РЕФЕРАТ
Тақырыбы: дене жаттығулары кезінде дененің негізгі мүшелері мен құрылымдарының жұмыс істеу ерекшеліктері
Орындаған: Абиталипов Нұрлан
Факультет: Жалпы медицина
Топ: 219
Қабылдаған Науанов Мирлан Сакенович
Күні: 09.02.2024
Кіріспе
Дене жаттығулары-бұл дененің негізгі мүшелері мен құрылымдарын жетілдіруге, дамытуға бағытталған жаттығулар кешені.Дене жаттығулары арқылы тек қана мүшелерді ғана емес психикалық сана сезімді нығайтуға да әбден болады.
Дене жаттығулары адамның әр түрлі қозғалу әрекеттері ретінде дене тәрбиесінің маселесін шешуге кемектеседі. Қазіргі уақытта физикалық жаттығулардың түрі өте көп. Оларға басшылық ету үшін дене тәрбиесінің жалпы жане нақты мәселелерін шешу үшін оларды дұрыс таңдау маңызды, олардың мазмұнының негізгі мәнін түсіну маңызды. Дене жаттығуларының мазмұны оларға енгізілген іс-әрекеттер, сондай-ақ дене жаттығуларында (психикалық, физиологиялық, биохимиялық жане т.б.) жүрген процестер болып табылады. Еркін қозғалыстар ретінде физикалық жаттығулар адамның санасына негізделеді жане кейбір натижелерге қол жеткізуге бағытталган. Жаттығу назар аудару, ойлау, күш-жігер жұмсаумен байланысты. Дене жаттығуларын орындау кезінде адам ағзасынын әр түрлі жүйелерін жетілдіру және жақсарту функционалдық өзгерістер орын алады.
Негізгі бөлім
Балалардың бұлшық еттері жыл сайын бір қалыпты және тұрақты түрде өсіп отырды. Алайда, әр түрлі бұлшық ет топтары күшінің жыл сайынғы өсуі бір қалыпты болмайды. Дене жаттығуларының тоғыз жастан бастап денені тік ұстайтын бұлшық еттердің күші елеулі түрде артады да, саусақ бұлшық еттерінң күші біршама тежеледі. Бұлшық еттер күшінің үдемелі түрде өсуі қыз балаларды 11–12 жаста, ал ер балаларды біршама кейінірек 12–12 жас аралығында басталады. Балаларда күш қабілетін жетілдіретін жаттығулар негізнен жүйелі түрде орындалып отыруы қажет. Күш қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш өте көп болмауы қажет. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді. Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштілік, төзімділік қасиет — қабілеттерін дамытудың негізгі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отыруы қажет. Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін, ал көп жағдайда төзімділікті арттыратын жаттығулрадың алдында орындалғаны жөн. Күш қабілетін жетілдіру үшін жаттығулардың төменгідей түрлерін орындау керек. 1 а) кермеге тартылу, биікке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа екпетімен жатып, қолды бүгіп, жазу жаттығуларын орындау қажет. ә) басқа ауыр салмақтар көтеру (бірнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оны үстінде отырған оқушылармен бірге қөтеріп алып жүру) серіппелі спорт құралдарымен, баппен (гантель) көтерумен жаттығу. Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиі қолданылады. Өйткені ол мектеп жасындағы балалардың ең қолайлы жаттығуы. 10–13 жастағы оқушыларға белгілі бір деңгейдегі күш, төзімділік қабілеттерін жетілдіретін жаттығулар керек. Себебі 10 жасқа дейінгі балалар жиі алаңдап, белгілі бір деңгейде күш жұмсауға қабілетсіз болса, 10 жастан кейін күш қабілеті едәуір артады. Төзімділік қабілетін жетілдіру үшін бірінші кезекте күрделілеу жаттығулар пайдаланылады.Бұлар: аласа кермеге тартылу, гимнастикалық қабырғаға және орындыққа қолды тіреп, бірнеше рет бүгіп — жазу, онша ауыр емес заттарды көтеру. 2 Жылдамдық қабілетін жетілдіру үшін ең бірінші қозғалыс шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар пайдаланады. Қозғалыс шапшаңдығын дамытуда қайталау тәсілі қолданылады. Әрбір келесі қимыл — әрекет бұрын көрсетілген шапшаңдықты арттыру міндетін алға қоюы керек.
Жылдамдық қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар шапшаңдық қашан төмнедей бастағанша қайталана беруі керек. Оларды сабақтың басында немесе ептілікті арттыратын жаттығуларды орындаудан кейін өтқізген жөн. Ептілік қабілетін жетілдіру үшін гимнастикалық жаттығулармен қоса әдеттегі қимыл —қозғалыс жаттығуларын күрделендіре қолдануға болады. Мысалы:беткейден шаңғымен еңіске қарай жұптасып сырғанап түсу немесе заттарды көтеріп сырғанап түсу. Әдеттегі қозғалыстарды кездейсоқ бастапқы қалыптардан орындау (мысалы бір орыннан ұзындыққа секіру бір жақ жанымен немесе теріс қарап тұрып орындау),бір орында тұрып 180–360 қа бұрылып скеіру, ал ең бастысы — акробатика мен әр түрлі қимыл — қозғалыс ойындары ептілікті жетілдіруге пайдалы болмақ. Ептілік қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар әдетте кіріспе бөлімінен кейін, сабақтын негізгі бөлімінің басында орындалады. Дене тәрбиесінде пайдаланылатын жаттығулар адам организміне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізгді.Денеге түсетін күшті, яғни жүктеме мөлшерін белгілеген кезде оның жүйесі және дәйекті болуын мейлінше дұрыс сақтау қажет. Дұрыс ұйымдастырылған дене жаттығулары адамға қажетті күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік т.б қасиет — қабілеттерінің қалыптасуына белсенді түрде әсер етеді. 2) Дене тәрбиесі мен әдістемесі үш бөлімнен тұрады: 1. Дене тәрбиесінің теориясы — дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің қоғамда алаты орнын зерттейді. 2. Дене тәрбиесінің әдістемесі—дене тәрбиесі ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілеп, талдайды.
Спорттық жаттықтыру—оны өткізу әдістемесін, мерзімі мен кезеңдерін, артықшылықтарын айқындайды. Бұл дене тәрбиесі маманының кәсіптік деңгейін көрсетеді. Ғылыми мәні мен тәжірибе жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі процесінің заңдылықтарын ашып береді. Қазіргі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің негізгі көздері мынылар: 1. Адамдарды Отан қорғау ісіне, еңбек етуге қабілетті, денсаулығы мықты адамдарды тәрбиелеу. 2. Практикалық жұмыс. Теориялық, әдістемелік жаңалықтар іс жүзіндегі тәжірибе жұмыстарымен тексеріледі. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін байыту. 3. Еліміздегі дене мәдениетінің орны және оны дамытуға байланысты “Қазақстан — 2030’’ стратегиясы жүзеге асыру шаралары. 4. “Қазақстан Республикасы бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралар ”. 5. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің, сондай — ақ басқа ілімдер қөлеміндегі ғылыми зерттеулердің нәтижелері. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі педогогика, психология, социология, физиология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу, денсаулығын нығайтудың жолдарын жан—жақты қарастырады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педогогика, спорттық психология пәндерін ортақ теориялық заңдылықтарға сүйеннді. Осы пәндерді алынған нақты нәтижелер теорияға негіз болып табылады. Дене шынықтыру және спорт жаттығулары адам организімінің өзара үйлесімді әрекетте болуын қамтамасыз етеді. Сырттан әсер ететін қолайсыз жағдайларға организімнің төзімділігін арттырады. 4) Дене шынықтыру және спорт жаттығулары организімді нығайтуға мақсатында орындалады. Соның нәтижесінде денеге мынандай сапалық өзгерістер іске асады. 1) Сыртқы дене бітімі өзгеріп әдемілене түседі. 2) Қимыл—қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене иқемді, епті бола түседі де, жасалған қимыл — қозғалыстары бір — бірімен өзара үйлесімді, сәнді болып шығады. 3)Дене шынықтыру және спорт жаттығуларының негізгі бұлшық еттердің қимыл — қозғалыс жасауы болып табылады. Қажет деп есептелген қимыл — қозғалысты орындағанда адамның көңіл — күйі ғана көтеріліп қоймай, оның бұлшық еттері де сергіп, рахаттанатын болады.Дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау адамның жан — жақты өсіп жетілуіне қолайлы жағдай туғызады. Жаттықтырудың қорытынды бөлімі күш түсірудер кейін спортшының организімін қалпына келтіру процесін тездету үшін өткізіледі. Денені босату жаттығулары, жеңіл жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады. Жаттықтыру сабақтары жеке, топтық, фронтальдық, айнымалы жаттығулар түрлеріне өткізіледі. Әрбір жатықтыру сабағын конспекті жазады. Конспектіде жаттықтыру өткізу күні, ұзақтығы, міндеттері, құрал — жабдықтар, жаттығуларды орындау саны әдістемелік нұсқаулар көрсетіледі. Жаттықтыру процесі барысында қолданылған әдістер мен бағалауды қолдану қажет. Бақылау сапалы болу үшін спортшының жаттықтыруы мен жарыс жүктемелерін, амалдарды тізімдеп, қағазға түсіріп отыруы керек. Артық жаттығу түрлері күш түсіруге көп болмайды. Спорттың негізгі әлеуметтік қызметі дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдасын жетілдіру арқылы жасөспірімдерді еңбекке дайындау. Спортпен шұғылдану балалардың бойында көпшілік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, мінез — құлықтары қалыптасқан. Жас спортшыларды тәрбиелеуге жатықтырушы ата — аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеу қажет. Олардың қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Тәрбиелеу әдістері сендіру және дағдыландыру әдістерінен тұрады. Сендіру әдісінің көмегімен спортшының ақыл — ойында қоғамның талаптарына сай мінез — құлық, жүріс — тұрысы тәртіптері қалыптастырады. Спортшы қоғамдық орында өзін — өзі ұстауға дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүдесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да жақсы әдептерді бойына сіңіру керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі.
Физикалық жаттығулар кезіндегі қан көрсеткіштерінің өзгерісі.
Қанның көптеген көрсеткіштері аэробтық төзімділікке елеулі ықпал ете алады. Ең алдымен, организмнің оттегі тасымалдау мүмкіндіктері қан көлемі мен ондағы гемоглобин мөлшеріне тəуелді болады.
Қан көлемі жəне құрамы. Төзімділікке жаттықтыру қан айналымдағы қан көлемінің (ҚАҚК) айтарлықтай артуына əкеледі. Ол спортшыларда спортпен айналыспайтын адамдарға қарағанда едəуір жоғары болады. Мұнда қан айналымдағы қан көлемінің артуы төзімділікке жаттықтырудың арнайы əсері болып табылады. Ол жылдамдықты – күштік спорт түрлері өкілдерінде байқалмайды. Дене өлшемін (салмақты) ескере отырып, бір жағынан, жаттықпаған адамдар мен екінші жағынан, басқа дене сапасын жаттықтыратын спортшылармен салыстырғанда төзімді спортшыларда қан айналымдағы қан көлемінің арасындағы айырмашылық орта есеппен, 20% жоғары болады. Спортшыларда қан айналымдағы қан көлемінің өсуі эритроциттер көлеміне қарағанда, көп дəрежеде плазма көлемінің артуымен байланысты. Сəйкесінше оларда гематокрит көрсеткіші (қан тұтқырлығы) спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда төмен болады.
Физикалық жаттығулар бірқатар белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді. 1. Бұлшық ет массасы көлемінің белсенділігіне байланысты:
І. Бұлшық еттің 13 бөлігінен азырақ қатысуымен орындалатын жергілікті жаттығулар садақпен ату; 2 аймақты жаттығуларда бұлшық еттер массасының 12 бөлігіне шейін қатысады. қолдың көмегімен жасалынатын гимнастикалық жаттығулар; 3 бұлшық еттердің 12 бөлігінен көбірек бөлімі қатысатын кең аймақты жаттығулар.
ІІ. Бұлшық ет қызметінің тәртібіне байланысты: 1 изометриялық тәртіпте бұлшық ет қызметінің басым болуы жөніндегі статикалық жаттығулар жүкті ұстап тұру; 2 ауксотониялық тәртіпте бұлшық ет қызметі басым болатын – динамикалық жаттығулар.
ІІІ. Физиологиялық сапаның қайсібірі басым болуына байланысты: 1 жылдам күш жаттығулары, бұл кезде бұл кезде бұлшық еттер бір уақытта үлкен күш пен жиырылу жылдамдығын көрсетеді секіру,лақтыру; 2 бұлшық еттер аз ғана күш пен жылдамдықта ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігін сақтайтын төзімділікке жаттығулар ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғы тебу)
Дене жаттығулары адамның әр түрлі қозғалу әрекеттері ретінде дене тәрбиесінің маселесін шешуге кемектеседі. Қазіргі уақытта физикалық жаттығулардың түрі өте көп. Оларға басшылық ету үшін дене тәрбиесінің жалпы жане нақты мәселелерін шешу үшін оларды дұрыс таңдау маңызды, олардың мазмұнының негізгі мәнін түсіну маңызды. Дене жаттығуларының мазмұны оларға енгізілген іс-әрекеттер, сондай-ақ дене жаттығуларында (психикалық, физиологиялық, биохимиялық жане т.б.) жүрген процестер болып табылады. Еркін қозғалыстар ретінде физикалық жаттығулар адамның санасына негізделеді жане кейбір натижелерге қол жеткізуге бағытталган. Жаттығу назар аудару, ойлау, күш-жігер жұмсаумен байланысты. Дене жаттығуларын орындау кезінде адам ағзасынын әр түрлі жүйелерін жетілдіру және жақсарту функционалдық өзгерістер орын алады.
Тыныс алу аурулары қазіргі кезде тұрғындарының өлімінің негізгі себептерінде төртінші орында және тұрғындардың еңбекке жарамдылығының төмендетуі мен мүгедектендіруде одан да маңызы зор. Өкпе ауруларының ішіндегі ең қауіптісі пневмония болып есептеледі.
Пневмония термині этиологиясы, патогенезі және морфологиялық сипаты бойынша ерекшеленетін және өкпенің жиі респираторлық бөлімдерін зақымдаумен, альвеола ішілік эксудаттың жиналуымен сипатталатын әртүрлі аурулар тобын біріктіреді. Пневмонияны қазіргі кездегі белгілі барлық инфекциялық агенттер шақыра алады.
Пневмония кезіндегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттері. Пневмония кезіндегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттері – өкпенің қалпына келуші өзгерістерінің регрессиясы мен қайтымсыз өзгерістердің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сыртқы тыныс алумен жүрек тамыр жүйесінің қызметін қалпына келтіру және жақсарту, психологиялық статуспен еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру.орт арқылы дұрыстайық
Достарыңызбен бөлісу: |