Ғылыми педагогикалық зерттеу әдіснамасы және әдістері Сұрақтар



бет3/5
Дата05.12.2023
өлшемі26.56 Kb.
#485504
1   2   3   4   5
359982120ab1

4.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері, оларға сипаттама.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізінде шығар-машылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтнжелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.
Педагогикалық бақылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптық мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және жоспарлы түрде жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекеті және т. б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, қиноға түсіру, магнитофонға жазу және т. б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хатнамаға жазылады.
Кейде педагогикалық бақылау материалдарын зерттеуші сауалнама мәліметтерімен толықтырылады. Оқушылардың мектеп қызметкерлерінің, ата – аналардың сұрақтарға берген жауаптары зерттеліп отырған проблемаға қорытынды жасау үшін зор тірек.
Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болады. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез – құлқын түрлі іс — әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау әдістерімен ұштастырылып жүргізіледі.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырылады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жсаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалімдер мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата – аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушы шәкірттер зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап-бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан аңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті талап етеді.
Әңгіменің барысы хатнамаға жазылады. Кейде зерттеушілерге елеусіз жағдайда әңгімені магнитафон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдісі мен байланыстырылып жүргізілгенде ғана нәтиже береді.
Мектеп құжаттарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмысындағағы кейбір күдікті мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп және мектептен тыс тәрбие мәселелеріндегі құжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп құжаттарына сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқу тәрбие жұмысының жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары мен ғылыми мақалалары жатады. Педагогика тарихының проблемаларын архив мәліметтеріне сүйеніп зерттейді.
Құжаттар мен жан –жақты және терең танысу зерттеушіні шынайы мәліметтермен қаруландырады, оқу тәрбие жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет