«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу»



Дата12.07.2016
өлшемі142.56 Kb.
#194076


«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:

ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен еңбек қатынастарында тұратын ғылыми, инженерлік-техникалық және өзге де қызметкерлер, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дербес жүзеге асыратын ғалымдар – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

заңды тұлғалар – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 25 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 25 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.00 дейін.

Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке тұлғалар:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның, магистр дипломының, ғылыми дәреже беру туралы дипломның, ғылыми атақ беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариалды расталған көшірмелері;

2) заңды тұлғалар:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъектінің рейтингтік парағы;

құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері: ұйым жарғысы, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтама, ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

рейтингілік парақта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым жазбаша түрде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастырушы адамның атына;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтінішпен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету

ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары:

1) Министрліктің: www.edu.gov.kz;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.educontrol.kz интернет-ресурстарында орналасқан.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-23-66, 8 (7172) 74-23-99. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-777, 1414.

_________________________


«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша


Аккредиттеу

туралы куәлік
Астана қаласы «____» __________» 20____ж.
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес __________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса)

__________________________________________________________________


ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеледі. Куәлік Қазақстан Республиканың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет конкурсына қатысу үшін беріледі.

Уәкілетті орган

М.О.
Серия______ №____________

___________________________


«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

кімге ______________________

кімнен _____________________

тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса)


Өтініш

(жеке тұлғалар үшін)

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде ____________________________________________________________________

аккредиттеу өткізуді сұраймын.


қосымша:



Құжаттың атауы

Бар екендігі туралы белгі

1



Жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының; ғылыми дәреже беру туралы дипломның; ғылыми атақ беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариалды расталған көшірмелері.



20___ж. «____» _____________

______________________________________________________

(Қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

______________________________

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

кімге _______________________

кімнен ______________________

(субъектінің толық атауы)

____________________________
Өтініш

(заңды тұлғалар үшін)


Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде ____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы)

аккредиттеу өткізуді сұраймын.
Қосымша:


Р/с



Құжаттың атауы

Бар екендігі туралы белгі

1.
2.

3.


Субъектінің рейтингтік парағы.
Құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері: ұйым жарғысы, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Рейтингтік парақта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.




20___ж. «____» «_____________»


Басшы

______________________________________________________

(Мөр орны) (Қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

___________________________

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша



Субъектінің рейтингтік парағы

(заңды тұлғалар үшін)

_____________________________________________

(субъектінің атауы, заңды мекенжайы, телефон, факс, құрылған жылы, web-сайт, е-mail)




Р/с№

Көрсеткіштердің мазмұны




1-блок. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет (мемлекеттік, салалық және нысаналы бағдарламаларға сәйкес)


1.

ҒЗЖ-на қаржыландырудың жалпы көлемі:

5000 АЕК-ке дейін……..

5000 -25000 АЕК-ке дейін.............

25000 АЕК-тен жоғары...........




2.

Инновациялық жобалардың саны………….

3.

Басқа ғылыми ұйымдардың материалдары бойынша рецензиялардың саны:

-аяқталған ҒЗЖ туралы есеп ...................

-аралық ҒЗЖ туралы есеп .....................

-монография, оқулық .......

-әдістемелік, нормативтік, директивалық құжаттар, диссертациялардың авторефераты.………(канд./докт.)

-ақпараттық парақ, мақала және т.б.,………..



4.

Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша жүргізілген ғылыми сараптамалардың саны .......




ЖИЫНЫ:_____2-блок._Ғылыми_әлеуеттің_сапалық_және_сандық_көрсеткіштері'>ЖИЫНЫ:




2-блок. Ғылыми әлеуеттің сапалық және сандық көрсеткіштері


5.

Диссертациялық кеңестердің саны:

-философия докторы (PhD).....

- бейіні бойынша доктор.............


6.

Ғылыми дәрежесі бар қызметкерлер саны:

- ғылым докторы........

- ғылым кандидаты…….

- философия докторы (PhD).....

- бейіні бойынша доктор.............


7.

Ғылыми дәреже алуға (ҒҰ қызметкерлерінің басшылығымен) Қазақстан Республикасының басқа ұйымдарының ізденушілері қорғаған (КСРО ЖАК, ҚР ЖАК және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен) диссертациялардың саны:

- философия докторы (PhD).....

- бейіні бойынша доктор.............


8.

Субъектілер кеңесінде азаматтар қорғаған диссертациялардың саны:

-алыс шетел азаматтары.........

-ТМД азаматтары .........


9.

Ғылыми дәрежесін алуға диссертациялар бойынша рецензиялардың саны:

-философия докторы (PhD).....

-бейіні бойынша доктор...



10.

Диссертациялар субъектісі қызметкерлерінің оппонент болу саны:

-философия докторы (PhD).....

-бейіні бойынша доктор.........................



11.

Ұлттық ғылыми кеңес құрамындағы ғылыми қызметкерлер саны:

12.

Біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны:

-халықаралық деңгейде ........................

-республикалық деңгейде ........................


13.

Қызметінің бағыты бойынша ғылыми ұйымның жанындағы курстарда, семинарларда, циклдерде оқитын ғылыми қызметкерлердің саны .........................

14.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған тиісті жабдығы бар зертханалардың саны

-зерттеу жұмыстарына арналған зертхананың болуы........

-сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхананың болуы:

-халықаралық деңгейдегі .......

-республикалық деңгейдегі...................


15.

Сертификатталған немесе аттестатталған талдау, бақылау және т.б. әдістемелердің саны:

-халықаралық деңгейде .............

-республикалық деңгейде...................





ЖИЫНЫ:____6-блок._Қоғамдық_іс-шараларға_қатысу_және_БАҚ'>ЖИЫНЫ:




3-блок. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері


16.

Өнертабысқа алынған патенталды құжаттар саны........

17.

Оң шешім алған патенталдылардың саны......

18.

Өнертабысқа берілген өтінімдер саны........

19.

Зияткерлік меншік объектісін тіркеу туралы алынған куәліктердің саны.................

20.

Мерзімді басылымдардағы мақалалардың, шолулардың саны:

-алыс шетелдерде..................

-жақын шетелдерде...............

-Қазақстанда.................(ҚР БҒМ БҒСБК ғылыми басылымдарының бекітілген тізбесінде)



21.

Баспа қызметі.

Баспадан шыққан:

-монографиялар..................

-оқулықтар............

-оқу құралдары, әдістемелік құжаттар көрсеткіштері………..

-ақпараттық парақтар, басқа басылымдар саны.......................



22.

Съездерге, конференцияларға және т.б. дайындалған баяндамалардың саны:

-халықаралық деңгейдегі .......

-республикалық деңгейдегі .......

-өңірлік деңгейдегі........


23.

Съездерде, конференцияларда басып шығарылған баяндама тезистерінің саны:

-халықаралық деңгейдегі .......

-республикалық деңгейдегі .......






ЖИЫНЫ:




4-блок. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу


24.

Әзірленген бағдарламалар саны.......

25.

Әзірленген және бекітілген директивалық, нормативтік құжаттар саны..................

26.

Жоғары тұрған инстанцияға дайындалған ресми анықтамалар саны:

27.

Жоғары тұрған органдарға ғылыми ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын реформалау жөнінде дайындалған және ұсынылған құжаттардың саны:

-өз бетінше.............

-басқа органдармен және мекемелермен авторлықта...............






ЖИЫНЫ:




5-блок. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері (ұйымдардың бухгалтерлік балансы қоса беріледі )


28.

Негізгі қаражаттың өсімі +/-:

-5 %....................

-10 %...............

-20 %..................




29.

Игерілген қаражаттың орташа жылдық құны:

-10000 АЕК-ке дейін..........

-10000-нан 20000 АЕК-ке дейін...........

-20000 АЕК-тен жоғары..............


30.

Жоспардан ауытқу +/-:

-5%............

-10%............

-20%.......................







ЖИЫНЫ:



6-блок. Қоғамдық іс-шараларға қатысу және БАҚ


31.

Халықаралық деңгейдегі съездердің, конференциялардың, симпозиумдардың, семинарлардың жұмысына қатысатын қызметкерлер саны:

-төраға............

-ұйымдастыру комитетінің мүшесі...........

-бағдарламалық баяндама.........

-сөз сөйлеу, стендтік баяндама .........................


32.

Өңірлік деңгейдегі съездердің, конференциялардың, симпозиумдардың, семинарлардың жұмысына қатысушылардың саны:

-төраға.......................

-ұйымдастыру комитетінің мүшесіне .......................

-бағдарламалық баяндама .......................

-сөз сөйлеу, стендтік баяндама .......................


33.

Халыққа арнап теледидарда, радиода сөз сөйлеу, лекция оқу саны.........

34.

Тұрақты жұмыс істейтін түрлі комитеттерге, кеңестерге, қауымдастықтарға, академияларға және т.б. мүшелігі:

-халықаралық деңгейде.... ........

-республикалық деңгейде.... .............





ЖИЫНЫ:




7-блок. Жақын және алыс шетелдердегі ғылыми ұйымдармен

ынтымақтастық


35.

Ашылған жаңалықтарды беруге жасалған лицензияланған келісімдердің саны.........................

36.

Шығармашылық ынтымақтастық, ғылыми жетістіктерді енгізу туралы жасалған шарттардың саны:

-шетелдік мекемелермен...............

-республикалық мекемелермен..........


37.

Қызметкерлер әзірлеген, енгізген ғылыми-техникалық өнертабыстардың саны:

-шетелдік мекемелерде ....

-республикалық мекемелерде.......


38.

Мыналарды:

-халықаралық деңгейін ..............

-республикалық, өңірлік деңгейін көрсететін қойылған экспонаттар саны.......


39.

Наградалар, сыйлықтар саны:

-халықаралық деңгей (медаль, орден, мемлекеттік сыйлық) .............

-республикалық деңгейде (медаль, орден, мемлекеттік сыйлық) ...................

-халықаралық және өңірлік деңгейде (белгі, грамота, марапаттау қағаздары, атақ)...................






ЖИЫНЫ:




БАРЛЫҒЫ:


Субъектінің рейтингін анықтау үшін жоғарыда

келтірілген деректердің дұрыстығын растаймын
Басшы

М.О. _____________ _________________

қолы, тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса)

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

* АЕК - айлық есеп көрсеткіші

* ҒЗЖ - ғылыми-зерттеу жұмысы

* КСРО ЖАК - КСРО Жоғары аттестаттау комитеті

* ҚР БҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

__________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет