестер жүруі мүмкін жүйенің өзара байланысқан ресурстары мен процестері пәндік аймақ терминінде сипаттауға болады.Пәндік аймақ материалдық жүйенің элементтері олар туралы ақпарат, ақпартаттық жүйеде сақталады және өнделеді объектінің барлық пәндік аймақтарының ақпараттық бейнеленуі үщін ақпараттық жүйелердің ақпараттық қоры қызмет етеді.
Ақпараттық қор бір немесе бірнеше мәліметтер қорынан тұрады.Пәндік аймақты сипаттау үшін объект,объекттінің қасиеті,объектілердің өзара әрекеттестігтің қасиеті сияқты терминдер қажет боладыОбъекті деп қайсы бір жүйенің кез келген элементін айтамыз.
Жекелеме нәрселер объектінің экземпляры болады.Нәрселердің әртүрлі жиындары қайсы бір принціпке сәйкес құрылған объектілер типтері деп аталады.Экземплярлардың қайсыбір жиынын кластарға бастапқы топталуы класификация немесе жіктелуі.
АЖ объектілері өндіріс құралдары ,еңбек нәрселері және орындушылар деп аталады.Ірі типтерге топталады объект қасиеттері деп уақыттың кез келген сәтінде объектінің жағдайын мінеждейтін қандайда бір шама.
Объектілер құрылымдағы аналогияны қоюмен байланысты бір кластың объектілері сипатталады.Кез келген бір типке жататын объектілер, осы типке сәйкес келетін қасиеттер қатарын құрайды.Осы принцип қасиеттердің із басарлық мұралануы деп аталады.
Уақыт бойынша қызметтік жайылуы объектілердің өзара әрекеттестігі ұғымына сәйкес келеді.Сонымен бірнеше объектілердің уақыт бойынша кеңістікте өтетін қандайда бір процеске қатысу фактісі объектінің өзара әрекеттестігі деп аталады.Өзара әрекеттестіктің қасиеті деп объектілердің бірлескен мінез құлқын сипаттайтын қасиеті,бірақ бұл қасиет жекеленалғанда бір де бі объектіде бола алмайды.
5-тақырып. Ақпараттық үрдістер – ақпараттық жүйелердің негіздері.
Rational Rose – дегеніміз автоматтандыру процестерін талдау және ПО жобалау үшін арналған , сонымен қатар әртүрлі тілдердегі кодтарды генерациялауға және жоба құжатнамаларды шығаруға арналған Rational Software Corporation фирмасының объекттілі - бағытталған Case құралдары.
Rational Rose UML тіліне негізделіп жобалау және обьектілі бағытталған талдау әдістерін қолданады. Rational Rose осы болжамасы C++, Visual C++, Visual Basic, Java, PowerBuilder, CORBA Interface Definition Language (IDL) бағдарламалар үшін кодтар генерациясын және ANSI SQL, Oracle, MS SQL Server, IBM DB2, Sybase үшін мәліметтер қорының генерация бейнеленуін, сонымен қатар диаграмма түріндегі жобалау құжаттарын және егжей- тегжейлерін іске асырады. Rational Rose жаңа жобаларда бағдарламалық компоненттерінің қайта қолдануын қамтамасыз ететін бағдарламалар мен мәліметтер қорының реверстік инжинирингтің құралдарынан тұрады.
Құрылымдар және функциялар. Rational Rose- да жұмыс істеудің негізі жүйе архитектурасының статикалық және динамикалық аспектілерін анықтайтын UML егжей- тегжейі мен диаграммаларды құру болып табылады. Rational Rose құрамындағы келесі алты негізгі құрылымдық компоненттерді белгілеуге болады: репозиторий, қолданушының графикалық интерфейсі, проектті қарау құралдары (браузер), проектті бақылау құралдары, документтердің статистикалық және генераторлық құралдарын жинау. Оларға сонымен қатар кодтар генераторлары (әрбір тіл үшін жеке) және реверстік инжинирингті қамтамасыз ететін C++ үшін анализатор кіреді.
Репозиторий проекттің мәліметтер қоры болып табылады. Браузер иерархия кластары бойынша орын ауыстыру, диаграммалардың бір түрінен екінші түріне ауысуды проект бойынша «навигацияны» қамтамасыз етеді.
C++ тіліндегі автоматы түрдегі генерация кодтар бағдарламасының құралдары компоненттер мен диаграммалар кластарында болатын бағдарламаны қолданады да тақырыптар және класстардың файлдары және объектілерін қалыптастырады. Осындай түрмен бағдарламаның «қанқасын» жасайды да ол C++ тілінде тура бағдарламалауда анықталады. C++- тағы кодтар анализаторы жеке бағдарламалық модуль тәрізді негізделген. Оның тағайындалуы C++- тегі қолданушы анықтайтын текстерінде болатын бағдарламаның негізінде Rational Rose- дағы проекттер модулін құру. Жұмыс барысында анализатор тексттердің дұрыстылығын және қателердің болдырмауын іске асырады. Оның жұмыс қорытындысында алынған модель бүтіндей немесе бөлшектей әртүрлі проекттерде қолданылуы мүмкін. Анализатордың кіріс және шығыс күі бойынша кең мүмкіншіліктері бар. Мысалы файлдар типін, компилятор қорларын , қандай анықтама моделге кіруі және қандай модель элементтері экранға шығуы екенің анықталуы мүмкін. Осындай мүмкіншіліктермен Rational Rose/C++ бағдарламалық компоненттердің қайта қолднылуын қамтамасыз етеді. Проектті құрудың қорытындысында Rational Rose- дың CASE құралдарының көмегімен келесі документтер құралады:
-
UML диаграммалары;
-
Кластар, обьектілер, атрибуттар және операциялар спецификациясы;
-
Бағдарламалар текстінің дайындау нүсқалары;
Бағдарлама тексті програмисттің келесі жұмыстары үшін дайындау нұсқалары болып табылады.
Келесі құралдармен әрекеттестік және топпен жұмыс жасау ұйымы.
Rational Suite келесі варианттары бар:
Rational Suite AnalystStudio- анықтау және толық жиындар талаптарын басқаратын құралдар жүйесі;
Rational Suite Development Studio- По- ны жобалау және орындауға арналған;
Rational Suite Test Studio- қосымшалардың автоматты түрде тестілеу үшін арналған нәрселер жиыны;
Rational Suite Enterprise- ПО- ның толық өмірлік циклін қамтамасық етеді;
Rational Suite жиынына Rational Rose- дан басқа келесі компоненттер кіреді:
Rational Requisite Pro- өңдірушілер тобының бірігіп жұмыс істеу ұйымы үшін арналған талаптармен басқару құралы;
Rational ClearCase– ПО конфигурациясымен басқару құралы;
Rational SoDA– жобалы құжаттаманың автоматты генерацияның құралы;
Rational Clear Quest- e-mail және web құралдар негізінде өзгерістерді басқару және пректте ақауларды қадағалау құралы;
Rational TeamTest– бағдарламаның орындалуы кезіндегі қателерді автоматты түрде табу және регресивті тестілеу өткізу үшін сценарилер генерациясының құралы;
Rational Robot– тестілердің автоматты түрде жіберілу және модификацияны құру құралы;
Rational Purify - Бағдарламаның орындалу кезіндегі қиын табылатын қателерді локализациялау құралы;
Rational PureCoverage– тестілеу кезінде өткізілген кодтың идентификациялау учаскісінің құралы;
Rational Quantify - Бағдарламаның толық жұмыс жасау нәтижелілігіне байланысты болатын тар орындар көлемін анықтау құралы;
•Rational Suite Performancestudio – «клиент-сервер» қосымшасы мен Web-қосымшасының жүктемелік тест құралы. Топтық жұмыстың ұйымы үшін Rational Rose-та модельді басқаратын ішкі модельдерге бөлуі мүмкін. Олардың әрбіреуі дискда тәуелсіз сақталады немесе модельге жүктеледі, r сапасында ішкі модельдер қаттама немесе ішкі жүйелерге қатысуға болады.
Функцияландыру ортасы. Rational Rose әр түрлі платформада функцияландырады: IBM PC {Windows 95/98/NT), Sun SPARCstations {UNIX, Solaris, SunOS), Hewlett-Packard (HP UX) IBM RS/6000 (ADC).
2.2.2. RATIONAL ROSE ОРТАСЫНДА ЖҰМЫС
Rose интерфейсі экранының элементтері - бұл браузер,құжаттар терезесі, құралдар тақтасы, диаграмма терезесі және журнал. Олардың белгілеулері келесі түрде сипатталады:
-
браузер {browser) – модель бойынша жылдам навигация үшін қолданылады.
-
құжаттар терезесі {documentation window) – модель элементінің текстік мазмұнының жұмысы үшін қолданылады;
-
құралдар тақтасы(toolbars) – таратылған топтарға жылдам рұқсат үшін қолданылады;
-
диаграмма терезесі (diagram window) – қарау үшін және бір немесе бірнеше UML диаграммасын саралауда қолданылады;
-
журнал (log) – қателерді көру үшін және әр түрлі топтардың орындағаны жөнінде есеп беруде қолданылады.
2.20-суретте Rose интерфейсінің әр түрлі бөліктері көрсетілген.
Браузер – модель бойынша навигацияны жүзеге асыруға рұқсат беретін иерархиялық құрылым. Оған қосылатындардың барлығы – әрекет етуші жеке тұлғалар, қолдану нұсқалары, кластар, компоненттер браузер терезесінде көрсетілетін болады.
Браузердің көмегімен төмендегілерді орындауға болады:
-
моделге элементтерді қосу;
-
моделдің бар элементтерін қарастыру;
-
моделдің элементтерінің арасындағы бар байланыстарды қарастыру;
-
модель элементтерінің орнын ауыстыру;
-
бұл элементтерді өзгерту;
-
диаграммаға модель элементтерін қосу;
-
элементті файлмен немесе Интернет адресімен байланыстыру;
-
қаттамада элементтерді топтастыру;
-
элементтің деталденген спецификациясымен жұмыс жасау;
-
диаграмманы ашу.
Браузер төрт көрсетуді қолдайды(view): қолдану нұсқаларының көрсетілуі, компоненттер, орналастыру және логикалық көрсетілу. Олардың барлығы және де оған кіретін модельдің элементтері төменде сипатталған.
Браузердің ұйымы бұрынғы құрылымды көрсетеді. Модельдің әрбір элементі оның иерархиясының төменгісінде орналасқан басқа элементерден тұруы мүмкін. «-» белгісі-яғни, оның тарауы толығымен ашық. «+»белгісі – яғни, оның тарауы жиналған.
Құжаттар терезесі. Оның көмегімен Rose моделінің элементтерін құжаттауға болады. Мысалы, әрбір әрекет етуші жеке тұлғаға қысқаша сипаттама жасауға болады. Құжаттар Rose ортасында құрылатын есеп беру сияқты енгізілетін болады.
Құралдар тақтасы. Rose кеңейтілген топтарға жылдам рұқсатты қамтамасыз етеді. Бұл ортада құралдар тақтасының екі типі бар: стандартты тақта және диаграмма тақтасы. Стандартты тақта әрқашан көрініп тұрады, оның баспалары кез келген диаграммамен жұмыс жасау үшін қолданылатын топтармен сәйкес келеді. Диаграмма тақтасы UML диаграммасының әрбір типі үшін қолданылады.
Барлық құралдар тақтасы қолданушымен өзгеруі немесе реттелуі мүмкін. Бұл үшін Tools > Options меню пунктін, одан кейін Toolbars қалтасын таңдаңыз.
Келесі түрде стандартты құралдар тақтасын(диаграмманың құралдар тақтасын) көрсетуге немесе жасыруға болады:
-
Tools > Options пунктін таңдаңыз.
-
Toolbars қалтасын таңдаңыз.
-
Көрінетін немесе көрінбейтін стандартты құралдар тақтасын жасау үшін Show Standard ToolBar (не Show Diagram ToolBar) тексеру ауыстырғышын белгілеңіз (не белгішені алыңыз).
Құралдар тақтасында баспаның өлшемін үлкейту үшін:
-
Көрсетілген панелге барып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
-
Жылжитын менюде Use Large Buttons (Үлкен баспаны қолдану) пунктін таңдаңыз.
Құралдар тақтасын реттеу үшін:
-
Көрсетілген панелге барып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
-
Customize (реттеу) пунктін таңдаңыз.
-
Баспаны қосу немесе өшіру үшін сәйкес келетін баспаны таңдап алыңыз,содан кейін Add(қосу) немесе Remove (өшіру) баспасын тышқанмен шертіңіз. 2.21-сурет.
Диаграмма терезесі. Мұнда UML-модельдің бір немесе бірнеше диаграммасы көрініп тұрады. Диаграманың элементінде Rose өзгеруінде автоматты түрде браузер жаңартылады. Элементте өзгертілу кезінде Rose браузерінің көмегімен сәйкес диаграммалар автоматты түрде жаңартылады. Бұл қарама қайшылықсыз жағдайда модельді қолдауда көмектеседі.
Журнал. Жұмыстың әрекетіне қарай сіздің моделіңіздегі анықталған ақпарат журнал терезесіне бағытталатын болады. Мысалы, оған кодты генерациялағанда шығатын қате жөніндегі хабар кіреді. Журналды мүлде жабу тәсілі болмайды,бірақ оның терезесі кішірейтілген болуы мүмкін.
Rose моделінің төрт жағдайда қарастырылуы
Rose моделінің төрт жағдайда қарастырылады- ол нұсқаның қолданылуы, логикалық үйлестірілуі, компонент және таратылу үйлестірілуі. Әрбіреуі өзінің маңыздылығы бойынша және сәйкес аудиторияға байланысты . Кітаптың келесі тарауларда біз қысқаша бұл модельдердің сипаттамасын береміз.
Нұсқаның қолдануы орындаушыларды , нақты диаграмма жүйесінің толық нұсқаларын және ол кейбір тізбектілік диаграмма және кооперативті диаграммасын құрайды. 2.22 суретте Rose браузердің нұсқаның қолданылуы көрсетілген.
Нұсқаның қолданылуы келесіден тұрады:
-
Орындаушы
-
Қолдану нұсқасы
-
Қолдану нұсқасының құжаттарды ( оларда болған оқиғалар ағынын қателерді жөндейді).Бұл пиктограмма Rose моделіне қосылған сыртқы файлға ұқсас. Пиктограмманың пішіні оқиғалар ағынына қолданылған құжаттармен сәйкес болуы керек.
-
Қолдану нұсқасының диаграммасы. Жүйенің бірнеше бұндай диаграммалар болады, олардың әрқайсысы ішкі орындаушыларды немесе қолдану нұсқасын құрайды.
-
Пакеттер, олар қолдану нұсқасының топтары немесе орындаушылар.
Логикалық үйлестірілуі (2,23 сурет) қолдану нұсқасында жүйе қалай өзінің әрекеттерін іске асыруын қарастырылады. Ол нақты суретті ,өзінде болған нақты бөліктерді береді. Логикалық үйлестірілуі өзіне қосады: нақты қарастырылатын кластар және диаграмма құрылымы.Олардың көмегімен жүйеде қарастырылатын деталдық проект құрастырылады.
Логикалық үйлестірілуі құрайды :
-
Кластар
-
Кластар диаграммалар. Жүйені көрмсету үшін бірнеше кластар диаграммалар құрайды, олардың әрбіреуі әрбір жүйеде ішкі кластары бар.
-
Қолдану нұсқасында оқиғалар ағынының объектілерді көрсеті үшін қолданылатын қарам-қатына диаграммалары.
-
Жағдайлар диаграммасы.
-
Кластардың топтармен қарым-қатынас жасыйтын пакеттер.
-
Компоненттер үйлестірілуі құрайды:
-
Физикалық кодтын модульдерді құрайтын компоненттер.
-
Компоненттер диаграммалары.
-
Топтар мен компоненттер арасындағы байланыс жасайтын пакеттер.
Таратылу үйлестірілуі- бұл Rose –нің ең соңғы үйлестірілуі. Ол логикалық архитектурадан өзгеше болатын жүйенің физикалық таратылуына сәйкес келеді.
Таратылу үйлестіруге кіреді :
-
Жадының оларға сәйкес облыста болатын (threads) оқиғалар ағынының процессорлар.
-
Өзгеше қарастырылған мәліметтер , әртүрлі компьютерлер қосатын процессорлар.
-
Құрал- жабдықтар: мәліметтерді өндей алмайтын әртүрлі аппаратура . Мысалы (кіруі-шығарылуы терминалдар және принтерлер).
-
Таратылуы диаграммасы.
-
Атрибуттарды және операцияларды көрсету.
-
Операцияларды скрыть
-
Атрибуттарды
-
Кейбір атрибуттарды немесе операцияларды көрсету.
-
Операцияларды олардың толық сигнатурамен немесе тек қана олардың аттарын ғана көрсету.
-
Атрибуттарды және операцияларды көрсету немесе көрсетпеу.
-
Атрибуттардың стереотиптерді және операцияларды көрсеті немесе көрсетпеу.
Параметрдің әрбір мәнін Tools>Options пунк меню арқылы көрсетуге болады.
Берілген кластын диаграммасында болады:
-
Атрибуттарды көрсету.
-
Атрибуттарды көрсетпеу.
-
Тек қана таңдалған атрибуттарды көрсету.
Атрибуттардың шығуын көрсету.
Атрибуттың подавлени атрибуттың диаграмадан жоюлуы ғана емес, кластарда орналасқан атрибуттардың түзулерді де жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |