«Ғылым таппай мақтанба» өленіңде



Дата19.04.2023
өлшемі21.53 Kb.
#472396
жоба диана


«Ғылым таппай мақтанба» өленіңде;
«Бес нарседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеніз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшапаның білсеніз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеніз...»
деп, адамның әлеум. қасиеттерің жинақтап көрсетеді. Кісінің адамшылық қасиетін бірінші орынға қояды. Адам болам десең, байлықпен обай ақыл, әділеттік, ғылым, ар, жақсы мінезбен оз дейді. Абай қазақ қоғамында жан-жақты жетілген адамда арман ете отырып, оның мінезді болуына, мінезді әлеум. өмірдегі қызметіне айрықша мән берді. Абай – демократ қызметіне, халықтың шығармашылық күшіне сенді. Туған халқы барынша сүйгендіктен, оның әлеум. өміріндегі кемшілігін мінеп, соны жоюға күш салды. Өз мінін көре алмаған халықтың прогреске ұмтылмайтынын түсінді. Сондықтан, ол кертарпа патриарх. –феод. дәстүрлерге қатал да батыл қарсы күресті, әлеум. өмірдің жаңа да озық өлшемдерін уағыздады. Өз шығармаларында прогресшіл әлеум. күштердің мүддесін қолғады. Кемеңгер Абайдың әлеум. ойлары - әлеум. ілімне қосылған улкен үлес.
Абайдың 1886 жылдың жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты,өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күрете табандылық, жігерлілік көрсететіне үлкен сенім болды. Абайдың бұл өлеңінен ғылымды үйренетінжастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз. 1909 жылғы жинақ пен 1922 жылы Қазандажарық көрген басылымдарда бұл шығарманың кейінгі жылдарда бөлек туынды саналып жүрген « Интернатта оқып жүр..» дейтін өленге қосылып біртұтас шығарма болып келетіні де тегін болмаса керек. Қазақ жастарын білім-ғылым үйренуге шақыру « Интернатта оқып жүр..» өлеңінде ең өзекті идея. Мұнда ақын еңбексіз, ықылас-ынтасыз, мехтнатсыз нағыз ғылым-білім қлға түспейді дей келіп, одан әрі бірден негізгі ой желісің үздіксіз өрбітіп, оқудғы мақсат не, алған білімді не қажетке жұмсау керек, не істеу, қандай қызмет атқарған жөн болады деген мәселелер төңірегіндегі сөз қозғайды. Ал мына өлеңде;
«Ғылым таппай мақтанба,
«Орын таппай баптанба...»
дегендегі орын тап деп отырғаны – алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Бұдан Абай;
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол..»
деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. Алайда ойының негізгі желісін үзбейді. Бұл тұста ерекше бір көңіл бөлерлік жай Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бұл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты – не нәрсені болсын ақыл таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзінің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін нақтылап, мейілінше дәлелді етіп, шегелеп айтады.
Осы өлеңдегі Абайдың надандықпен айтылған сөзге ерме дей отырып, «ақсақал айтты, бай айтты...» , егер қисық көрінсе кімнің сөзі болсада, тіпті жақын адам айтсада, ақылмен жеңуді үлгі етуі әсерісе сол өткен ғасырдағы қазақ өмірінің жағдйында бірден-бір батыл айтылған пікір болғаны анық. Үлкен адамға, лауазымы жоғары адамға қарсы келіп, өз ойын көлденен тарту сыпайгершілікке келмейді дегенді желеу қылып шындлықты тура айтуды қалайда шектеу, қолдамау ол заманға емес, бүгінгі заманда да аз кездестпейтінін ескерсек, Абайдың осы пікірінің мәні зор дейміз.
Абайдың Қазақтың мемлекетін көркем әдебиет баспасынан 1950 жылы жарық көрген өлеңдер жинағы. «Мектеп кітапханасы» айдарымен жарық көрген. Редакторы А. Байтанаев. Кітап суретсіші Қ. Қожықов салған ақын суретімен ашылады. Жнаққа ақынның төл өлеңдері, «Екендір» және «Әзім әңгімесі» дастандаы, И.А. Крыловтан аударған мысал өлеңдері енгізілген. Әр беттің соңында жеке сөздер мен атауларға түсініктеме берілген. Кітап көлемі 3,2 б т., 25000 дана болып басылған.

Ең негізгісі, Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімі. Өз өлеңдерінде: «Ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз», «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», - деген Абай ойлары хакімнің ғылым-білімге үлкен мағына бергенін дәлелдейді. Адамзат білім болғанда ғана жарыққа, биікке жетеді, дамиды деп түсінді. Осы ойларының мәнін аша түсу үшін қарама-қарсы мағынада надандық, білімсіздік, қараңғылықты кінәлады. Абай білімнің неғұрлым тереңін көздеді. Білімді тереңдету үшін Абай «мұлахаза» және «мұхафаза» концептуалды ұғымдарына жүгінді, терең ойға салып, ғылыми ізденістер жасады. Хәкімнің осы ізденістерінен «Толық адам» ілімі туды. Ол Конфуцийдің мораль философиясын меңгерген сияқты немесе Абай ізденіс ілімі соған алып келгендей.


«Кімде-кім осы жолмен жүруді өзіне шарт қылып, қадам басса, сол толық адам делінеді» деп, «Толық адам» бойындағы қасиеттердің ең негізгісі етіп, ізгілікті алға тартты. Бұл жерде Абай «Құтты білік» дастанындағы жәуанмәртлікті адамгершілік негіздері ретінде пайдаланып, «толық адам» концепциясына этикалық бағыт ретінде кіргізеді. Оның негізіне: ғылым, рақым, ғадәлет ерекшеліктерін алады. Осы үшеуінің басын қосып, ізденіп толық игерген адам ғана «толық адам» қатарына қосылуы мүмкіндігін айтады хәкім.
Бізге де кейде сол Еуропа кеңесшілерінің арқасында дүниенің көрінген сырына, қоғамның заттық әлеміне басымдылық беріп, мұнай-газымызды, жерасты байлығын тезірек алсақ, шетелге сатып байысақ деп жүргендер де аз емес. Ойлағанын жасап та үлгерді, байларымыз да жетеді. Өкінішке орай, егемендік 30 жыл ішінде біз Абайдың ой-өркениетін мұқият зерделегенде, баяғыда жүйені басқа арнаға салып, шетел үстемдігінде кетпес едік. Қазып жіберсек, бұл жерде кешірілмейтін қателіктер көп. Әттең, қайран Абай ерте туыпсың...
Ашығын айтқанда, біз еліктеп келген жаhандық дамудың қазіргі материалистик моделі тиімсіз екенін мойындау керек. Біз миллиардтаған адамға эндемиялық кедейшілік жағдайында өмір сүруге жағдай жасап отырмыз. Алға жылжуға жаңа жол табу керек. Сондықтан жүйелік тәсілді қарастыра отырып, мәселелердің шешімінің адекваттылығының, тұтастылығының жауабын іздеген дұрыс. Олардың ішінде, бастысы ─ дүниетануға гуманистік пәрмен беру, дүниенің көрінбеген сырын, рухани-ізгілік бағыттары, қадамдары мен сананы ояту идеяларын тудыру керек. Қазір ХХl ғасырда адами ақыл-күй мен рухқа сенетін уақыт келді, әйтпесе, өте қауіпті апатқа душар болуымыз мүмкін. Мәселе, қоғамның адамгершілік тұрғыдан бүліну қаупі жөнінде болып тұр. Адамзаттың дамуын Шығысқа бұрып, оны заттық жүйеден рухани, қоғамды ізгілендіру рельсіне түсірген жағдайда, әлем тыныштанады, тұрақты дамиды.
«Осылардың бәрін қалай іске асыру керек?», - дегенде, Ұлы Абайдың «Толық адам» іліміне қайта ораламыз. Сонда заңды сұрақ тууы мүмкін: «Толық адам кім өзі? Оның үлгісі біздің арамызда бар ма? Өзі кімнен өнеге-өсиет алып, кімге қарап бой мен ой түзей аламыз?», т.б. Әрине бар, түркі халқы, қазақ халқы ─ кемеңгер халық. Оларды осы кітаптағы тарихи ұлы тұлғалардан көруге болады. Дәл қазіргі уақытқа келсек, мен Абайдың «толық адам» үлгісі деп, кеше ғана өмірден өткен академик, заңғар тұлға Салық Зиманов пен заты неміс болса да, ділі қазақ, халық жазушысы Герольд Бельгерді, академиктер Тұрсынбек Кәкішевті, Мекемтас Мырзахметовті айтар едім. Үшеуінің де өміріне, істеген істеріне үңілсең, «елім» деп, «егемендігім» деп, тіршілігінде тек шындықты айтып шырылдап, білікті ұсыныс-идеяларды айтып та, жазып та кетті. Ал М.Мырзахметов солардың идеясын жалғастыруда. Қазақ халқын қалай ізгілендіремін деп өмірлері күреспен өтті. Олар басқаға жақпаса да халыққа жақты, елдің сүйіктісі болды. Міне, Абайдың «толық адам» аманатын орындаған деп осы тұлғаларды айтуға болар еді Жастар осы тұлғалардың еңбектерін оқып, өнеге алса екен.
Меніңше, адам толық адам болғанда ғана қоғамға шын пайдасын тигізеді. Адам өз мақсатына адал болғанда ғана ақыл-ойы ештемеге тәуелді һәм қолы байлаулы болмайды. Тек тәуелсіз ой ғана кемел істерге бастайды. Толық адамға биліктің де, байлықтың да керегі жоқ. Дүниенің қызықтарын, нәпсіні, басқаны ұмытып, тек еліне, халқына қызмет етуді ойлайды, ел игілігі жолында барын салады. Оның бойы рухани тазарған кезде алтыншы сезімі ашылуы мүмкін, сол кезде өзі ойламаған мүмкіндіктерге қол жеткізуі неғайбыл.
Абайдың «толық адам» ілімін шығыстық рухани даму жүйесімен ұштастырып, осыларды дүниежүзілік ой өркениетінің дамуымен жүйелі түрде синтез жасап, жандандыруға болады деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет