Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
13
дейін түлектер тамамдап отырады. Аталмыш жылдар аралығында Орынбор мұғалімдер мектебін
14 кісі толық аяқтап шыққан. Мұны А. Васильевтің түлектердің аты-жөнін, қай жылы түсіп, қашан
бітіргенін, қай жерден келгенін және қайда қызмет атқарып жатқанын көрсететін кестеден көре
аламыз. Онда А. Балғымбаев, Н. Құлжанов, К. Сейдалин, А. Байтұрсынұлы сынды түлектердің аты
аталады (Васильев, 1896: 192-195).
Үшінші кезеңнің (1892-1895жж) қыр-сыры баяндалған бөлім екі тараумен аяқталады. Ол
тараулар «Торғай облысының қазақтары үшін жоғары, орта және
арнаулы оқу орындарындағы
стипендиялар» және «Торғай облысы инспекциясының қазіргі жай-күйі (облыстағы туземдік мектеп
пен медреселердің жағдайымен қоса)» деп аталады.
Торғай облысының балаларына арналған стипендиялар иегері қатарынан аталмыш кезеңде
Қазан және Санк-Петербург университетінде 4 шәкірт білім алады. Олар Саматов (Санкт-
Петербург), Едігин (Идигин) – (Қазан), Беримжанов (Қазан), Қаратаев (Қазан). 12 шәкірт Орынбор
гимназиясындағы қазақ балаларына арналған стипендиялар бойынша оқиды. Олардың
қатарында орысша алғашқы білім алған белгілі әулеттің балалары бар екендігін көруге болады
(Васильев, 1896: 205-216).
Торғай облысы оқу инспекциясының жай-күйін сипатталған тарауда А. Васильев 1879 жылдан
басталған білім жүйесі дұрыс бағытта дамып орнығып, өз жемісін беріп отырғанын, о баста саусақпен
санарлық орыс-қазақ мектептердің саны 1895 жылға 59-ға жеткенін, мектеп санының күрт
өсуіне
және облыстың территориясының ауқымдылығына байланысты білім саласын қадағалайтын
инспекторлардың санын арттыру мақсатында орталық органдарға бірнеше рет ұсыныс айтылғанын,
бірақ ол ұсыныстар әлі күнге дейін қанағаттандырылмай келгендігін қынжыла жазады.
Білім саласының әкімшілігі облыс көлемінде орысша білімді таратумен қатар туземдік
(мұсылмандық деп таныған дұрыс) мектеп-медереселердің оқу жұмысын қадағалауды назардан
тыс қалдырмайды. Мектеп-медереселердің оқу жұмысын бақылау 1868 жылғы Ереже бойынша
облыстық және уездік әкімшілікке жүктелсе, 1874 жылы білім саласының әкімшілігінің қарауына
өтеді. 1877 жылы Халық ағарту министрлігі мектеп-медереселердің жұмысын жүргізудің
Нұсқаулығын жасақатап, оны облыс әкімшілігінің қарауына ұсынады.
Облыс әкімшілігі
Нұсқаулықтың қабылдауына қарсы болады, себебі қазақ даласында ресми түрде мұсылмандық
мектеп-медреселер тіркелмегенін, олар бейресми түрде жұмыс жасйтынын, сондықтан оларды
Нұсқаулық арқылы заңдастырудың қажетсіз екендігін алға тартады. Оның Уақытша Ереженің 209
тармағын
қолданып, қазақ әлеуметінде мектеп пен медересе ашуға қайырымдылық көмек, қаржат
жинауға әкімшілік тарапынан рұқсат алу құзіретін тиімді қолдануды ұсынады. Дегенмен де, білім
әкімшілігі тарапынан Нұсқаулық шығады, бірақ сол қағаз жүзіндегі Нұсқаулық күйінде қалады.
Мұсылмандық мектептердің жұмысын қадағалау білім инспекторының және жергілікті әкімшіліктің
міндетіне жүктеледі
Инспектор А.
Васильевтің дерегінше, 1892 жылы Торғай уезіндегі 76 мұсылмандық мектепте
887 бала оқиды. Ал Ырғыз уезіндегі мұсылмандық мектептерде 659 оқушы білім алған (Васильев,
1896: 219-221).
Тарихи очерктің соңғы бөлімі –
Қосымшалар. Бұған автор мектеп жұмысы мен оқу ісіне
қатысты тарихи құжаттарды, атап айтқанда, ержелер мен нұсқаулықтарды, жарғыларды жинақтаған.
Олардың қатарында 1844 жылы 14 маусымда қабылданған «Орынбор қазақтары басқару туралы»
Ережедегі Орынбор Шекаралық комиссия жанындағы қазақ балаларына арналған мектептің
Тәртібі, Шекаралық комиссияның аталмыш Тәртіпті басшылыққа алудағы Нұсқаулығы, далалық
бекіністердегі
мектептердің Тәртібі, Торғайдағы Яковлев атындағы мектептің жарғысы, Торғай
облысындағы орыс-қазақ
ауылдық мектептердің Ережесі, ауыл мектептерінің қамқоршылары
(блюстительдері) туралы Ереже, Башқұрт, қазақ, татар мектептерінің
инспекторларына арналған
Нұсқаулық, Торғай облысындағы мұсылмандық (туземдік) мектеп пен медреселерді білім
саласының басшылығына бағындыру Тәртібі сынды тарихи құжаттар орын алған. Бұған қоса
қазақ шәкірттері үшін тағайындалған арнайы стипендиялардың ережелері мен тәртібі, жарғылары
берілген.
Мұндағы құжаттардың басым көпшілігі бұрын-соңды ғылыми айналымған түспеген. Айталық,
Торғайдағы «Яковлев» атындағы мектептің Жарғысы, ауылдық мектептердің Ережесі, «Башқұрт,
қазақ, татар мектептерінің инспекторларына арналған Нұсқаулық» сынды құжаттарды зейінге
алып зерделеу мәселесі аса маңызды. Инспекторларға мектеп-медресенің жұмыстарын қадағалауға
кең мүмкіндік берген. Олар мектеп-медреседе қандай білім беріп жатқанын, қандай оқулықтар
пайдаланатынын, мұсылмандық білім беретін мұғалімдердің сенімділігін қадағалайтын болған.
Мұсылмандық мектеп ашылғанда оның жаныннан орыс сыныптарын ашу да жүктелген (Васильев,
1896, Приложение: 63).
Түйіндей келгенде, Ы. Алтынсариннен кейін Торғай облысының инспекторы қызметін атқарған
А. Васильевтің «Торғай облысында орысша білімді таратудың тарихи очеркі» атты еңбегі - қазақ
даласына орысша білімнің таралуы тарихын жүйелі түрде,
хронологиялық кезеңдерге, ресми
құжаттарға сүйене отырып баяндаған алғашқы ғылыми танымдық зерттеудің бірі.