1-бөлім. Автопортрет. Менің әдістемелік жұмыс жүйем. Менің кәсіби өсу бағдарламам.
2-бөлім. Ақпараттық ресурстар. Қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар. Анықтамалар мен түсіндірме сөздіктер. Жалпы және педагогикалық заңдылықтар мен ережелер.
3-бөлім. Жұмыс материалдары. Менің әдістемелік жобаларым мен дайындамаларым. Қызықты және құнды ақпараттар мен мәліметтер (интернеттен).
4-бөлім. Менің жетістіктерім. Мен ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар. Менің табыстарым ынталану жолдарым.
5-бөлім. Оқушыларымның жетістіктері. Дарынды оқушылармен жұмыс. Оқушылар шығармашылығы.
Тапсырма. Электрондық портфолионы құру бойынша қызметтерді зерттей отырып, электрондық портфолио жасақтап үйрену.
2 - тәжірибелік жұмыс. Мәтіндік құжаттарды редакциялау, кестелер мен деректерді онлайн режимінде өңдеу қызметтері.
Мәтіндік құжаттарды редакциялау
Мәтінді редакциялау электронды құжатқа өзгертулер енгізуге, оның белгілі бір бөліктерін өшіріп немесе орнын ауыстыруға, бірнеше құжаттарды біріктіруге немесе құжатты бірнеше бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді. Редакциялау дегеніміз — өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.
Редакциялау – құжаттың белгіленген символдарын немесе бөліктерін көшіру, өшіру және орын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Көшіру құжаттың белгіленген орындарына қойып көбейтуге мүмкіндік береді. Орын ауыстыру кезінде белгіленген бөлік қиылып алынып, құжаттағы тиісті орынға қойылады, ал өшіргенде ол тек қана қиылып алынады.
1) мәтіннің бөлігін айқындап алып, оны алмасу буферіне орналастырыңыз;
1) Орын ауыстыру үшін : Түзету –Қию (Вырезать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз.
2) көшіру үшін: Түзету – Көшіру (Копировать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз.
3) курсорды керек (бөлікті қойғыңыз келген) жерге апарыңыз;
4) Түзету – Қою (Вставить) командасын орындап, Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шерткеннен кейін бөлік құжат мәтініне алмасу буферінен қойылады.
1) мәтіннің бөлігін айқындап алыңыз;
2) бөлікке тышқанның сілтемесін апарыңыз;
3) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сол басулы күйінде жібермей ұстап, бөлікті жаңа орынға жылжытамыз.
4) тышқанның сол жақ батырмасын жіберіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |