Ғылыми жетекші: Абылкасымова Ж. А. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ТҰРАҚты даму – Қазіргі кездің объективті қажеттілігі «Тұрақты даму «Қазақстан бренді»



Дата17.07.2016
өлшемі114.67 Kb.
#205431
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Абылкасымова Ж.А.

«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы
ТҰРАҚТЫ ДАМУ – ҚАЗІРГІ КЕЗДІҢ ОБЪЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ
«Тұрақты даму «Қазақстан бренді» бола алады және болуы тиіс» деп көрсетті елбасы Н.Ә. назарбаев. Мемлекеттің дамуы бұл ұлттың дамуы, бұл халықтың күш-қуатының, білімінің санасының өсуі,елдің ертеңге, жарқын болашаққа деген сенімінің артуы, армандарға бекем қанат бітуі болып табылады.

Елде тұрақты экономиканы қалыптастыру бұл ертеңгі ұрпаққа алаңсыз болашақ қамтамасыз ету деген сөз. Адамзат жаратылғаннан кейін жер бетінде өмір сүріп, тірі қалу үшін барша еңбектенеді. Қажырлы еңбек арқасында санасы өсіп, рухани байлығы артып, білімі толасты. Табиғаттың әр сайын пайдаланып, күнкөріс етті. Ертеде ол тек табиғаттың бір мүшесі болды, себебі ол табиғатқа зиянын тигізген жоқ, тек тіршілік ету үшін оны қорек етті, оған пана болды. Уақты өтіп, адамзат жаңа өркениетке өткен соң адам күшті, мықты, бәрінен асып түсетін ғажайыпқа, ғаламатқа ие болды. Ол – білім. Жоғары жетік ақыл-ой және білім мен қажырлы еңбектің арқасында адамзат табиғаттың қожайыны, билеушісі болды. Адам биік қала-шаһарлар салды, көлік, ұшақ, ракета, кемелер жасап шығарды, өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын құралдарды жасады. Бұл байлықты жасауға керек – жарақтың бәрі табиғаттан алды, алайда уақыт өтіп, бір күні бұл жер қойнауындағы байлық таусылып, сарқылып, жер үстіндегі кәусар ауа мен мөлдір судың ластану қаупі бар. Сондықтан, индустриалды елдер үшін шикізаттық өндірістен жаңа сервистік – технологиялық өндіріске көшу аса маңызды.

Сол себепті Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың 16 қарашада №216 Жарлығына сәйкес тұрақты дамуға көшу Концепциясы аса маңызды қажеттілік болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еуразия континетінің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде аса маңызды рольге ие. Ол Еуропа мен Азия арасында саяси, мәдени және экономикалық көпір болумен қатар, материктегі ландшафтық және экологиялық жүйенің дамуында байланыстырушы қызметін атқарады.

Тұрақты дамуға көшудің басты орындалар талабы – экономикалық. әлеуметтік, экологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне жету болып табылады. Адам мен табиғатты қолайсыз тәуекелділіктен қорғап, ол үшін әлеуметтік және эклогиялық үрдістерді заманауи басқару жүесін құру қажет.

2007 жылдың желтоксан айында өткен тұрақты даму мен экология жөнінде 18-ші шетел инвесторларының Кеңесінде елбасы Н.Ә. Назарбаев келесі жағдайды атап өтті: «Өндірісте, құрылыста, энергетикада, көлік салаларында қоршаған ортаны қорғау бойынша қатаң заманауи талаптар қойылуы тиіс. Біз тұтынатын судың 20% көлікпен жеткізу кезінде жоғалады, электроэнергияның 30% тиімсіз қолданылады». Сондықтан, Президенттің айтуы бойынша, елімізде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте, табиғи ресурстарға деген құнтты (қамқорлықпен) қатынасты орнату керекпіз.

Еуропаның реконструкция және даму банкінің Президенті Жан Лемьер 2007 жылдың желтоқсан айында Астанада өткен 18-ші шетел инвесторларының Кеңесінде Қазақстанның тұрақты даму мен балансталған экономиканы қалыптастыру жөніндегі тәжірибесі басқа елдерге үлгі болатынын көрсетті.

Шынымен, соңғы жылдары Қазақстан жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Экономиканың энергия сыйымдылығы 15 жыл ішінде екі ретке қысқарды. өзендердің ластану индексі 2-7 есеге қысқарды. Атмосфераға шығатын зиянды қалдықтардың көлемі 1990 жылдан 2009 жылдар арасында 4,7 млн.т – 3 млн.т қысқарды. 2007 жылы ТМД елдерінің және жалпы басқа мемлекеттер арасында тұңғыш болып саналатын Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі қабылданды.

Елімізде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін Президенттің айтуы бойынша, ең алдымен бізге бабаларымыздан қалған табиғи ресурстарға құнтты қарым-қатынасты қалыптастыру керекпіз. Су, шикізат, энергияның үнемделуі біздің менталитеттің бір бөлшегі болуы тиіс.

Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін алға жылжудың нақты индикаторларын белгілеу қажет. 2007 жылдың басында Н.Ә. Назарбаев барлық мемлекеттік органдарға нақты мақсатты көрсеткіштерін жасауды тапсырды. Үкіметтің Қаулысымен тіпті 2024 жылға дейін тұрақты дамуға көшудің мақсатты көрсеткіштері белгіленген. Қазақстан Республикасының 2007-2024 тұрақты дамуға көшу концепциясы 2006 жылдың 14 қарашасында қабылданды.

Қазақстан 1992 жылы Рио – де – Жанейрода өткен БҰҰ конференциясына тәуелсіз мемлекет ретінде қатысқаннан кейін тұрақты дамудың қағидаларына сүйенген. Қазақстан 1992 жылдың желтоқсан айында ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейдегі Конференцияның шешімдерін және міндеттерін орындау мониторингі үшін құрылған БҰҰ тұрақты даму бойынша Комиссиясының 1998 -2002 жылдар аралығында мүшелік етті.

Тұрақты даму пройесінің мәні мен мазмұнын зерттеу біздің елде теориялық экономиканың негізгі мәселелерінің біріне айналып отыр. Тұрақты даму тұжырымдамасы Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылғы Рио – де – Жанейрода өткен «ХХІ ғасырдың күн тәртібі» конференциясында адамзат қауымының алдына алғаш рет ұсынылды. Бұл конференцияда тұрақты дамудың мәні мен қазіргі кездегі қажеттіліктерді қанағаттандырумен қатар, болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруына мүмкіндік жасау деп танылды.

Болашақ ұрпаққа, олардың өмір сүру ортасына қамқорлық ету - тұрақты даму тұжырымдамасаның негізгі идеясы болып табылады. Тұрақты дамудың көптеген анықтамалары қалыптасуда. Олар кең ауқымда жай тепе-теңдіктен жүйелік біртұтас түсініктері арасында қолданылып келеді. «Тұрақты даму» ұғымы көп жақты, кең көлемде қолданылатын категорияға айналып отыр.

«Тұрақты даму» термині алғаш рет 1980 жылы қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау бірлестігімен «Қоршаған ортаны қорғаудың әлемдік стратегиясы» атты баяндамасында ұсынылған «Тұрақты даму» ағылшын тілінгде «sustainable development» дегенді білдіреді, мұндағы «sustainable» - ұзақ мерзімді, үздіксіз, тұрақты, қолдаушы деген мағынаны білдіреді. Бұл баяндамада даму келесідей анықталады: «Биосфера модификациясы және адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адами, қаржылық, қалпына келетін және қалпына келмейтін табиғи ресурстарды пайдалану мен «өмір сапасын жақсарту» қажет, алайда тұрақтыдамуды қамтамасыз ету үшін экономикалық аспектілерін ғана емес, әлеуметтік және экологиялық аспектілерін есепке алу қажет. Ал ұзақ мерзімді болашақта, қысқа мерзімді сияқты балама нұсқалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру керек. Табиғатты сақтау – бұл қазіргі ұрпақ үшін тұрақты пайда алу, сонымен қатар болашақ ұрпақтың қажзеттіліктерін қанағаттандырудың әлеуеті мүмкіндіктерін шектелмейтін адамның биосфера ресурстарын пайдалануды басқару».

Жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс, алайда, тұрақты дамуға Әлемдік қаумыдастықтың БҰҰ-ның қоршаған орта және даму бойынша комиссиясының дайындаған «Біздің ортақ болашағымыз» (1987) деген баяндамасы жарық көргеннен кейін назары ауды.

Осы баяндаманың қорытындылары РИО – 92 шеңберінде қабылданған өркениеттің тұрақты дамуға өту қажеттілігі шешіміне теориялық – методологиялық және концептуалдық шешімі болды. «Брундтлад комиссиясы» құжаттарында, РИО-92 материалдарында даму қоршаған ортаның деградациялық өзгерістеріне әкелмей ұзақ мерзімге экономикалық өсімді қамтамасыз етеді делігне. Тұрақты дамуға өту қазіргі ұрпақтың, сонымен қатар болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыруды өлшеуге мүмкіндік береді. Осының анықталуы анағұрлым нақты Рим клубының «Өсу шектері» (1972) атты баяндамасында белгіленген. Онда, сәйкес «шектеулер» абсолютті емес, салыстырмалы сипат алады делінген, себебі, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамудың функциясы болып табылады және адамзаттың өндірістік және әлеуметтік – мәдени іс-әрекетіне салдарын биосфераның төтеп беру мүмкіндігіне байланысты.

80-90 жылдары Тұрақты даму өте кең таралған терминге айналды. Оны әлемдік ғылыми және басқа да танымал әдебиеттерде пайдаланды, мемлекеттік және саяси басшылар мәлімдемелерінде жиі естілді.

Бірақ, әлі күнге дейін бұл терминге нақты анықтама берілген емес. Бірде бір арнайы экономикалық және жалпы түсіндірме сөздіктерде «тұрақты даму» терминінің анықтамасы жоқ. Бұл талданатын феноменнің жүйелі қиындық туғызатынына байланысты. Отандық және шетелдік тәжірибесінде осы терминнің ондаған сәйкес анықтамалары бар. Кейбір аналитиктер тұрақты даму феноменін өсімінің өзгеру сипатымен байланыстырылады; басқалары – дамыған және дамушы елдер арасындағы қарым-қатынасқа назар аударады; тағы басқалары - әлемдік үрдістегі басқарудың глобалды қажттілігін көрсетеді; енді біреулері - өмір сүру сапасының өзгеруі деп түсінеді.

Тұрақты даму нақты дефинициясы өзара толықтырушы сипат алады және аналитиктердің көпшілігі бір байламға келіп отыр. Олар тұрақты дамуда қазіргі өркенитетті толғандыратын мәселелердің барлық спектрі қарастырылу қажет деп есептейді. Әсіресе, әлеуметтік – экологиялық сипат, себебі дамудың қазіргі сатысында биосфера мәселесі аса өзекті болып отыр.

Біздің ойымызша, тұрақты даму – бұл елдің оңтайлы экономикалық өсімді, таза қоршаған ортаны және ұзақ, алаңсыз өмір сүретін адамдарға жоғары табысты қамтамасыз ететін даму. Қоршаған ортаны мейілінше аз немесе ластамайтын экологиялық ахуал экономикалық өсімге кері пропорционалды «Экономикалық өсім – жоғары, қоршаған ортаны ластау – төмен», халықтың өмір сүру сапасы экономикалық өсімге пропорционалды «Экономикалық өсім – жоғары, халықтың өмір сүру сапасы - жоғары»,елдегі экологиялық ахуал әлеуметтік салаға байланысы «қоршаған орта неғұрлым таза-адамдардың өмір сүру ұзақтығы жоғары, бала туу саны жоғары» сияқты бірнеше өзара байланысты, өзара тәуелді және өзара әсер етуші құрастырушылар.Тұрақты дамуды қарастырған кезде үш негізгі құрастырушы элементтерді алады, олар: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілері. Жоғарыда айтылған элементтер осы құрастырушылар еді. Олардың бір-біріне әсерін, байланысын, тәуелділігін бағалау аса маңызды болып табылады. Себебі, тұрақты даму осы үш элементтің біртұтас жүйе етіп қарастырылуын талап етеді.

Бүгінгі күнде біздің мақсатымыз – осы үш құрамдас элементтердің дамуын бір арнаға салып, дұрыс үйлестіру және әрбір шешімді, іс-қимылды үшеуіне бірге бір уақытта қолдану, себебі бір құрамдастың өзгерісі басқаға әсер етеді. Мысалы, үлкен мқлшерде жердің астынан ашық әдіспен көмір алынып, экспортқа шығарылды, аса сапалы болмаса да көмірге мұқтаж елдер одан түскен қыруар қаржы ұлттық есепшотқа түсті. Көмірден ұшқан күл мен басқа да қалдықтар маңындағы мекендерді ластады, халықтың денсаулығына зиянын тигізді. Есепшоттағы ақша әлеуметтік салаға жіберілді, ол білім беру саласына шоғырланды, айталық мемлекеттік гранттарға бөлінді. Осы грант бойынша бітірген мамандар ертең экономиканы оңтайландырып, аз ресурсты талап ететін, аз қалдықты өндірісті ұйымдастырады. Есепшоттан қоршаған ортаны залалсыздандыруға ақша бөлінеді. Ертеңгі мамандар аз қалдықты өндірісті ұйымдастырып қоршаған ортаға шығатын қалдықтарды азайтады, ендігі ұлттық есепшоттан бөлінген ақша қоршаған ортаны қалпына келтіруге бағытталады. Демек, әрбір экономикалық әрекет (өндіру, кендерді байыту, қазып алу) белгілі бір салдарға әкеледі және ол міндетті түрде өлшену керек. Экологиялық ахуал адамның іс-әрекетіне байланысты, яғни ол адамның табиғатқа жасайтын әрекеттері. Әлеуметтік ахуал елдегі экономикалық және экологиялық жағдайына байланысты болады.

Міне, осы үштіктің дұрыс үйлесуі, ұйымдастырылуы, оңтайлы,тиімді тепе-теңдігінің орнауының нәтижесінде елде тұрақты даму орнайды деп санаймыз. Тіпті, ол тек тұрақты даму ғана емес, себебі ағылшын тілінен баламасы («sustainable» - ұзақ мерзімді, үздіксіз, тұрақты, қолдаушы) басқа да анықтама береді, сонымен қатар ол серпінді – тұрақты даму, үздіксіз – тұрақты даму, ұзақ мерзімді – тұрақты даму болып табылады деп ойлаймыз.

О.К. Дрейвер, В.А. Лось сияқты ғалымдардың «Экология және тұрақты даму» еңбегінде жоғарыда көрсетілген аспектілерден басқа тұрақты дамудың мәдени және болжамдық аспектілері талданған. Шынымен, тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін өмір сүрудің басқа да аспектілерін қарастыруға болады, алайда аталған үш негізгі аспект аса өзекті болып отыр.

Оның аса өзекті болуы тұрақты дамуға көшудің келесі басымдықтардың болуына байланысты, олар:



  • өндіру мен тұтынудың тұрақты модельдерін енгізу;

  • жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану;

  • тұрақты транспорттық жүйелерді дамыту;

  • энергия тиімділігі және энергия қорын жинақтау;

  • тұрақты дамудың аймақтық проблемалары;

  • халықтың әлеуметтік қауіпсіздік деңгейінің жоғыралуы;

  • экологиялық және гендерлік аспектіні есепке ала отырып кедейлікпен күресу;

  • тұрақты даму үшін білім мен ғылымның әрі қарай дамуы;

  • тарихи және мәдени мұраны сақтап қалу;

  • құрғақшылықпен күрес;

  • биологиялық әртүрлілігін сақтап қалу;

  • озонды бұзушы заттардың және пәрнекті газды азайту;

  • таза, ішуге жарамды суды бүкіл халыққа қол жетімді ету;

  • трансшекаралық экологиялық проблемалардың шешілуі;

  • радиационды және биохимиялық қауіпсіздік;

  • қалдықтарды басқару;

  • ресурстардың тиімді пайдалануы;

  • халықтың денсаулығының жақсаруы, өлімнің азаюы.

Еліміздің тұрақты дамуға көшу концепциясы 3 кезеңді қамтиды. Дайындалу кезеңі (2007-2009) саяси және қоғамдық қызметтің барлық сфераларына тұрақты даму қағидалары үшін шарттарды дайындау, экономиканы диверсификациялау, технологиялық өрлеуді қамтамасыз ету. Бірінші кезең (2010-2012) Қазақстан Республикасын бәсекеге қабілетті елдер қатарына енуін қамтамасыз ету. Екінші кезең (2013-2018) өмір сапасының деңгейі бойынша әлемдік көшбасшыларының арасында ел беделін бекіту, елдің экологиялық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету және табиғи ресурстардың тиімсіз пайдаланылуын қысқарту. Үшінші кезең (2019-2024) халықаралық тұрақты даму критерийлеріне жету.

Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін әлі талай істерді қолға алу керек және олар үш негізгі аспектіні есепке алумен үшжақты үйлесімді жүргізілуі керек. Біздің ойымызша, елде тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бөгет болып, тосқауыл болатын келесідей мәселелер бар:



  • тұрақты дамуды жете бағалай алмау;

  • табиғи ресурстардың экстенсивті дамуын алып келетін макроэкономикалық саясат;

  • экономиканың ресурсты эксплуатациялауға негізделген инвестициялық саясат;

  • тиімсіз секторларды экономика (жылу – энергетикалық комплекс, ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы және т.б.);

  • табиғи ресурстарға иелік ету құқығының анықталмағандығы (нақты емес);

  • экспорттың табиғи-ресурстық сипаты;

  • табиғи ресурстарды сатып (мұнай, газ, орман, кең және т.б.) одан тез пайда табуға болатыны туралы пікірдің қалыптасуы.

Елде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін отандық өндірісті жандандыру қажет. Біз тек шикізатқа тәуелділікті жойып қана қоймай, сонымен қатар шетелден әкелінетін тауарларға деген тәуелділіктен арылу керекпіз. Өз нарығымызды өзіміздің киім-кешегімізбен, азық-түлгімізбен, сусындарымызбен және т.б. қамтамасыз етіп, шынайы мақтанатындай, дүкендерде тұрған барлық тауарлар мен өнімдерден «made in Kazakhstan» деген жазуды көруіміз дұрыс болар еді. Өндірісті оңтайландыру үшін, аз қалдықты өндірісті жасау үшін шетелдің озық технологияларын пайдалану керекпіз. Ал, мемлекет тарапынан осындай кәсіпорындарға барынша қолдау жасалу тиіс.

Біздің ойымызша, Үкімет әр облыс үшін «басымды карта» жасап, онда облыста дамуға мүмкіндгі бар, әлеуетті өндіріс ошақтарын көрсетеді. Облыс үшін оны аудан және жергілікті органдар жасайды, сол арқылы әлеуетті бірнеше өндіріс мекендерін табуға болады. Олар өздері дамымауының бірнеше себебі бар, олар: қаражаттың жоқтығы, әкімшілік тосқауылдардың көптігінен сескену, несие ала аламаушылық, бәсекеге төтеп бере алмаушылық және т.б.

Осындай карта жасалып, Үкімет оны қарастырып, неғұрлым тиімдісін өзі іске қосады. Осылайша, институттар мен әртүрлі бірлестіктер, органдарды құруға қаражат бөлудің орнына, тікелей сол қаражат пен қолдауға мұқтаж қолынан іс келетін шебер-кәсіпкерлерге беру.

Әлбетте, осы өндірісті құруға шығындалған мемлекет те иелік етіп табысының бір бөлігінен алады, кейіннен аяққа тұрып кеткен соң, кәсіпорын мемлекет қамқорлығынан шығып жеке – меншік атанады. Тәуелсіздік жаң алған кезде (1990 жылдары) елде көптеген өндірістер тоқырауға ұшырады. (Мысалы, ауылдағы бала-бақшалар қиратылып, фундаментіне дейін қазылып алынып кетті, МТС–тер қирап қалды, ірі мал базалары, шағын өндіріс цехтары тоқырауға ұшырап, талан-таражға түсті).

Демек, осыдан айырылған халыққа жаңа өндіріс ашу қиындық туғызады, еңбектенгісі келетін халық көп, бар болғаны оларды сол еңбекке жұмылдыру. Халық жұмыспен қамтылып, табысы болады, ал мемлекет үшін отандық өнім болады.

Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Елбасы айтқандай табиғи ресурстарға құнтты қарым-қатынасты орнату керек. Өндіріс сферасындағы кәсіпорындарға қалдықты шығару бойынша қатаң шаралар қою. Қоршаған ортаны ластау бойынша әр ай сайын үкіметтік органдарға есеп беруді талап ету, ай сайын олардың берген есебін тексеру арқылы тәуелсіз сараптама жүргізу. Қоршаған ортаны ластау бойынша бекітілген айыппұлдардың бағасын тазарту фильтрлардың бағасынан жоғары етіп қою. Елімізде жұмыс жасайтын шетел инвесторларымен келісімшартта тұрған кезде қоршаған оратын ластау бойынша жағдайларға аса көңіл бөлу. Әр облыстарда орналасқан кәсіпорындар шаруасын (нақты, қоршаған ортаны ластау бойынша) тексеретін мемлекеттік органдарға неғұрлым кең құзыреттілік беру.

Халықаралық тұрақты даму критерийлеріне өмір сүру ұзақтығы, өмір сапасы сияқты көрсеткіштер аса маңызды роль атқарады. Сондықтан, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін халық денсаулығына аса үлкен көңіл бөлу қажет.

Әдебиеттер:



  1. О.К. Дрейер, В.А. Лось. Экология и устойчивое развитие. – Учебное пособие. – Москва. – Издательство УРАО. – 1997г. – 222

  2. Жумаева А.А. Тұрақты дамудың концепциясы; жүзеге асырудың негізгі прициптері мен механизмі Жумаева А.А. // Шәкәрім атыдағы СМУ ХАБАРШЫСЫ, 3 (35). 2006. – 59-66

  3. Н.А. Искаков. Устойчивое развитие. – Наука и практика. – Искаков Н.А. / Издание РАЕН. – 2008г. – 466

  4. Перринг. Экономический рост и устойчивое развитие. – Перринг. / Москва. – Мир науки. – 1991. - №1. -5-9.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет