Қоғамдағы мемлекеттің орны мен мәні
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;
2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;
3) қоғамның обьективтік сипаты болады,
яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар ...
Қоғам және Саясат - саяси ғылым мен басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзара диалектикалық байланысын білдіретін үғымдар.
Қоғам - қатынастардың және адамдар арасындағы өзара байланыстардың тұтас жүйесі. Оның қүрамдас бөліктері болып күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе қоғамдық өмірдің мына салалары болып табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани.
Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында адамдардың өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады.
Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы
«Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды.
Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын орта.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
- мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
- мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
- қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
- саяси партиялар мен қозғалыстар;
- тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
- мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
- отбасы;
- шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;
- өзін-өзі басқару;
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);
- экономиканың көпжақтылығы;
- биліктің заңды және демократиялық сипаты;
- кұқықтық мемлекет;
Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi.
Қоғам демократиялық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады. Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады.
Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады. Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.
Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, тең танылуы мен қорғалуының заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, меншiк нысандарының әралуандылығы мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi құрайды.
Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң басты базалық шарттарының бiрi тәуелсiз БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады.
Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi. Билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасады, ал өзара iс-қимыл ымыраға қол жеткiзуге бағытталады.
Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк институттармен бiрге болашақты құру жауапкершiлiгiн бөлiседi. Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасатын ең жоғары даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы демократиялық рәсiмдер билiк қызметiнiң сапасын бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн билiкке ықпал ету тетiктерiне негiзделедi. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттiң мiндетi жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар мен заңды тұлғалардың бiрлестiктерi (партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билiктi бiр қолға алуына мүмкiндiк бермейтiн азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшiн қажеттi жағдай
жасау болып табылады.
Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам.
Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi.
Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.
Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы Батыспен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар.Қазақстанда әлеуметтік және мәдени негіздегі модернизацияны «жедел қуып жету» байқалды.
Қоғам белсенділігінің артуы Қазақстанның адам құқықтары бостандықтарын,өмір сапасын жоғарлату ,тұлғаның өзін -өзі
Толық көрсете алуы жағдайларын қамтамасыз етуге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуның басты шарты болып табылады.Азаматтық қоғам орнықтырудың маңызды мәселелерінің бірі сан жағынан көп орта тап қалыптастыру болып табылады.Орта тап демократияға төменгі және жоғары жік өкілдеріне қарағанда анағұрлым мүдделі.
Міне ,сондықтан Қазақстан президенті Н.Назарбаев та орта таптың негізін құрайтын шағын және орта бизнес өкілдеріне назар аударып келеді.Яғни,мемлекет кәсіпкерлерге тиімді қолдау көрсетуде.
Қазақстанда әлеуметтік және саяси мәселелерді шешетін, қоғамды демократияландыру үрдістеріне белсене араласатын 5 мыңнан асатын үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді.
Ал,Жамбыл обылысында 695 үкіметтік емес ұйымдар бар.Олар «Жамбыл обылысы іскер әйелдерінің қауымдастығы», «Жан дауа», «Адалдық»т.б.ұйымдар.
Билік пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесу мәдениеті, аса қажет салаларының бірі-ұлтаралық қатынастар.Бұл Қазақстанның ұлт саясатында жүзеге асып жатыр.Этникалық топтар еркін дамуға барлық жағдайлар жасалған.Этносаралық жіне конфессияарлық қарым-қатынасты реттеудің керемет формасы -1995 жылы Қазақстан халық Ассамблеясының құрылуынан көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |