Фармацевтика академиясы


Мақсаты: Студенттерге халық денсаулығына қоршаған орта ластануының қауіптілік дәрежесінің есептеу әдістемесін үйрету. 3.Дәріс тезистері



бет5/12
Дата05.07.2016
өлшемі1.35 Mb.
#180100
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.Мақсаты: Студенттерге халық денсаулығына қоршаған орта ластануының қауіптілік дәрежесінің есептеу әдістемесін үйрету.

3.Дәріс тезистері

Қазіргі заманғы өркениет пен табиғи ортаның өзара әрекеті мәселесіне Стакгольмде 1972 жылы өткен қоршаған орта жөнінідегі бүкіл әлемдік конференция арналды.Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды- тұрақты даму деп атайды.

Планетадағы тіршілікті қорғау-бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп тусіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалдарынан).

Екінші БҰҰ-ның қоршаган орта мен даму бойынша өткен конференциясы 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен, онда барлығы «Тұрақты даму» концепциясын және «XXI ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған:



мақсат қыла отырып, мемлекеттер, қоғамның негізгі секторлары мен адамдар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейлеріне шығу жолдары арқасында жаңа, глобальдық әділетті серіктестікті орнату үшін;

күш сала отырып, барлығының мүдделерін құрмет тұтып және қоршаған орта мен дамытудың глобальдық біртұтастығын қорғауды қамтамасыз ететін халықаралық келісімдерге қол жеткізу үшін;

мойындай келіп, ортақ үйіміз Жер сипатының тұтастығы және өзара байланыстылығын жариялайды:

Конференцияда бес негізгі құжаттар мақұлданды:

«РИО декларациясы қоршаған ортаны қорғау және даму»

«XXI ғасырдың күн тәртібі»

«Барлық орман түрлерін тұрақты дамыту және сақтауды басқарудың принциптері »

«Климаттың өзгеру мәселесі бойынша конвенция»

«Биологиялық алуантүрлілік конвенциясы»

«РИО декларациясы ...» құжатында маңызды екі тезис көрсетіледі:

1. Кедейлікпен күрес, даму үздіксіз жүзеге асуы үшін қоршаған ортаны қорғау, даму процесінің тұтас бір бөлігін құрауы тиіс және одан бөлек қарала алмайды.

2.Орнықты дамуға және барлық адамдардың жоғары өмір сүру сапасына қол жеткізу үшін өндіріс пен тұтынудың өміршең емес моделін мемлекеттер қысқартып және көзін жойып, сондай-ақ тиесілі демографиялық саясат жүргізіп отыруы қажет.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар

5.Әдебиет:

1.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

2.Бейсенбаева Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. -Алматы, 2001.

3. Аскарова Ұ.Б . Экология және қоршаған ортаны қорғау Алматы, 2007

4.Охрана окружающей среды.Учебник А. С. Степановских М. 2000-559 бет.

5. ҚР «Экологиялық кодексі» 2005ж


6.Қортынды сұрақтары:

1. Тұрақты даму ұғымына түсініктеме беріңіз?

2. Әлем елдерінің тұрақты даму жағдайын атаңыз?

3. БҰҰ Конференциясында қандай құжаттар мақұлданды?

4

1. Тақырыбы: Табиғатты қорғау жəне тұрақты даму.

2.Мақсаты: ҚР экологиялық кодексі, ҚР тұрақты даму концепциясымен танысу, Қазақстанның жекеленген аймақтар мысалындағы қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды ұйымдастыруды оқып үйрену.

3.Дәріс тезистері

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы, кодексте реттелетін қатынастар, орнықты дамуының экологиялық негіздерi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгi ережелерi. Қоршаған ортаны қорғау объектілерi. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлерi. Табиғат пайдаланушылар.Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негіздері және оны жүзеге асыру шарттары.

Қазақстан Республикасының белгілі бір аумагында төтенше экологиялық ахуалды Үкімет жариялайды.

Экологиялық апат аймақтары Қазақстан Республикасының заңдарымен жарияланады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды өз


құзыреті шегінде арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті
атқарушы органдар жүзеге асырады.

Қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы уәкілеттік мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының меншікті нысаны мен бағыныштылығына қарамастан, ұйымдарға және басқа да объектілерге (соның ішінде белгіленген тәртіппен көрсету арқылы) кіріп көруге, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттаманы, талдамалардық нәтижелері мен өзге де материалдарды сұратуға және танысу үшін тегін алуға, табиғи ресурстарды пайдалану лицензияларында белгіленген ережелердің сақталуын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерінің жүзеге асырылуын, табиғат пайдалану шараларының (келісім-шарттарының) табиғат пайдалануға берілген рұқсаттың орындалуын тексеруге, белгіленген тәртіппен олардың күшін жоюға, жою жөнінде нұсқамалар беруге немесе ұсыныс енгізуге, заңды және жеке түлғаларға талаптар қоюға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жолсыздықты жою жөнінде нұсқамалар шығаруға;

Кәсіпорындардың, құрылыстар мен объектілердің жұмысын шектеу
мен тоқтата тұру, оларды пайдалануға беруге тыйым салу, экологиялық
талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және де өзге
қызметті шектеу немесе тоқтата тұру туралы ңұсқамалар шығаруға,
немесе осы қызметті тоқтату туралы ұсыныс енгізуге, Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бүзу салдарынан
келтірілген залал мөлшерін анықтауға (анықтауға қатысуға) және соның
негізінде кінәлі адамдарға осы залалды ерікті түрде өтеу туралы
талаптар қоюға немесе сотқа талап-арыз беруге, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ведомстволық және өдірістік
бақылаудың нормалары мен ережелерін сақтауды тексеруге құқы бар.

Қоршаған орта объектілерін қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
5.Әдебиет:

1.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

2.Бейсенбаева Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. -Алматы, 2001.

3. Аскарова Ұ.Б . Экология және қоршаған ортаны қорғау Алматы, 2007

4.Охрана окружающей среды.Учебник А. С. Степановских М. 2000-559 бет.

5. ҚР «Экологиялық кодексі» 2005ж


6.Қортынды сұрақтары:

1. Тұрақты даму концепциясы не жөнінде?

2. ҚР Экологиялық Кодексінің мәні неде?

3. ҚР Қоршаған ортаны қорғау бойынша қандай іс-шаралар жүргізілуде?

5

1.Тақырыбы: Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының

өзекті экологиялық проблемалары.



2.Мақсаты: әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республиқасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттері туралы заманауй түсініктерді қалыптастыру;

табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы, біртұтас түсінік қалыптастыру.




3.Дәріс тезисі

Тұрақты даму факторлары: экологиялық фактор (өркениет дами алатын дәліз шекаралары), экономикалық фактор (нарық жүйесін қайта құру), әлеуметтік фактор (ауылшаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография). Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Тұрақты даму деңгейлері - жергілікті, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, әлемдік деңгейлер. Әр деңгейдегі тұрақты даму мүмкіншіліктерін анықтаушы факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі.

Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдарлары. Арал экожүйесінің бұзылуы, Арал аймағының әлеуметтік- экологиялық проблемалары. Каспий маңында және Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары. ҚР территоориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзге де полигондар. Ядролық қаруға қарсы Невада-Семей қозғалысы. Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы және т.т. Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар және т.т.

Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, Жерді энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның әрекеті табиғатпен қарама - қайшылыққа түсіп, "биосфера -адамзат" жүйесі барған сайын тепе - теңдік күйден' ауытқып бара жатыр деген сөз, нәтижесінде әлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе - теңдігі бұзылды.

Қоршаған ортаның кейін бағалаудың әдістері мен критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторинг. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдары. Қазақстан Республикасындагы халыққа экологиялық білім жэне экологиялық тәрбие беру. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету: Тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.

«Биологиялық алуантүрлілік концвециясы». Тұрақты дамуға өту бағыты мен механизмдері

Механизмдердің даму интеграциясы.

Тұрақты дамудың саяси базасы.

Қоғамның тұрақты дамуы.

Тұрақты экономикалық үрдіс.

Экология лық тұрақтылық.

Аймақтардың тұрақты дамуы.

Институциональды қамтамасыз ету.
4. Иллюстрациялы материалдар : слайдтар

5. Әдебиет:

І.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

Бейсенбаева Ә.С., Шілдебаева Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология - Алматы,

Асқарова Ґ.Б Экология және қоршаған ортаны қорғау - Алматы 2007

Охрана окружающей среды Учебник А.С. Степановских М.2000-559 бет

Экологиялық кодекс ҚР Астана 2007 г.

6. Қорытынды сұрақтары:

Бақылау - сұрақтар:

Тұрақты даму дегеніміз не?

«Тұрақты даму» концепциясын қай жылы ұсынылды?

1992 жылы БҰҰ-ның конференциясында қабылданған бағдарлама?

«ҚР экологиялық қауіпсіздік» концепциясы қай жылы қабылданды?

ҚР экология л ық қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты мен міндетіне не жатады?




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


Гигиена-1, жене денешынықтыру және валеология кафедрасы

ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Пән – Экология және тұрақты даму

Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»

051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

051103 «Фармация»

5В110400 «Медициналық- профилактикалық іс»



Курс: І

2014 жыл

Әдістемелік өңдеу кафедра мәжілісінде талқыланды.


Хаттама № 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент____________ Долтаева Б.З.

1

1.Тақырыбы: Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі.

2.Мақсаты: Табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

3.Оқыту мақсаты: Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі, табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдаланудың қолданылатын әдістері мен зерттеу нысандарын, табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдаланудың пәнінен алған білімдерін тәжірибеде қолдану.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдаланудың мақсаты және міндеттері.

2.Табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдаланудың зерттеу нысандары.

3. Табиғатты пайдалану, оның түрлері.

4. Жердің табиғи қорлық потенциялы.

5. Жердің табиғи қорлық потенциялына адамның әсері.

6. Шексіз даму заңының маңызы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптық семинар.

6. Әдебиеттер:


  1. Асқарова Ұ.Б Экология және қоршаған ортаны қорғау - Алматы 2007

  2. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы , 2003ж.

  3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

  4. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

  5. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

  6. Экологиялық Білім туралы концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  7. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы ҚР. Астана, 2002.

8. Экологиялық кодекс ҚР, Астана 2007 г.

7. Бақылау – сұрақтар:


  1. «Қоршаған ортаны қорғау» ұғымының мәні неде?

  2. Табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың мақсаты мен міндеттері.

  3. Табиғатты ұтымды пайдаланудың ұтымсыз пайдаланудан ерекшелігі.

  4. «Экологиялық қауіпсіздік» нені білдіреді?

  5. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен ережелері қандай?

  6. Қазақстан экологиялық дағдарыстан шығу үшін қандай бағыт ұстану керек?

2



1. Тақырыбы: Негізігі тіршілік орталары, олардың сипаттамалары.

Популяция – түрдің тіршілік ету формасы, популяцияның негізгі критерийлері.



2. Мақсаты: Студенттерді экологияның іргелі негіздерімен, ағзалардағы ара-қатынастардың жалпы заңдылықтарымен және олардың табиғи жағдайдағы орта қауымдастығымен таныстыру.

3.Оқыту мақсаты: Қазіргі кездегі экологиялық факторлармен, олардың ағзаға тигізетін біріккен әсерімен және бейімделу заңдылықтарымен, популяциялық өмір сүру деңгейі мен негізгі ережелері туралы түсінік беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.

1.Негізгі тіршілік орталары, олардың сипаттамасы.

2.Тірі жүйелер, олардың белгілері.

3.Тірі жүйелердің қызметі (қоректену, тыныс алу, көбею, өсу, бөліну).

4.Тірі жүйелердің қасиеттері (көбеюі, белсенді қозғалуы, тұрақтылығы, қайта қалпына келуі, бейімделуі).

5.Экологиялық фактор туралы түсінік, оның жіктелуі.

6.Экологиялық факторлардың әсер етуінің жалпы заңдылықтары.

7.Ағза үшін абиотикалық факторлардың маңызы.

8.Биотикалық факторлар, тірі ағзалардың өзара әсері (жыртқыштық, паразитизм, форезия, комменсализм, симбиоз, мутуализм, нейтроализм т.б).

9. Лимиттеуші фактор түсінігі.

10.Толеранттық заңы, оның маңызы.

11.Тірі ағзалардың экологиялық факторларға бейімделуі.

12.Түр, оның қоршаған ортадағы маңызы.

13.Популяция түсінігі, оның құрылымы мен қасиеттері.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: мәселелік семинар.

Мәселені айқындау кезеңі.

Сабақ барысында оқытушы студенттерге талқыланатын мәселелерді ұсынып, сол мәселе бойынша білімдерін, пікірлері мен көзқарастарын анықтау мақсатында оларға тапсырмаларды орындауды ұсынады.



Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде студенттер жазғандарымен бөлісіп, талқылау ұйымдастырады, өз ойларын толықтырады, өзгерту енгізеді. Топтық талқылау нәтижесінде студенттер бәріне ортақ бір шешімге тоқтауы керек.

Жариялау. Әр топтан бір студент /спикер/ сөз алып топ тұжырымдарын ауызша жария қылады.

Қорытындылау. Мәселе бойынша бүкіл аудиторияда келтірілген деректер мен мәселелердің қысқаша тізімі тақтаға жазылады.

Негізгі мәселені айқындау.Тақтаға жазылған тізім ішінен студенттер оқытушының ұйымдастыруымен ең өзекті мәселені таңдайды /мәселенің бірнешеуі болуы мүмкін, мұндай жағдайда әр топ жеке мәселені қарастыру ісімен шұғылданады/.

Қарастырылатын мәселелер

1. Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері.

2. Физикалық және химиялық экологиялық факторлардың тірі организмдерге әсері.

3. Популяцияның динамикалық және статистикалық көрсеткіштері.



6. Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Асқарова Ұ.Б Экология және қоршаған ортаны қорғау - Алматы 2007

  2. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы , 2003ж.

  3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

  4. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

  5. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

  6. Экологиялық Білім туралы концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  7. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  8. Экологиялық кодекс ҚР, Астана 2007 г.

7. Бақылау – сұрақтар:

1.Тірі жүйелер дегеніміз не?

2.Тірі жүйелердің қызметі неде?

3.Экологиялық факторлар дегеніміз не?

4.Қоршаған ортаның абиотикалық факторларын атаңыз?

5.Температураның тірі ағзаға тигізетін әсері қандай?

6.Ауа ылғалдылығы дегеніміз не? Оның маңызы қандай?

7.Антропогендік факторларды атаңыз?

8.Биотикалық факторларға қандай факторлар жатады?

3



1. Тақырыбы: Негізгі биогендік элементтердің экожүйедегі айналымы. Экожүйелердің орта түзушілік рөлі жəне бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру.

2. Мақсаты: экожүйе туралы түсінік, экожүйелердің жіктелінуін, экожүйелердің энергетикасы, экожүйедегі зат айналым, экожүйелердің орта түзушілік рөлі жəне бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру туралы оқу.

3. Оқыту мақсаты: экожүйелердің жағдайын талдап, қортынды жасауды, экожүйедегі зат пен энергия тасымалдануының заңдылықтары туралы түсінік беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.

1. Экологиялық жүйелер туралы түсінік.

2. “Экожұйе” және “биогеоценоз” ұғымының айырмашылығы.

3. Биоценоздың түрлік құрылымы.

4. Экологиялық жүйелердің жіктелуі.

5. Экожүйелердегі энергетикалық ағындар.

6. Экожүйедегі зат алмасуы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Іскерлік ойын «Кім тезірек, кімде көп»

«Кім тезірек, кімде көп» ойынын өткізу методикасы.

Ойынға қажетті құралдар:


  1. Тақырып бойынша сұрақтары бар карточкалар (карточка саны студент санымен бірдей болады, әр карточкада 5 сұрақтан).

  2. Секундомер.

Жұмыс барысы:

  1. Ойынның жалпы уақыты -45 минут.

  2. Ойын аузша өтеді.

  3. Студенттер кезекпен сұрақтары бар карточканы алады.

  4. 3 мин ішінде әр студент қарточкадағы сұрақтарға жауап береді.

  5. Оқытушы дұрыс жауаптарды санайды.

  6. Ойынға барлық студенттер қатысады.

  7. Дұрыс жауап берілмеген сұрақтар талқыланады.

  8. Студенттер жауаптары баллмен бағаланады.

  9. Студенттің алған балдары сабақтың ағымдық бағасын қою барысында ескеріледі

  10. Оқу журналының төменгі бос жағына топ старостасымен ойынның өткізілгені туралы белгі қойылады

1-карточка

1. Экожүйенің анықтамасы.

2. Қөректік тізбек.

3. Экожұйе гомеостазы.

4. 1% -тік ереже.

2-карточка

1. Продуценттер.

2. Экожүйе өнімділігі.

3. Жасанды экожүйе.

4. Сукцессиялық қатар ұғымының түсінігі және климаксты бірлестік қалай пайда болады?
3-карточка

1. Консументтер.

2. Экологиялық сукцессия дегеніміз не? Пайда болуының себептері?

3. Экожүйенің трофикалық құрылымын айтыныз.

4. Экожүйедегі энергия ағыны.

4-карточка

1. Редуценнтер.

2. Экологиялық пирамидалар.

3. 10% -тік ереже.

4. Ыдырау тізбегі /дендриттер/.

6. Әдебиеттер:


  1. Асқарова Ұ.Б Экология және қоршаған ортаны қорғау - Алматы 2007

  2. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы , 2003ж.

  3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

  4. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

  5. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

  6. Экологиялық Білім туралы концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  7. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  8. Экологиялық кодекс ҚР, Астана 2007 г.


7. Бақылау- сұрақтар:

  1. Экожүйе дегеніміз не?

  2. Экожүйелерде зат және энегрия алмасу қалай жүреді?

  3. Экологиялық пирамида дегеніміз не?

  4. Продуценттер дегеніміз не?

  5. Консументтер дегеніміз не?

  6. Редуценнтер дегеніміз не?

  7. Экологиялық сукцессия дегеніміз не?

  8. Қоректік тізбектер қалай өтеді?

4



1.Тақырыбы: Биосфераның құрылысы жəне биосфера шекаралары.

В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінің тұрақты даму тұжырымдамасын қалыптастырудағы бағыттаушы ролі.



2.Мақсаты: студенттерге биосфера және ноосфера, биосфераның құрамын, құрылысы жəне биосфера шекаралары туралы түсінік беру.

3. Оқыту мақсаты: тірі ағзалардың, биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын, биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары туралы білімдерді қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Биосфера туралы түсінік.

2.В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.

3.Тірі заттардың таралу шекарасы.

4.Биосфераның құрылымы мен құрамы, олардың сипаттамасы.

5.Биосферада энергия ағымы мен заттардың айналымы.

6.Ноосфера туралы түсінік.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Сұрақ - жауап. «Жасырын ұяшық »

Кіші топпен жұмыс. Топ екі топшаға бөлініп, берілген ұяшықтарды таңдайды. Топтарға таңдаған балл деңгейлеріне қарай сұрақтар қойылады. Ең көп балл жинаған топ жеңімпаз атанады.


Студенттердің білімі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

1. Топтың ішіндегі студенттің белсенділігі.

2. Берілген жауаптың негізділігі және толықтығы.

3. Тақырып бойынша қосымша материалдарды қолдануы.

4. Ұжымда жұмыс жасай алуы.

6. Әдебиеттер:


  1. Асқарова Ұ.Б Экология және қоршаған ортаны қорғау - Алматы 2007

  2. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы , 2003ж.

  3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

  4. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

  5. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

  6. Экологиялық Білім туралы концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  7. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  8. Экологиялық кодекс ҚР, Астана 2007 г.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет