Грамматика: Тәуелдік жалғау. Модальді сөз «керек»



Дата26.01.2022
өлшемі21.53 Kb.
#454849
түріЗанятие
26.01 Занятие 19 Проф.каз..21М-р2


Занятие: № 19

Дата:25.01.22

Дисциплина: Профессиональный казахский язык

Тема: Грамматика: Тәуелдік жалғау. Модальді сөз «керек»



  1. Берілген мәтінді аударыңыз (Переведите текст)

Экономикалық терминдерді тауып, мағынасын түсіндірңіз.

Ғылыми тіл - ғылыми ақпараттың логикалық ұйымдасқан формасы. Ғылыми қызметтің ғылыми стильмен жазылған мәтінге айналуы бірден жүзеге аса қоймайды. Ғылыми ақпараттардың ғылыми стильге тән тілдік формаларда көрінуі үшін шығармашылық ойлаудың бірнеше кезеңін басынан өткізеді.

Ғылыми тілдің мәдениеті жаңа білімді бұрынғы белгілі білім контексінде дәлдікпен, логикалық жағынан жүйелі, эстетикалық түрде жеткізуде болса керек. Ғылыми тілдің коммуникативті мәнін дұрыс түсіну және оның тіл мәдениетін шынайы игеру ғылыми шығармашылықтың нәтижелілігіне жетелейтін қажетті алғы шарт. Сондықтан ғылыми тіл мәдениетінің нормаларын жетік білу - ғылыми ізденіспен айналысатын әрбір маманның міндеті. Сонда ғана ғылыми қарым-қатынас аясында тілді қолданудың шеберлігіне қол жеткізуге болады. Ғылым тілі айтылатын ойдың анықтылығын, дәлдігін, дұрыстығын және кез келген ғалым түсінерліктей дәйектілігін қалыптастыруы тиіс. Мұны белгілі бір ұғым, мәселе турасындағы логикалық жағынан тұжырымдалған толық хабарлама десе де болады.


2.Терминдерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыз(Составьте предложения, используя термины)

Биржа, сауда, мемлекеттік меншік, жеке меншік, тауар, экономика,

табыс, ақша, нарықтық экономика, бәсеке, өндіріс, кәсіпкер.
Тақырыптық сөздікті дәптерге жазыңыз,есте сақтаңыз(Напишите в тетрадь тематический словарь, запомните)

1. Ақпарат - информация

2. Алтын валюта қоры – золотовалютный фонд

3. Әдеби тіл - литературный язык

4. Байланыс; коммуникация - коммуникация

5. Біліктілік - образованность, компетентность

6. Ғылыми сөйлеу - научная речь

7. Ғылыми тіл - научный язык

8. Ерекше - особый

9. Жауапкершілік - ответственность

10. Кәсіби қызмет - профессиональная деятельность

11. Кәсіпқой; кәсіпқор - профессионал

12. Көркем сөйлеу - выразительная речь

13. Қабілет - способность

14. Қаржыгер - финансист

15. Қаржылық ресурс - финансовый ресурс

16. Қызмет саласы - сфера деятельности

17. Маман - специалист

18. Мәдениет - культура

19. Нарықтық экономика – рыночная экономика

20. Ресми орта - официальная сфера

21. Сөйлеу мәдениеті - языковая культура

22. Тәжірибе - опыт

23. Уақыт - время

24. Хабарлама – сообщение, объявление

25. Экономикалық термин - экономический термин





  • 5. Тапсырманы орындау мерзімі/ Сроки выполнения заданий – 2 февраля 2022 года (конспект с указанием фамилии и имени направлять на платформу CANVAS). Законспектированный материал по данной теме будет оцениваться по «100-балльной шкале». Работы, отправленные после указанного срока, будут оцениваться по «50-балльной шкале».



  • Примечание: Темы и задания каждого урока записываются в рабочих тетрадях независимо от того, требуется отправка работы либо нет отправки (По окончании дистанционного обучения и перехода в штатный режим тетради будут проверяться по темам)



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет