Ғабит Мүсірепов (эссе)



Дата09.04.2024
өлшемі14.09 Kb.
#498222
Ғабит Мүсірепов эссе


Ғабит Мүсірепов
(эссе)


Ерке Есіл жағасындағы елімнен,
Шал ақындай ұлы баба жерінен.
Ұлы жерлес – Ғабит ата данаға.
Жолдаймын бұл өлеңді жүрегімнен...

Ұлтымыздың ұлы түлғаларының бірі Ғабит Мүсірепов қазақ әдебиетінде алар орны ерекше проза жанрында дара із қалдырған, ана образын кеңінен ашып, осы бір қастерлі есімді ұлықтаған жазушы, сыншы, драматург.


Менің Ғабит Мүсірепов шығармашылығымен танысуым 5-сыныптан басталады. Сол кезден жазушының әңгімелерін қызықтап оқи бастадым. Мен бүкіл әлемнің тұтқасы болған, көркем сөздің шебері болған жазушының шығармашылығымен танысқым келді. Мен кәусар бұлақтың бастауын Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығынан көрдім.
Ғабит Мүсіреповтың ана образын берудегі әрбір детальдары маған ерекше әсер етті. Таныстықтың арты ана тақырыбына деген үлкен сүйіспеншілігімді тудырды. Осы тақырып төңірегін зерделеп, зерттегім келді.
Жазушы ұлт әдебиетіндегі ана бейнесін ашуда өлшеусіз еңбек сіңірген жазушы. Отбасының ұйытқысы саналатын, ананың болмысын шынайы суреттеуде өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
Ғабит Мүсіреповтің әңгімелеріндегі қазақ әйелдерінің өршіл де өжет, қажырлы да сабырлы, пайымды да ақылды қасиеттері барынша жарқын суреттелген. Жазушы әңгімелерінің идеясы құрылымымен тамаша сабақтасқан озық туындылар ретінде бағаланады. Әңгімелерінің бір ерекшелігі – адам жан-дүниесіне терең бойлататын қайсарлық, өжеттік, адалдық қасиеттерді шебер танытып, шығармаға еріксіз елітіп отырады. Ол «Ананың анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима», «Әмина», «Ана жыры», «Ана» шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді.
Есейе келе, мен жазушының көлемді шығармаларымен таныстым. Классик жазушы «Ұлпан» атты романында қазақ әйелінің қиялдан тумаған, жалған дәріптелмеген, өмірде нақты прототипі бар көркем бейнесін жасады.
Ұлпан – бүкіл аналардың жиынтық бейнесі, ана тақырыбында жазылған шығармалардың көлемдісі. Шығармада қазақ ауылының тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Осындай еклдң билеп билік айтушы, басшы болу - Ұлпан сияқты дана әйелдерге ғана тән қасиет.
Иә, Ғабит Мүсірепов өзінің шығармашылығымен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Қазақ елі оны үлкен суреткер жазушы деп, көркем сөздің шебері деп таниды, біледі, құрмет тұтады. Сіңірген еңбегін қазіргі жастар біліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет