(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы____________________________________________________
Дайындаған педагог ______________________________________________
20_ жылғы "__" ____________
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ __________________
Сабақ типі
2. Мақсаты, міндеттер
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
3.2 Техникалық құралдар, материалдар
4. Сабақтың барысы
5. Сабақ бойынша рефлексия
6. Үй тапсырмасы
Сабақ жоспарының берілген тармақтары міндетті болып табылады. Оқытушы пән ерекшеліктерін және білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша элементтерді енгізе алады.
Үлгі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Түркі империясы-көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі.
Модуль /пән атауы: Қазақстан тарихы
Дайындаған педагог: Нұртаева Гульмира
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: 1-курс,2021-2022 оқу жылы, БҚҚ 21 /1
Мамандығы:
Біліктілігі:
Сабақ түрі: Аралас сабақ
2. Мақсаты:
Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің алғышарттары мен барысын түсіндіру
Міндеттері:
-Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіну;
деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау;
-ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттау;
-Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:
VI-IX ғғ. кем дегенде 4 ортағасырлық мемлекеттерді, олардың өмір сүрген жылдарын, территориясын, негізін қалаушылары мен билеушілерін кестеде жүйелі түрде айқындай алады.
Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағанаттарының территориясы мен астанасын картада жүйелі айқындай алады.
Бумын, Тон-жабғу Үшлік және Сұлу қағандарының сыртқы саясатына баға бере алады.
Көне түркі жазбаларының тарихи маңыздылығын дәлелдей алады.
Достарыңызбен бөлісу: |