«Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін көрсетіңіз


Бастауыш білім беру педагогикасы бойынша инновациялар, олардың түрлерін талдап қорытыңыз



бет7/24
Дата23.12.2023
өлшемі0.96 Mb.
#487674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
өзекті мәселелер соңғы

Бастауыш білім беру педагогикасы бойынша инновациялар, олардың түрлерін талдап қорытыңыз

Бастауыш білім беру дегеніміз бұл оқушы санасының ең жылдам дамитын аса құнды, қайталанбас кезеңі болғандықтан да бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы екендігі сөзсіз. ҚР Президентті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» — деген пікірі ол жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген мағынамен пара пар. «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ», «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы», «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөздер ел ертеңі болатын жас ұрпақтың жан-жақты сауатты болуы аса маңызды екендігін дәлелдеп келеді.
Яғни, санасын қалыптастырып, білімге деген құлшынысын оятатын, ертеңге сеніммен қараудың бастамасын беретін бастауыш мектептің мойнына артылған жауапкершілік өте үлкен. Сол бастауыш мектептің асқан жауапкершілігін жүзеге асырушы бірден бір тұлға мұғалімнің өз ісінде инновациялық технологияларды қолдануы оқу үрдісінің сапасын арттырып, қай қырынан алса да тиімділігін танытады. Қазіргі уақыт талабына сай келетіндей инновациялық технологиялдармен жабдықталған мектеп жағдайында білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, педагогикалық жұмыста өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді, ал бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Жалпы оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу төрт кезеңнен тұрады:
Жаңа идеяны іздеу (инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру);
Жаңалықтарды ұйымдастыру;
Жаңалықтарды енгізу (оқу — тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану);
Жаңалықтарды бекіту
Осы инновациялық технологиларды оқу үрдісіне енгізу нәтижесінде бүгінде мектептегі білім сапасын арттыру үшін:
әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;
әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;
инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу керек.
Заман талабына сай инновациялық технологияларды оқу үрдісінде қолданудың ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең бастысы технологияларды әрқашан да тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технологияларды бастауыш сыныптарда оқыту үрдісіне енгізуден күтілетін нәтижелер аз емес, мысалға бастыларын атайтын болсақ:
1) түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2) оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3) олардың әрқайсының деңгейін анықтай алуға болады.
4) оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар.
5) оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6) оқушылардың қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7)жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану, ана тілі, әдебиет сабақтарына, топқа бөліп оқыту, рөлдік ойын элементтерін, пікір сайыс және басқа оқытудың дәстүрлі емес түрлері, оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады. Ондағы дәстүрлі емес сабақ түрлері:
— «саяхат», «мұражайға экскурсия», «концерт», «қойылым»,т.б:
— «дөңгелек үстел», «брифинг», «презентация», «аукцион»,т.б;
— кино, теледидар,бейнетаспа сабақтар т.б;
— пікір-сайыс сабағы,проблемалық іздену сабақтары,интеллектуалды ойлау сабағы т.б. Міне осы жаңашылдықтардың барлығы да бастауыш оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдана отыра сабақ сапасын арттыру элементтері болып табылады. Мектептің бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-әрекетпен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интерактивтік әдісті тиімді пайдалануға болады.
Мұнда негізгі және жетекші үрдіс — іс-әрекеттегі оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі — оқушылардың өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалык, түрде дәлелдейді.
Ол өз пікірін бір-біріне топта, сынып алдында айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс. Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуальдық біліктілігіне, ақпаратты алдын-ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді. Математика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады.
Жаңа технологияны қолдануда орынды туындайтын сұрақ, ол «Мұғалім нені білу керек?». Оған жауап төмендегідей болмақ:
жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау;
жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді саралау;
жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін білу;
жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білу;
оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдау.
«Не істей алу керек ?»
оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру;
күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау;
әр сабақты жоспарлау;
жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау;
оқу модулын құрастыру;
оқу жобасының мазмұнын анықтау;
оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.
«Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»
жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер;
әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу;
өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау;
жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға үйрету.
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дау тудырмайды. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.

  1. Бастауыш білімнің ғылыми даму жолдарын жоспарлауға мәлімет жинақтаңыз

Соңғы уақытта табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет. Өйткені бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әр түрлі салада қолдана білуін талап етеді. Бастауыш сыныпқа арналған жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушыларды шынайы проблемаларды анықтап зерттеуді, қарым-қатынас жасау дағдылары: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, проблемаларды шешу және анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайда қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.
«Жаратылыстану» пәні бойынша білім беру бағдарламасында ғылыми-зерттеу жүргізу дағдылары мен біз өмір сүретін әлем туралы білімге ерекше назар аударылған. Мен зерттеушімін, Тірі табиғат, Заттар және олардың қасиеттері, Жер және ғарыш, Табиғат физикасы сияқты оқу бөлімдерін зерделеу оқушыларға мынандай дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі: зерттелетін тақырыпты таңдау; сұрақ қойып, оған жауап беру тәсілдерін табу; зерттеу жүргізу жоспарын құру; болжам жасау; сұраққа жауап беру үшін зерттеу жүргізу, зерттеу нәтижесінде алынған түрлі деректерді жинау, өндеу және түсіндіру. Бұл пән биология, химия және физика пәндерінің негізін қалайды. Сонымен қатар терең білім алып, пәнді түсіну үшін жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі. Зерттеуге негізделген оқу бастауыш сыныптарда оқытылатын кез-келген пән үшін негіз бола алады. Пән бойынша негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда, мұғалім көмекшіге ауысып, басты рөлге оқушы шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет