Фармакология


Анзамициндер: рифампицин (бенемицин). Әсер ету механизмі



бет63/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

3. Анзамициндер: рифампицин (бенемицин). Әсер ету механизмі: РНҚ-ң синтезін бұзып, бактериостатикалық әсер етеді. Әсер ету спектрі кең: сонымен қатар рифампицинге жоғары сезімтал микроорганизмдерге (туберкулез микобактериясына, лепра, гемофильді таяқшалар) бактерицидті әсер етеді. Кокктарға, соның ішінде гонорея, сібір жарасының таяқшасы, газды гангрена клостридиясы, протей, сальмонелла, бруцелла, трахома, коклюш, құтыру қоздырғыштарына белсенділігі жоғары. Рифампицинге микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі жылдам пайда болады, сондықтан резервтегі антибиотик болып табылады. Оны көбінесе басқа микробқа қарсы дәрілермен қиыстырады. Қолдану көрсеткіштері: негізгі қолдану көрсеткіші өкпе мен басқа да мүшелердің туберкулезі (рифампицин АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпалары мен сұйықтықтарына жақсы таралады, туберкулезді емдеу үшін туберкулезға қарсы дәрілермен қиыстырылып қолданылады), алапесті (лепраны) емдеуде, тыныс алу мүшелерінің инфекциясында, менингитте, остеомиелитте, зәр және өт жолдарының инфекциясында, жіті гонореяда қолданылады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, диспепсия, бауыр қызметінің бұзылуы, лейкопения, зәр, сілекей, көз жас сұйықтықтарының қызыл сары түске боялуы мүмкін. Рифампицин бауырдың метаболикалық процестеріне әсер етіп, кейбір заттардың биотрансформациясын жылдамдатады (оймақгүл препараттары, әсері тікелей емес антикоагулянттар, пероральды гипогликемиялық дәрілер, контрацептивтер, Д, К, Вс витаминдері). Қарсы көрсеткіштері: бауыр мен бүйрек ауруларында, көтере алмауда, жүктілікте, емшектегі балаға қолдануға болмайды.
Rifampicinum – рифампицин (Б): 0,15 және 0,3 капс. шығарылып, 1-2 капс. 2-3 рет тәулігіне 30 минут – 1 сағат тамақтан бұрын; 0,15 құрғақ зат флаконда шығарылып, 2-5 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 125 мл 5% глюкоза еріт. тәулігіне 2-3 рет тамшылатып к/т енгізіледі.
Рифампицин туындылары: рифабутин (микобутин) – туберкулез микобактериясына әсері жағынан рифампициннен 2-20 есе жоғары; рифампетен - әсері ұзартылған препарат, аптасына 1 рет белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет