11-апта. 3 балл
Бақылау сұрақтары
1.Шал ақын нешінші ғасырда өмір сүрген?
2.Қай ғалым Шал поэзиясына арнайы тоқтап,өзінің «Қобыз сарыны»монографиясында талдау жасайды?
3.Шал ақынның шешесі кім болған?
4. Шал ақынның бізге қалған мұрасы:
5. Шал ақынның бізге жеткен шығармаларының көбі қалай аталған?
6.Шалдың біршама көңіл бөлген тақырыптары:
7.Шалдың алғаш ақындық даңқы шығуы:
8.Шал ақын қай жерде дүниеге келді?
9.Шал творчествосы жайлы құнды пікір айтқан кім?
10.Шал ақын қандай дүниелер құрастырған?
12-апта.
Орта ғасырдағы шешендік өнер. Махмуд Қашғари (“Диуани лұғат ат-түрік”) “Түркі сөздерінің жинағы”
Жоспары:
1. Махмұт Қашғари-ұлы филолог, ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, саяхатшы.
2. “Диуани лұғат ат-түрік” сөздігінің зерттелуі, аударылуы және басылымдары.
3.Сөздіктің әдеби мәні.
М. Қашғари – XI ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, белгілі саяхатшы. Ол “Диуани лұғат ат-түрік” атты еңбек жазып, өз заманындағы түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми грамматикасын жасады.
Болашақ ғалым Баласағұн шаһарында туылған, кейін Қашқарға көшіп келген. Оның “Қашғари” атануының себебі осында. Ол өсе келе Самарқан, Бұхара, Бағдад шаһарларында оқиды. Араб философиясымен және араб – парсы тілдеріндегі шығыстың классикалық поэзиясымен көбірек айналысады. М. Қашқаридың ерекше зейін қойып, ұзақ жылдар бойы зерттеген мәселесі-түркі тектес түрлі ру тайпалардың тіл ерекшеліктері, әдет-ғұрып, салт-санасы, ауыз әдебиет үлгілері, өткендегі тарихы т. б. болды. Осы жинаған, зерттеген материалдарының нәтижесінде ғалым тіл білімі мен әдебиетке қатысты көлемді де күрделі екі ғылыми еңбек жазды. Бірі - “Жавохирун-нахв фи луғотинт турк” (“Түркі тілдерінің синтаксисі, қағидалары”) деп аталады, бірақ бұл еңбегі бізге жетпеген. Екінші еңбегі- “Диуани лұғат ат - түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы”). Бұл еңбек 1074 жылы жазылған.
“Диуани лұғат ат-түрік”-қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар. Мұнда тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасалады. Сондай-ақ сөздікте тіл мен әдебиетке ғана емес, сол кездегі ру- тайпалар мен халықтардың қоғамдық-экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет – ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне т.б. қатысты аса бағалы деректер берілген. Еңбектің осындай ерекшеліктерін ескеріп белгілі кеңес түркологі А. Н. Кононов сөздікті энциклопедиялық туынды деп бағалайды.
“Диуани лұғат ат-түрік” – тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбек. Көне түркі әдебиет ескерткіштерінің тілін үйренуге бұл зерттеу көп көмек көрсетіп келеді. Мәселен, осы “Диуани лұғат ат-түрік” табылғаннан кейін ғана “Құтты білік” дастанын оқу, аудару және транскрипция жасау кезінде бұрын жіберілген қателіктер түзетілді.
“Диуани лұғат ат-түріктің” көшірме қолжазбасы XX ғасырдың бас кезінде табылды. Түпнұсқа сақталмаған. Қолжазбаның көшірілген бір нұсқасы Стамбулдың Фатих кітапханасында сақтаулы. 1915-1917 ж. Стамбул қаласындағы Ахмет Рифат баспасынан үш томдық кітап түрінде жарық көреді.
Шығыстанушы неміс ғалымы Броккельмен бұл шығарманы неміс тіліне аударып, 1928ж Лейпциг қаласында бастырып шығады.
Түрік филологы Басым Аталай оны осман түріктерінің тіліне тәржіма жасап, 1939-1941 ж. Анкарада үш томдық кітап етіп шығарды.
Тілші –ғалым С. Муталлибов сөздікті өзбек тіліне аударып, 1960-1968 ж. Ташкенттен үш кітап етіп шығарды.
Көрнекті кеңес лингвист ғалымдары Н.А. Баскаков, А.Н. Кононов, А.К. Боровков, С. Муталлибов, В. Решетов т.б. осы сөздікке қатысты көптеген құнды зерттеулер жүргізді. Сөздіктегі өлең-жырлар мен мақал-мәтелдерді ақын Фариза Оңғарсынова қазақ тіліне аударды.
М. Қашқари сөздігінің әдеби мәні зор. Бұл кітапты көне түркі әдебиет ескерткіштерінің қысқаша хрестоматиясы деуге болады.
Сөздікке екі жүзден астам өлең, үш жүзге тарта мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, көркем теңеулер енген.
Мұндағы әдебиет үлгілері дидактикалық сарында берілген. Ондай өлең-жырлар оқушысын оқу-білімге, өнерге, әдептілікке үндейді. Адамгершілік, мораль, этика мәселелерін сөз етеді.
Сөздікте табиғат туралы, аңшылық жайындағы, еңбек тақырыбына арналған өлең-жырлар және қыс пен жаздың айтысы беріледі.
Алғашқы қауымда тіршілік еткен адамның ерекше назар аударған нәрсесі – табиғат құбылыстары болды. Қар, мұз еріді, тау суы аға бастады. Көгілдір бұлт көтерілді, ол суда жүзген қайықтай аспанда жүзіп бара жатты.
“Дивани лұғат ат-түрктегі” ауыз әдебиетінің үлгілері табиғат көріністерін бейнелейтін пейзаж лирикасы мен жыл маусымының ауысуына арналған өлең-жырлар болып келеді. Табиғат лирикасы да, жыл маусымын суреттейтін өлеңдер де, ежелгі заман адамдарының өзін қоршаған, өзі тіршілік ететін ортадағы табиғат құбылыстары жөніндегі түсінігін, сол жөніндегі наным-сенімін аңғартады.
“Дивани лұғат ат-түрктегі” ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері ішінде аңшылық, еңбек тақырыбына арналған өлең-жырлар көп. Мұндай өлеңдерде тайпа мүшелерінің бірігіп аң аулауға шыққаны, егін салғаны, мал. баққаны жырланады. Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамдары жүрек жұтқан ерлікті, батырлықты ерекше қастерлеп, жырға қосқан. Жан түршігерлік үрейлі аңдармен арпалыста немесе түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерлігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілімен көзге түскен батырларды көкке көтере мадақтайтын өлең жолдары “Дивани лұғат ат-түркте” жиі ұшырайды.
Қорыта айтқанда, Махмуд Қашғаридың теңдесі жоқ бұл шығармасы біздің еліміздегі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына, тілдік,әдеби,тарихи, этнографиялық т.б. тұрғыдан мейлінше бай мұра болып табылады.
12-апта. 3 балл
Коллоквиум
1.Орта ғасырдағы шешендер-
2.Махмут Қашғари ерекшелігі-
3. «Диуани лұғат ат - түрік»дастанының құрылысы-
4. «Түркі сөздерінің жинағы»-
5. «Жавохирун - нахв филуғотинт турк»-
6. «Түркі тілдерінің синтаксисі қағидалары»-
7. Махмут Қашғариды зеріттеген-
8 «Диуани лұғат ат - түрік»дастанының жазылу үлгісі-
13-апта.
Оғыз дәуіріндегі әдебиет.
Жоспары :
1. Қорқыт. “Оғыз - наме” дастаны.
2. Әл – Фарабидің әдеби еңбектері.
Қорқыт - VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Оның теңдесі жоқ күйші – композитор болғандығын хаолық жадында сақталған “Қорқыт ата күйі”, “Қорқыт сарыны” т.б. музыкалық шағармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші – бақсылар, ақын – жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір, ұстаз тұтқан.
Қорқыт ата туралы сан – қилы аңыз әңгімелер қазақ арасында ерте кезден – ақ кеңінен тараған. Солардың бірі Қорқытты құрсағ,ында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Оны жылына бір рет толғақ қысып отырады екен Қорқыт туылар алдында күллі әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргіссіз қараңғылық басып тұрыпты. Сұрапыл қара дауыл соғып ел – жұртты қатты қорқыныш сезісі билейді. Сыр бойы мен Қаратау өңірінің аспаны да қараңғы тартып қарауытып кетіпті. Сондықтан бұл маңай “Қараспан” аталыпты. Ашық күн тастай қараңғы түнге айналған қорқынышты күні туылғаны үшін баланың атын Қорқыт деп қойған екен.
Тағы бір аңызда Қорқыт өзінің жүйрік жел маясына мініп, халқына мәңгі жасайтын жерұйық іздеуші, өлімге қарсы күресуші ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе де ол өмірінің соңында “өлмейтін нәрсе жоқ екен” деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Қорқыт атаның басына тәу ету, бас ию сонау оғыз – қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, ардақтап келеді.
“Қорқыт ата кітабы” біздің дәуірімізге дейін екі қолжазба нұсқасы сақталып келген.
-
Германиядаға Дрезден кітапханасында сақталған қолжазба.
-
Ватикандағы Аростолика кітапханасында сақталған қолжазба.
1815 жылы неміс ғалымы Г. Ф. Диц бұл шығарманы неміс тіліне аударып, баспасөзде жариялады. В. В. Вартолд бұл кітапты зерттеу, аудару ісімен біраз жыл айналысып 1922 жылы орыс тіліне аударды. В. М. Жирмунский, А. Н. Кононов, А. Н. Самойлович т. б. ғалымдарда ескерткішті зерттеуге мол үлес қосты. Көрнекті тюрколог Х. Г. Көроғлы ескерткішті әдеби, тарихи және тілдік тұрғыдан комплексті түрде зерттеген.
Қазақстан ғалымдарынан “Қорқыт ата кітабын” зерттеу, аудару, насихаттау ісіне академик Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов белсене атсалысып келеді.
“Қорқыт ата кітабы” он екі жырдан тұрады. Дастанда туған жерін, елін, өз Отанын сыртқы жаудан қорғау үшін ажалға бас тігіп, қан майданға шыққан алыптардың ерлігі зор шабытпен жырланады. Шығарма қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әділетсіздікпен зұлымдыққа қарсы күреседі.
“Қорқыт ата кітабында” өзінің философиялық, тәрбиелік мән – мағынасын жоймайтын, қайта уақыт өткен сайын құлпыра түсетін өсиет, нақыл сөздер мол кездеседі.
‘’Оғыз-наме’’-түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. Соның өзінде, шығарманың сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар шежіресіне негізделген емес. ‘’Оғыз-наме’’-әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.
‘’Оғыз-намеде’’ негізінен Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізі идеясы-елді ауыз бірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.
Бұл көркем туындының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі - ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. ‘’Оғыз-наме’’ жырының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Ал, екіншісі-араб әрпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы-атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1663ж.).
‘’Оғыз-наме’’ аңызының Париж ұлттық кітапханасында сақталған нұсқасы көлемі жағынан онша үлкен емес. Қолжазба небәрі 21 парақ немесе 42 бет болып келеді. Әрбір бетке 9 жолдан ғана жазылған. Мұның өзі кездейсоқ жәйіт емес, ‘’Оғыз-наме’’ өзінің композициялық құрылысы жағынан “Күлтегін” жырына өте-мөте ұқсас деуге болады. Бұл екі шығарманың авторлары сол дәуірдің өзіндік әдеби дәстүрін берік ұстаған сөз зергерлері болса керек.
13-апта. 3 балл
Тест
1.Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүрген?
А)ХУІ;
Б)ХУ;
В)ХІ;
2.Ж.Баласағұнның дидактикалық дастаны:
А) Диуани лұғат ат – түрік;
Б)Құтты білік;
В)Даналық кітабы;
3.Құтты білік дастанының мәні қандай?
А)Тәрбие жөнінде;
Б)Батырлар жөнінде;
В)Білім беру жөнінде;
4.Жүсіп Баласағұн дастанын неше жасында бітірген?
А) 54;
Б) 62;
В) 45;
5.Жүсіп Баласағұн шамамен қай жылы туылған?
А) 1070 – 1080;
Б) 1015 – 1016;
В) 1011 – 1013;
6.Құтты білік дастанының неше нұсқасы бар?
А) 1;
Б) 2;
В) 3;
7.Құтты білік дастанының бірінші нұсқасы қай жерде сақталған?
А)Каир музейінде;
Б)Венаның Корольдік кітапханасында;
В)Өзбекстанда;
8.Құтты білік дастанының екінші нұсқасы қалай аталған?
А)Каир нұсқасы;
Б)Наманган нұсқасы;
В)Вена нұсқасы;
9.Шығармада ақын нелерді бір бірінен қарсы қояды?
А)Мәдениет пен тілді;
Б) Әдептілік пен дөрекілік, жақсылық пен жамандық;
В)Өсиет пен ғибрат;
10. Құтты бәләк дастанының құрылымы қандай?
А) 77 тарау, 23 тараудан;
Б) 652 бәйіттен, 45 тараудан;
В) 6520 бәіттен, 85 тараудан;
14-апта.
Жүсіп Баласағұн. “Құтадғу біліг”(“Құтты білік”)
Жоспары :
-
ƾñiï Õàñ Õàæèá Áàëàñ๽í - ÕI ¹àñûðäû» àºûíû, îéøûëû, ºî¹àì ºàéðàòêåði.
-
“Құтты білік” дастанының нұсқалары, зерттелуі, аударылуы.
-
«²½òòû-áiëiê«- äèäàêòèêàëûº äàñòàí.
-
«²½òòû – áiëiê« äàñòàíûíû» ò¸ðáèåëiê ì¸íi.
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн-XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшһур болған данышпан-ойшыл, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері.
Жүсіп Баласағұн өз замандастарына және өзінен көп жылдар кейін өмір сүрген ұрпақтарға орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (математика), фәләкият (астрономия), тарих, араб-парсы тіл білімі, т.б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мәлім болған.
Жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден –бір әдеби мұрасы- “Құтадғу біліг” (“Құтты білік”) дастаны. Бұл дастан - қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық саяси - өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, т.б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды. Жүсіп Баласағұн орта ғасырда Қарахан әулеті билік жүргізген мемлекеттің бір кездегі астанасы Баласағұн шаһарында туылған.
Жүсіп Баласағұн өз дастанын шамамен елу төрт жасында жазып бітірген. Демек, ақын 1015-1016 жылдары туылған деп шамалаймыз. Ал 1070 жылы ол “Құтты білікті” жазып болып, сол жылы оны “хандардың ханына” тарту еткен. Бұл тартуға риза болған Бограхан ақынға: ұлы хас хажиб “бас кеңесшіміз” немесе “ұлы уәзір” (патша сарайындағы қызметкерлердің басшысы) деген жоғары атақ береді.
Жүсіп Баласағұн саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағарту, мәдениет, т.б. мәселелерді өз дәуірінің талап –тілектері тұрғысынан жырлайды. Сөйтіп Жүсіп Баласағұн бір, жағынан-өз заманының ойшыл ақыны, ірі ғалымы, мемлекет қайраткері, тарихшысы ретінде, екінші жағынан-өз дәуірінің перзенті, феодал табының өкілі, үстем таптың сөзін сөйлеп, сойылын соғушы адам ретінде тарих сахнасына шықты. “Құтты білік” дастаны ақынның көзі тірі кезінде-ақ кеңінен тарап, түркі тілінде жазылған ең жақсы кітап саналады. Бұл шығарма әр елде түрліше атпен мәлім еді. Мәселен, Шын елінің адамдары “Адабул-мүлік” (“Әкімдердің әдептілігі”) деп, ал Мешін жұрты “Айнкүлмамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), Шығыс елдерінің әкімдері “Зийнатул-умаро” (“Әмірлердің сән-салтанаты”), парсылар “Шаһноман туркий” (“Түркілердің шаһнамасы”), турандықтар “Құтадғу біліг” (“Құтты білім”) деп атайды.
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның “Құтты білік” дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар:
Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр.
Екіншісі, Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген.Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1986 жылы неміс ғалымы Б. Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В. В. Радлов Петербург Ғылым академиясының Азия Музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп алады. Қазір бұл қолжазба ССРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінде сақтаулы тұр.
Үшіншісі, Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А. З. Валидов Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді. “Құтты білік ” дастанының араб әрпімен көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбек ССР Ғылым академиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып келеді.
“Құтты білік” дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар беріп, оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы “Азия журналында” бастырып шығарған ғалым француз Жауберт Амадес болды.
“Құтты білік” дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы тұрғысынан зерттеуге С. Е. Малов, Е.Э. Бертельс, А. Валитова, К. Каримов, С. Муталлибов сияқты совет ғалымдары мол үлес қосты.
Қазақтың белгілі ақыны, әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубаев “Құтты білік” дастанының қазақ әдебиетінің дамуына идеялық-көркемдік әсері (Дәстүр, поэтика және аударма мәселелері) деген тақырыпқа ғылыми еңбек жазды. Сондай-ақ ол ақын ретінде “Құтты білік” дастанының түпнұсқаға мейлінше жақын поэтикалық аудармасын жасап шықты.
“Құтты білік” дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған: Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қоныс деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.
Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.
Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Бұл-13. 000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөліп берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық месневи түрінде жазылған.
“Құтты білік” дастанының сюжеті де автор алға қойған дидактикалық міндеттерге , яғни шығарманың әділдікті, бақ-дәулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған. Дастанның сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болып келеді.
Ақын дастанда өзі өмір сүрген дәуір талап еткен бірқатар маңызды мәселелерге өзінше жауап беруге әрекет жасаған. Жүсіп Баласағұн өзінің дидактикалық сарында жазылған шығармасында мораль, этика, әдептілік, тәлім-тәрбие туралы өсиет-ғибрат сөздер айтады. Қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, сөйлесуі, сыйласуы, әсіресе тіл әдептілігі егжей-тегжейлі сөз болады. Ақын маскүнемдікті, жалқаулықты, әдепсіздікті, дөрекілікті, жылпостықты, т.б. жаман мінез-қылықтарды өлтіре сынайды.
Шығармада жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік , шындық пен өтірік, аңқаулық пен аярлық, т.б. өзара қарама-қарсы қойылған. Сол арқылы автор айтар пікірін тереңдете түседі. Мәселен, ақын : ауырмаса-денсаулықтың қадірін білмейді, өлім болмаса-тірі кездің қадірін түсінбейді, қайғысыз адам-қуаныш сезімінің құдыретін толық сезе алмайды деген секілді бірқатар философиялық пікірлер қозғайды.
“Құтты білік” дастанында автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердің бірі-адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне, жалшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешесіне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі – құрметі қандай болуы керек деген сауалға жауап берілген.
Орта ғасырдың аса көрнекті ақыны, ғажайып сөз зергері, энциклопедист-ғалымы, көрнекті мемелекет қайраткері Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның “Құтты білік” дастанының әдеби, тарихи, ғылыми мәні ерекше зор. Бұл көркем шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалардың ежелгі дәуірдегі тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.
14-апта. 2 балл
Коллоквиум
Абайдың шешендік өнері
1. А.Құнанбаевтің өмірі-
2. А Құнанбаевтің шешендік өнерге қосқан үлесі-
3. Абайдың идеясы-
4. Абайдың жолы-
5. Абайдың сөйлеуі-
6. Абай ойларын қалай төгілтеді-
7. Салиха қыз дауы-
8. Абайдың еңбектері-
4-апта. 3 балл
Глоссарий
Абайдың шешендік өнері
1. Эпопея-
2. Поэзия-
3. Әмеңгерлік-
4. Барымта-
5. Иландыру-
6. Дуан-
7. Қара сөз-
8. Прозаы-
9. Композиция-
10. Идея-
Қорытынды бақылау тест сұрақтары:
-
Риторика қандай ғылымдармен тығыз байланысты?
А) логика, психология, философия.
В) философия, психология, физиология
С) пелагогика, философия, раих.
Д) педагогика, психология , тарих.
Е) тарих, философия, логика.
2. Шешендік сөздер негізінде неше түрлі болады?
А)3
В)5
С)2
Д)7
Е)1
3. Қазақ шешендік сөздерінің бастауы -
А) мақал мен мәтелдер
В) жаңылтпаштар мен жұмбақтар
С) шешендік сөздер мен әдеби жанрлар
Д) логика
Е) риторика Протогор
4. Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде не деп атайды
А) риторика
В) протогор
С) калассика
Д) шешендік
Е) логика
5.Қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін негізгі жанрлардың бірі.
А) шенедік сөздер
В) мақал – мәтелдер
С) жұмбақтар мен жаңылтпаштар
Д) классика
Е) риторика
6. Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы.
А) шешендік сөздер
В) ертегілер мен аңыздар
С) мақал мен жұмбақ
Д) уағыздар мақалдар
Е) жұмбақтар
7.Белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі сөздер қалай атаймыз.
А) дәстүрлі шешендік сөздер
В) халық аукзындағы аңыздар
С) әдеби сөздер
Д) аңыз әгімелер
Е) ертегілер
8.Адамдар арасындағы қарым қатынастарды бейнелейтін терме тақпақ, нақыл сөздер қамтитын сөздерді қалай атайды.
А) шешендік арнау
В) шешендік толғау
С) шешендік мақал
Д) шешендік өнер
Е) шешендік сөздер.
9. Адам қоғамы ең әуелі неден басталды
А) үйден, әулеттен
В) балабақшадан, мектептен
С) мектептен және қоршаған ортасынан
Д) дұрыс жауабы жоқ
Е) отбасыдан
10. Шешендік дауларды мазмұынына қарай нешеге бөлінеді.
А)5
В)6
С)4
Д)8
Е)10
11. Шешендік дауларды атап көрсет.
А) жер, жесір, қуғын, мал, ар т.б. даулар.
В) құл, жар, байлық, мал, т.б.
С) мал, бала, жер, үй ағйын, т.б.
Д) ат, жер, үй, ми даулары
Е) адам, жер, халық, ми дауы
13. Қаз қауысты Қазыбек қай жүздің ділмар, шаншар биі болған
А) орта
В) ұлы
С) кіші
Д) барлығы дұрыс
Е) аралас
14. . Қаз қауысты Қазыбек қай жерде нешінші жылы дүниеге келген.
А) 1667ж. Сыр бойында
В) 1689ж. Соған ауданында
С) 1756ж. Семей облысында
Д) 1668ж. Отырарда.
Е) 1748ж. Қаратау жотасынд.
15. Төле би, Қазыбек, Әцтеке билер қай ғасырларда өмір сүрген.
А) ХVIII - XVIIғ
В) XIV-XVIIғ
С) XII-XVғ
Д) XV-XIIIғ
Е) XI-XIXғ
16. Қазақтың бірінші биі болған кім?
А) Аяз би
В) Майқы би
С) Әйтеке би
Д) Төле би
Е)Жиренше
17. Төленің руы қандай?
А) ұлы жүз дулаттың ішінде жаныс
В) ұлы жүз қаңлы құдайберді.
С) ұлы жүз жанту жайылмас.
Д) ұлы жүз
Е) орта жүз.
18. Төле би қай жылдары өмір сүрген.
А) 1663-1756ж
В) 1667-1781ж
С) 1542-1656ж
Д) 1575-1661ж
Е)1541-1780ж
19. Төленің әкесінің есімі кім?
А) Әлібек
В) Елібай
С) сиқым
Д) Қазыбек
Е) Нұралы.
20. Төле бидің әкесі неше ұл болған
А) 9
В)15
С)12
Д)27
Е)16
21. Халық Төленің шыққан жерін не деп атайды?
А) «қарашоғыр қараша»
В) «шона батыр»
С) «ақтабаншұбырынды»
Д) «қараша шона»
Е) дұрыс жауап жоқ.
22. Қазыбек бидің қанша ұл, қызы болған.
А) 5 ұл, 5 қыз.
В) 11 ұл, 2 қыз.
С) 8 ұл, 1қыз.
Д) 6 ұл, 4 қыз.
Е) 1 ұл,5 қыз.
23. Әйтекенің есімі ең алдымен қай жағынан елге танымал болды.
А) тілмар шешендігімен.
В) билігімен.
С) тапқырлығымен
Д) батыр әрі шешендігімен.
Е) дұрыс жауап жоқ.
24. Сырымның әкесінің аты
А) Дат
В) Қадір
С) Нұралы
Д) Елібай
Е) Сиқым.
25. Сырым жөніндегі ең бірінші дәлелді мәлімет қай жылдан бастап кездесті.
А) 1774ж
В) 1749ж
С) 1659ж
Д) 1641ж
Е) 1750ж
26. Сырым неше жасқа келген соң соғымдық түйе жетелеп тама Есет батырға барады.
А) 15
В) 11
С) 18
Д) 17
Е) 12.
27. Орта жүздің ханына Қазыбек сеніммен қарады. Орта жүздің ханы.
А) Абылай
В) Жәнібек
С) Шыңғыс
Д) Әлібек
Е)Сырым.
28. Қаз дауысты Қазыбек жоңғария хандығына мәлімгерлік жолымен неше рет барды.
А) 3
В) 2
С) 5
Д) 4
Е) 7
29. Қаз дауысты Қазыбек би қандай заңдар жинағын жасауға көмектесті.
А) жеті жарғы
В) білім туралы
С) кодекс
Д) бала құқығы
Е) барлығы дұрыс.
30. Қаз дауысты Қазыбек кімдермен серіктес болған
А) Төле, Әйтеке
В) Аяз, Майқы
С) Жиренше, Доспамбет.
Д) Майқы, Жиренше
Е) Әйтеке Қазыбек.
31. Доспамбет жырау қай елдің биі болған.
А) Ноғайлы
В)Ақ орда
С)Алтын орда
Д) Семей
Е) дұрыс жауап жоқ.
32. Доспамбет жыраудың бізге жеткен мұрасы.
А) «Алаңда алаң жұрт», «белгілі көк сеңгір»
В) 160 жылдық
С) шайыр яғни қазақ ақындарының басты жырлары «Ұлы арман», «бес ғасыр»
Д) «мақал мәтелдер»
Е) Доспамбет жыраудың ізін жалғастырушылар.
33. Доспамбет жыраудың ізін салғастырушылар.
А) Ақтамберді, Махамбет.
В) Жиренше, Аяз би
С) Майқы, Қазыбек
Д) Қазыбек, Төле би
Е) Жиренше,Майқы би,
34. Доспамбет кім болды.
А) батыр, жорықшы, жырау
В) ақын, жазушы
С) батыр, би, шешен
Д) ақын, батыр
Е) би, шешен.
35. Доспамбет жыраудың толғауларының идеялық мазмұны қандай
А) батырлар, ерлік,
В) лиро-эпостық
С) шешендік сөздер.
Д) мақал мәтелдер.
Е) шешендік өнер.
36. Қазтуғанның бізге жеткен жыраулық жыр шығармалары қанша
А) дұрыс жауап жоқ.
В) 3
С) 2
Д) 6
Е) 8
37. Қазтуған жыраудың өлеңдерін алғаш рет құрастырған кім.
А) Ғ.Мұштақ
В) С.Сейфулин
С) Ш.Уалиханов
Д) Ы.Алтынсарин
Е)А.Құнанбаев.
38.Қорқыт ата кітабын алғаш зерттеуші кім?
А) Н. Ф. Диц
В) М. Т. Циецерон
С) Г. В. Плеханор
Д) А. В. Павлов
Е) А. С. Пушкин
39. «Диуани лұғат ат-түрік» атты түркі тілді елдердің әйгілі кітабының авторы кім?
А) Махмуд ибн әл-Хусайн ибн Мухаммед әл-Қашқари
В) Әл-Хусайн ибн Махмуд әл-Қашқари
С) Ибн Мухаммед ибн Мухаммед
Д) Әль-Фараби
Е) Әбу-Насыр әл-Фараби
40. «Қорқыт ата кітабы» түркі тілінде нешінші ғасыр шамасында жазылған
А) ХІ ғ.
В) ХІІғ.
С) VІІ ғ.
Д) ХVI ғ.
Е) XVII ғ.
41. «Қорқыт ата кітабы» неше жырдың қосындысы
А) 12
В) 8
С) 16
Д) 17
Е) 15
42. Бұлт болған ойды ашқан
Мұнар болған ойды ашқан
Мұсылман мен кәпірдің
Арасын бұзып дінді ашқан деген
Сүйіншіұлы Қазтуған өлең жолдары қай өлеңіне келісті
А) Туған елімен қоштасу
В) Алаңда, алаң жұрт, белгілі биік көк сеңгір
С) шайыр яки қазақ ақындарының басты жырлары.
Д) дұрыс жауабы жоқ
Е) барі дұрыс.
43. Оғыз наманың негізгі кейіпкерлері.
А) оғыз қаған
В) оғыз
С) қорқыт ата
Д) қаңлы
Е) ноғайлы
44. Түріктің ірі оқымыстысы Басим Аталай нешінші жылы «Диуаналықтардың негізгі нұсқасын бір үлкен кітап етіп бастырады.
А) 1914ж
В) 1918ж
С) 1911ж
Д) 1917ж
Е) 1921ж
45. Төле би қай көршілес елдермен тату достық қатынас жасауды жақтаған.
А) бұхар, қоқан, жоңғар.
В) бұхар, қоқан, жоңғар.
С) амудария, сырдария
Д) хорезм, самарқан, бұхар.
Е) сырдария, қоқан, бұхар.
46.Сырым батыр атынан сақталған шешендік сөздерді түріне қарай неше салаға бөлді.
А) 3
В) 5
С) 7
Д) 2
Е) 6
47. сырым қай жылдары көтеріліс жасады.
А) 1783-1797ж
В) 1665-1742ж
С) 1735-1761ж
Д) 1785-1791ж
Е) 1705-1735ж
48. Шешендігімен бірге кезінде ел басқарған заң жасасқан фоедалдыө қазақ мемлекетін нығайтуға үлес қосқан қоғам қайтаркері.
А) әйтеке
В) майқы
С) сырым
Д) төле
Е) қазібек
49. Қазібек қанша жаста қайтыс болыған.
А) 97
В) 75
С) 83
Д) 74
Е) 86
50. Қаздауысты Қазыбек шешеннің қалмақ ханына айтатын сөзі.
А) сен қабылан мен арыстан.
Алысқалы келгенмен.
В) сүмбіле теке мал
Жиырмада жігіт мал
С) аласаны отқа санама
Д) дұрыс жауабы жоқ.
Е) мен менедім мен едім.
51. Риторика ғылымының негізін салушылар кім?
А) протогор
В) аристотель
С) жиренше шешен
Д) платон
Е) Коменский
52. Қазақ шешендің өнерінің атасы кім?
А) жиренше
В) төле би
С) протогор
Д) сырым
Е) аяз би
53. Риторика ғылымының негізін салушы Протогор қай жылы туылған
А) б.д.д. 444
В) б.д.д. 544
С) б.д.б. 655
Д) б.д.д. 465
Е) б.д.д. 284
54. Қазақ шешендік өнерінің тарихя неше топқа бөлінеді.
А) 3
В) 4
С) 6
Д) 2
Е) 7
55. ХІ-ХІІІ ғ. Аралығында қай шешендер өмір сүрді.
А) аяз би, майқы би
В) әйтеке, төле, қазыбек.
С) протогор, аристотель
Д) сырым, жиренше
Е) асан қайғы, қазыбек би.
56. Қазақтың би шешендерін ата.
А) әйтеке, төле, қазыбек.
В) демосфен, цицерон
С) коменский
Д) аритотель, платон
Е) ибинсина, әл-фараби.
57. Диуани лұғат ат-түрік дастанының авторы кім?
А) Махмуд Қашқари.
В) Әбу али ибн сина
С) Жиренше шешен
Д) протогор
Е) офразимах
58. Оғыз нама қай халықтың аңыздары негізінде жазылған шығарма.
А) түркі тектес
В) қазақ
С) орыс
Д) араб
Е) ағылшын.
59. Қазтуған жыраудың жырларындағы шоқтығы биік шығарма қалай аталады.
А) туған жермен қоштасу
В) оғыз нама
С) жерұйықты іздеу
Д) отан
Е) диуани лұғат ат түрік.
60. Махамбет Өтемісұлы өз шығармаларында кімді өз алдына үлгі етті
А) Исатай Тайманұлы
В) Сырым Датұлы
С) Асан Қайғы
Д) Қазыбек би,
Е) Жәнібек батыр.
61. Қазтуған кім болды.
А) жорықшы, жауынгер, шырақ
В) ақын, шешен
С) қобызшы
Д) шешен
Е) батыр.
62. Қаз дауысты Қазыбек кімдермен серіктес болған.
А) төле, әйтеке билермен
В) жиренше, әйтеке,
С) жиренше, майқы билермен
Д) аяз би
Е) доспамбет, бұқар жыраулармен
63. Қаз дауысты Қазыбек би қандай заңдар жинағын жасауға кемектесті
А) жетіжарғы
В) кодекс куманикус
С) білім туралы
Д) жер даулары
Е) шешендік заңдар
64. Шешендік өнердің негізінде неше түрі бар
А) 3
В) 6
С) 4
Д) 5
Е) 7
65. Қазіргі шешендік сөздер мақсаты мен мазмұнына қарай неше топқа бөлінеді.
А) 5
В) 7
С) 10
Д) 3
Е) 2
66. Шешендік сөздің құрылымын ата.
А) кіріспе, баяндау, қорытынды
В) ақыл сөз, құрмет сөз, шешендік сөз
С) кеңес сөз, билік сөз
Д) кеңес сөз
Е) кіріспе, алғы сөз
67. Қыз бен жігіт арасындағы айтыс қалай аталады.
А) қайым айтыс
В) сүл айтыс
С) қарапайым айтыс
Д) дұрыс жауап жоқ.
Е) барлығы дұрыс
68. Айтыс нешеге бөлінеді
А) 2
В) 6
С) 3
Д) 5
Е) 7
69. Қорқыт ата кітабы неше жырдан тұрады.
А) 12
В) 7
С) 6
Д) 5
Е) 4
70. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы» еңбегінің авторы кім?
А) Әл фараби
В) Жиренше
С) Протогор
Д) Аяз би
Е) Асан қайғы
71. Әл фарабидің бізге жеткен мұрасы қанша?
А) 60-70
В) 100-200
С) 89-90
Д) 30-50
Е) 25-40
72. «Құтты білік» кітабының авторы кім?
А) Жүсіп Баласағұн
В) Портогор
С) Аяз би
Д) Жиренше шешен
Е) Әл фараби
73. Хас Хаджиб қандай мағына береді
А) басшы, кеңесші, ақылшы
В) би
С) сұлтан
Д) шешен
Е) жырау
74. Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келді
А) 1845
В) 1945
С)1856
Д)1624
Е)1775
75. Абайдың әкесі Құнанбай кім болды
А) ел билеуші, ірі феодал
В) малшы
С) ақын, жазушы
Д) медреседе молда
Е) шешен
76. Протогордан кейінгі шешендік өнерді жалғастырушылар кімдер болды
А) Георги, Офразиах, Пепкин
В) әйтеке, төле, қазыбек
С) аристотель
Д) платон
Е) коменский
77. Риторика қай ғылымдармен тығыз байланысты
А) логика, психология, философия
В) тарих, химия
С) биология
Д) педагогика
Е) әлеуметтану
78. Әлеуметтік тұрмыстық шешендік сөздер дегеніміз
А) мерей тойда, салтанатты жерде айтылатын сөз
В) уағыз, иман сөз
С) лекция
Д) хабарлар,
Е) ғылыми баяндама
79. Қазтуған жыраудың өлеңдерін алғаш рет құрастырған кім?
А) Р.Мұштақ
В) С.Сейфулин
С) Абай
Д) Жиренше
Е) Ш.Уәлиханов
80.Қазтуғанның биік шығармаларының бірі.
А) шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары.
В) бес ғасыр
С) ұлы арман
Д) отанға оралу
Е) құтты білік
81. Доспамбет жыраудың поэзиясына тән ерекшелік.
А) мақал-мәтелдермен астасып, қоғамдық құбылыс жөнінде нақыл сөз өнерімен берілген.
В) аумалы-төкпелі кезеңді әсерлеген
С) байлар мен болстарды сынаған
Д) тарихқи тоқталған
Е) отан туралы жазылған.
82. Доспамбет жыраудың ізін жалғастырушылар
А) Ақтамберді, Махамбет
В) жиренше, Аязби
С) Қазыбек
Д) Ш.Уәлиханов
Е) Майқы би
83. «Жеті жарғы» әдет-ғұрып заңы қай қалада жасалған
А) түркістан
В) ташкент
С) шымкент
Д) отырар
Е) яссы
84. Үш жүздің басын қосқан
А) Тәуке хан
В) Доспамбет
С) Қазтуған
Д) Абылай
Е) Жиренше
85. Оғызнама не туралы жазылған
А) оғыз батырдың өзінен бастап оның ұрпақтарының көркем образы.
В) отан
С) батырлық
Д) сөзік
Е) шешендік өнер
86. Бұқар жырау қай ханның кеңесшісі болып, оны сынаған
А) Абылай
В) Тәуке
С) Шыңғыс
Д) Жәнібек
Е) Нұралы
87. М.Қашғари қай ғасырда өмір сүрді
А) ХІғ
В) ХVIғ
С) XVғ
Д) Vғ
Е) XIXғ
88. М.Қашғари қай қалада туылған
А) Баласағұн
В) Түркістан
С) Ташкент
Д) Отырар
Е) янгикент
89. «Диуани лұғат ат түрік» дастаны не туралы жазылған.
А) түркі халықтарының сөздігі
В) махаббат туралы
С) қазақ хандарының тарихы
Д) отан туралы
Е) дау туралы
90. Абылай ханның кеңесшісі қай жырау болды.
А) бұқар жырау
В) доспамбет жырау
С) қазтуған жырау
Д) Ш.Уәлиханов
Е) Аяз би
91. М.Қашқари балсағұн қаласында туылып, кейіннен қай жерге көшіп келеді.
А) қашқар
В) отырар
С) фараб
Д) түркістан
Е) ташкент
92. Майқы би, Аяз билер қай ғасырларда өмір сүрген
А) ХІ - ХІІІғ
В) ХVIII - XIX
С) XIV - XVI
Д) IX - X
Е) XX
93.ХІV – ХVІ ғасырда қай би шешендер өмір сүрді
А) Асан қайғы, Жиренше шешен.
В) Төле, Әйтеке, Қазыбек
С) Қазтуған
Д) Доспамбет
Е) Протогор.
94. ХVІІІ ғасырда қай билер өмір сүрді.
А) Төле, Әйтеке, Қазібек
В) Асан қайғы
С) Жиренше
Д) Майқы би, Аяз би
Е) Офразимах
95. Лиро-эпостық жырларды неше топқа бөліп қарастыруға болады.
А) 3
В) 6
С) 7
Д) 2
Е) 5
96. Қазтуғанның бізге жеткен жыраулық жыр шығармалары қанша
А) 5
В) 4
С) 3
Д) 10
Е) 7
97. Шайыр яки қазақ ақындарының басты жырлары өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді.
А) 1912
В) 2001
С) 1865
Д) 1745
Е) 1884
98. Доспамбет жырау қай елдің биі болған
А) ноғайлы
В) алтын орда
С) ақ орда
Д) абылай хан мемлекетінің
Е) қазақстан
99. Қазібек қандай тұлға
А) би, шешен
В) ақын
С) жазушы
Д) жырау
Е) батыр.
100. Асан қайға, Жиренше шешендер қай ғасырларды өмір сүрді
А) XIV – XV
В) IX - X
С) XVII
Д) XIX
Е) XX
101. халықтың рухани мәдени өмірінде ең елеулі ардақты өнердің бірі
А) шешендік өнер
В) сөз өнері
С) тіл мәдениеті
Д) ән өнері
Е) жұрт алдында сөйлеу өнері
102. Тәуке болып ханымыз
Рахат тауып жанымыз
Он сан алаш бірігіп
Ойран болды жанымыз.- дейтін халық өлеңі арқылы Шәкәрім Әз-Тәукені кім деп көрсеткен.
А) бір туар ұлы перзент
В) адамзаттың данасы
С) данышпан тұлға
Д) болашақты болжаған көріпкел
Е) ақыл ой алыптарының бірі.
103. Көп біліп, деп сөйлеген шешен,
Аз біліп, көп сөйлеген мылжың – осы нақылды кім айтқан?
А) асан қайғы
В) цициреон
С) қазыбек
Д) қабдолов
Е) нүгінеки
104. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер.
А) ұстаз
В) ритор
С) оратор
Д) ақын
Е) ойшыл
105. Демосфенді дұшпандары кімге теңеген.
А) арыстанға
В) жолбарысқа
С) қыранға
Д) алуын аңға
Е) жануарға
106. Ұлы ойшыл ақын Абайдың билік келесімдері қандай ережеде айтылады.
А) қара молада
В) жеті жарғы
С) өнер номада
Д) ұлттық шешендік өнер
Е) билер сөзі
107. Ертегілер неше түрге бөлінеді
А) 5
В) 3
С) 8
Д) 4
Е) 2
108. Қазақта үш биді не деп атайды
А) үш бәйтерек
В) төле би
С) үш би
Д) жеті жарғы ережесін жасаушылар
Е) үш ұлық
109. Төле би келіні Данагүлді неге теңеген
А) алтынға
В) күміске
С) маржанға
Д) теңгеге
Е) ақынға
110. Жоғарғы стиль үлгісіне қай ақын жатады
А) Демосфен
В) Радлов
С) Абай
Д) Мұқтар
Е) Цицерон
111. Стильді неше түрге бөлеміз
А) 2
В) 5
С) 7
Д) 4
Е) 3
112. Ұлы ойшыл ақын
А) Абай
В) М.Әуезов
С) Ы.Алтынсарин
Д) Сырым
Е) А.Байтұрсынов
113. Терминдік атаулар қалай аталады.
А) сөйлеу стиль
В) философия
С) жанр
Д) риторика
Е) тіл мәдениеті
114. Мысыр, қытай, үндістан елдерінде қандай өнер ерте дамыған.
А) шешендік
В) әнсаз
С) шебер сөйлеу
Д) айтыс
Е) сөйлеу.
115. Үш ғылыми трактат жазып қалдырған шешен
А) Аристотель
В) Антоний
С) крам
Д) Сократ
Е) Цицерон
116. Шешендік өнер дегеніміз не
А) тапқыр ой, көркем тілмен айтылған үлгілі сөздер
В) сөздерді белгілі дәрежеде қолдану
С) көркем тілмен айтылған сөз
Д) сөздердің мағанасын, тапқыр ойларын зерттеуші
Е) үлгілі сөздер
117. Шешендік сөздер нешеге бөлінеді.
А) 3
В) 4
С) 8
Д) 2
Е) 9
118. Шешендік арнау дегеніміз не
А) ертегілер аңыздар
В) жұмбақтар
С) мақал мәтелдер
Д) бір адамға арнайы айтылған әңгіме
Е) бір адамға арнайы айтылған әзіл әңгіме
119. Қазақ шешендік сөздерін алғаш бағалаған адам
А) Ш.Уәлиханов
В) Радлов
С) Алтынсарин
Д) Әуезов
Е) Құнанбаев
120.Риториканың негізі
А) педагогика, философия
В) шешендік өнер
С) философия, статистика
Д) ойшылдық, сыншылдық
Е) педагогика, психология
121. Цицеронның пікірінше, шешен сөздің мазмұнын айқындау үшін қанша шарт қажет.
А) 3
В) 5
С) 8
Д) 2
Е) 4
122. Зеректік, ғылым ынта қай шешеннің шарты
А) Аристотель
В) Цицерон
С) Платон
Д) Сократ
Е) Квинтилиан
123. Сөз сөйлеу немен тамырлас
А) мәнерлеп оқумен
В) дауыс мәнерімен
С) әсем, шебер орындаумен
Д) әсем орындаумен
Е) мәнерлеп жазы
124. Орыс тілінде риторика оқулығын жазған әйгілі ақын
А) Рижский
В) Мерзляков
С) Пушкин
Д) Галич
Е) Ломоносов
125. Қасым хан қай жылдары хандық құрды.
А) 1511-1523
В) 1525-1530
С) 1450-1467
Д) 1475-1490
Е) 1510-1528
126. Көшпелі халықтардан шыққан жырау біткеннің атасы, сөз зергері
А) жиренше
В) сырым
С) асан қайғы
Д) бөлтірік
Е) қазтуған
127. Шешендік толғау нешеге бөлінеді
А) 4
В) 6
С) 8
Д) 10
Е) 5
128. Ерте заманда шешендік өнер қай елдерде өркендеп дамыған
А) мысыр, вавилон, австрия, үндістан
В) греция, россия
С) монғол, египет
Д) пакистан
Е) қытай
129. Адам баласы әр тәуліктің қанша процентін яғни 10-11 сағатын сөйлеумен тыңдауға жұмсайды.
А) 75%
В) 25%
С) 90%
Д)50%
Е)10%
130. Қазақтың шешендік тапқырлық нақыл сөздерін алғаш жинап жариялаушы ғалым
А) Уәлиханов
В) Құнанбаев
С) Көпеев
Д) Алтынсарин
Е) Әуезов
131.Шешендік нешеге бөлінеді.
А) 3
В) 5
С) 8
Д) 2
Е) 9
132. Сөйлеудің сұлулығын күшейтетін көркемдік тәсілдер
А) сөздің жағымдылығы мен ырғақтылық жарасымдылығы
В) сөздің мәнділігі мен жағымдылығы
С) өнердің мазмұндылығы мен сөздің жағымдылығы
Д) сөз ырғағы
Е) өнер мазмұнын мен ырғақтың жарасымдылығы
133. Асан қайғының әкесі.
А) Сабит
В) ормаменбет
С) Жиренше
Д) Шыңғыс
Е) Мұрат
134. Асан қайғы қай бидің алтыншы ұрпағы.
А) Майқы би
В) Төле би
С) Ақтайлық би
Д) Қазыбек би
Е) Әйтеке би.
135. XVII – XVIII ғасырларда өмір сүрген шешен билер.
А) төле, қазыбек, әйтеке
В) жиренше, төле, майқы
С) әбілхайыр, нұрлан
Д) майқы би, әйтеке
Е) нұралы, төле
136. Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғаш зерттеуші
А) Ш.Уәлиханов
В) Сейфулин
С) Әуезов
Д) Алтынсарин
Е) Құнанбаев
137. Шешендік сөздер қанша мақсатты көздейді.
А) 5
В) 8
С) 4
Д) 2
Е) 3
138. Шешендік даудың түрлері.
А) жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы.
В) халық дауы, құндауы, жесір дауы
С) бай дауы шешен дауы
Д) би шешендер дауы, мал дауы
Е) ақын дауы, мал дауы
139. Шешендік сын түрлері
А) шешендік өсиет, шешендік нақыл
В) би шешендерге арналған сын
С) ақындардың сыны
Д) адамға жүйрік атқа жерге байланысты сын.
Е) жерге байланысты малға байланысты
140. Шешендік сөздің түп қазығы.
А) шешеннің шеберлігі.
В) құндылығы
С) толықтылығы
Д) түйіні
Е) дерек
141.Шешендік сөздердің қолданудағы негізгі орын
А) өнердің өзіндік сипаты
В) талаптардың түрлері
С) ұқсастығы мен айрмашылығы
Д) әдіс тәсілдері
Е) әдіс тәсілдері мен өзіндік сипаты.
142. Ұлы жүз ханы Жолбарыс қай жылы қайтыс болған
А) 1688
В) 1755
С) 1845
Д) 1775
Е) 1638
143. Төле Әлібекұлы қай облыста дүниеге келген.
А) жамбыл
В) қостанай
С) өскемен
Д) атырау
Е) ақтау
144. Шешен болуы үшін басты парыз
А) пән мазмұнына , мақсатына
В) әдебиет қазынасын егжей тегжей білу
С) пәнді тілді, ұлттық әдебиеттің қазынасын
Д) тілді, пәнді білу
Е) мәнтінді, мақал мәтелді толық білу
145. А.Ф.Конидің шешендік шығармасы
А) жоғарғы шешендіктің теориясы
В) жеке риторика
С) қысқаша риторика
Д) сот және саясат тақырыптарындағы шешендік
Е) саясат тақырыбындағы шешендік
146.А.Ф.Конидің туындысы
А) шешендік өнер
В) риторика
С) шешендік жұмбақ
Д) мақал мәтел
Е) лекторға кеңес
147 Мұхамедсәлім Кәшімовтың «Үгіт» кітабы қай жылы жарияланған
А) 1910
В) 1929
С) 1907
Д) 1918
Е) 1935
148. Ағын судың өлгені
Алты ай қыста қатқаны
Асқар таудың өлгені
Басын бұттың жапқаны деп қай шешен айтқан
А) жиренше
В) аяз би
С) төле би
Д) әйтеке би
Е) жәнібек
149. Қазақтың биі Майқы қай жылдар шамасында ғұмыр кешкен
А) 1105-1225
В) 1224-1250
С) 1230-1284
Д) 1305-1430
Е) 1009-1225
150. Қазақ шешендері Төле, Қазыбек, Әйтеке билер қай ғасырларда өмір сүрген
А) ХҮ-ХҮІғ
В) ХҮІІ-ХҮІІІғ
С) Х-ХІІғ
Д) ХҮІ-ХІХғ
Е) ҮІІ-ІХғ
151. Қазақтың мақал мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым
А) Копеев
В) Уәлиханов
С) Алтынсарин
Д) Байтұрсынов
Е) Құнанбаев
152. Термелі сөз дегеніміз не
А) құрылысы өлең жырға ұқсас шешендік сөздер
В) мағаналы бірдец сөздер
С) шешендік сөздің мағанасы мен көркемдігі
Д) өлеңмен жыр әуенмен бейім делген сөз
Е) бір бірімен ұқсас шешендік сөздер
153. Шешендік сөздің мақсаты
А) баяндап, сипаттап, анық түсіндіріп беру
В) мағанасын түсіндіріп беру
С) баяндап беру, сендіру
Д) анық түсінідіріп беру
Е) айтылған сөздерді толық түсіндіру
154. «Керей қайда барасың
Сырдың бойын көбелеп,
Сен қашсаң да мен қойман
Арғымағым жебелеп,» - деп керейге айтқан тақпағын қай жырау айтықан
А) Махамбет
В) доспамбет
С) Бұқар жырау
Д) Қазтуған
Е) Шалкиіз
155. Аристотельдің қандай еңбегін білесің
А) ғылыми теория
В) риторика
С) теория
Д) шешендік
Е) сыншылдық
156. Шешендік өнердің атасы кім
А) Жиренше
В) қазыбек
С) доспамбет
Д) әйтеке
Е) сократ
157. Толғау сөздің бір түрі
А) шешендік арнау
В) шешендік сын
С) шешендік дау
Д) шешендік өнер
Е) шешендік жұмыбақ
158. Шешендік толғаудың бір тармағы
А) Шешендік арнау
В) шешендік жұмбақ
С) шешендік жауап
Д) шешендік өнер
Е) шешендік сын
159. Адамның жұмысқа деген қабілеті қай күндері ерекше байқалады
А) сенбі, жексенбі
В) дүйсенбі, жұма, бейсенбі
С) жұма сенбі
Д) дүйсенбі, жексенбі
Е) бейсенбі, жексенбі
160. Үздік туған шешеннің ең негізгі құралы
А) сөз
В) сөйлеу
С) шешендік дау
Д) сөйлем
Е) сөлйеу ұғымы
161. «Жеті жарғысы» қай хандардың ережелері билік кесімдері негізінде жасалған
А) Абылай, Шыңғыс
В) Тәуке, Абылай
С) Қасым, Есім,
Д) Абылай Қасым
Е) Шыңғыс, Есім хандардың
162. Сөз өнері Орхон ескерткіштері қай ғасырда болған
А) ҮІІІ
В) ҮІ
С) ХІІ
Д) ХҮ
Е) ХХ
163. Көне түрік шешендігін көрсетер ғаламат жырлары
А) Манас жыры, Қорқыт ата жыры
В) Қобыланды, Қоштасу жыры
С) Қорқыт ата, Қозы Көрпеш – Баян сұлу
Д) Қозы Көрпеш – Баян сұлу
Е) Алпамыс батыр
164. Ж.Баласағұның «Құдатғу білігі» дастаны неше тарауға бөлінеді
А) 12
В) 8
С) 15
Д) 78
Е) 25
165. Сырымға қарындасының берген қасиеті
А) барыға берген тұлғасы, өжет мінезі, асқан даналығы
В) асқан даналығы, батырлығы
С) батырлығы
Д) ақылдылығы
Е) ерлігі
166. Атақты би Ақтайлақ Байғара ұлы қай жылдары өмір сүрген.
А) 1620- 1715ж
В) 1818-1915ж
С) 1682- 1954ж
Д) 1605-1695ж
Е) 1720-1798ж
167.Ұлт азаттық көтерілістің ту ұстаушысы Сырым қай жылдары болған
А) 1783-1797ж
В) 1653-1699ж
С) 1694-1705ж
Д) 1883-1898ж
Е) 1723-1783ж
170. Протогор қай ғылымның іргетасын қалады
А) риторика
В) теория
С) шешендік өнер
Д) философия
Е) ғылыми теория
171. Сендіру, рахаттану, толқытып тебіренту қандай мақсатты көздейді
А) шешендік арнау
В) мақал мәтел
С) жұмбақ
Д) сынды
Е) шешендік өнер
172. Сөз таңдау, сөз тіркестері, фигураларға қай өнер жіктелеі
А) сөз өнері
В) би өнері
С) дарынды өнерге
Д) шешендік өнер
Е)ақындар өнері
173. Қай ғасырлардың басында Америка мен Еворпадан жалынды шешендер жарқырап шыққан
А) ХҮІ-ХІХғ
В) ХІХ-ХХғ
С) ХҮ-ХҮІғ
Д) ҮІІ-Хғ
Е) ҮІІ-ХҮғ
174. Орындау шеберлігін үш мәрте қайталап шегелеп айтқан шешен
А) протогор
В) демосфен
С) сократ
Д) аристотель
Е) Цезарь
175. Риторика дегеніміз не
А) шешендік өнер туралы ғылым
В) мақал мәтел
С) шебер арнау туралы ғылым
Д) жұмбақтар, өнерлер туралы ғылым
Е) шебер сөйлеу туралы ғылым
176. Риторика ғылымының негізін салған кім
А) протогор
В) демосфен
С) аристотель
Д) сократ
Е) платон
177. Шешендік сөздердің түрін көрсет
А) кеңес сөз, билік сөз, салтанатты сөз
В) халық,би шешендер сөзі
С) бір адамға арнап айтылған сөз
Д) бір адамға айтылған селам.
Е) шешендік арнау жырлар
178. Грециядан кейінгі шешендік өнер ерекше дамыған ел
А) рим
В) афина
С) эллада
Д) қытай
Е) үндістан
179. Шыңғыс ханның кеңесшісі әрі көмекшісі
А) майқы би
В) төле би
С) Аяз би
Д)әйтеке би
Е) Сырым
180. Халықтың тәуелсіздігі жолында бастаған шешендер
А) төле, әйтеке, қазыбек
В) майқы би, Аяз би
С) жиренше,
Д) Сырым, ақтайлық
Е) доспамбет
181. Төле би қанша қасиеті бар
А) 3
В) 4
С) 1
Д) 2
Е) 5
182. Наданнан жаман туады
Жаманнан сараң туады
Сараңнан арам туадв
Сорлыдан соқыр туады
Соқырдан қотыр туады деп қай шешен айтқан
А) бөлтірік шешен
В) әйтеке
С) төле
Д) қазыбек
Е) абай
183. Сот реформасы жайында еңбекті кім жазған
А) Уәлиханов
В) Абай
С) Сырым
Д) Доспамбет
Е) Ақтайлақ
184. А.Байтұрсынов шешендік сөзді нешеге жіктеп саралады
А) 3
В) 1
С) 4
Д) 5
Е)7
185. Шешен сөздердің жанрлық түрлері
А) лекция, баяндама, жарыс сөз
В) шығарма, мазмұндама
С) пікір, лекция
Д) баяндама сұқбат
Е) бір біріне қарама қарсы сөз
186.Демосфен дүниеден өткенде қанша шақты сөздің «дайындамасы» қалған
А) 50 шақты
В) 80 шақты
С) 100 шақты
Д) 445шақты
Е) 10 шақты
187. Жоғарғы стильге қай шешен жатады.
А) арисотель
В) демосфен
С) протогор
Д) платон
Е) сократ
188. Демосфен қай мемлекеттің рухани өміріне жарқын із қалдырды
А) греция
В) египет
С) афина
Д) европа
Е) қытай
189. Бұқар жырау қай ауылда туылған
А) баянауыл
В) таздар елі
С) найман
Д) жалайыр елі
Е) ысты елі
190. Бұқар жырау қай жылы туылған
А) 1668ж
В) 1778ж
С) 1845ж
Д) 1748ж
Е) 1675ж
191. Абылай ханның абызы кім болған
А) Махамбет
В) шалкиіз
С) бұқар
Д) қазтуған
Е) доспамбет
192. Қарапайым стильге жататын шешен
А) демосфен
В) кони
С) ликий
Д) ломоносов
Е) аристотель
193. Шешенің басты парызы.
А) ортақ пікірге ұйыту, келісімге келтіру
В) пікір айту
С) келісімге келу
Д) шешендік өнерді үйрету
Е) шешендіктің мәнін түсіндіру.
194. Демосфен қай жылы өмір сүрген
А) 322-384ж
В) 320-330ж
С) 325-340ж
Д) 450-480ж
Е) 425-475ж
195. Лекция, баяндама, жарыс сөздер қай шешендік сөздерге жатады
А) шешендік өнер
В) шешендік сын
С) шешендік арнау
Д) поэия
Е) жұмбақ
196. Бұқар жыраудың қанша ұлы бар
А) 4
В) 6
С) 5
Д) 9
Е) 10
197.Бұқардың әкесі
А) Қалқаман батыр
В) әйтеке
С) бөлтірік
Д) сырым
Е) төле
198 Ысты елінен шыққан ақын әрі шешен кім.
А) әйтеке
В) бөлтірік
С) сырым
Д) төле
Е) қазыбек
199. Протогор қандай ғылымның негізін салған
А) риторика
В) философия
С) психология
Д) педагогика
Е) шендік өнер
200. Төле,Әйтеке,Қазыбек би халықтың қанйдай күреске бастаған
А) Кедей халқын бас бостандығын алуға
В) жетімдерді қорғауға
С) Халықты азаттық күреске
Д) дұрыс жауап жоқ.
Е) халықтың билігін алуға
201.Белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі сөздер қалай атаймыз.
А) дәстүрлі шешендік сөздер
В) халық аукзындағы аңыздар
С) әдеби сөздер
Д) аңыз әгімелер
Е) ертегілер
202.Адамдар арасындағы қарым қатынастарды бейнелейтін терме тақпақ, нақыл сөздер қамтитын сөздерді қалай атайды.
А) шешендік арнау
В) шешендік толғау
С) шешендік мақал
Д) шешендік өнер
Е) шешендік сөздер.
203. «Диуани лұғат ат-түрік» атты түркі тілді елдердің әйгілі кітабының авторы кім?
А) Махмуд ибн әл-Хусайн ибн Мухаммед әл-Қашқари
В) Әл-Хусайн ибн Махмуд әл-Қашқари
С) Ибн Мухаммед ибн Мухаммед
Д) Әль-Фараби
Е) Әбу-Насыр әл-Фараби
204. «Қорқыт ата кітабы» түркі тілінде нешінші ғасыр шамасында жазылған
А) ХІ ғ.
В) ХІІғ.
С) VІІ ғ.
Д) ХVI ғ.
Е) XVII ғ.
206. «Қорқыт ата кітабы» неше жырдың қосындысы
А) 12
В) 8
С) 16
Д) 17
Е) 15
207. Бұлт болған ойды ашқан
Мұнар болған ойды ашқан
Мұсылман мен кәпірдің
Арасын бұзып дінді ашқан деген
Сүйіншіұлы Қазтуған өлең жолдары қай өлеңіне келісті
А) Туған елімен қоштасу
В) Алаңда, алаң жұрт, белгілі биік көк сеңгір
С) шайыр яки қазақ ақындарының басты жырлары.
Д) дұрыс жауабы жоқ
Е) барі дұрыс.
208. Оғыз наманың негізгі кейіпкерлері.
А) оғыз қаған
В) оғыз
С) қорқыт ата
Д) қаңлы
Е) ноғайлы
209. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы» еңбегінің авторы кім?
А) Әл фараби
В) Жиренше
С) Протогор
Д) Аяз би
Е) Асан қайғы
210. Әл фарабидің бізге жеткен мұрасы қанша?
А) 60-70
В) 100-200
С) 89-90
Д) 30-50
Е) 25-40
Бақылау сұрақтары:
1Қазақ эпосы бір кезде батырлар жыры түрінде көрінсе, кейіннен қай эпосқа көшті? 2. З. Қабдолов «Сөз өнері» еңбегінде не жайына сөз етті? 3. Лиро – эпостық жырларды неше топқа бөліп қарастыруға болады? 4. Ел арасында көп тараған әйгілі шығармаларға сипаттама: 5. Халыққа ауызша жетсе де, жарық көре алмай келген шығармаларға сипатама: 6. Шығыс елінен ауысқан хикая дастандар. 7. М.Әуезов аса көрнекті ғылым қазақ ауыз әдебиетінің көпеген түрлерін зеріттеумен бірге лиро – эпостық жырлардың тамаша екі нұсқасына арнаулы еңбектер жазды.Ол қандай еңбектер? 8. Лиро – эпос жөнінде Қазақ төңкерілісінен бұрын азды – көпті еңбек сіңірген ғалымдар: 9. Поэма туралы түсінік бер. 10. Лиро – эпос жырынан қандай жыр, дастандарды білесіндер?
11.Білім беру процеснде субъектінің өзіндегі ерекшелігі қандай? 12. Көне заманда білім беру процесі қалай жүзеге асты? 13. Қазіргі заман мен бұрынғы заманның білім беру процесін салыстыр: 14. Көне заманда білім берудің артықшылылығ мен кемшілігі: 15. Қазіргі замандағы білім берудің артықшылығ мен кемшілігі: 16. Білім берудің негізін қалаған- 17. Өзің білім беру процесін қалай ұйымдастырған болар едің? 18. Қазақстанда білім беру қалай жүзеге асып жатыр? 19. Білім туралы заң- 20. Білім - өмір шырағы-
21.Доспамбет қай елдің биі?
22. Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы:
23. Доспамбет жырлары неге байланысты жазылған?
24. Доспамбет поэзиясына тән ерекшелік:
25. Доспамбет шығармалары мәңгілік екендігі:
26. Доспамбет тарихи тұлға екендігін ата:
27. Жырау нешінші ғасырда өмір сүрген?
28. Жырау толғауларының идеялық мазмұны:
29 .Доспамбет кім болды?
30. Доспамбет жыраудың ізін жалғастырушылар:
31.Шал ақын нешінші ғасырда өмір сүрген?
32.Қай ғалым Шал поэзиясына арнайы тоқтап,өзінің «Қобыз сарыны»монографиясында талдау жасайды?
33.Шал ақынның шешесі кім болған?
34. Шал ақынның бізге қалған мұрасы:
35. Шал ақынның бізге жеткен шығармаларының көбі қалай аталған?
36. Шалдың біршама көңіл бөлген тақырыптары:
37. Шалдың алғаш ақындық даңқы шығуы:
38. Шал ақын қай жерде дүниеге келді?
39. Шал творчествосы жайлы құнды пікір айтқан кім?
40. Шал ақын қандай дүниелер құрастырған?
41.Белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі сөздер қалай атаймыз?
42.Адамдар арасындағы қарым қатынастарды бейнелейтін терме тақпақ, нақыл сөздер қамтитын сөздерді қалай атайды?
43. «Диуани лұғат ат-түрік» атты түркі тілді елдердің әйгілі кітабының авторы кім?
44. «Қорқыт ата кітабы» түркі тілінде нешінші ғасыр шамасында жазылған?
45. «Қорқыт ата кітабы» неше жырдың қосындысы
46. Бұлт болған ойды ашқан
Мұнар болған ойды ашқан
Мұсылман мен кәпірдің
Арасын бұзып дінді ашқан деген
Сүйінішұлы Қазтуған деген өлең жолдары қай өлеңіне тиісті?
47. Оғыз наманың негізгі кейіпкерлері:
48.«Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы» еңбегінің авторы кім?
49. Әл фарабидің бізге жеткен мұрасы қанша?
50. Бұқар жырау қай ауылда туылған?
51. Бұқар жырау қай жылы туылған?
52. Абылай ханның абызы кім болған?
53. Қарапайым стильге жататын шешен:
54. Шешенің басты парызы:
55. Демосфен қай жылы өмір сүрген?
56. Лекция, баяндама, жарыс сөздер қай шешендік сөздерге жатады
57. Бұқар жыраудың қанша ұлы бар?
58.Бұқардың әкесі:
59. Ысты елінен шыққан ақын әрі шешен кім?
60. Протогор қандай ғылымның негізін салған
Достарыңызбен бөлісу: |