Ғылыми жоба «Жылқы малдың төресі»



бет2/11
Дата27.09.2023
өлшемі286.62 Kb.
#478854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жылқы 2 (1)

Аннотация
Адам жылқыны осыдан бес жарым мың жыл бұрын қолға үйреткенін және бұның Солтүстік Қазақстанда орын алғандығын археологтар дәлелдеді. Ғалымдардың пікірінше, бұл ғылыми жаңалық Евразия қоғамының аграрлық кезеңге дейінгі даму деңгейіне қатысты қазіргі көзқарасты қайта қарауға түрткі болуы мүмкін.
Жылқының ертеректе қолға үйретілгені жөніндегі тың дәлелдерді Science журналының жаңа санында ағылшынның Эксетер университетінің Алан Оутрам басқарған көпұлтты археологтар командасы жариялады. New York Times газетінің жазуынша, археологтар біршама жылқы сүйектері мен басқа да қазбаларды тапқан. Оларды зерттеу барысында, бұл жылқыларды Қазақстанның солтүстігінде, біздің дәуірімізге дейінгі 3600 жылдан бастап 600 жыл қатарында дамыған, жартылай көшпелі Ботай мәдениетінің өкілдері қолға үйреткені туралы бір-бірінен тәуелсіз үш түрлі дәлелдер тобы нақтыланған.
Ата-бабаларымыз жылқы етінің, сүтінің, майының, көкбауырының, сүйегінің, тобығының, терісінің, қылының, шуының, тіпті жас тезегінің, көңінің, несебінің емдік қасиеттері хақында нақты мысалдар келтіре отырып, толыққанды түсініктер береді. Тіптен кейбір деректерге сүйенсек, жүкті əйелдің бетінде қалып қоятын қара дақтарға биенің жаңа сауылған сүтінің көбігін жақса, еш дақ қалмайды екен.
Сол сияқты сары биенің жаңа нәжісін қайнатып,тікішек қабынуында пайдалануға болады дейді дерек көздері.
Жылқы құлындағаннан кейін, бірер уақыт өткенде құлынының аузынан бір түйір қызыл ет түседі екен. Оны – «Құлын тіл» деп атайды. Құлын тілге қол жеткізіп, оны жейтін болса нендей дерттен болмасын айығуға болады. Әсіресе қояншық дертіне бірден-бір ем деген халық арасында елеусіз жүрген ақпараттар бар.
Біріншіден, ғалымдар төрт жерден табылған жылқы қаңқаларының түрі мен өлшемін талдаған. Оларды осы өңірлерде, осы кезеңдерде өмір сүрген жабайы жылқылардың, бұдан жүздеген жылдар кейінірек қола дәуіріндегі қолға үйретілген жылқылардың және монғолдың қолға үйретілген жылқыларының сүйектерімен салыстырған. Зерттеушілер сүйегі ірі жабайы жылқыларға қарағанда ботай жылқыларының «сымбаттырақ» болғандығын және қолға үйретілген жылқыларға жақындау екендігін айтады.
Дәлелдердің екінші тобы жылқының тістеріндегі іздер мен қаңқа тканінің бұзылуына байланысты. Зерттеушілер оны жұмысқа пайдаланған жылқыны басқару үшін кигізілген жүген мен ауыздықтың, жауырдың салдары деп есептейді. Тістегі мұндай кетіктерді археологтар бұрыннан бері қолға үйретудің дәлелі деп есептеп келеді.
Дәлелдердің үшінші тобы қыш ыдыстың қабырғасындағы май қышқылдарының дағымен байланысты. Ыдыс қабырғасындағы дақтар бие сүтінің ізі. Бұның өзі Ботай тұрғындарының қымызды қалай ашытуды білгенін дәлелдеп тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет