«Қоғам балаларды қорғайды»,
Тақырыбы: Балалық шақты қорғайтын қоғам
Білімділік мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру.
Дамытушылық мақсаты: Өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.
Адамгершілік мақсаты: Адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
«Бір елдің болашағын болжағың келсе, өсіп келе жатқан ұрпағына қара», – деген екен бір данышпан. Олай болса, бала тәрбиесі, оның қоғамдағы орны мен құқықтарының қорғалуы – күн тәртібінен түспейтін мәселе.
Бала – қоғамымыздың бір бөлшегі, кірпіші. Егер ол өмірден үлкен соққы алып, жаны жараланса, онда қоғамның да қабырғасына сызат түскені. Сондықтан баланың толыққанды азамат болып қалыптасуы жолында қоғам болып қызмет етуіміз қажет. Оларға балалық шақтың қуанышы мен ізгілігін тарту ету – біздің негізгі міндетіміз.
Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.
Балалар Ата заң тақырыбындағы өлеңдерін оқиды:
Әділ заң еңбек жемісін,
Бағалар ерлер жеңісін.
Адамның еркін айқындап,
Қызмет етер ел үшін.
Бұл заңда жеңіс даңқымыз,
Салтанат құрған салтымыз.
Сүйеніш,қамқор қорғаушы
Сүйеді заңын халқымыз.
Бас иетін бар адам,
Әр сөзі салмақты.
Қорғар пәле жаладан,
Ата заң бұл ардақты!
Түзілген өң бойында,
Әділдіктің ақ жолы.
Нұр боп жансын жолында,
Самға біліп ал да оны.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.
Заңды білу – заман талабы. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.
«Балалар құқығының» заңдары.
Ой – талқы
- Бала деп кімді айтамыз?
- Баланың қандай құқығы бар?
- Еңбек етуге;
- Өз пікірін білдіруге;
- Баланың өз атын, әкесінің атын алуға;
- Мүлікке ие болу;
- Қорғалуға;
- Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге;
- Ұлтын таңдауға;
- Дем алуға;
- Денсаулығын сақтауға құқылы.
«Бала құқығының» заңдарынан баптарды ұсыну.
1 – бап
Бала сипаттамасы.
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
2 - бап
Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау.
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.
3 – бап
Бала құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету.
Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
4 - бап
Құқықты іске асыру.
Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.
5 – бап
Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.
Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
6 - бап
Өсу мен даму.
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
7 – бап
Есім мен азаматтық.
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
8 - бап
Жеке тұлғалықты сақтау.
Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.
9 – бап
Ата – анадан ажырау.
Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы.
10 - бап
Отбасының қосылуы.
Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығын өз еліне келуге құқылы.
11 – бап
Заңсыз орын алмастыру және оралмау.
Мемлекет ата – ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.
12 - бап
Баланың көзқарасы.
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық.
13 – бап
Пікір айту еркіндігі.
Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.
14 - бап
Ой, ар – намыс және дін бостандығы.
Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.
15 – бап
Ассоциация бостандығы.
Бала басқа адамдармен кездесуге және ассоциаларға кіруге болмаса оны құруға құқылы.
Құқыққа байланысты сұрақтар:
«Кім жылдам?»
1.Қ.Р Конституциясы кай жылы және калай қабылданды?
(1995 жылы 30 тамыз Бүкілхалықтық Референдум)
2.Азаматтықты куәландыратын құжат?
(куәлік, төлқұжат)
3.заң дегеніміз не?
(ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат)
4. Қ.Р құқық қорғау органдарының аты?
(прокуратура, Ішкі Істер Органы, ұлттық қауіпсіздік органы)
5.Құқық дегеніміз не?
(белгілі бір мемлекетке қабылданатын және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың жүйесі)
6.Мемлекеттік негізгі нышандары?
(Ту, Елтаңба, Әнұран)
7.»Қылмыс» деген сөздің анықтамасын айтыңыз?
(заң жүзінде танылған, қоғамға кауіпті іс-әрекет)
8. Қ.Р. Конституциясына анықтама бер?
(Қ.Р. Демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі нормативтік актісі)
9.Жас өспірімдер қылмыстық жауапқа қанша жастан бастап тартылады?
( 16 жастан, өте ауыр қылмыс істеген жағдайда 14 жастан)
10.Әрбір азаматтық Отан алдындағы қасиетті борышы не?
( Отан қорғау, әскери борышты өтеу)
11. Егер адам 16 жасқа толмаса, оның азаматтығы немен расталады?
(Туу туралы куәлік,ата-анасының төлқұжаты)
Жорға :
1.»Жеті жарғы» атты заңдар жинағы қай ханның тұсында болды? - Тәуке хан
2.Республиканың ең жоғарғы өкілді органы? - Парламент
3.»Адвокат» сөзінің казақшасы? - Қорғаушы
4.Мына мақалды аяқта? - Ұрлық түбі .....
5. Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат? - Заң
6. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар деген сөз кай баптан алынған? - 15-бап
9. парламент қанша және қандай палатадан тұрады? - 2 сенат және мәжіліс
10.Конституцияның қай бабында мемлекеттік рәміздерді қастерлеу керек екені айтылған? - 34-бап
11.Басқа бір адамның ожданы мен қадіріне тіл тигізу масқаралау не деп айтады? - Қорлау
1-ші көрініс ( 3 бала ойнап отырады).
1-бала: -Кәмилә, сен ойнамайсың.
2-бала: Неге?
1-бала: -Сенің киімің жыртық,мамаң жұмыс істемейді.Әкең де жұмыс істемейді.Сен кедейсің.
3-бала: -Менің әкем рэкет.Ешкімнен қорықпайды.Біз үлкен үйде тұрамыз,біздің үйде не керек бәрі бар.
1-бала: -Ал менің әкем бастық,мамам да бастық.Бізде шетелдік машина бар,ал сенде ештеңе жоқ. (Кәмиләні екеуі ұрады,ол жылайды).
«Заң» кіріп келіп:
-Тоқтат! 5-бап.Басқаны қинауға,оған қатал қарауға,кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.
2-ші көрініс. Екі бала біреудің хатын ұрлап,оны оқиды.Өзара сықылықтап келіп күледі.Бұларды тыңдап тұрған «Заң» тағы да кіріп келіп,былай дейді:
-Тоқтат! 12-бап. Біреудің атына кір келтіруге,жеке басының тіршілігіне араласуға,рұқсатсыз үйіне кіруге,біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.
«Жағдаятты шешу».
1) Ерасыл сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады.
Ерасылдың қандай құқығы бұзылды?
2) Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді.
Асқардың қандай құқығы бұзылды, – деп ойлайсыңдар?
3) Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп, – келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?
Балалар, жағдаят барысында қандай мәселені қозғадық?
Сұрақтар:
1.Қазақ халқының сот жүйесін кімдер басқарған? - Билер
2.Әбір адамның құқықтары мен бостандықтары қай орган арқылы қорғалады? - Сот
3. «указ» сөзінің қазақшасы? - Жарлық
4. «Қазақстан-2050» Жолдауы қай жылы шықты? - 2014
5. Біреудің меншігін ашықтан-ашық алып кету не деп аталады? - Тонау
6. Әркімнің ар-ождан бостандығы құқы бар деген сөздер Конституцияның кай бабы? - 22 бап
7. Конституция қанша бөлімнен тұрады? - 9
8.Консти-ң қай бабында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқы бар делінген? - 13-бап
9.Жасалған қылмысы үшін қылмыскердің жазаға тартылуы не деп аталады?
Жазалау
10.Заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет не деп аталады?
Қылмыс.
Қорытынды:
Сұрақ – жауап тәсілімен тәрбие сағатын қорытындылау.
«Өмір несімен бағалы? Ең қымбат не?»
Өмір — теңіз, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Рудаки
Өмір — ол үлкен жол. Өмір адамға бір – ақ рет берілген үлкен сый. Өмірдің мәні адалдық, адамдықта. Өмір арнасы кең өзен , сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу біздің басты мақсатымыз. Ал өз мақсатымызға жету оңай емес , ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуіміз мүмкін . Енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін . Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көре алмаушылық танытпай, өз мақсатымыз үшін күресе білуіміз керек . Өзіміздің күшті жақтарымызды көрсетіп , әлсіздік , шарасыздық танытпауымыз керек . Біз өз өміріміз үшін өмір сүруге тиіспіз . Біреуге ренжіп неге оп оңай өле салуымыз керек , бақа ғұрлы жоқпыз ба ? Бақа да өз өмірі үшін күресіп ақыры жеңіске жетті .
Адам өзін — өзі тәрбиелеп , алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып , “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауымыз қажет . Біз өмірде өзімізге мақсат қоя білеміз бе ? Өмір — арпалыс , күрес .Бұл табиғат заңдылықтары .
Өмір – көпір , от үстіне салынған ,
Діңгектері зәндем отқа малынған .
Қорқу білме , аяқтарың таймасын ,
Ойнап отпен , шарпу көрме жалыннан !
Бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сыйды бізге сыйлаған кім ?…
Әрине бізге осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарымыз , ол біздің ата – анамыз .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек. Халық аузында мынадай әңгіме бар емес пе? “Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол бізге “өмір” сыйлады , бізге жарық дүниені көрсетті , бізді өсірді , біздің ыстығымызға күйді , суығымызға тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп бізді аялады , тәрбиелеп өсірді . Егер бізге анамыз осындай баға жетпес сый сыйласа , бізде оған лайықты өмір сүруге тиіспіз . Біреуге ренжіп , біреуді кінәлап , мін тағу дұрыс емес . Өмірдегі қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек.
Ғажайып Өмір! Сұлулық пен үйлесімділікті талап ететін тәтті өмір! Адам мен адамгершілікті қалайтын тамаша өмір! «Өмір» шынымен де тәтті, ғажап, тамаша. Алайда осы сұлулықты, ғажап өмірдің қадірін түсінбейтіндер көп қой. Қайталанып келмейтін, Алланың берген сыйын адамгершілік, имандылықпен неге өткізбеске? Ғажап өмірді адамдардың неге жақсы көрмейтініне таң қаламын.
Иә, өмір, өмір, өмір… Аллаһ адамға өмірді тек бір рет қана береді, сол арқылы адамның бұл өмірдегі жасаған жақсылығына, адамгершілігіне, кішіпейілділігіне, өзі алдансада ешқашан өзге адамды алдамай, адал болса ғана өмірде шынайы бақытқа жеткізеді. Кейбіреу өмір өз қолыңда өзің қалай құрасаң солай болады дейді. Бәлкім солай да шығар… Ал мен олай деп ойламаймын себебі өмірді қалай құрсаң да, Аллаһтың бергенін ешқашан өзгерте алмайсың. Мейлі қолыңдағы бар нәрсені салсаңда Аллаһтың бұйыртқанынан басқа ешнәрсе болмайды. Мен үшін бұл өмір тек қана сынақ. Өмірде басыңа қандай қиыншылық түссе де, соған төтеп беріп, шыдамды болып, сабырлы болып, сол қиын кезеңнен шыға білсек бұл біздің үлкен жеңісіміз. Айналадағы адамдарға қараңызшы бәрінің өз өмірі, тірлігі бар. Біреуі қиналады, біреуі қуанады, біреуі дүниеге келіп жатса, енді біреуі қабірде жатады. Кейде адамдар осының бәрін байқамай, мен шаршадым, өмір сүргім келмейді ,-дейді. Кей кездерде өздеріне қол жұмсап жатады. Сонда бұл өмірден өткенде жаны тыныш бола ма?
Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен , сәттілік пен сәтсіздіктен , қайғы мен қуаныштан құралады . Міне өмірдің өзі біле – білсек сонысымен қымбат. Өмірде бәріде өткінші.
Өмір — сенің мүмкіндігің,пайдалана біл;
Өмір — сұлулық,сүйсіне біл;
Өмір — арман,жүзеге асыр;
Өмір — парыз,орындай біл;
Өмір — ойын,ойнай біл;
Өмір — байлық,бағалай біл;
Өмір — махаббат, ләззат ала біл;
Өмір — құпия,сырын аш;
Өмір — қайғы, көтере біл;
Өмір — күрес, жеңе біл;
Өмір — бақыт, баянды ете біл.
Әрине, өмір жолы – даңғыл емес. Өрі де, ылдиыда жетерлік. Өмір сынынан сүрінбей өту – әр адамзаттың басты парызы. Әрбір адам аңсаған арманына жету үшін өмір бойы күреседі. Талаптанады , талпынады. Өмірдің «бір кірпіші боп қалануға » бар — ынта жігерін салады. Бізде сондай жастың біріміз. Аңсаған арманымызға жетуіміз керек. Қатарымыздан қалмай, өмір шыңына көтерілу біздің басты мақсатымыз. Еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда! Соны ұмытпауымыз керек…
«Мен өмірді сүйемін»
«Өмір - сенің жарқылдайтын аспаның,
Өмір- сенің сарқылмайтын дастаның»- демекші, жасөспірімдерге өмірдің мәнін, құндылығын түсіндіру мақсатында Еңбекші орта мектебінде «Мен өмірді сүйемін» атты психологиялық апталық өтті. Оған ұстаздар мен оқушылар да қызығушылық танытты. Жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғалардың алдын-алу, өмірге деген құлшыныстарын арттыруды мақсат еткен мектеп психологы Н. Букилова «Өмір сүрудің мәні» деген тақырыппен психологиялық сабақ өткізді. Сондай-ақ «Өмір балалар көзімен » тақырыбында жас суретшілер көрмесі ұйымдастырылып, жақсы сурет салған А. Төлеубекова, Д. Тайкин, Е. Қажыкен, Б. Болат, Е. Қажыкен, Д.Дәулетова, Б. Әлімбек, Нұрбол Тұрсынов және басқа балалар мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды.
Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылық-тарын ояту, тіршіліктің мәні туралы ой - пікірлерін, өмірді қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында мектеп дәлізіне «Өмір ағашы» орнатылды. Оған 7-11 сыныптықтар өздерінің өмір туралы шығарған өлеңдерін, тілектерін жазып ілді. Д. Дәулетова, А.Сарқытов, Қ.Ануарбеков сияқты оқушылар өмір деген Алланың берген сыйы екендігін өлең жолдарымен жақсы жеткізе білді. Жоғарғы сыныптықтармен психологиялық тренинг өткізіліп, балалардың жан-жақты қалыптасуына бағыт-бағдар берілді. 5-11 сынып оқушыларымен «Спорт және мен» деген тақырыпта жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға дағдыландыру, салауатты өмір салтын сақтауға үйрету мақсатымен «Көңілді эстафета» спорттық жарысы өтті. Оны мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М. Нұртаев ұйымдастырды. Оған екі команда қатысты. І орынды «Бүркіт» командасы еншіледі. Апталықты қорытындылаған мектептің педагог-ұйымдастырушысы Г. Төлеубекова слайд арқылы «Өмірде не қымбат?» деген тақырыпта пікірталас өткізді. Оған 6-11 сыныптың оқушылары қатысты. Өмір туралы пікірлерін Е. Құдайбергенов, А. Нұрланова, Т. Тұрлынова, А. Садуақасова, Ә. Саятовалар нақты түйіндеді. Адам жарық дүниеге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Сондықтан қолда барды бағалай білейік!
«Әдептілік және мінез-құлық ережесі. Бұзақылық деген не?»
........
«Коррупция мемлекет болашағына балта шабады»
Пара алу мен пара беру - біздің қазіргі қоғамымызда жыл сайын түрліше сипатпен түрленіп, қауіп төндіріп тұрған күрделі мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық Қазақстанда пайда болған және оған тән құбылыс емес, ол белгілі бір мөлшерде кез келген мемлекетке тән дерт.
ХХ ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы сыбайлас жемқорылыққа байланысты мәселеге ерекше мән берумен бірге, осы тұрғыдағы құбылыспен күрес жүргізуге арналған сан қырлы ғылыми ізденістердің өсуімен де ерекшеленеді.
Парақорлық термині көп мағыналы, оны латын тілінен аударғанда – «сатып алу» деген ұғымды білдіреді. «corrumpire» анықтамасы рим құқығында кең көлемде сындыру, бүлдіру, күйрету, фальсификациалау, сатып алу сияқты сотқа қатысты заңсыз әрекеттерді білдіреді. Бұл ұғым латынның «coorrei» - бір затқа бірнеше адамның қатысуын және «rumpere» - сындыру, бүлдіру, бұзу деген ұғымдар қосындысынан шыққан. Осының нәтижесінде бірнеше адамның қоғамдық істерді басқару процесінің қалыпты жағдайын «бұзу», «бүлдіру» мақсатында жасайтын іс-әрекеті деген жеке термин пайда болады.
Мемлекеттік қызметкерлердің пара алуы кәсіпкерлік шығындарды өсіріп, шетелдік және отандық капиталдың инвестициялық потенциалын азайтып, өнеркәсіптің өсуіне кедергі келтіріп, ең ақыры қарапйым халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейін төмендетеді.
Адам құқығын бұзу саласының ең қауіпті көрінісі парақорлық болып табылады, ал бұл дегеніміз - мемлекеттік қызметкерлердің сатылғыштығы мен оларды сатып алу.
Тарихта сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен күресудің көптеген әдістері бар. Біріншіден, заңды қатайтып және орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту.
Екіншіден, лауазымды адамдарға ержелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу.
Үшіншіден, нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту. Соңғысына мемлекеттік қызмет көрсетудегі бәсекелестік, яғни бір мемлекеттік органдардың басқа органдардың функцияларын орындауы да жатады .
Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Мемлекет басшысының басатамыс бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болуда. Елбасы атап көрсеткендей, әкімшілік реформаның мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған. әлемнің қазақстанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң және дәйекті күрес жүргізуші ел ретінде қабылдауын жақсарту үшін сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы елдік рейтинг беретін тиісті халықаралық ұйымдармен жүйелі жұмыс жолға қойылады. Бүкіл мемлекет аумағында бұл қауіпті де зұлым құбылысқа қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамау ахуалын қалыптастыруға бағытталған идеологияның қарсы қойған жөн. Ол тәрбие мен білім беруді, адамдар арасындағы және өзара іскерлік қатынастарды, этика мен құқықтық танымды қоса алғанда қоғамның бар саласын қамтуы керек. Халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын жұмысының деңгейі мен сапасын арттыратын кез келді деп айтуға болады. Адамдар өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігін нақты жолдарын толық білулері қажет деп есептеймін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру және жетілдіру жөнінде және жемқорлықтың алдын алу үшін менің ойымша, экономикалық және саяси сипаттағы кешенді шаралардың шешілуі қажет:
Мемлекеттік қызметкерлердің материалдық жағдайын көтеру;
Азаматтардың жемқорлықты болдырмауға қатысты құқықтық, парасаттылық, патриоттық, имандылық, адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру қажет;
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кәсіпқойлылығы;
Мемлекеттік қызметкерлердің табыстарының тиімділігі мен нақтылығы және заңдылығына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
Әлеуметтік кеселге айналған сыбайлас жемқорлықты бір ғана құқық қорғау органдарының күшімен жеңу мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтардың ғана емес, мемлекеттік органдардың, үкіметтің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны адал орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін ұдайы таза ұстауы тиіс. Тек сонда ғана оларға қарапайым халықтың сенімі артып қоғам түзелер еді. Бүкіл мемлекет ауқымында бұл қауіпті де зұлым құбылысқа қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамау ахуалын қалыптастыруға бағытталған қарымды идеологияны қарсы қойған жөн, ол тәрбие мен білім беруді, адамдар арасындағы және өзара іскерлік қатынастарды, этика мен құқықтық танымды қоса алғанда, қоғамның бар саласын қамтуы керек. Сонымен қатар адамдардың имандылық көзқарасын ашу керек себебі алланың елшісі Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде осы зұламат әрекетке байланысты «кімде-кім пара алса, пара берсе онда ол тозақ отында жазасын алады» деп айтылған.
Сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрестен,
біріншіден, мемлекет тұрақты және қатаң қадалаған жағдайда,
екіншіден – қоғам тарапынан мызғымайтын қырағы бақылау болған жағдайда ғана нәтиже шығады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша ТМД елдерінің ішінде Қазақстан алғашқы болып 1998 жылғы 02 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады.
2005 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» N1686 Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Аталған құжатта проблеманың қазіргі кездегі жағдайына талдау жасалған, Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі және бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында Қазақстанның халықаралық ынтымақтастық жүйесін кеңейту жолдары анықталған.
Жарнама, оның мәні, функциясы, рөлі мен мағынасы
Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Ол болашақ сатып алушылардың санасы мен назарына тауарлар мен қызметтер туралы маңызды фактілер мен мәліметтерді жеткізу үшін көркем көрсетілген нысанда қысқа және нұсқа түрінде ұсынылады.
Жарнаманың мәні оның қоғамдағы алатын қоғамдық, экономикалық, маркетингтік және коммуникациялық рөліне байланысты.
Жарнаманың қоғамдық рөлі оның адамдардың санасы, көзқарасы, пікірлері мен мінез-құлқының қалыптасуында әсерін тигізуінде. Сәннің, стильдің және дизайнның тенденциясын көрсету арқылы жарнама адамның эстетикалық кажеттілігіне әсер етеді.
Жарнама сұраныс пен ұсыныс жасауға, бәсекенің пайда болуына, инвестиция үйіруге, өткізу нарығының кеңеюі мен сайып келгенде, жалпы экономиканың және оның әр түрлі саласының дамуына әсерін тигізеді. Бұл жарнаманың экономикалық ролін ерекшелейді.
Жарнама тек өнім туралы ақпарат беріп қана қоймай, оның тұтынушы санасында әлдебір бейне ретінде қалыптасуына әсер етеді. Осыдан жарнаманың коммуникациялық рөлін байқауға болады.
Жарнама тауар сұранысының, өткізу көлемінің және фирма пайдасының өсуіне әсер етеді. Бөл оның маркетингтік рөлін көрсетеді.
Журналистика, киноматография, графика, көркем сурет тәсілдерін және түс, көлем мен кеңістікті қолдануда композициялық шешімдерді пайдалана отырып, жарнаманың әр түрлі өзіндік идеялары мен жанрларын жасайды. Жоғары кәсіптік деңгейде орындалған жарнама туындылары адамдардың жақсы талғамын қалыптастырады, рухани және сезім әлеміне әсерін тигізеді, адамның нанымы мен құндылықтарының бағытына ықпал етеді. Жарнамалық үндеудің ең үздігі қолданбалы өнердің туындылары болып табылады. Пішіні, идеясы, көркемдігі, сәтті сценарийі, стилі тұрғысынан үйлесімді жарнама адамға ерекше псиологиялық және эмоциялық әсер етеді.
Жарнама – көптеген білім шеңберлерін қамтитын қоғамның күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылысы. Оны жасау үшін креаторлар, суретшілер, дизайнерлер редакторлар, мәтін жазушылар, психологтар, операторлар және т.б. жұмыс істейді.
Жарнама дегеніміз қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.
Жарнама агенттіктері – жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық өндеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады. Жарнама беруші оны шығаруға байланысты кейбір қызмет түрлерін өзі жасай алады. Жарнама агенттіктерін таңдаған кезде жарнама бағасын, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін, қызметінің сапасын талдау керек.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жарнама қызметінің нарығында 546 жарнама агенттіктері тіркелген, ал оның саны Жапонияда 4000–ға жетеді.
Жарнама агенттіктердің барлық түрлері өздерінің пайдасын БАҚ-дарынан түсетін комиссиялық алым немесе көрсетілген қызметтері үшін үстеме баға қою арқылы тауып отырады.
Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы. Алты түрлі бұқаралық ақпарат құралдары бар, оларға: баспасөз, теледидар, жарнама, радио, кино және интернет жатады.
Қазіргі қоғамда жарнама туралы адамдарда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жарнаманы сынаушылар оны адам санасына зиян келтіретін, тауарға қосымша құндылық дарытып, жалған қажеттіліктерді туғызатын айлалы әрекет деп жағымсыз жақтарын ғана көрсетеді.
Жарнаманы жақтаушылар оның бәсекені дамытатынын, сұранысты арттыратынын, тұтынушыларды пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ететінін, осылар арқылы жаппай өндірістің қалыптасуына байланысты тауардың өзіндік құнының азаюына ықпалын тигізетінін атап көрсетеді.
Алайда кейбір жекелеген фирмалар жарнама науқанын жүргізгенде, заттың шынайы жағдайын бұрмалап, жалған хабар таратуы мүмкін. Тауар қасиеттерінің жағымды жағын арттырып, сатып алушыны алдау, тауар сапасына қатысты жалған ақпарат беруді теріс ниетті жарнама деп атайды. Мұндай жарнама заң бойынша қудаланады. Қазақстанның «Теріс пиғылды бәсекелестік туралы» Заңы тұтынушыларды теріс ниетті жарнамадан қорғауға бағытталған. Әлемде мұндай әрекет мемлекеттік заңдар және тұтынушылар құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдар қозғалыстары сияқты екі бағытта жүргізіледі.
Қазақстандағы жарнама қызметі «Жарнама туралы» Заңмен реттеледі
Достарыңызбен бөлісу: |