Ғылым және жоғары білім министрлігі


– тәжірибелік жұмыс. Білім беру платформалары мен онлайн-курстар конструкторларын қолдану



бет70/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

6 – тәжірибелік жұмыс. Білім беру платформалары мен онлайн-курстар конструкторларын қолдану.

Қашықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.


Елбасы Н.Назарбаев «Қазақастан – 2050» стратегиясында білім мен ғылымның басында жүрген тұлғаларға жауапты тапсырма жүктеді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №169 бұйрығымен бекітілген «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастырудың Ережесі» негізінде институт филиалының “Қашықтықтан оқыту” технологиясы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары Ережесі жасалынып, ғылыми кеңесте бекітілді. Қашықтықтан білім беру жүйесі dis.sdo.kz, do-orleu-shimkent.kz домендарында орналасқан. Қашықтықтан білім беру Moodle бағдарламасында жасалынды.
Қашықтан білім беру үрдісі білім беруді басқаруға арналған модульді, объектті-бағытталған «Moodle» жүйесіне негізделген. Бұл жүйе Қашықтын Білім Беру Жүйесі ретінде Еуропа елдерінде кеңінен таралып, танылған. «Moodle» тұғырнамасы Open University (UK), Microsoft (US), Google (US) и Istituto Superiore di Sanità - ISS (Italy) сияқты ұйымдардың белсенді дамытуы мен қолданысында. 2012 жылдың 2 мамырында Кембриджде (АҚШ) өткен баспасөз мәслихатында Гарвард университеті мен Массачусет технологиялық институты өкілдері бірлескен edX қашықтықтан онлайн оқыту жобасы іске қосылғандығы туралы мәлім етті.
АКТ-ны білім беру жүйесінде пайдалану, ECampus сияқты ЮНЕСКО сабақтас жобалары 2003 жылдан бастап білімді жеткізуші қосымшалары ретінде Moodle жүйесін таңдады. Бұл жүйенің ерекшелігі кӛптілділікке және әлеуметтік құрастыру педагогикасы сияқты педагогикалық принциптерде негізделген. ЮНЕСКО жобасының аясында жасап шығарылған «Э-Окыту» (E-Learning) портативті серверін Қазақстанның мыңдаған оқытушылары қолданды. Бұл серверде алдынала орнатылған Moodle бағдарламалық жасақтамасы бар. Білім мазмұны офф-лайн және он-лайн екі режимінде оңай беріледі және алмасады. Бағдарлама жергілікті серверлерден USB-тасымалдаушыларға оңай жүктеледі. Оқытушылар бағдарлама мазмұнын Ұлттық Ақпараттандыру Орталығының сайтында кӛре алады. Әлемде, Орта Азияда Moodle қауымдастығы тез қарқынмен ӛсіп және қазіргі уақытта 78 тілде және 204 мемлекетте қолданылып жүрген интерфейсі бар қашықтықтан оқыту стандартына айналып келеді. Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі қашықтықтан оқыту курстарын жасаудың бағдарламалық қамтамасыз ету бумасы болып табылады. Жүйе Open Source сияқты тегін таратылады.
MOOC – массивті ашық онлайн курс. MOOC артықшылықтары:

Кең таралған MOOC тізімі: Coursera, Futurelearn, Edx, Udemy, Udacity, Openlearning, Canvas network.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет