Ғылыми-техникалық және әлеуметтік жетістік әр уақытта пайдаланатын энергияның өсуімен және жаңа тиімдірек энергия қорларын қосу менен анықталынады


Эмульсияны бұзу үшін өндірістік тәжірибеде мынадай әдістерді қолданады: 1) механикалық; 2) термиялық; 3) химиялық; 4) электр тогымен әсер ету



бет2/7
Дата14.06.2016
өлшемі1.07 Mb.
#135828
1   2   3   4   5   6   7

Эмульсияны бұзу үшін өндірістік тәжірибеде мынадай әдістерді қолданады: 1) механикалық; 2) термиялық; 3) химиялық; 4) электр тогымен әсер ету.

Механикалық әдістерге тұндыру, центрифугирлеу және сүзу жатады. Тұндыру процесін мұнайды кен орын жинау жүйесінде шикі зат резервуарларында судың негізгі бөлігін бөлу үшін пайдаланады. Сүзу және центрифугирлеу әдістері іс жүзінде қолдану таппады.

Термиялық әдіс жылу пайдалануға негізделген. Эмульсияны қыздырғанда эмульгатордың жұқа қабығы кеңейеді де жарылады, ал сұйықтық тамшылары бір-бірімен бірігеді.

Эмульсияларды бұзу үшін химиялық әдіс – эмульгаторлармен әрекеттесу – су тамшыларының қабаттарының құрылымдық-механикалық тұрақтылығын әлсірететін қаптау – көп қолдану табуда. Деэмульгатор есебінде әртүрлі беттік-активті заттар қолданылады, бірақ олардың эмульсияға әсері өте күрделі және аз зерттелген. Деэмульгаторлардың судағы ерітіндісінің әрекетіне қарап, оларды ион-активті және ионсызактивті деп бөледі. Ионактивтілер ерітіндіде катиондар мен аниондарға диссоциацияланады, ал ионсыз деэмульгаторлар иондар түзбейді. Ең жақсы деэмульгаторлық әсер қазіргі кезде кен орындарында және МӨЗ қолданатын ионсыз деэмульгатор проксамин, диссольван, прогалит, оксиэтилденген май қышқылдары (ОМҚ).

Электр тогымен эмульсияларды бұзу су глобуласының электр өрісінің әсерімен соқтығысын іріленуіне негізделген. Мұнай эмульсиясы айнымалы электр өрісіне түскенде, теріс зарядталған су бөлігі тамшы ішінде қозғала бастайды да, нәк тәрізді пішін алып үшкір жағымен оң зарядты электродқа бағытталады. Электродтардың полярлығын ауыстырғанда тамшы конфигурациясы өзгереді.
Кейбір тамшылар электр өрісінде оң электрод бағытында, бір-бірімен соқтығысын қозғала бастайды, бірігін іріленеді де бөлініп төмен түседі.

Өндіріс тәжірибесінде мұнайдан сумен тұзды бөлу үшін эмульсияларды бұзудың қосарланған әдістерін – термохимиялық, электртермохимиялық және басқа қолданады.

Кен орындарында эмульсияны құбыр ішінде және термохимиялық бұзу әдістері ең көп тараған.

Эмульсияны құбыр ішінде бұзу мынаған негізделген. Ұңғының құбыр аралық аумағында немесе мұнайды жинау коллекторының кіре берісіне 1 т шикі мұнайға есептегенде 15-20 г эмульгатор беріледі, ол эмульсияны кенжардан мұнайды дайындау қондырғысына дейінгі қозғалу процесінде бұзады. Процесс тиімділігі мына факторларға – эмульсияның деэмульгатормен араластыруды жеделдетуі мен жүргізу уақытына, ағым температурасына, эмульсиядағы судың мөлшеріне байланысты. Эмульсияны құбыр ішінде бұзу әдісін қолдану мұнайды дайындау қондырғыларының қуатын арттырады, дайындау сапасын жақсартады.

Термохимиялық судан айыруда мұнайдағы судың мөлшері 0,5-1,0% дейін төмендейді, сонымен бірге тұздардың едәуір бөлігі бөлінеді. Бірақ мұнайлардың көпшілігі қосымша судан және тұздардан тазалауды қажет етеді.

Мұндай тазалауды электротермохимиялық әдіспен, термохимиялық тұндырумен эмульсияны электр өрісінде әрекеттеу арқылы жүргізеді. Мұнайдан су мен тұздарды бөлудің электртермохимиялық қондырғысын электртұссыздандырушы (ЭТТК) деп атайды, оларды кен орындарында да және МӨЗ да пайдаланады. Қазіргі кезде ЭТТК іс жүзінде барлық МӨЗ құрамында бар. Көптеген зауыттарда электртұссыздандыру қондырғыларымен біріктіріліп тұрғызылады да олардың бір бөлігін құрайды. Мұнайдан судың және тұздардың (олардың мөлшері 8-10 рет төмендейді) негізгі бөлігі бөлінеді. 5 дегидратордан мұнай 6 электрдегидратордың екінші сатысына қайтадан әрекеттеу үшін түседі. 6 дегидраторға беру алдында мұнайға тағы да су береді. 6 дегидратордан судан айырылған мұнай 2 жылуалмастырғыш, 8 тоңазытқыштан өтеді де судан айырылған мұнай резервуарларына беріледі. Электрдегидраторларда бөлінген су 9 мұнай айырғышқа, қосымша тұндыру үшін жіберіледі. Ұсталынған мұнай 12 сыйымдылық арқылы шикі зат сорабының қабылдау бөлігіне қайта түседі, ал бөлінген су суытылғаннан кейін, канализацияға түсіріліп, тазалауға жіберіледі.

Технологиялық режим. Тұздардан айыру процесінің температурасы мен қысым тазаланатын мұнай қасиетіне байланысты. Тұтқырлығы төмен тұрақты эмульсия түзбейтұғын жеңіл мұнайларды тұздардан айыруды 80-1000С, бірақ мынадай мұнайлар, мысалы, Ромашка, Арлан, Маңғыстау үшін 130-1400С оптималды болып есептелінеді. Тұзсыздандыру температурасын көтеру электр ток өткізгішті және ток күшін көтереді, изоляторлар жұмысын күрделендіреді. Деэмульгаторды мұнайға біркелкі беру үлкен мән атқарады. Деэмульгаторлардың шығыны 10-нан 30г/т дейін және ол су мен мұнайдың түзілген эмульсия тұтқырлығына байланысты. Өндірісте деэмульгаторларды органикалық

еріткіштерде концентрациялық ерітінді күйінде шығарады, олардан қолдану алдында 1-5% судағы ерітіндісін даярлайды.

Сілтіні мұнайға бос күкіртті сутегімен жүретін коррозияны басу үшін береді, тағы да ұңғыны қышқыл ерітіндімен әрекеттегенде, мұнаймен араласып кететін анорганикалық қышқылдарды нейтралдау үшін береді. Жуу суы есебінде өзен суын, бу конденсатын және айналма су жүйесінің суын қолданады.

ЭТТҚ тәжірибесі көрсеткендей терең тұзсыздандыру үшін мұнайға 10-15% дейін ағын суды қосу қажет. Осының нәтижесінде ағын мөлшері де сондай болады, оны көпбаспалдақты тазалаудан кейін жиынды су қоймасына жібереді. Тұщы судың шығынын азайту мақсатында және ағынды пайдаланаған судың көлемін азайту үшін көп МӨЗ тұзсыздандырудың екінші баспалдағынан жуынды суды бірінші баспалдаққа қайта беру, әрбір тұзсыздандыру сатысында суды қайтадан пайдалану желісі қолдану табуда. Соңғы вариант таза суды пайдалану шығынын қондырғы бойынша 2,5% дейін азайтады. Кейбір зауыттарда, әсіресе таза суға тапшы жерде, ағын суды термиялық зиянсыздандыру қондырғылары (АТЗҚ) іске қосыла бастады. Бұл қондырғыларда ЭТТҚ тұзды ағындарды құрған тұз қалдығы қалғанша буландырады. Осындай буландыру нәтижесінде алынатын конденсатты технологиялық процеске қайтадан жібереді.

Қондырғының ең негізгі аппараты электрдегидратор-электродтармен жабдықталған сыйымдылық, оларға жоғары кернеулі айнымалы ток қосылады. Кәсіпорындардағы және зауыттардағы ЭТТК әртүрлі конструкциялы электрдегидраторлары қолданылуда:

тік орналасқан, дөңгелек және жазық. Тік цилиндр тәрізді электрдегидраторлардың қуаты көп емес (25 м3/сағ. дейін) және сондықтан оларды барлық жерлерде жаңа

конструкциялы аппараттармен ауыстыруда. 1955-1970 жж. қосылған қуатты тұзсыздандыру қондырғыларында сыйымдылығы 600м3 және диаметрі 10,5 м дөңгелек шар тәрізді электрдегидраторлары қолданылған.Мұндай электрдегидраторлардың қуаты (5.17сур.) 300-500м3/сағ. Электродегидраторда үш жұп электродтар орналасқан, оның әрбір жұбы екі бір фазалы кернеуді көтеретін трансформаторлардан ток алады. Трансформаторлардың бірінші сым қабатын арнайы қосу дегидраторлардың электродтар арасындағы кеңістіктегі кернеуді 22-ден 44кВ дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Әрбір электродтың ортасына бөлгіш орналасқан, одан мұндай жазық электрод аралық кеңістікке түседі. Шар тәрізді электрдегидраторлардағы есепті қысым – 1,0 МПа.

Шар тәрізді электрдегидраторлар өте үлкен және оларды жасау көп металл шығынын талап етеді. Горизонталды электрдегидраторлар экономикалық жағынан тиімді, сондықтан ЭТТҚ қазір барлығын тегіс осындай дегидраторларды пайдалануда. Кен орындарындағы қондырғыларда 1,0 МПа қысымға есептелінген. ІЭГ-160 электрдегидраторлары көп тараған, МӨЗ-1,8 МПа қысымға есептелінген 2ЭГ-160, 2ЭГ-160-2, 2ЭГ-200-2 электрдегидраторлар пайдалануда. ЭГ-160 дегидраторларының көлемі 160 м3, ал ЭГ-200 – 200м3. ЭГ-160 және 2ЭГ-


160 электрдегидраторларда шикі затты беруге бір, ал 2ЭГ-160-2 және 2ЭГ-200-2 – екі ендіру орны бар.

Шикі затты бір жерден ендіретін электрдегидраторларда (5.18 сур.) су мұнай эмульсиясын аппарат бойында орналасқан жазық маточник арқылы береді. Аппаратқа түскен мұнай әуелі су қабатына, ал одан кейін электродтардың астындағы электродаралық кеңістікке түседі. Дегидраторлардың жоғарғы жағында әрекеттелінген мұнайдың шығару коллекторы орналасады.

Екі жерден берілетін аппараттарда шикі затты электрод астындағы кеңістікке, ал оның аздау мөлшерін – электродтар аралығына береді. Горизонталды электродегидраторлардың жақсы жағы – мұнайдың жүру жолы ұзындау, аппараттардағы мұнайдың болу уақыты көптеу, себебі шикі затты өндіретін жер басқа конструкциялы жабдықтарға қарағанда төмен орналасқан. Одан бөлек горизонталды электрдегидраторда мұнайды тұнған тұз ерітіндісінің қабатына төменгі электрод астына бергенде, мұнайдың осы ерітіндімен әрекеттесуі болады және судың үлкен бөлшектері, мұнай электродтар арасындағы электр кеңістігіне түспей жатып, тұнып бөліне бастайды.

Мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандырудың экономикалық тиімділігі. Айдауға түсетін мұнайдағы тұздардың мөлшерін 8-14-тен 3 мг/л дейін азайту, алғашқы айдау қондырғыларының жөндеу аралық уақытын 1-2-ден 3-5 жылға дейін ұзартып қоймай, сонымен қабат кейінгі өңдеу қондырғыларының да жөндеу аралық уақытын ұзартады, отын, реактивтер, катализаторлар шығынын кемітеді. Мұнайдағы хлоридтердің мөлшерін бар болғаны 1 мг төмендету алғашқы айдау қондырғыларында 1 т өңделетін мұнайға есептегенде 1,1 тиын экономикалық эффект береді.

Соңғы жылдары кен орындарынан МӨЗ түсетін мұнайдағы тұздар мөлшері күрт кеми бастады: егер 1973ж. МӨЗ берілетін мұнай көлемі құрамында тұздар мөлшері 300 мг/л тек 31,4% ғана болса, қазір бұл көрсеткіш 90% жетті. МӨЗ жақсы дайындалған мұнайдың түсуі, оның зауыт ЭТТҚ тұзсыздануын тереңдетуді жеңілдетеді, сондықтан тұзсыздандыру баспалдақтары кемиді, ағынды су мен су қоймаларына түсетін тұздар мөлшері азаяды, бұл қоршаған ортаны қорғауда үлкен мән атқарады.

Кен орындардан түсетін мұнайдағы тұздар мөлшерін кеміту, тиімді деэмульгаторларды және жетік электрдегидраторларды қолдану зауыт ЭТТК мұнайды терең тұзсыздандыруға мүмкіндік береді. Мысалы, 1982ж. МӨЗ 40% астам мұнай 3,0мг/л және одан да төмен дәрежеге дейін тұзсыздандырылды.


    1. Технологиялық процестің жобалануы және дәлме-дәл жазбасы

Шикізат мұнайы резервуарлардан 1 насостың қабылдауына келіп түседі. 1 насосқа 2 сыйымдылықтан 3 насос көмегімен деэмульгаторлардың 2%-тік ерітіндісі беріледі. Жалуалмастырғыштарда тұздар тұрып қалмауы үшін 4 сыйымдылықтан 5 насос арқылы 1 насосына су беріледі. Мұнайдың 1-ші ағыны 6,7,8. Жылуалмастырғыштардың құбыр аралық кеңістігінен өтеді. Мұнайдың 2-ші ағыны 9,10,11. Жылуалмастырғыштардың құбыр аралық кеңістігінен өтеді. Мұнайдың 3-ші ағыны 12,13,14 жылуалмастырғыштардың құбыр аралық кеңістігінен өтеді.

8,11,14 жылуалмастырғыштарынан соң үш ағын қосылады. Содан соң мұнай төрт параллельді ағынмен 17 электрдегидраторлардың 1-ші сатысына келіп түседі. 17 электрдегидраторлардың алдында мұнай құбырына, шикізат жылуалмастырғыштарын коррозиядан қорғау үшін 6 сыйымдылықтан 15 насос көмегімен сода – сілтінің 2%-тік ерітіндісі беріледі. Сондай-ақ 27,30 жылуалмастырғыштарына кейінде беріледі. Ыстық су электрдегидраторлардың 1-ші сатысынан 20 сыйымдылыққа келіп түседі. Электрлі тұзсыздандырудың 2-ші сатысынан соң дренажды су рециркулят ретінде 21 сыйымдылық, 26 насоста жиналып электрдегидраторларға дейінгі мұнай ағымына беріледі. 17 электродегидратордың алдында мұнай ағымына 4 сыйымдылықтан 5 насос арқылы судың бір бөлігі беріледі. Мұнай мен су араласып болғаннан соң мұнай эмульсиясы 17 электродегидратордың 1-ші сатысына келіп түседі. Жартылай тұзсыздандырылған және сусыздандырылған мұнай 17 электродегидраторлардың 1-ші сатысынан 18 электродегидратордың алдында мұнай ағымына 4 сыйымдылықтан таза су мен қайтымды су қоспасы беріледі. Рецикл ретінде таза суға 21 сыйымдылықтан дренажды су беріледі. 17 электродегидратордан шыққан мұнай 20 сыйымдылықтан тұндырылады.

Тұндырылған мұнай 20 сыйымдылықтан, 19 сыйымдылықтан шикізат насостарының қабылдау желісіне, 23 мұздатқыштарында 323К-де салқындатылып бағытталады. 20 сыйымдылықтан шыққан тұз ерітіндісі үздіксіз 24 ауамен салқындату мұздатқыштарында 323-333К-де дейін салқындатылып қондырғыдан шығарылып отырады.

Тұзды ерітіндінің бір бөлігі 17 электрлі дегидратор алдында мұнай ағындарына рецикл ретінде беріледі. ЭЛТҚ блогынан келген сусызданған және тұзсызданған мұнай үш параллельді ағынмен қыздырылады. 1-ші ағын 26,25,27 жылуалмастырғыштарының құбыр аралық кеңістігінен өтіп 502К-ге дейін қыздырылады. 2-ші ағын 28,29,30 жылуалмастырғыштардың құбыр аралық кеңістігінен өтіп 502К-ге дейін қыздырылады. 3-ші ағын 31,32 жылуалмастырғыштардың құбыр аралық кеңістігінен өтеді. Одан соң 30 жылуалмастырғышқа түседі. Ары қарай үш ағын бір колектрге бірігіп, екі ағын болып 33 колоннаның 8 тарепкасына түседі. Бұдан басқа мұнайдың бір бөлігі ЭЛТҚ-дан соң бірден ІІ-сатыда «салқын» қорек ретінде 33 колоннаның 18 тарелкасына беріледі. 33 колоннаның жоғарғы жағынан 423К

температурада бензин булары (БҚ – 1400С фракциясы), су булары және газдар шығып, 34 ауамен салқындату мұздатқыш – конденсаторға келіп, ол жерде салқындатылып, сұйытылады және одан әрі қарай 35 мұздатқыш – конденсаторға жіберіледі, 33 колоннаның жоғарғы тарелкалары коррозияға ұшырамау үшін және 34 мұздатқыш – конденсаторды қорғау үшін колоннаға 38 сыйымдылықтан 39 насоспен коррозияға ингибиторының 2%-тік ерітіндісі сұйытылым желісімен беріледі. Құрамында күкірт аз мұнайды өңдеген кезде коррозияға ингибиторы қолданылмайды. 33 колоннаның шлемді желісіне 40 сыйымдылықтан 41 насос арқылы аммиактың сулы 1%-тік ерітіндісі беріледі. Су, бензин, сұйытылмаған газдар 323К температурамен 36 рефлюк еті сыйымдылыққа беріледі. 36 сыйымдылықтан шыққан бензин 33 колоннаға 37 насос арқылы сұйытылып ретінде беріледі. 36 сыйымдылығынан шыққан артық бензин деңгей реттегіш клапан арқылы 48 колоннадан шыққан бензинмен араласуға беріледі. 36 сыйымдылықтан шыққан сұйытылмаған газда К-48 колоннадан шыққан бензинмен араласуға жіберіледі. Бензин қоспасы мен көмірсутекті газ 42 сумен салқындату мұздатқышында салқындатып 43 сыйымдылыққа бензинмен араласуға келіп түседі. 36 сыйымдылықтан шыққан су канализацияға жіберіледі. ЭЛТҚ-АҚ қондырғысындағы майлы газ фракциялау қондырғысынан шығарылады. 36 сыйымдылықтан мұнай газ 16 сыйымдылығына, яғни ГФҚ-на беріледі. Егер ГФҚ-сы жұмыс істемейтін болса, онда майлы газ жалынға және отынды сетьке шығарылады. 33 колоннаның төменгі жағында отынның режимін бір қалыпты ұстап тұру келесі түрде іске асырылады. Бензинсіздендірілген мұнайдың бір бөлігі 33 колоннаның төменгі жағынан 44 насос арқылы жиналып 45 пешке ыстық ағынды секциясына қыздыру үшін бағытталады.

«Ыстық ағым» пеште 613К-ге дейін қыздырғаннан соң трамсферлі ағынмен 45 пештен шығып 33 колоннаның 1-ші тарелкасының астына беріледі. Бензинсіздендірілген мұнайдың негізгі көп бөлігі 33 колоннасынан шығып 46 насос арқылы 47 пешке беріледі. 633 К температураға дейін қыздырылған бензинсіздендірілген мұнай екі ағынмен П-47 пештен 48 колоннаның 8 тарелкасына келіп түседі. 48 колоннаның жоғарғы жағынан газ, бензин буы және су булары шығып, ауамен салқындату мұздатқыш-конденсаторына 49,50 келіп түседі, 48 колоннаның жоғарғы тарелкалары және 49,50 мұздатқыш-конденсаторларын коррозиядан қорғау үшін, 38 сыйымдылықтан 39 насос арқылы 49 колоннаның шлемді желісіне коррозия ингибиторының 2%-тік ерітіндісі беріледі. 48 колоннасының шлемді желісіне тағы да 40 сыйымдылығына 41 насос арқылы аммиакты судың 1%-тік ерітіндісі беріледі. 48 колоннаның төменгі жағынан мазуттан жеңіл фракцияларды булау үшін және ректификациялық колоннадағы фракциялардың жақсы булануы үшін қыздырылған су буы беріледі. Конденсат (сұйытылым) 323К температурасымен 51 сыйымдылыққа түседі. 51 сыйымдылықтан шыққан су канализацияға жіберіледі. 51 сыйымдылықтан БҚ-1400С фракциясы 51 насосқа жіберілді. Бензин фракцияларының бір бөлігі 48 колоннаға сұйытылым ретінде беріледі.

Бензиннің қалған бөлігі 51 сыйымдылықтан БҚ – 1000С фракциясы және БҚ – 1400С фракцияларымен араласу үшін 43 сыйымдылығына жіберіледі. 48 колоннадағы артық жылуды циркуляциялық сұйытылыммен реттеліп отырады. 1-ші циркуляциялық сұйытылым 418К температурамен 48 колоннаның 37 тарелкасынан 53 насосқа жиналып, екі ағынмен 6,9 жылуалмастырғыштарына айдалады. Одан әрі параллельді екі ағынмен 38 тарелкаға оралады. ІІ циркуляциялық сұйытылым 48 колоннаның 23 тарелкасынан 54 насосында жиналып екі ағынмен 7,10,13 жылуалмастырғыштарына келіп түседі, одан әрі екі ағын 48 колоннаның 24,25-ші тарелкаларына бағытталады.ІІІ циркуляциялық сұйытылым 573К температурамен 48 колоннаның 12 тарелкасынан 55 насосқа жиналып, екі параллельді ағынмен 26,29 жылуалмастырғыштарын арқылы айдалып, 473К-ге дейін салқындатылып бір ағынмен 48 колоннаның 13 тарелкасына келіп түседі.

1400С-1800С фракциясы 56 булау колоннасының төменгі жағынан жеңіл фракцияларды булау үшін қыздырылған су буы беріледі, 56/1 колоннасының жоғарғы жағынан буланған жеңіл фракциялар шығып, 48 колоннаның 42 тарелкасының астына келіп түседі. 56/1 колоннаның төменгі жағынан 393К температурамен 140-1800С фракцияға шығып 57 насос 58 ауамен салқындату мұздатқышы арқылы айдалып салқындатылады. Салқындаған 1400-1800С фракциясы және 82-1400С фракциясы 180-2300С фракциясымен араласуға бағытталады.

180-2300С фракциясы 26 тарелка арқылы 48 булау колоннасының 10-шы тарелкасына ағады. 56/2 колонна төменгі бөлігімен жеңіл фракцияларды булау үшін қыздырылған су буы беріледі. Буланған жеңіл фракциялар 56 колоннаның жоғарғы жағынан шығып, 48 колоннаның 29-шы тарелкасының астына келіп түседі. 56 колоннаның төменгі жағынан 423К-де 180-2300С фракциясы 59 насоста жиналып 60 жылуалмастырғыш арқылы 61 ауамен салқындату мұздатқышына айдалады, онда 180-2300С фракциясы 323К-ге дейін салқындатылады. Салқындатылған 180-2300С фракциясы 140-1800С фракциясы және 230-2500С фракциясымен араласуға, ары қарай гидротазалау қондырғысына бағытталады. 230-2500С фракциясы 14,16 тарелкалардан булау колоннасының төменгі бөлігінің 56/3 10-шы тарелкасына ағады. Жеңіл фракцияларды булау үшін К-56/3 төменгі жағынан қыздырылған су буы беріледі. Су буы және буланған жеңіл фракциялар К-56/3 жоғарғы жағынан 48 колоннаның 18 тарелкасына келіп түседі. К-56/3 колоннаның төменгі жағынан 523К температурамен 230-2500С фракциясы 62 насосымен алынып, 468К температураға дейін салқындатылып ЭЛТҚ-дан соң мұнайды қыздыратын жылуалмастырғыш аппараты 8,12 арқылы айдалып 63 ауамен салқындату мұздатқышына келіп түсіп 323К-ге дейін суытылады. 48 колоннаның төменгі жағынан мазут шығып 64 насос арқылы 633К температурамен екі ағынмен қыздыратын жылуалмастырғышымен айдалады.

Бірінші ағын 27 жылуалмастырғыш арқылы айдалады. Екінші ағын 30 жылуалмастырғыш арқылы айдалады. Одан әрі мазут екі ағынмен тұзсыздандырылған мұнайды қыздыратын жылуалмастырғыш аппараттары

32,28,31 мұнай шикізаты қыздыратын жылуалмастырғыш аппараттары 11,14 арқылы айдалады. Одан әрі қарай басқа да ағындар қосылады, мазут 14 жылуалмастырғыш арқылы 65 ауамен салқындату мұздатқышына келіп салқындатылады. 363К температурада қондырғыдан шығып кетеді. 43 сыйымдылықтан БҚ – 1400С фракциясы 66 насосқа жиналып, тұрақты бензинмен және 180-2300С фракциясы 67,60 жылуалмастырғыштар арқылы 68 тұрақтандыру колоннасының 25-ші тарелкасына 423К температурамен беріледі. 68 тұрақтандыру колоннасының жоғарғы жағынан тұрақсыздандыру басының булары шығып 69 мұздатқыш – конденсатор және 70 сумен салқындату мұздатқышында 323К-ге дейін салқындатылып 71 рефлюксті сыйымдылыққа келіп түседі.

Бұлардың жарты бөлігі 44 табақшаға оралады. 71 сыйымдылықтан тұрақсыздандыру басының бұларының бір бөлігі 72 насос арқылы К-68 колоннаның жоғарғы жағына сұйытылым ретінде беріледі, ал қалған бөлігі 73 мұздатқышта салқындатылып Газды фракциялау қондырғысына жіберіледі.

Колоннаның төменгі бөлігінің температурасын «Ыстық ағынның» есебімен ұстап тұрады. Бензиннің біраз бөлігі 74 насос арқылы Пеш-76 қыздырылып, колоннаның 1-ші тарелкасына қайта оралады. Тұрақтанған бензин 62-1400С фракциясы колоннаның төменгі жағынан шығып 67 жылуалмастырғышта жылуын тұрақсыз бензинге беріп, одан соң 75 ауа мұздатқышына беріліп, одан 313К-мен қондырғыдан шығады.


Кесте 2 1. 5 Технологиялық режим нормасы

Процестің аталуы, режимнің көрсеткіш апараттар

Өлшем бірлігі

Технологиялық параметрлердің мүмкіндік шегі

Электрмен тұзсыздандыру







Насоспен шикізат беру Н-101

м/ч

447÷875

Шикізатқа берілетін су

м3

10 дейін

70 дейін


Деэмульгатордың шикізатқа түсуі Мұнай еріткіш. Деэмульгатордың шикізатқа берілуі

г/т

шикізат


1,2 дейін

1÷4


Сілтілі ерітіндінің шикізатқа берілуі

-

0,9 дейін

ЭЛТҚ-АҚ дей шикізатты қыздыру



110-140

ЭЛТҚ-АҚ-ның алдынан өлшейтін қысым

Кг/с

см2



14 жоғары емес

Тұссызданғаннан кейінгі қысым

-

14 жоғары емес

3 ағын бойынша шығын

м3

630 жоғары емес

Тұссыздануға берілетін су

-

60 дейін

Тұссызданғаннан кейін шикізатты қыздыру

0С

210-250

Температуралар

П101


П101-1


0С

0С

370 дейін

370 дейін


1.6 Процесті аналитикалық бақылау
Шикі зат пен өнім сапасын бақылау. Қондырғыларда жүргізілетін лабораториялық байқаудың нәтижесінде технологиялық процесті дұрыс жүргізуге қажетті мәліметтер алынады. Лабораторияда қондырғыға айдауға түсетін мұнай сапасын және қондырғыдан шығатын өнімдер сапасын зерттейді. Мұнайды анализдегенде оның тығыздығын, ондағы тұздар, судың мөлдір фракциялар мөлшерін анықтайды. Бензин фракцияларын анализдеуде оның октан санын, ондағы активті күкірт қосылыстарының барлығын немесе жоқтығын (мыс пластинкасына әсеріне қарап) анықтайды. Сонымен қабат бензинді фракцияға бөледі. Орта дистилляттар – керосин және дизел фракциялары үшін – фракциялық құрамын, тұтқырлығын, тұтану, қатаю немесе лайлану температурасын анықтайды.

Лабораторияда орындалатын анықтауларға көп уақыт кетеді, анықтау нәтижесі пробаны алғаннан кейін 1,5-2,0 сағ.кейін қондырғыға түседі, яғни қондырғы операторы осы өткен уақытта шығарылған өнімнің сапасын өзгерте алмайды. Одан бөлек лабораториялық анықтаумен көп адам шұғылданады. Сондықтан техникалық прогрестің және алғашқы айдау қондырғылары жетілдірудің негізгі бағыты автоматизациялау дәрежесін өсіру, өнімдердің сапасын автоматикалық бақылауға көшіру болып саналады.

Соңғы кездердегі жасалған ағымдағы сапаны анықтайтын анализаторлар шикі зат пен өнімнің алынған пробаларын орталық лабораторияға жібермей-ақ, қондырғының өзінде талдап, бірден нәтижесін алуға мүмкіндік береді. Келешекте сапа жөніндегі анализаторларды технологиялық режим реттеушісімен байланыстырып, технологиялық процесті толық автоматизациялауға болады. Фракциялық құрамды, тұтану температурасын, өнім тығыздығын анықтайтын сапа анализаторлары көптеген алғашқы айдау қондырғыларында жұмыс істей бастайды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет