Факультеті: Журналистика Кафедрасы: Баспасөз және Электронды бақ Тақырыбы



бет1/4
Дата01.03.2024
өлшемі91.63 Kb.
#493964
  1   2   3   4
срз куль


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті




Факультеті: Журналистика
Кафедрасы: Баспасөз және Электронды БАҚ
Тақырыбы: : Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы. Мәдениет тілі. Мәдениет белгілер мен мағыналар әлемі ретінде. Мәдениет жәдігерлер әлемі ретінде.Мәдени код түсінігі. Мәдени код пен ұлттық мәдениеттің бірегейлігі. Мәдениет этикасы.
СӨЖ
Орындаған: Сыдықжан Шұғыла
Тексерген:Кудерина Айжан

Алматы, 2024ж


1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1. Мәдениет және Мәдениет морфологиясы.
2.Мәдениет және Құндылықтар
3.Құндылықтар түрлері.
4.Мәдени морфологияның формаларының көптүрлілігі мен мәдениеттің күрделі құрылымы.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Мәдениет морфологиясы-Құндылықтар жоғары деңгейде объектілерді,
халжағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтар қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, еріктілік пен тиым салушылықты,мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.Құндылықтар деп, адамдар мен әлеуметтік топтардың, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгілі бір заттар мен құбылыстардың қасиеттерін айтады. Құндылықтар үлкенді, кішілі,абсолютті және салыстырмалы, Материалдық және рухани т.б. түрлерге бөлінеді.Кез-келген құндылықтарды олардың типіне және деңгейіне қарап классификациялау әрқашан да белгілі бір шартқа байланысты, өйткені оларға әлеуметтік және мәдени мәндер енеді. Алайда оған қарамастан мазмұны жағынан құндылықтарды шартты түрде мына реттілікпен жіктеуге болады.Виталдық құндылықтарға: өмір, денсаулық, тәнділік, қауіпсіздік, тұрмыс халі,адамның хал-жағдайы (топтық тыныштық, көңіл күй) күш-қуат, төзімділік, өмірдің сапасы, тәжірибелік, прагматикалық, тұтынудың деңгейі және т.б. жатады Тәндік, денелілік. Кез-келген қоғамда адамның тәндігі құндылықтар өрісінің маңызын кұрайды. Тәндік сипаттама тек қана антропологиялық зерттеулердің және өлшеулердің (дененің келбеті, бойы, физикалық белгілері және т.б.) игілігі ғана емес. Әрине бұл қасиеттер арқылы адамның нәсілдік және этникалық детерминанттарын анықтауға болады. Алайда, қоғамдық мәдени факторлар көбінесе адамдардың тәнін және тәндік мәдениетін, одан әрі адамдардың сипаттамасына байланысты мінез-құлқын, қатынастарын қалыптастырады. «Мәдени тән» өмір сүруді қамтамасыз етудің механизміне түзету жасай отырып, антропологиялық және әлеуметтік тәндерден жоғары тұрады. Бейнелердің «мәдени Мені» мәдени ұйымдастықпен, намыс, күш-қуат, әсемдік, дене ептілігі туралы түсініктермен, әлеуметтік және орнықтылықпен, сонылықпен арақатынаста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет