Факультет: Физика-математика



бет8/18
Дата18.11.2022
өлшемі4.67 Mb.
#465140
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
жоба Мф-31 1-топ

1.9-сурет. Юпитер Калисто,Ганимед, Еуропа және Иосеріктерімен
Сыртқы серіктері планетадан құралсыз көзбен көрінбейтін қашықтықта орналасқан, ал ең алыс серіктің бетінен қарағанда Юпитер Айдан да кіші болып көрінеді. Кішкентай серіктер тобы бірдей орбиталар бойымен қозғалады. Ғалымдардың пікірінше, олар тартылыс күші әрекетінен ыдыраған планетаның ірі серігінің жарықшақтары. Юпитердің сыртқы серіктерін планетаның гравитациялық өрісі қармап алған секілді, себебі олар кері бағытта айналып жүр.
Юпитердің жанынан 1979 жылы "Вояджер" аппараты үшып өткен кезде оның үш қабатты сақинасы табылды. Сақинаның радиусы 129 мың км және қалыңдығы 30 км. Сақина өте сирек ұсақ тас бөлшектері мен тозаңнан тұрады.
Сатурн (1.10-сурет) - күн жүйесіндегі құралсыз көзбен бақылауға болатын соңғы планета. Оның тығыздығы Күн жүйесіндегі планеталар тығыздықтарының бәрінен де, тіпті қарапайым судың тығыздығынан да аз. Егер Сатурн сыятын мұхит табу мүмкін болса, онда ол мұхитта қалқып жүрер еді. Өз осінен жылдам айналатын болғандықтан, оның экваторы Юпитердікі секілді шығыңқы келеді. Экватордағы айналу периоды 10 сағ 14 мин, ал полюсте 10 сағ 40 мин, яғни Сатурн 1 : 10 қатынасында сығылады. Планетадан Күнге дейінгі қашықтық шамамен 1426 млн км, ал Күнді айналу периоды 29,5 жер жылына тең. Өз осінен өте үлкен айналу жылдамдығы планетаның атмосферасында күшті борандар тудырады. Экваторындағы желдің жылдамдығы 1800 км/сағ-қа жетеді. Сатурнның магнит өрісі Юпитерге қарағанда әлсіз.



1.10-сурет. Сатурн
Сатурн ені 275 000 км, ал қалыңдығы бір километрден артық емес өзінің қуатты сақиналар жүйесімен ерекшеленеді. 5 млрд жыл бұрын Күннің айналасында да көптеген ұсақ денелер мен бөлшектерден тұратын осындай сақинаның бірігуі нәтижесінде планеталар пайда болды. Яғни, осы сақиналар планетаның пайда болу механизмін түсінуге көмектеседі.
Вояджердің сақиналар тобынан өтуін зерттей отырып ғалымдар олардың құрылымын 100 м-ге дейінгі дәлдікпен анықтады. Жерден оны сондай дәлдікпен анықтау мүмкін емес. Сақиналар өте жалпақ. Олар планетаның бұлтты қабатының үстінен 60 000 км-ге жайылып жатыр. Олардың әрқайсысы өзінің орбитасымен Сатурнды айнала қозғалатын бөлшектер мен үйінділерден тұрады. Планетаны әлдеқайда жетілген телескоппен зерттеу сақиналардың әрқайсысы бір- біріне тәуелсіз, біріне-бірі кигізілген тәрізді үш бөліктен тұратынын көрсетті. Сыртқы екі А және В сақиналары саңылау немесе Кассини "бөлінуі" деп аталатын (ол оны ашқан ғалымның, Джованни Кассини есімімен атаған) күңгірт аралықтармен бөлінген. Планетаға жақын орналасқан әлсіз жартылай мөлдір сақинаны 1858 жылы АҚШ астрономы У. Бонд және оған тәуелсіз ағылшын астрономы В. Р. Дэвис ашты. Ол ішкі немесе мата (креп) сақина деп аталды. Үш сақинаның ішіндегі ең жарығы ортаңғы сақина В. Сатурн сақиналары бір кездегі планета серігінің ыдырауы нәтижесінде (мысалы, оның басқа серікпен немесе астероидпен соқтығысуы кезінде) пайда болған немесе өте ертеде оның серіктері пайда болған заттардың қалдықтары. Олар планетаның тарту күші әсерінен жеке дене болып біріге алмай қалған.
Сатурн атмосферасы біркелкі және сутегі, метан мен аммиактан құралған, салмағы Жерден бірнеше есе артық болса да, оның бетіндегі ауырлық күші жерден сөл ғана артығырақ. Сатурн жолақтар мен дақтардан тұратын тұтас бұлт жамылғысымен қоршалған. Күн сәулесі Сатурнды Жермен салыстырғанда 90 есе әлсіз жылытады. Сондықтан оның орташа температурасы -150⁰ С. XХ ғасырдың ортасында өлшенген жоғарғы бұлттарындағы температура шамамен -170°С. Сатурнның ядросына жақын жердегі температура жоғары, ал қысымы әжептәуір болуы ықтимал. Сондықтан сутегі қатты метал күйінде болуы мүмкін.
Сатурнның 17 серігі бар. Титан - бұл тек Сатрунның ғана емес барлық Күн жүйесіндегі ең бір көңіл аударарлық серік. Өлшемі Меркуриймен шамалас келетін серіктің салмағы одан сәл жеңіл. Шолпан тәрізді ол да бұлттарға оранған.
Оның атмосферасында азот және 4 млрд жыл бұрын жерде тіршіліктің пайда болуына септігін тигізген кейбір заттар бар. 2004 жылы Сатрунға ғарыш кемесі "Кассини" жақындап келіп, Титанның атмосферасына "Гюйгенс" зондын түсіріп кетті. Зонд Жерге Титанның атмосферасы және оның беткі қабаты жөнінде мәліметтер жіберді. Гиперион - Сатрунның кішкентай серігі, пішіні айқындалмаған, ерекше дене. Оның өз осінен айналуы ретсіз жүреді. Онда Күн әр жерден шығады және тәуліктің ұзақтығы өзгеріп отырады.
Уран (1.11-сурет) да барлықалып планета- лар тәрізді жартылай сұйық, жартылай газ күйінде тұрады. Планетаның ішінде елеулі ірі қатты ядросы бар. Газ қабығының астында қалыңдығы планетаның радиусының үштен біріндей жерде су, аммиак және метаннан тұратын, температурасы бірнеше жүз градус болатын тығыз мұхит орналасқан. Ондағы атмосфераның қысымы 200 мың жер атмосферасы қысымынан кем емес. Басқа алып планеталарға ұқсас Уранның атмосферасы, негізінен, сутегінен, гелийден және метаннан тұрады және олардың салыстырмалы қатынасы Юпитер мен Сатурнға қарағанда төмен. Уранның түсі көгілдір, өйткені оның атмосферасының жоғарғы қабаттарында сутегі мен гелийдің түтіні бар. Планетаның орташа тығыздығы 1,29 г/см3.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет