Федоров аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 ақпандағы №304 шешімі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде



Дата25.02.2016
өлшемі16.7 Kb.
#25853


Федоров аудандық мәслихатының

2015 жылғы 24 ақпандағы № 304 ШЕШІМІ

Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде

2015 жылғы 19 наурызда № 5443 тіркелді

Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы

279 «Тұрғын үй көмегін көрсету



қағидасын бекіту туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына сәйкес Фёдоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5247 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда «Федоровские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

1 - тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессияның төрағасы В. Сергиенко
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов

КЕЛІСІЛДІ

«Федоров аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекеменің басшысы

________________ Т. Волоткевич

«___»_______________ 2015 жыл

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекеменің басшысы

________________ В. Гринак

«___»___________ 2015 жыл





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет