Фармакология


Макролидтердің І буыны: эритромицин, олеандомицин



бет56/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   200
Фармакология

Макролидтердің І буыны: эритромицин, олеандомицин. Әсер ету спектрі: бензилпенецилиндерге ұқсас, микоплазма, легионелла, коклюш қоздырғыштарына сезімталдығы жоғары. Қолдану көрсеткіштері: бензилпенецилиннің қолдану көрсеткіштеріне ұқсас , сонымен бірге легионела және марокселламен шақырылған хламидальды , микоплазмалық және бөліктік (крупозды) пневманияда қолданылады. Макролидтер резервтегі антибиотиктер, оларды пенецилиндерге аллергия және тұрақсыздығында қолданылады. Көбінесе жеңіл инфекцияларда ішке ,күре тамырға сирек тағайындалады; эритромицин жағылмасын жарақат, күйік,безеу,жара,терінің ірінді қабынуында жағу үшін; Трахома,блефарит,коньюнктифитте кқз жағылмасы түрінде тағайындалады. макролиттерге микроорганизмдердің тұрақтылығы тез пайда болады. Жанама әсері: макролиттердің улылығы төмен,диспесия, аллергия,гипатотоксикалық әсер көрсетуі мүмкін. Қарсы көрсеткіштері: жеке көтере алмаушылық, бауырдың қызметінің бұзылуының ауыр түрінде.
Erythromycinum- эритромицин(Б): 0,1 және 0,25 таб. шығарылып 1-2 таб. тәулігіне 4-6 рет тамақтан 1 сағ. бұрын белгіленеді, 1% жағылмасы бар. Erythromycini phophas- эритромицин фосфаты(Б): 0,1 және0,2 құрғақ зат флаконда шығарылып, тәулігіне 1-2 рет к/т енгізіледі.
Олеандомицин- белсенділігі төмен, "Олететрин" таблетккасының құрамында олеандомицин мен тетрациклин бар.
Макролиттердің екі буыны: спирамицин (ровамицин), рокситромицин(рулид),кларитромицин(клацид), мидекамицин(макропен),джозамицин(вильпрафен). Әсер ету спектрі: бірінші буын препараттарына қарағанда спектрі кеңірек. 1 және 2 буын препараттарына энтерококктар, шигеллалар,сальмонеллалар,ішек және демофилді таякшалар,бактеройдтар,кампилобактерлер, листериалар, гарднереллалар және кейбір микобактериялар сезімтал келеді. Спирамицин мен кларитромицин Helicobacter pylory-re жоғары белсенділік(асқазан мен ұлтабардың жараларын туғызуға жағдай жасап,асқазанның пилорикалық бөлігін зақымдайтын геликобактериялар) көрсетеді. Спирамицин мен рокситромицинге токсоплазмалар сезімтал келеді. Қолдану көрсеткіштері: 1 буын препараттарына ұқсас, сонымен қатар энтерит, колит,холецистит,асқазан мен ұлтабардың жаралары(кларитромицин,спирамицин) токсоплазмос(спирамицин,рокситромицин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет